Жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған



бет2/5
Дата24.11.2016
өлшемі1,01 Mb.
#2484
1   2   3   4   5

13 апта

Кредит саны- 1.

Тақырыбы: Монетаризм.

Дәрістің жоспары:

  1. ХХ-ғасырдың 70-80-ші жылдарындағы монетаризмнің жоғарылау себебі.

  2. М. Фридменнің «ақша ережесі».

  3. Дағдарыс пен циклдың монетарлық концепциясы.

  4. Кейнсиандыққа сын. Ұсыныстың экономикалық теориясы. Лаффер қисығы.

ОЖСӨЖ жоспары:

  1. Монетаризмнің жоғары бағалау себептері.

  2. М. Фридманның «ақшаның сандық теориясы».

  3. Монетарлық концепция циклі және кризисі. Экономикалық теориясының ұсынысы.

14 апта

Кредит саны – 1.

Тақырыбы: Ресей және Кеңестік экономика ғылымының дамуы.

Дәрістің жоспары:

  1. С. Булгаковтың, П. Струвенің, М. Тиуган-Бареновскийдің экономикалық көзқарастары. С. Витте және П. Столыпинның экономикалық реформасының негіздері.

  2. В.И. Лениннің экономикалық зерттеуі. А.В. Чаяновтың жанұяның шаруа қожалық еңбегі теориясы, шаруа кооперациясы теорисы, агралық сектор мәселелері.

  3. Н. Кондратьевтің динамика және статистика проблемаларын зерттеуі. В. Новожиловтың баға, тепе-теңдік, тауар, тапшылық факторы,тауар және ақша массасының балансы.

  4. Л. Конторович – бірсызықты бағдарлама, ресурстардың дұрыс бөлінуі теориясын жасаушы. 1985-1991 жылдардағы қайта құру және жеделдету стратегиясы.

ОЖСӨЖ жоспары:

1. Булгаков , Струве эволюциясы.

2. С.Ю.Витте экономикалық реформасы.

3. Столыпиннің экономикалық реформасы.

4. В.И. Лениннің экономиканы зерттеуі.

5. А.В.Чаянова теориясы.

6. Реформаның монетаристік жолы және “шоковая терапия”

15 апта

Кредит саны - 1

Тақырыбы:

Қазақстандағы экономикалық көзқарастардың пайда болуы және дамуы.



Дәрістің жоспары:

1. Қазақстандағы экономикалық тұжырымдардың пайда болуы.

2. Аль-Фараби ілімі Ш.Валиханов, И.Алтынсарин, А.Құнанбаев шығармаларындағы экономикалық көзқарастың дамуы.

3. ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы экономикалық тұжырымдардың қалыптасу ерекшелігі. А.Байтурсұнов, А.Букейханов, С.Садуакасов, Т.Рыскуловтың экономикалық көзқарастары.

4. Экономикалыќ өрлеу проблемаларын мемлекеттік реттеу және жаңа типінің ерекшеліктерінің көрсеткіштері .

ОЖСӨЖ жоспары:

1. Қазакстандағы экономикалық ойдың пайда болуы.

2. Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Кұнанбаевтың экономиканы дамытудағы еңбектері.

3. ХХ ғасырдың 20-30жж Қазақстан экономикасының даму ерешеліктері.

4. Қазіргі заманғы Қазақстан экономикасы.
1.6 Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)


1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.

2. Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.



3. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.



4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.



5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.



6. Пікірлесу.

Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.


1.7 Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары
1.7.1 1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
1. Экономика ілім тарихы пәні дегеніміз не

2. Экономика ілім тарихы пәнінің дамуы

3. Экономика ілім тарихы пәнінің негізгі бағыттары

4. Ежелгі дүниедегі экономика туралы көзқарастар

5. Орта ғасырлардағы экономика туралы көзқарастар

6. Ф.Аквинскиидің экономикалық ой-пікрлері

7. Меркантелизм

8. Меркантелизмнің негізгі өкілдері

9. Меркантелизмнің негізгі кезеңдері

10. Физиократтардың экономика туралы көзқарастары

11. тархи мектеп дегеніміз не

12. Социалистік теорияның негізгі ойлары

13. Классикалық саяси экономия өкілдерінің негізгі ойлары

14. Классикалық саяси экономия өкілдері

15.К.Маркс және «Капитал » еңбегі
1.7.2 8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

16. Маржинализм теориясының негізгі экономикалық ойлары

17. Маржинализм теориясының негізгі өкілдері

18.Кейнсиандық теориясының негізгі экономикалық көзқарастары

19.Неокейнсиандық бағыты

20.Неолиберализм теориясының негізгі экономикалық көзқарастары

21. Неокейнсиандық бағытының негізгі өкілдері

22. Институционализм және оның негізгі бағыттары

23. Экономика ілім тарихы пәнінің бүгінгі таңда алатын орны

24 . Неолиберализм бағытының негізгі өкілдері

25. Тарихи мектептің қалыптасуы.Оның негізгі идеялары

26. Неоклассикалық саяси экономия

27. Мультипликатор дегеніміз не

28.Монетаризм

29. Неоавстриялық мектеп

30.Қазақтардың шаруашылығы.



    1. Курс бойынша реферат тақырыптары

1. Экономика ілімдер тарихы пәні.

2. Ежелгі дүниедегі ғалымдардың экономикалық ой-пікрлері.

3. Экономика ілім тарихы пәнінің қалыптасуы және дамуы.

4. Орта ғасырлардағы экономика ғылымының дамуы.

5 . Меркантелизм бағытының негізгі сипаттамасы

6. . Меркантелизм бағытының негізгі өкілдері.

7. Физиократтар мектебінің негізгі тұжырымдамасы.

8. Классикалық саяси экономия бағыты.

9. Маржиналистер бағытының негізгі тұжырымдамасы.

10. Неоклассикалық саяси экономия.

11.К.Маркс және оның еңбегі «Капитал».

12. Тарихи мектептің қалыптасуы.Оның негізгі идеялары.

13. Неокейнсиандық бағыты және оның өкілдері.

14. Институционализм және оның негізгі бағыттары.

15 Институционализм және оның негізгі бағыттары

16. Ресейдегі экономика ғылымының дамуы.

17. . Ресейдегі экономика ғылымының дамуына үлес қосқан ойшылдар.

18. Неолиберализм бағытының негізгі өкілдері

19. Экономика ілім тарихы пәнінің бүгінгі таңда алатын орны.

20.Қазақстандағы экономика ғылымының дамуы

2. Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Кафедра «Экономикалық теория және бизнес»

Тьютор: Искалиев Елдос Ералиевұлы

Пән: Экономикалық ілімдер тарихы

Кредит саны: 3







Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту


кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

Шеденов «Экон теория»

бар

бар-

30

жоқ




2

Әубәкіров «Жалпы экономикалық теория»

бар

жоқ

20

жоқ




3

Шеденов «Нарықтық экономика»

бар

жоқ

20

жоқ




...










































3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ




Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Реферат

Тақырып бойынша негізгі баяндама

Семинар тақырыбына байланысты

3 апта

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Реферат және баяндама

2

Оппонент болуы

Баяндама жасау

Семинар тақырыбына байланысты

4 апта

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Семинарда жауап беруі

3

ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау

(барлығы 12 тапсырма)

Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру

Семинар тақырыбына байланысты

ОЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде


Тақырып бойынша

1 – 4% дейін (аралық бақылау түрі ретінде)

Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

4

Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау

Ойлау қабылетін тексеру

Бірінші жұмыс 1 – 4 тақырыптарға байланысты

Екінші жұмыс 5 – 11 тақырыптарға байланысты

4 семинар

10 семинар



Тапсырмалар саны бойынша әрбір жұмыс 8% бағаланады

Жазба жұмысын тексеру

5

Емтихан

Білімді кешенді тексер







Тест





4. ГЛОССАРИЙ

«Экономикалық ілім тарихы» пәні бойынша глоссарий
Глоссарий-мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде негізгі термин сөздер мен ұғымдардың жиынтығы. Сонымен қатар глоссарийде терминдер мен ұғымдардың түсініктемесін беруге болады.

Акселератор (лат. accelerare жылдамдату) – инвестиция өсуінің ұлттық табыстың өсуіне әсерін сипаттайтын коэффициент.

Акциздер (лат. accidere-кесу) – жалпылама тұтынысқа ие тауарларға салынатын қосымша салық түрі.

Банк жүйесі –жалпыұлттық ақша-несие механизмі аумағында қызмет атқаратын қаржы-несие мекемелерінің жиынтығы.

Бартер – тауарлар мен қызметтерді ақшасыз тікелей ауыстыру.

Кондратьев толқындары – «конъюнктураның үлкен циклдері» деп аталатын 50-60 жылға созылған әлемдік шаруашылықтың дамуының алгоритмі.

Гомеостазис – экономикалық жүйелердің тепе-теңдікті сақтауға ұмтылысы.

Девальвация – басқа елдердің валютасы немесе алтын түріндегі ұлттық валютаның құнсыздануы.

Кейнс заңы – бұл концепция бойынша адамдардың табысы көбейген сайын қажеттіліктері де қөбейеді, бірақ адамдар қор сақтауға ұмтылмайды делінген.

Институтционалдық – ХХ ғасырдың басында неоклассикалық мектепке қарсы қалыптасқан, қазіргі экономика ілімінің басты салаларының бірі.

Кейнсиандық – нарық механизміне тікелей және жанама әдістермен болса да мемлекеттің белсенді аралсуын қолдайтын Дж. Кейнс негізін салған экономикалық ілім.

Классикалық саяси экономия – XVIII ғасырдың аяғынан ХІХ ғасырдың ІІ жартысына дейін үстемдік етіп тұрған әлемдік экономика ғылымының ірі саласы.

Лаффер қисығы – салық салымдарының динамикасы мен бюджетке түсетін табыстың арасындағы тәуелділікті көрсетеді.

Маржинализм – ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан экономикалық ойдың ірі либералдық бағыты.

Марксизм – К.Маркс ілімі негізінде қалыптасқан экономика ғылымындағы ірі антилибералдық мектеп.

Меркантилизм – ақшаның, сауданың, мемлекеттің ролі жөніндегі Европа ойшылдары көзқарастарының жиынтығын көрсететін XVI-XVIII ғғ. қалыптасқан еуропалық экономикалық ойдың бағыты.

Монетаризм – ақша массасы басты фактор болып табылатын қазіргі кездегі алдыңғы қатарлы экономикалық теориялардың бірі.

Монополия – бағаның қалыптасуына әсер ететін шаруашылық субъектісі.

Мультипликатор – инвестиция көлемі мен табыс көлемі арасындағы байланысты сипаттайтын коэффициент.

«Көрінбейтін қол» - А.Смиттің енгізген түсінігі. Ол мемлекеттің араласуынсыз тиімді түрде шаруашылық қатынастарды реттеуге қабілетті стихиялы процесс.

Жаңа классикалық теория – ХІХ-ХХ ғғ. қалыптасқан қазіргі экономикалық теориядағы либералды бағыт.

Протекционизм – ұлттық шаруашылық субъектілерін шетелдік конкуренттерден қорғауға бағыталған мемлекеттің шаруашылық саясаты.

Тренд – құн өзгеруін көрсететін бағыт.

Утопия – ғылыми негізі жоқ идеалды әлеуметтік-экономикалық құрылыс жобаларына арналған әдебиеттердің бірлігін көрсететін термин.

Физиократия – классикалық мектептің француздық үлгісін көрсететін мектеп.

Хрематистика – Аристотельдің шаруашылықтың алаяқтық бөлігін белгілеу үшін енгізген термині.

Икемділік – бір көрсеткіштің екінші көрсеткішке қатысты өзгеруінің, осыған біріншісі тәуелді болатын өзгеру өлшемі. Математикада бұл бір көрсеткіштің екінші көрсеткіш бойынша туындысы.

Сұраныс тиімділігі – инвестицияларға сұраныс. Терминды Дж. Кейнс енгізген.



  1. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ



Тақырып 1. Экономикалық ілім тарихының пәні және міндеттері.
Экономика ілімдер тарихы – жалпы білім беретін «экономика» ғылымының басты буыны. Мұның зерттеу пәні– Экономикалық идеялармен концепциялардың тарихи пайда болуы, дамуы және ауысу процесі. Олар жекелеген экономистердің теорияларынан, теориялық мектептер мен ағымдардың.

Методология жағынан алғанда экономикалық ілімдер тарихы экономикалық талдаудың прогрессивті тәсілдерінің жиынтығына арқа сүйеді. Оған мынадай тәсілдер жатады: тарихи, индукция, логикалық абстракция, казуальдық, қызмет атқаратын, жүйелілік, математикалық үлгі және т.б.

Экономикалық ілімдер тарихы көне дүние кезеңінен, яғни алғашқы мемлекеттің пайда болған кезеңінен бастау алады. Сол кезден осы күнге дейін экономикалық өзқарастарды экономикалық теорияға тұрақты түрде жүйелеп , қоғамның шаруашылық саясатын жузег асыру әрекетіне басшылық жасауға ұсынып келеді. Сонымен қатар экономикадағы , ғылым мен техникадағы, мәдениеттегі онды өзгерістерге орай экономикалық теория да жаңарып, жетілдірді.

Бұл пәнді зерделеу әлемдік және отандық экономика дамуының обьективті заңдылықтарын ашуға септігін тигізді. Әсіресе , экономикалық ой-пікірдің эволюциясын білу экономистерге өте қажетті эрудиция мен шығармашылық дағдыларды қалыптастырады, сөйтіп олардың экономикалық теория проблемаларын еркін меңгеруіне, альативті теорияларды салыстыра отырып, актуальды шаруашылық шешімдерді өз бетінше қабылдауына мүмкіндік береді.

Экономикалық ілімдер тарихынан алған білім жалпы адамзаттың, соның ішінде экономикалық мәдениеттің құрамды бөлігі б.т.

Бірақ мұны зерделеу процесінде, экономика саласынан Нобель сыйлығының иегері М. Фридман айтқандай, жеке өмірбаянымен «...афоризм және мысалдар арқылы қызықтыру керек ,силлогизм (дедуковтыой қорыту) немесе теорема жеткіліксіз».



Экономикалық ілімдер тарихы курсының құрылымы.
Ғылыми талдау және әлеуметтік экономика мен экономикалық ғылым эволюциясының ерекшелігін ескере отырып, жоғарыда аталған курстың үш бөлімін бөліп атаған дұрыс:

1. Рыноктық экономикаға дейінгі дәуірлердегі экономикалық ілімдер .

2. Реттелмейтін рыноктық экономика кезеңдегі экономикалық ілімдер.

3. Реттелетін рыноктық экономика дәуіріндегі экономикалық ілімдер .



Бірінші бөлім ескі дүние иен орта ғасырдағы экономикалық ой- пікірлерді сипаттайды. Бұл натуралдық шаруашылық қатынастары үстем болып, ұдайы өндіріс экстенсивті жүрді, экономикалық ғылым әлі обьективті түрде қалыптаса алған жоқ, ал экономикалық көзқарастарды білдірушілер филосовтар, мемлекет басқарушылары, діни идеологтар еді. Олар рыноктық экономикалық қатынастарды қабылдамады.

Осы бөлімде экономикалық ой-пікір дамуының ерекше кезеңі – меркантилизм зерделенеді. Ол – натуралды шаруашылықтың қойнауында пайда болатын рыноктық экономика туралы алғашқы теория концепция. Осы уақыттан бастап шын мәнінде экономикалық теория ғылымының жеке саласы болып өз алдына бөлініп шықты. Ол «саяси экономия» деп аталады , ал оның негізгі теориялық- методологиялық приципі – протокциониз болды.

Экономикалық ілім тарихының екінші бөлімі «Laissez faireнің» теориялық – методологиялық принципін жақтайтын экономикалық көзқарастар мен мектептердің эволюциясын білдіретін кезеңді қамтиды. Дәл осы кезеңде А. Смиттің талас тудырмайтын «ерінбейтін қолы» , Ж. Б. Сейдің «рынок заңы» өмірге келді. 300 жылдай және тағы жарты ғасыр неоклассиктер өздерінің ғылыми еңдектерінде экономикаға мемлекеттің араласуын қаламады.

Нәтижесінде осы кезеңнің өне бойында экономикалық либерализмнің идеологтарының көзқарастарына – классиктер мен неоклассиктерге – социал – утопистердің экономикалық идеялары, экономист – романтиктердің « әлеуметтік әділеттілік үшін» ұсақ товарлы өндірісті қалпына келтіру реформалары да, экономикалық және экономикалық емес факторлар жиынтығының өсу процесінің өзара байланысы туралы неміс ғалымдарының қисынды пікірлері де қарсы тұра алмады.

Экономикалық ілімдер тарихының үшінші бөлімінде жиырмасыншы ғасырдағы жаңа теориялық – методологиялық жетістіктер көрсетіледі. Мұнда 20-30 жылдардағы авторлардың экономикалық ой-пікірлердегі әлеуметтік – институционалдық бағыт және он тоғызыншы ғасырдың аяғында өмірге келген неоклассикалық бағыттың жаңа өкілдері біріктіріледі. Дәлірек айтқанда, алғашқылары қазіргі экономикалық ғылымды антимонополиялық тұжырымдармен байытса, ал бұл- қоғамның экономиканы әлеуметтік бақылау идеясына негізделген, екіншілері – жетілмеген, олигополялық бәсекелі рынок туралы маңызды, кезек күттірмейтін теориялармен толықтырылады.
Тақырып 3. Меркантилизм
Рыноктық экономикалық қатынастардың натуралды-шаруашылық байланыстарды ығыстыруы тарихи жағынан ХҮІ-ХҮІІІ ғасыр арасындағы өтпелі уақытты қамтиды. Бұл кезең экономикалық әдебиеттерде меркантилизм немесе меркантилистік жүйе кезеңі деп аталады.

«Меркантилизм» түсінігі латынның «mercari» (сату) деген сөзін білдіреді. Ағылшынша, французша, «mercantile» - «сауда», ал итальянша «mercante»- «саудагер немесе купец» мағынасын білдіреді.

Бірақ меркантилистік жүйе өте күрделі концепцияны қамтиды. Оның пайда болуы ірі географиялық жаңалықтармен, капиталдың алғашқы қорлануын тездетумен, жаңа шаруашылық субьектілерінің-кәсіпкерлік-меншік, жалдамалы жүмысшылардың дүниеге келуімен тығыз байланысты.

Н.Д. Кондратьевтің бағалауы бойынша, меркатилистік жүйе- «іс-тәжірибе саясатының жүйесі» болды. Ол негізінен халық шаруашылығы қандай болуы керек және үкіметтің оған қандай қатынасы болуы керек деген сұрақтарға жауап беруі тиіс. Мұндай бағалау М. Блаугтің меркантилистік дүниетаным көзқарастары принциптерін көрсетуімен тұстас келеді. Олар:

1) алтын мен күміс- байлықтың мәні;

2) елге алтын мен күмісті келтіруге бағытталған сыртқы сауданы реттеу;

3) арзан шикізат импорты арқылы өнеркәсіпті қолдау;

4) импорттық өнеркәсіп товарына протекционистік тариф;

5) экспортты ынталандыру, әсіресе әзір өнімді;

6) жалақының төменгі дәрежесін сақтау мақсатында халық өсуін қолдау;

Бұлардан басқа ортағасырдағы дәстүр мен әдет-ғұрыпқа сүйенген мемлекеттің экономикаға араласуы өзгерді. Меркантилизм тұсында түрлі жарлық пен статуттар шаралары арқылы мемлекеттің шаруашылықты реттеуі мен үйлестіруі жалпы коммерцияландыруды ұлттық саясат деңгейіне көтеруге бағытталды.

Сонымен қатар, олар феодалдық тәртіптің жақтаушылары тәрізді еңбек пен жердің коммерциялануын жібермеді, ал бұлар рыноктық экономика қалыптасуының бастапқы жағдайлары еді. Сондықтан «меркантилистік шаруашылық құрылыста тәуелсіз экономикалық жүйе болған емес» және «білім-ағарту бағытындағы деспоттың абсолюттік өктемдегіне шексіз сену әлі демократиядан алыс еді».

Меркантилистердің рыноктық жүйені дамытуды мемлекеттік қамқорлық арқылы рыноктық емес тәсілдерімен жүргізу- еркін сауда саясатын мүмкін етпейді. Бұл, әсіресе, Францияда 1790 жылға дейін қолөнерлік цехтар мен фоедолдық артықшылықтардың сақталуынан көрінді. Англияда тек 1813-1814 жылдарда ғана қолөнершілер туралы статут жойылды, 1834 жылы Елизаветаның кедейлер туралы заңы өзгерді.

Дей тұрғанмен, меркантилизм кезіндегі мемлекеттік үкіметтің айқын протекционистік саясаты (ақша байлығын көбейту) экспорттың импорттан артық болуына және сыртқы саудада эквиваленттік емес айырбасқа бағытталды. Олар тиімді сауда балансын ( оңды сальдо) жасап, экономикадағы сауда капиталының ролін түбірінен өзгертті. Меркантилизм тұсындаұлттық өнеркәсіпке көпестердің тікелей араласуының арқасында өнеркәсіп коммерциялық негізде дамып, бірте-бірте олардың бақылауына көшті. Бұлай болудың мүмкіндігін К.Поланьи былай түсіндіреді: купец рынокты, мұндағы сұраныстың көлемі мен сапасын білді, сөйтіп ол үй шаруашылығы үшін товарлар әкелді, бірақ қымбат құралдар болмады, сөйтіп купец ештеңеден қорықпайды, әсіресе өндіріс үшін. ХҮІІІ ғасырдың аяғына дейін Батыс Европада өнеркәсіп өндірісі сауданың жай, қосалқы мүшесі болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет