Жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған



бет3/5
Дата24.11.2016
өлшемі1,01 Mb.
#2484
1   2   3   4   5

Тақырып 8. МАРЖИНАЛИЗМ

  1. Маржинализм дегеніміз не және маржиналистік төңкеріс.

  2. «Маржиналис төңкерісі» кезеңдерінің ерекшелігі.

1. Маржинализм дегеніміз не және маржиналистік төңкеріс .

Жиырмасыншы ғасырдың соңғы отыз жыл бойында классикалық политэкономияны маржиналистік экономика теориясы ауыстырды. Мұндай ауысудың мүмкін болуы – ғылымдағы,әсіресе , жаратылыстану және экономикада шаруашылық жүргізудің монополистік белгілері күшейді.



Маржинализмнің негізгі идеясы – экономикалық жүйедегі шекті экономика көлемдегі өзара байланысты құбылыс ретінде фирма, сала (микроэкономика) және бүкіл халық шаруашылығы (макроэкономика) деңгейіде зерттеу. Осындай контексте қазіргі маржинализм бугін неоклассиктер мен кейнстік экономикалық конепцияларды біріктіріп , «экономика алғаш рет берілген мақсатта және пайдаланудың альтернативті мүмкіндіктері бар шекті қаржылардың өзара байланыстарын зерттейтін ғылымға айналды.» жиырмасыншы ғасырдың үшшнші жартысында екі жүз жылдай тарихы бар классикалық мектептің құндылығын қайта бағалау экономикалық әдебиетте «маржиналистік төңкеріс» деп аталады. Болған төңкерістің мәнін түсіндіргенде мынаны атап өту керек: «маржиналь» -ағылшын – француз тілінде шек дегенді білдіреді. Маржинализм – жаңа экономикалық талдау принциптеріне сүйенеді, олар болып жатқан құбылыстар мен өзгерістерді сипаттауда шекті көлемдерді анықтайды. Бұл – олардың классикалық политэкономиядан ең басты өзгешілігі. Классиктер орташа немесе қосынды көлемдерде көрінетін экономикалық құбылыстардың мәнін сипаттап қана қойды. Мысалы , баға негіздерін анықтағанда классикалық концепция шығын принципімен , еңбек шығындары көлемімен байланыстырды.

Ал маржиналистер концепциясы бойынша бағаның құрылуы өнімді тұтынуына байланысты өзгереді, яғни бағаланып отырған өнімге қажеттілік қаншалықты өзгереді, егер осы өнімнің бір единицасы тағы қосылса. Маржиналистер методологиясындағы төңкерістің тағы бір ерекшелігі: егер классиктер экономикалық құбылыстарды танденциозды қараса, мысалы , өндіріс саласын айналысқа қарағанда бірінші орынға шығарып, құнды бүлік экономикалық талдаудың бастапқы категориясы десе, маржиналистер экономиканы өзара тәуелді шаруашылық субьектілерінің жүйесі деп қарап , олар шаруашылық игіліктерді, яғни материалдық, қаржы және еңбек ресурстарын пайдаланып, жұмсайды дейді. Сондықтан экономиканың тұрақты жағдайы мен тепе теңдігі мәселесі туралы маржиналыстік теорияның арқасында кәсіпорындар мен фирманың , бүкіл халық шаруашылығының қоршаған ортамен өзара әрекетінің нәтижесін талдау мүмкін болды. Бұдан әрі классиктермен салыстырғанда маржиналистік теория математикалық тәсілді кеңінен қолданады , соның ішінде дифференциалды теңдеулерді. Маржиналистерге математика тек шекті экономикалық көрсеткіштерді талдау үшін ғана емес, сонымен қатар, мүмкін гипотез бен сандық жағдайлардың ішінен жақсы вариантарды, оптималды шешімдерді қабылдауды негіздеу үшін де қажет. «Төңкерістік» қадамдар маржиналистерді ақшаның сандық теория саласында жасауға мүмкін етті. Себебі: маржиналистік тңкеріс Рикардо мен Милльдің ақшаның сандық теориясын ортдоксальді жорамалын жоққа шығаруға жаңа деректер берді. Нәтижесінде ақшаның басты қызметтерін мойындауға мәжбүр болды:айналыс құралы, күн немесе сан өлшемі, жинақ құралы, қорлану немесе құды сақтау құралы. Бастысы– ақшаның сан түрлі қызметтерінің ішінен негізгісін іздеу қажеттілігіжойылды. Ал мұндай қажеттілік ақшаның бір қызметін екіншісінен артық санауға әкелетін. Енді «Ақша- ақша жсайтындардың бәрі. Ақша қызметтерін атқаратындардың алғашқы авторлары И. Фишер мен А. Пигу еді. Маржинализмнің американдық мектебінің дәстүрін жалғастырушы И. Фишер (1867-1947) өзінің әйгілі айырбас теңдігін шығарады. өз кезегінде А. Пигу (1877-1956) Фишер бойынша ақшаны зерттеу методологиясына түзету енгізді. Ол микродеңгейдегі шаруашылық субьектілердің сылтауларын ескертуді, ақшаға бейімділігіне байланысты – ақшаларын банктерде, бағалы қағаздар түрінде ұстауға құлшыныстарын аударуды ұсынды. Осыдан келіп Пигу бойынша ақшаның өнімділігіне қарай бағаларға түзету жасалынады. Ең ақтығында төңкеріс деп мынаны айтуға болады: маржиналистердің методологиялық құралдары ең соңында классиктерде басты болып саналатын экономикалық категориялы бірінші, екінші деп бөлу мәселелерін күн тәртібінен алды. Мұның шешілуі каузальдіге қарағанда қызмет атқаруға басымдылық беру арқасында мүмкін болды. Сөйтіп ол талдаудың басты құралы болып, экономикалық теорияны нақты ғылымға айналдырды. Мынаны айту керек: «маржиналистік төңкерісті» бастапқыда ешкім елемеді, біле бермеді. Оның болғанын алғашқы рет 1886 жылы Л. Вальрас жарияланды. Ол өзінің шекті экономикалық көлемдерді талдау идеясын ұсынды және төңкерістің алғашқысы екенін көрсетті. Алайда 1871- 1874 жылдары осындай бағыттағы жұмыстарды

У. Джевонс пен А. Маршалл жариялағандықтан , осы уш экономистің арасында ғылыми приоритет туралы талас болды. Бірақ 1878 жылы күтпеген жерден ағылшын профессоры Адамсон бұл таласты тоқтатты. Ол Британ мұражайынан әлі ешкімге белгісіз 1854 жылы жарық көрген Г. Госсен деген неміс авторының кітабын табады. Мұнда жоғарыдағы аталған маржиналистік талдау принциптері ұсынылған.

Алайда маржиналистердің алғашқыларының – тұынушыларыдың тәртібін талдауды қолдап, «шекті құндылық» категориясын бірінші айтқандар және шаруашылық жүйде тепе-теңдікті ашу үшін математикалық талдаудың пионерлері арасында бірден бірнеше авторлар болған. Олар: Г. Госсенмен бірге немістің тағы бір ғалымы және практигі И.- Г.фон Тюнен, екі фрацуз зерттеушілері – Ж. Дюпюи мен О. Курно. Айталық, П. Самуэльсон 1970 жылы 11желтоқсанда Стокгольмде экономика саласын Нобель сыйлығын алу кезіндегі лекциясында «Маршалға дейін көп уақыт бұрын 1838 жылы О. Урно өзінің «Исследования математических принципов в теории богаства» еңбегінде максимум пайда әкелуде дифференциалды есептеуді қолданды. Шығындардың минимумы да бұдан жүз жыл бұрын қойылды. Шекті өнімділікті қарастырғанда фон Тютен осылардың бәрімен айналысты. Қазіргі экономикалық әдебиеттерде маржиналистердің алдыңғыларының басты теориялық принциптерін әдетте Госсеннің бірінш, екінші заңдары деп сипаттайды. Оның бірінші «заңы» бойынша, қолдағы игілікті көбейту шекті пайдалылықты азайтады, ал екінші «заң» бойынша тұтынудың оптималды құрылымы барлық тұтыну игіліктерінің шекті қажеттілігінің тепе- теңдігі жағдайында мүмкін.





  1. «Маржинал төңкерісі» кезеңдерінің ерекшеліктері

Экономикалық әдебиеттерде «маржинал төңкерісі» болуының екі кезеңі көрсетіледі. Бірінші кезеңі он тоғызыншы ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды: мұнда австриялық маржиналистік идеяларға экономикалық талдау жасалып, қорытындыланады және жоғарыда аталған ағылшын У. Джевонс пен француз Л. Вальрастың еңбектері талданады. Осы кезеңде товадың шекті пайдалылығы теориясы құндылықты анықтау бұл мектептің басты шарты деп жарияланып, ал товар құндылығын бағалағанда нақты адам мүддесі тұрғысынан психологиялық сипаттамасын мойындау керек. Сондықтан маржинализмнің бірінші кезеңін «субьективті бағыт» деп атайды.

«Маржинализм төңкерісінің» екінші кезеңі – он тоғызыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарына сай келеді. Осы уақыттан бастап маржинализм көптеген елдерде басым бағыт болып қанатын жаяды. Бұл кезеңдегі оның басты жетістігі- жетпісінші жылдадағы субьективизм мен психологизмнен бас тартып, Й. Шумпетер айтқандай, «экономикалық таза мақсаты... берілген жағдайлардың негізінде әр кезде экономикалық өмірдің ретті жүруін түсіндіру.»

Нәтижесінде жаңа маржинал экономикалық идея өкілдері классикалық политэкономияның иегерлері саналып , оларды неоклассиктер деп атады. «Маржинал төңкерісінің» екінші кезеңі – неоклассикалық саяси экономияның қалыптасу кезеңінде – ең көп үлес қосқандар: А. Маршал , американ Дж. Б. Кларк және итальян В. Паретто еді. Жоғарыда аталған маржинал төңкерісінің екі кезеңдегі идеялар эволюциясын былай сипттауға болады:



Біріншіден, бастапқыда маржинализм өзінің субьективті бағытында экономикалық талдауды тұтынуымен байланыты проблематикаға назар бөлудің маңыздылығын көрсетті. Ал классиктер өндіріс проблемасын басыл бағыт дегені белгілі. Бірақ неоклассиктер содан кейін екі саланы бір мезгілде зерттеудің қажеттілігін негіздеді, олардың біреуін ерекше бөлмей , бір біріне қарсы қоймайды.

Екіншіден , маржиналистердің алғашқы толқыны классиктер сияқты себеп- салдарлы талдауды пайдалана отырып , өзіне дейіндегілерді қайталағандай болады. Казуальды тәсіл біріншісіне де, екіншісіне де товар игіліктерінің құнын мойындауға, яғни оны экономикалық зерттеудің бастапқы категориясы деп есептеуге әкеледі. Бір ғана айырмашылық – классикалық мектеп экономикада бірінші орында - өндіріс саласы , құнның құрылу көзі- өндіріс шығындары десе , субъективті мектеп бірінші орынға – тұтыну саласын жатқызып , осымен байланысты бағалар товарлар мен қызмет көрсетудің құндылығына тәуелді етеді. Өз кезегінде маржиналистердің екінші толқыны экономика теориясында неоклассиктердің негізін қалады. Олар бұған казуальды тәсілді функциональдімен алмастырып, яғни екі жүз жылдай экономикалық ғылымға үстем болған өндіріс пен тұтынуды бірінші , екінші сала деп бөлу дилеммасын жойып, тиісінше құнның негізіне не жатады деген таласты тоқтату арқылы жетті.

Неокласиктер, бейнелеп айтсақ, өндіріс саласы мен тұтыну саласын қосып, жүйелі тұтас талдау обьектісіне айналадырып , шекті экономикалық өлшемдерді сипаттауды бөлу мен айырбас саласына таратты. Нәтижесінде құн туралы екі теорияны бір екі өлшемді теорияға табиғи біріктіруге әкелді , ол бір мезгілде шекті шығындар мен шекті пайдалылықты өлшеуге негізделген.



Үшіншіден 1- кезеңдегі маржинал төңкерісіне қарағанда 2- кезеңде экономикалық талдауда функционалдық тәсілмен қатар экономикалық процестерге жаппай математикалық модель жасау кең етек алды. Ол микроэкономикалық деңгейде экономикалық тепе – теңдік концепциясын , яғни жекелеген шаруашылық жүргізуші субьектілер деңгейінде жүзеге асыру құралы болды. Мұны неоклассиктердің экономика пәнінен 20 ғасырдың 30- жылына дейін макрозерттеу және экономика өсу факторлары проблемасын алынып тастаған еді.

Маржиналистер экономикалық өсу еркін бәсеке арқасында автоматты түрде жүреді деп 19ғасырдың үшінші жартысына деін және 20 ғасырдың отызыншы жылдарында тағы қайталады. Сөйтіп олар шын өмірде болмайтын Ж. Б. Сэйдің «рынок заңдарын» және оның экономиканың өзін-өзі реттейді, тепе- теңді деген идеясын қолдайды. Бірақ маржинал экономика теориясының математизацияланған ерекшелігін мойындай отырып, оқушылардың қазіргі танымал ғалым экономистердің бұл жөніндегі ескертпелерімен таныстырған артық емес. Айталық , В. Леонтьев: «Жартылыстану мен тарих ғылымындағы әріптестері сияқты деректерді қатаң жүейелеп жинауға о бастан үйренбеген экономистер дедуктивті талдауға бейімділік көрсетті. Көптеген экономистер таза немесе қолданбалы математикадан келді. Экономикалық жүрналдың әр беті математикалық формулаға толы болды. Олар аз ғана шындықтан , бірақ абсолютті негізсіз болжамға түзілгендіктен , іске қатысы жоқ теориялық қорытындыға әкеледі. Қазіргі көптеген экономист- теоретиктердің жүйелі зерттеулерге көңілдері толмайтындары ап-айқын және мұны методологиялық құралдан көреді , оларды қолдану нақтылы информацияны қысқартады немесе азайтады». М. Алленнің ойынша, «жақсы физик немесе экономист болу үшін математика саласынан білім мен дағды жеткіліксіз , сондықтанеш уақытта да мынаны қайталау артық емес:экономист үшін физик сияқты негізгі мәселе – математиканы тек математика үшін қолданбай, оны нақты шындықты талдап, зерттеудің құралы ретінде пайдалану. Сондықтан міндет- ешуақытта теорияны оны қолданудан бөлмеу керек». Мұндай ескертулердің саны көп.



Төртіншіден, неоклассиктер экономикалық ғылымның алғашқы ұстаздарынан , яғни классиктерден , ең бастысын- экономикалық либерализм принциптеріне берілгендікті , « таза білімді ұстап қалды». Кейде мұны суъекттивизмнен , психологизмнен және басқа экономикалық қоспалардан ашылған «таза теория» деп атайды. Сондықтан, маржиналистердің «екінші толқыны» біріншілерінен, тіпті класситерден де ерекше зерттеу пәнін кеңейтілгенін мойындай отырып , қарсы жағын да көрсетуіміз тиіс: неоклассиктер өздерінің зерттеу пәнінің шеңберін әдейі тарылтты, яғни экономика ғылымының теориялық-методологиялық міндеттерін әлеуметтік және макроэкономикалық бағыттағы проблеманы алып тастайды.

Тақырып 10. Кейнсиандық бағыт .
Бұл тақырыпты оқу арқылы мына сұрақтарға жауап бере аласыз:

-кейнсиандық бағыт дегеніміз не?

-неге ДЖ. М. Кейнстің «Жалпы теориясы-...»-«данышпан адамның ...өте жаман жазылған кітабы» (П.Самуэльсон)- ХХ ғасырдағы экономикалық ғылымдағы өзгеріс нүктесі болды.

-Дж. Кейнстің «үрпі-түрпі? таралмаған» кітабындағы макрозерттеудің қазіргі экономиканың қызмет істеу «үлгілерінен» анықтаудағы орны қандай? (М.Блауг)

Дж. Кейнстің экономикалық ілімін жалғастырушылар экономиканы мемлекеттік реттеу теориясына қандай жаңалықтар қосты.

1929-1933 жылдардағы әлемдік экономиканың дағдарысы өнеркәсібі дамыған және дамымаған елдерді жойқын күшпен соқты.

Әрине, 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басындағы неоклассиктер теорияларының күштері микроэкономиканы талдауға бағытталды да, мұндай дәстүрлі емес дағдарыстарға және ол жалпы жұмыссыздық жағдайында басқа – макроэкономикалық талдауды қажет етті.

Осындай бағытты әйгілі экономист, ағылшын ғалымы Дж.М.Кейнс ұстады, сонымен қатар 20-30 жылдарда Н.Кондратьев айтқанындай, «әлеуметтік экономика» саласында «экономистер арасында мемлекеттің еркін шаруашылық қызметке араласуы, трестерді,Синдикаттар, протекционизм мен фритредерство айналасында қызу күрес байқалды»

Осымен байланысты туған жаңа ғылыми проблемалар осы күнге дейін өзінің маңызын жойған жоқ, өйткені олардың негізгі мазмұны – рыноктық шаруашылықта экономиканы реттеу.

Содан бері осы проблеманы шешуде теоия бұл күндері екі бағытқа бөлінді.

Біріншісі, Дж.М.Кейнстің іліміне және оның жақтаушыларына арқа сүйенді, олардың экономикалық процестерге мемлекеттің араласуын ұсынған шаралары негізінен кейнсиандық деп аталды. Басқа бағыт кейнсиандыққа қарсы альтернативтік концепциясын ұсынды.

Дж.М.Кейнстің экономикалық ілімі

Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) – қазіргі әйгілі ғалым-экономист.

Ол одан да әйгілі ғалым, экономикалық ойдың Кембридж мектебінің негзін қалаушы А. Маршаллдан дәріс алды. Бірақ оның мұрагері болмай, оның есімін басып кете жазады.

Көптеген елді қамтыған 1921-1933 жылдардағы ұзаққа созылған және ауыр экономикалық дағдарыстың нәтижелерін ерекше пайымдаулар Дж.М.Кейнстің 1936 жылы Лондонда шыққан «Жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы» атты еңбегінде ерекше тұжырымдар жасауға әкелді.

Мектеп кезінде байқалған математикалық қабілеті 1902-1906 жылдары Итон және Кембридж колледжінде оқығанда пайдаға асты.

1906-1908 жылдары англия министрліктегі қызметтері әуелі әскери бөлімде, одан кейін Үнді ісі басқармасында, табыс, статистика және сауда саласында істеді.

1908 жылы А.маршаллдың шақыруымен Король колледжінде экономика проблемаларынан лекция оқыды. 1909-1915 жылдары тұрақты түрде экономист, математик болып істеді. Оның алғашқы статьясы «Индекстік тәсіл» (1909 жылы) қызығытушылық танытыпА.смит сыйлығын алды. Сөйтіп Дж.М.Кейнсті қоғам тез таныды. 1912 жылдан өмірінің аяғына дейін «Экономикалық» журналдың редакторы болды. 1913-1914 жылдар король комисиясының Үндідегі қаржы және ақша айналысы жөніндегі мүшесі болды. Осы кезде ол корольдің экономикалық қоғамының секретары, соңында 1913 жылы шыққан «Үндідегі ақша айналысы мен қаржы» еңбегі осы әлемдік деңгейге көтерді.

Тақырып 12. Неолиберализм
Бұл тақырыпты оқыту мыналарды білу үшін керек:


  • неолиберализм кейнсиандықпен бірге экономиканы мемлекеттік реттеу проблемасына көзқарастардың жеке жүйесі ретінде көрінді.

  • «біздің ұрпақ» өз тәжірибесінде «жоспарлы қоғам мен адам күштерін авторитарлы ұйымдастыру бағасының» қанша тұратынын білді.(А. Уолтер Липпман)

  • Неміс «ордолиберализмнің» арқасында әлеуметтік рыноктық шаруашылық концепциясының қайнар көздері туралы:

  • Филипстің қисық сызығын сын көзбен қарап және Чикаго мектебі неолибералистерінің монетаристік концепциясының маңызы туралы.

Неолиберализм 30 ж. Кейнсиандықпен бірге экономиканы мемлекеттік реттеу проблемасына көзқарастардың жеке жүйесі ретінде пайда болды.

Неолиберализм концепциясының теориялық түсіндірулері мен тәжірибелік ұсыныстары шексіз еркін бәсеке идеяларының басымдылығы мемлекеттің экономикалық процестерге белгілі араласуы арқылы жүретініне негізделді. Егер кейнсиандықтар бірден экономикаға мемлекеттің араласуының белсенді шараларын бірінші орынға қойса, неолибералистер – мемлекеттің реттеудегі енжарлығын атады. Кейнсиандық үлгі бойынша, мемлекеттік шаралар жиынтығы экономиканың әр түрлі салаларын инвестициялауға, үкіметтік тапсырыстың көлемін ұлғайтуға, салық саясатын нығайтуға бағытталады.

Олардың шекті көрінісі- экономикалық тарих көрсеткеніндей, мемлекеттік бюджет тапшылығы мен инфлияция. Неолибералистер экономиканы либерализациалады, еркін баға белгілеу принципін қолдануды, экономикада жеке меншік пен мемлекеттік емес шаруашылық құрылымдардың басым болуын жақтап, мемлекеттің экономикадағы қызметіне тек « түнгі күзетші» пен «спорттағы төреші» сияқты рольдерді қалдырды.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің неолибералдық концепциясының өкілдері Л.Эрхардтың: «бәсеке- барлық жерде, реттеу- қажетті жерде» - деген сөздерін еске алып, экономикалық процестерге мемлекттік шектеудің дұрыстығын дәлелдеп, оның экономикадағы теңсіздікті жоюдың шарты ретінде кәсіпкерлер қызметінің еркіндігі мен тұрақтылығына ат салысуын қалады. 30-шы жылдарда еркін бәсеке жүйесін тарылтатын мемлекеттің экономиканы реттеудің кейнсиандық идеясына қарсы тұру үшін біраз елдерден неолибералдық орталықтар құрылды. Олар экономикаға мемлекеттің араласуына альтернативті шаралар белгілеп, экономикалық либерализм идеяларын өмірге келтіріп, тәжірибеде жүзеге асырмақ болды.



Неолиберализімнің ірі орталықтары Германияда, АҚШ-та және Англия тиісінше Фрайбург мектебі ( лидерлері- В.Ойкен, В.Репке, А. Рюстов, Л. Фридмен, А. Шварц және т.б), Лондон мектебі ( лидерлері – Ф. Хайек, Л. Роббинс және т.б).Франциядағы неолибералистер идеяларының көрнекті өкілдері – Ж. Рюэфф, М. Алле. Әр түрлі елдердегі неолибералистер идеяларының мектептеріне қысқаша сипаттама бере отырып мынаны атап өту керек: 30- жылдардағы неолибералистік қозғалыс бірыңғай ғылыми- тәжірибелік платформа жасауға тырысты. Бұл бағаыттағы неолиберализмнің жалпы принциптері 1938 жылы Париждегі конференцияда жарияланды. Неолибералистердің бұл форумын бүгінде «Липпман коллоквиумы» деп атайды. Өйткені конференциядағы неолиберализм принциптері сол жылы шыққан А. Уолтер Липпманын « Свободный город» деген кітабындағы тұжырымдармен үндесіп жатты. Париждегі конференциядағы неолибералистер қозғалысының жалпы принциптерінің мәні –еркін бәсеке ережелеріне көшуге мемлекеттің көмегі және оларды шаруашылық субъектілерінің бәрінің орындауын қамтамасыз ету. Экстремальды жағдайларға (соғыс, катастрофа және т.б) мемлекет және меншіктің басымдылығын, істер мен рыноктардағы еркіндік шарттарын қайта қарай алады.
13 Тақырып Монетаризм

  1. Эконимкалық ғылымдағы консервативтік толқынның пайда болуы

  2. Монитаризм немесе Чикаго мектебі

  3. Эконмикалық ұсыныс теориясы

  4. Рационалды күту теориясы

  1. ХХ ғасырдың 70-80 ж.ж. әлемдік экономикада бірқатар саяси идеялар

және экономикалық теория аумағында көптеген өзгерістер болды. Кейнсиандық позиция әлсіреді. Осы кезде батыста неоконсерватизмнің позициясы күшейе түсті. Бұл ескі құндылықтарға қайта оралуды білдіретін еді. Мысалы, жанұя, дін, заңға бағынушылық, тағы басқа. Неоконсерватизм өкілдері неоклассикалық бағыттың экономикалық либерализм принципін жеке меншік үстемдігін және мемлекеттердің экономикаға араласпауын қолдады. Неоконсервативтік экономикалық теория тиімді нарықтық жүйемен рационалды субъективтік принципіне сүйенеді. Осы кездегі неоконсерватизм үш бағытқа бөлінеді, бұлар: монетаризм, ұсыныстың экономикалық теориясы, рационалды күту теориясы. Бұларды кейнсияндық экономикалық теорияның негізгі идеяларымен келіспеуі және мемлекеттік экономикаға жиынтық сұраныс арқылы әсер етуінің концепцияларын біріктіреді. Сонымен қатар олардың доктриналарындағы ұқсастық мынадан көрінеді: laisser faire немесе экономикалық принциптеріне қайта орнау шаруашылық қатынастарды либерализмнің қажетілігі жөніндегі тезис. Экономикалық либерализм принциптеріне қайта оралу, оларды жаңа либералдық бағытқа жатқызғанмен де неоконсерватизм дәстүрлі батыс қоғамының құндылықтарына қайта оралуды да қолдаған болатын. Кеинсиандықтың үстемдік етіп тұрған кезінде оларға оппозиция әр қашанда сақталған болатын, осы опозиция 70-80 ж. кезінде экономикалық кризистік кеинсиандықтың позициясын әлсіретіп үстемдікке ие боды. Мысалы: 1979 ж. М.Тэтчер басқарған ағылшын консервативтік үкіметі 1981 ж. Р.Рейганның әкімшілігі және тағы да басқа.

  1. Консерватизм бағыттың мектептерінің ішіндегі ең көрнектісі Чикаго

мектебі боды. Чикаго мектебінің теориялары монетаризм деген атқа ие болды. Бұл мектеп басты өкілі Нобель сыйлығының иегері Мильтон Фригмен боды. Бұл мектептік теориясын жасауда Фригменнен басқа шын тақты экономисттер қызмет атқарды: Бруннер, Кейган, Лейдм, Метслер, Селден, Паркин, Шварц. Фригмен өзінің «Капитализм және еркіндік» деген кең танымал бағдарламалық кітабында былай дейді. Қазіргі капитализм тұрақты өзін-өзі реттейтін жүйе. Ол саяси және шаруашылық еркіндіктің тиімділігн қамтамасыз етеді. Монетаризм экономикалық өмірде басты орында ақша деп есептеді және ақшаның айналымдағы саны қүн деп есептеді. Фригменнің негізгі еңбектері ақша айналымының теориясы мен практикасы манында өрістейді. Ол: «Қысқа мерзімде тек баға өзгереді», - деп көрсетті және «осы кезде баға да өзгереді», - деді. «Ал ұзақ мерзімде тек баға өзгереді», - деді. Экономикалық саясаттың негізгі мақсаты тұрақты бағаны ұстап тұру және инфляцияға қарсы саясат. Мұны жүзеге асыру үшін жалпы ұлттық өнімнің өсу қарқынынасәйкес келетін ақша массасының өсуіне қолдау. Фригменнің есептеуі бойынша бұл жылына 3-4% -ті құрайды. Фригмен сондай-ақ мемлекетің жұмыссыздықты азайту бағдарындағы шаралары қысқа мерзімді нәтиже беретінін дәлелдейді. Бірақ уақыт өтекеннен кейін ол өзінің табиғи қалпына келеді. Ал инфляцияның өсуі мемлекет шығындарының өсуінен пайда болады деп есептеді.

3. ұсыныс теориясы 70 жылдардығы кейнсиандық бағытты қатты сынға алу кезінде пайда болатын. Ол тек теориялық бағытта болатын жоқ, сондай-ақ практикалық жинақталуы және салық саясаты кезіндегі мемлекттің қаржысының жағдайы болды. Сонымен қатар бұл бағыттың өкілдері монетаризмнің зерттеу проблемаларының кейбір бөліктерін де атап айтсақ, инфляция мен жұмыссыздықты да қарастырады. Бірақ олар инфляция мен жұмыссыздық жоғары салық ставкасына байланысты болады деп есептеді. Монитаристерден ерекшелегі тағы бір зерттеу проблемасы жинақ мәлесін қарастырады. Олар жинақты мемлекетің аслық саясаты мен тығыз байланыстарға қарайды. Бұл теория экономикалық дамудың баулуы жинақ қорларының жетіспеушілігінде деп түсінеді. Бұл кейнесиандықтардың теориясына қарсы келетін еді. Жинақ қорларының жетіспеушілігі салық саясатының дұрыс жүргізілмеуінен, яғни жоғарғы салық ставкаларының жүргізілуінен, яғни жоғарғы салық ставкаларының жүргізілуіне байланысты деп есептеді. Бұл капиатлдың тиімді пйадалунада кедергі келтіреді, ал ол өз кезегінде жинақ қорларының төмендейіне алып келеді және инвестициялық процесскеде кері әсер етеді. Соның нәтиежесінде жалпы экономикаының баяулауы болады. Сондықтан да мемлекеттік салық ставкаларын төмендетуге тиісті, сонда ғана жинақ қорларының, инвестицияның, жалпы экономиканың өсуіне, дамуына мүмкіндік туады. Наффер қиысығынан көрінеді немесе оны Аннирни лаффердің әсері немесе эффектісі деп аталады. мына графикте мемлекетт бюджетінің кірісі мен салық ставкларының динамикасы көрсетілген.
R R - салық ставкасы

100 J - мемлекет бюджетке кіріс

R1 - тиімді салық сатвкасының

көлемі


J1 - мемлекет бюджетке

түсетін максималды түсім

R1

0 J1 J




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет