Жұмыс бағдарламасы мемлекеттік типтік стандарт негізде құрастырылды Құрастырған



бет1/14
Дата18.02.2018
өлшемі0,86 Mb.
#37968
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі

Семей мемлекеттік педагогикалық институты

Психология – педагогикалық факультет

Психология кафедрасы



050103 «Педагогика және психология» мамандығы студенттеріне

«Тренингтік жұмыс технологиясы» пәні бойынша

оқу-әдістемелік кешені

4 курс

Семей 2012

Жұмыс бағдарламасы мемлекеттік типтік стандарт негізде құрастырылды

Құрастырған:

психология кафедра аға оқытушысы Күребаева Г.А.
Кафедра мәжілісінде бекітілген: хаттама №

Психология кафедрасының меңгерушісі, психол.ғ.к. Джумажанова Г.К.


Психология-педагогика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде талқыланды: хаттама №

ОӘК төрағасы: Рахметова Т.Р.


Психология-педагогикалық факультетінің кеңесінде бекітілді:

Хаттама №

Факультет деканы Аубакирова Р.Ж.

МАЗМҰНЫ:


1.Пән бойынша анықтамалар (глоссарий)

2.Жұмыс бағдарламасы

3.Дәріс сабақтарының қысқаша конспектісі

4.Практикалық (семинар) сабақтарының тақырыптары мен жоспары

5.Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар

6.Студенттердің өздігінен орындайтын жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулар



7.Бақылау құралы

ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ
Әлеуметтік психологиялық тренинг- топтық жұмыстық белсенді әдістеріне негізделе отырып психологиялық әсер ету.

Тренинг – арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы, онда психологиялық көмек және қолдау, араласушылық дағдыларының қалыптасуы, жеке тұлғаның дамуының ерекшеліктері жайлы сұрақтар шешіледі.

Тренинг – қалыптасқан стереотиптерді және жекелей мәселелрді шешеді.

Тренингтің негізгі гуманистік идеясы – адамды қыстамау, зорлық-зомбылық көрсетпеу, оған өзімен-өзі болуына, өзін тауып және жақсы көру, қуанышты өмір сүруге кедергі жасайтын стереотиптерді жеңуге көмектесу.

Тренингтің мақсаты – жеке тұлғаны анықтау.

Қарым-қатынасты диалогтау принципі. Топ сабақтарында бір-бірімен қарым-қатынастарында теңдік, қатынасушылардың бір-бірін сыйлауы, құрметтеуі, бір-біріне толық сенімділіктері.

Үнемі «кері байланыс» принципі. Тренинг барысында қатысушының өз әрекеті нәтижесі туралы топтың басқа мүшелерінен хабарды үздіксіз алып отырды. «Кері байланыстың» арқасында адам өзінің мінез-құлқын түзете алады, нәтижесіз қарым-қатынас тәсілдерін жаңа мен алмастырады, оны қоршағандарға әсер ету арқылы тексеру.

Өзіндік диагностика принципі -қатысушылардың өзін ашуы, өзінің жекелей маңызды мәселелерін осылар арқылы түсіну және қортындылау.

Дамудың оптимистік принципі -жүргізуші диагностика және белгілі бір психикалық күйді түзету жолдарын көрсетіп қана қоймайды, ол ол тренингке белсенді түрде қатынасады, жағдайды өзгерту үшін түрлі жаттығулар қолданылады.

Ақыл-ой және өзіндік сфераны үндестіру принципі. Тренинг үшін бір жағынан үлкен эмоционалды күш сипат, топта өтіп жатқан жағдай қатынасушыларда шын қобалжуларын тудырады. Бұл оларды ашықтыққа итермелейді. Серігіне сенуге, бір-біріне деген қарым-қатынастарының адамгершілікті болуын тренинг, ақыл-ойды белсендендіреді – жағдайды талдау.

Өз еркімен қатысу принципі. Бұл барлық тренингте, жекелеген сабақтарда, жаттығуларда ескеріледі. Топ жұмысының барысында өз жеке басында болатын өзгерістерге қатынасушының шынайы ішкі қызығушылығы болуы қажет.

Топ мүшелерінің тұрақтылығы принципі. Топ мүшелерінің құрамы тұрақты болуы керек. әрбір сабақ сайын жеке адамдардың келуі нәтижені өзгертеді.

Батыру принципі. Сабақтың өткізілетін уақыты жұмыс бастамас бұрын анықталып алынуы керек. Әлеуметтік-психологиялық тренинг өткізудегі тәжірибе мынандай қорытынды жасауға негіз береді: көп уақытты талап ететін жұмыс көп нәтиже береді – батыру – 3-4 сағат, бір сабаққа. Аптасына сабақты бір рет өткізу керек.

Оңашаланғандық принципі. Қатынасушылардың оларды ешкім тыңдап тұрмағанына толық сенімділігі –сөзсіз талап болып табылады. Егер жүргізушіге сабақты аудио немесе видео жазу жүргізу қажет болса, ол топтың барлық мүшелерінің келісімін алуы керек.

Бос кеңістік принципі. Сабақ өтетін бөлмеде кең қозғалуға дөңгеленіп отырғанға, 3-5 адамнан микротоп құрғанға, жекеленуге жағдай жасалуы керек.

Топтық динамика түсінігіне негізгі бес элемент кіреді: Топтың мақсаты.Топтың нормасы.Топтың құрылымы және лидер мәселесі.Топтың бірлігі.Топтың даму фазалары.

Тренинг – жаттықтыру, жаттығу/ ағылшын сөзі.Тренингтер - өзін-өзі басқару дағдыларын дамытуға бағытталған, араласушылық тренингтер, жеке адам дамуын ынталандыратын тренингтер, оқыту тренингі.

Жеке адамның дамуын ынталандыратын тренингтер - әр түрлі теориялық негіздері бар және жеке адамның жеке бір қасиетін дамытуға бағытталған тренингтік сабақтар жатады (өзін-өі түсіну, әлеуметтік перцепция дағдылары, мағынаны түйсіну т.б.).

Оқыту тренингтері – мамандыққа керек дағдыларды жетілдіруге бағытталған, онда шешуші фактор – қарым-қатынастық тиімділігі. Мұндай тренинг нақты топтың ұсынысымен қалыптасады. Мысалы: лабораториялық тренинг – психотерапевтер үшін, пациенттермен жұмыс дағдысын жасауға бағытталған.

Әдістемелік тренинг – келісім процесі тренингі, басқару персоналдар үшін тренинг.

Әлеуметтік-психологиялық тренинг – практикалық психологияның белсенді әдістері.

Аутогендік жаттығу (грекшеден аударғанда autos - өзім, genos- шығу) мағынаны білдіреді. Әдістеменің негізгі элементтері бұлшық ет релаксациялары, өзін сендіру, өзін тәрбиелеу (аутодидактика).Аутогендік жаттығуды емдеу әдісі ретінде неыроздарды емдеу үшін Шульц 1932 жылы ұсынды.

Аутогендік тазару. Психикалық жарақат себебі болып табылатын жағдайды «қайталау» тәсілі.

Аутогендік вербальдану. Мидың дұрыс жұмыс істеуіне кедергі кеттіретін «материал» өзі шығады. Көзін жұмып, пациент өзін қиналдырған мәселе туралы айтады.

Биологиялық кері байланыс. Бұл әдістің негізіне сыртқы кері байланыс жүйесін пайдаланумен ырықсыз қызметтерін өзіндік басқарудың принципі жатады. Биологиялық кері байланыс әдісі индивидтің физиологиялық күй туралы мәлімет алу сол үшін негізгі көз болып табылғанда пайдаланылады. Мінез-құлық тренингі. Мінез-құлықтық психотерапия идеяларына негізделеді, оның мақсаты күрделі өмір жағдайларында керекті, бейімделу іскерліктеріне оқыту болып табылады.

Трансакт анализ – негізін салушы американ психиатры Берн. Оның концепциясы бойынша адам «алдын ала шешімдермен» бағдарламаланған. Ол өз өмірін «сценарий» бойынша сүреді, оның жақындары, ата-аналарымен жазылған. Негізгі мақсат - өмірлік позицияларын қайта қарау.

Гештальт терапия – американ психологы, психотерапевт Перлс жасаған. Адам өзімен және қоршаған дүниемен тепе-теңдікте. Оны гормонияны сақтау үшін организм қажеттіліктеріне назар аудару керек, олардың жүзеге асуымен кедергі жасамау керек. Өз өзіңмен болу, өз «Менін» іске асыру, өз қажеттіліктерін, бейімділік, қабілеттерін жүзеге асыру.

Психодрама – Морено жасаған. Топтық психотерапия әдісі – рөлдік ойын сияқты, ойын барысында пациент үшін маңызды мәселемен байланысты эмоция, сезімдер аяқ астынан көрінетіндей жағдай жасау арқылы өтеді.

Инновациялық процесс – жаңа технологияларды, жаңалықтарды енгізуге бағытталған шаралар комплексі;

Интеграция – жеке дифференцияланған бөліктердің байланысқан қалпы және жүйенің тұтастық қызметі;

Мақсат – күткен нәтиженің түсінілген бейнесі, оған жетуге адамның әрекеті бағытталған;

Тәрбие – тұлғаның дамуына әсер ететін арнайы ұйымдастырылған және басқарылатын процесс;

Педагогикалық процесс - өсіп келе жатқан ұрпақты білімді, мәдениетті, жан-жақты дамыған адамдар қылып даярлау мақсатындағы тәрбиелеу мен оқыту процесі;

Педагог компетенттілігі – маманның өзінің педагогикалық және тұлғалық потенциалын жүзеге асыру дәрежесі, оның іс-әрекетінің талдауы және бағасы критериі ретінде;

Технология (педагогикалық) – 1) педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру формасы, педагогикалық шараларды жүзеге асырудың құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы;

2) алдын ала жобаланған оқу-тәрбиелеу процесін практикаға жүйелі және бірізді енгізу;



3) практикада жүзеге асатын белгілі бір педагогикалық жүйе жобасы;

Білім берудегі мониторингі – білім беруде үнемі белгілі бір процесті оның қалаған нәтижесімен немесе бірінші болжамымен сәйкес келуінің айқындалуы мақсатпен бақылау;

Қарым-қатынас – жалпы материалды және рухани нәтижеге жету және қатынас орнату мақсатында олардың күштерін біріктіру және келісімге бағытталған адамдардың өзара әрекеттесуі;

Мониторинг – тексеру, бақылау, қадағалау;

Негізгі компетентілікжеке тәжірибеге кіретін білім, іскерлік, дағды, қабілеттердің амбебап жүйесі немесе жиыны, ол қандай да бір өмірлік мәселелер немесе жағдайларда шешуде іс-әрекет жемістігі немесе сапасын қамтамасыз етуі;

Оқытудың жекеленуі – баланың жекелей ерекшелігін ескере отырып, оқыту процесін ұйымдастыру. Оқытудың жалпы мазмұны мен міндеттері аумағында ұжымдық оқыту жұмысы жағдайында жүзеге асырылады. Әрбір баланың потенциалды мүмкіндіктерді жүзеге асыруға жағымды шарттарды құруды мүмкіндік береді;

Оқыту – оқушыға нақты білім, дағды және іскерлікті үйрету мақсатындағы мақсатты бағытталған және жүйелі өзара әрекет;

Өзіндік баға – адамның өзін-өзі, өзінің кемшіліктерімен және жетістіктерімен, мүмкіндіктерін, қасиеттерін, басқа адамдар арасындағы өзінің орнын бағалау;

Тұлғалық -бағдарланған білім беру процесі - әрбір адамның жекелігін, өзіндік бағасын, өзіндік тұрмысын қабылдау негізіне жататын оқыту;

Жеке тұлға – индивидті әлеуметтік қатынастарға араласуының әр қырынан сипаттайтын әлеуметтік маңызды бітістердің тұрақты жүйесі

Рефлексия – адамның өзін-өзі, ішкі психикалыө актісін, жағдайы мен ерекшелігін, өзінің ішкі әлемін тану процесі, өзі қалай басқаға қабылдануын түсіну және өзінің мінез-құлқын басқалардың мүмкін реакцияларынмен құру;

Әдіс – көздеген мақсатқа жетудің біріңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану – жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты.

Тәрбие және оқыту әдістерін жасап, топтастыру тәлім – тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі . Тәлімдік әдістерге байқау және қателік; жобалау әдісі,рейтинг әдісі,басқару әдісі және т.б. жатады.

Әдіснама – 1)ғылыми таным әдісі; 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты өзгеріске түсіру.

Әңгіме – 1)ақыл белсенділігін арттыруға бағытталған оқыту, тәрбие әдістерінің бірі. Оқушы әңгімелесу барысында мұғалім мен жолдастарының қойған сұрақтарына жауап бере отырып, өтілген материалды қайталап, бекітеді және білімін толықтырады; 2) вербальдық (сөйлеу) қарым – қатынас негізінде ақпарат алу әдісі.

Бақылау - белгілі бір педагогикалық құбылыстардың өту ерекшеліктерін, оларда тұлғаның, ұжымның, адамдар топтарының көрінуінің, алынатын нәтижелердің тән сипаттарын жүйелі түрде мақсаткерлікпен тіркеп отыру. Б.ә.тұтас және іріктеме, қосылымды және жай, бақыланатын және бақылауға келмейтін, далалық және лабораториялық және т.б. түрлерге бөлінеді.

Кәсіптік бағдарлану- әрбір тұлғаның индивидумдық мүдделері мен еңбек рыногының қажетсінуін есепке ала отырып халыққа кәсіп таңдауда, іріктеуде не кәсіп ауыстыруда көмектесуді қамтамасыз ететін отбасының, оқу орындарының, мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық ұйымдардың ақпараттық және ұйымдастырушылық-практикалық іс-әрекеті.
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

«Тренингтік жұмыс технологиясы» пәні бойынша

Түсінік хат

Қазіргі мұғалімнің кәсіби даярлығына қойылатын негізгі талаптар Қазақстан Республикасында жоғары педагогикалық білім беру концепциясында айқын көрсетілген. Концепцияда қазіргі мұғалім- ол рухани қамтыған, шығармашыл кәсіби дағдыларды жетік меңгерген және үнемі ізденісте болуы керек. Дегенмен болашақ маманның кәсіби даярлығы жоғары оқу орнындағы барлық оқу жылдарында мақсатты бағытта жүзеге асырылуы қажет. Әр оқу жылы нақты мақсатқа бағытталады. Осы мақсаттың дұрыс жүзеге асырылуы әр оқу пәнінің, сонымен қатар психологиялық- педагогикалық пәндер кешенінің болашақ мамандарды кәсіби даярлаудағы мүмкіндіктерін дұрыс қолдануға байланысты.

Студенттерде өздерін қабылдап, бағалап және өзін дамыту жолдары туралы психологиялық білім қоры болуы керек. Оқушылармен қарым-қатынас дағдыларын және тәсілдерін білуі қажет. Оқушылардың жекелей ерекшеліктерін ескере отырып, олармен нәтежелі қарым-қатынас орната алу іскерлігі қалыптасуы керек. Осылардың барлығы жоғары оқу орнында «Педагогтың эмоциялық тұрақтылық тренингі» оқытудың қажеттігін көрсетеді.



Пәннің мақсаты- психологиялык тренинг технологиялары туралы түсінік беру; тренинг өткізу ережелерімен таныстыру; тренинг түрлерімен және жаттығуларымен таныстық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет