Ситуациялық есептер:
1. Г. есімді , 19 жас науқас , 55 кг. Операция жасалған диагнозы: Бауырдың сол бөлігінің гиганттық эхинококктық кистасы.
Операция: лапаратомиялық эхинококэктомия.
Жүргізілген анестезия: Эндотрахеальдық-комбинирленген (кетамин-фентаниловый) наркоз, ӨЖЖ. Операция ағымы тұрақты. Гемодинамика тұрақты АҚҚ 110/70 120/80 мм.рт.ст. Рs 86-90 р мин.
Күретамырға инфузия NaCl 0,9% раствор – 800 мл, Операция кезіндегі қан жоғалту 200-250 мл. Науқас ояту және бақылау мақсатында интубациялық түтікшесімен, қосалқы тынысымен Амбу қапшығымен АҚТБ өткізілді.
АҚТБ науқас ӨЖЖ аппаратына қосылды. Ылғ O2 –5л мин, ТАЖ – 16 р мин. МОД –600мл. науқас постнаркотикалық ұйқыда. АҚҚ –110/70 мм.рт.ст. Рs –92 р мин.
10 мин кейін науқас аппаратқа қарсылық білдіріп,одан өшірілді. Тынысы ТАЖ –18р. Қорғану рефлекстері толық қалпына келді(жұтыну, жөтелу) ижәне бұлшықет тонусы (дәрігер айтуымен көзін ашады, тілін шығарады, басын көтереді, қолды қысады).
Сөйлеспейді. ҚСЖ PH – 7,38; PaCO2 – 36; PaO2 – 92; SaO2 – 97; CaO2 – 20 PH – 7,35; PvCO2 – 45; PvO2 – 40; SvO2 – 75; CvO2 – 14
Тері және шырышты қабаттары қалыпты түсте
Тапсырма: Анестезиологиялық қамтамасыздық және мониторинг бойынша іс – шараларыңыз.
2. 45 жастағы науқас, диагнозы: үлкен қалпына келмейтін іштің ақ сызығының жарығы. Операция жасалған. Операция: іштің ақ сызығының пластикасы.
Анестезия: комбинирленген ингаляциялық наркоз, ӨЖЖ (форан 1,0 об% + фентанил, калипсол). ӨЖЖ (ДО –700мл, ЧД-18 р мин, О2 –6л мин)
Операция кезінде гемодинамика тұрақты болды. . АҚҚ- 120/80 –130/90 мм.рт.ст. Рs – 74-76 р мин. Анестезия кезнде күретамырға инфузия NaCl 0,9% ерітінді – 800 мл, қан жоғалту – 150-200мл, перспирация –74мл.
Операциядан 15 мин. соң науқас постнаркотикалық ұйқыда. Санасы жоқ. Тері және шырышты қабаттары қалыпты. Тыныс аппараттық.
Cоr тондары тұйықталған, ырғақты. АҚҚ 130/90 мм.рт.ст. Рs - 76 р мин, бауыр және көкбауыр үлкеймеген. Зәр катетер арқылы шығуда , мин 1 мл , ашық – сары түсті.
Қарашық, кірпік, жұтыну, жөтелу рефлекстері әлсіз. Бұлшықет тонусы (басын көтермейді, қолды әлсіз қысады) төмен.ЦВД – 40 мм.вод.ст.
Анестезиологиялық қамтамасыздық және бақылау бойынша іс – шараларыңыз.
3. Б. Есімді , 68 жас науқас. Салмағы 76кг. «Оң жақты шаттың қысылған жарығының нәтижесінде дамыған ішек түйілуі» операциясынан кейін.
Операция: Лапаротомия. Аш ішеккке бүйірліканастомоз қоюмен ішек резекциясы. Іш құысын дренаждау. Жүргізілген анестезия: эндотрахеалды балансталған көпкомпонентті тоталды күретамырлық анестезия және миорелаксация, ӨЖЖ.. Операция кезінде гемодинамика тұрақты болды.
АҚҚ 140/90 мм.рт.ст. пульс 98 р мин. Күретамырға инфузия NaCl- 0,9% - 800мл. Операция кезіндегі қан жоғалту: -600-650мл. ӨЖЖ параметрлері О2 – 3л/мин,ДО –760 мл/мин, МОД –12л. Анестезия ұзақтығы 3с. 20мин.
Науқас ояту және бақылау мақсатында интубациялық түтікшесімен, қосалқы тынысымен АҚТБ өткізілді.
АҚТБ науқас ӨЖЖ параметрлері ТАЖ-16 р мин «Savina» аппаратына қосылған, Тыныс алу көлемі –0,8. Өкпенің минуттық вентиляциясы –12. Тері және шырышты қабаттары боз түсті. 15 мин соң науқас есін жинады. Қорғану рефлекстері қалпына келе бастады (жұтыну, жөтелу) және бұлшықет тонусы (дәрігер айтуымен көзін ашады, тілін шығарады, басын көтереді, қолды қысады).
Шеткі күре тамырдағы ҚЩЖ : РН –7,35 Рсо2 –45, Со2- 14, SaO2 –78? Ро2-41. ЦВД –60 мм вод. Ст. Тапсырма: Анестезиологиялық қамтамасыздық және бақылау бойынша іс – шараларыңыз.
4. М. есімді 58 жастаға науқас, салмағы 85 кг, диагнозы жедел аппендицит, жайылған іріңді перитонит. Операцияға дайындалуда. Анестезиологиялық қамтамасыздық және мониторинг, премедикация және анестезияны таңдау бойынша іс – шараларды негіздеңіз. Анестезия кезінде цианоз пайда болды, жасанда тынысқа қарсылық артты, АҚҚ жоғарылады, тахикардия дамыды. Осы асқынуды диагностикалаңыз және обоснуйте интенсивті терапияны негіздеңіз.
Операциядан кейінгі кезеңде науқаста ларингоспазм дамыды. Ларингоспазмның себептерін атаңыз және оны жоятын іс – шараларды атаңыз.
5. Операциядан кейін интубациялы түтікшеде жатқан, сана сезімі бар науқаста жеңіл цианоз, ентігу, SaO2 85% байқалады. Науқастағы тыныс жетіспеушідігінің себептерін, экстубация жасау критерийлерін атаңыз. Мониторлау бойынша сіздің әрі қарай іс - әрекетіңіз.
6. Ингаляциялық наркоз жүргізгенде сыртқы тыныстың функцияларын бағалау бойынша практикалық білімдеріңізді көрсетіңіз.
7. Науқаста операциядан кейінгі кезеңде бронхоспазм дамыды. ТАЖ 32 р мин., SaO2 80%, PaO2=72 мм рт.ст., РаСО2= 55 мм.рт.ст. Осы асқынуды жоятын іс – шараларды атаңыз.
С атты науқас 60 жаста (бойы 188см, салмағы 70 кг), жайылған іріңді перитонит бойынша лапаротомия жасалған. Температурасының 40°-қа көтерілуіне ерекше көңіл бөледі. Инфузионды – трансфузионды емдеудің көлемін және толық парентеральді тамақтану көлемін есептеу қажет.
Көк тамырға ине егу кезінде ине орнында гематома пайда болды. Бұл асқынуда медбикенің іс - әрекеті?
Медбике науқасқа көк тамырына ерітінді енгізуде. Енгізуден 15 минут өткен соң науқас жаурап – қалтырауға шағымданды. Бұл неге байланысты болуы мүмкін? Осы жағдайдағы медбикенің іс - әрекеті?
Дәрігер науқасқа абактал антибиотигін көк тамырға енгізуін тағайындады. Науқас алдында бұл антибиотикті қабылдамаған. Медбике науқасқа жүйе енгізіп тамызуды бастады. 3 минут өткенденауқаста терісінің жалпы қызаруы, мазасыздануы, тыныс алудың бұзылуы, АҚ-ның кенеттен түсіп кетуі, аритмия пайда болды. Науқасқа не болды? Медбикенің қателігі. Науқасқа жедел жәрдемді қалай көрсету керек?
Дәріні тамшылатып енгізу кезінде жүйедегі сұйықтық тоқтап қалды және жүйе жұмысын тоқтатты. Бұл немен байланысты? Медбикенің іс - әрекеті?
Медбике науқасқа ақуызды дәріні минутына 60 тамшы жылдамдықпен тамшылатты. Біраз уақыт өткенде науқас бас ауруына, әлсіздікке, жүрек айнуына, ыстықтау сезіміне шағымданды. Медбикенің қателігін атаңыз? Оның кейінгі
іс - әрекеті?
7. Р атты 75 жастағы науқас реанимация бөлімшесіне бүйрек тас ауруына жасалған операциядан кейін келіп түсті. Анамнезінде науқас жүрек ишимия ауруымен, инфаркттан кейінгі кардиосклероз ауруымен ауырады. Операция кезінде науқасқа 2,5 литр көлемінде инфузионды терапия және 400 мл полиглюкин енгізілді. Реанимацияға өкпе ісігімен келіп түсті. Өкпе ісігінің пайда болуының диагностика әдістерін және терапиясын анықтау.
2 сабақ
1. Тақырыбы: Жаңа туған нәрестенің реанимациясы.
2. Мақсаты: жаңа туылғандарға реаниматологиялық көмекті көрсету кезіндегі мейірбикелік процесті ұйымдастыру және іске асыру.
3. Тапсырмалар:
туылғандардың жүйелері мен ағзалардың функционалды жағдайларының ерекшеліктерімен танысу;
туылғандарға реаниматологиялық көмекті көрсету кезіндегі мейірбике – анестезистканың функцияларын талдау;
туылғандардағы реанимация және интенсивті терапияның ерекшеліктерін талдау;
СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиеттердің таңдауын жүргізу (каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, анықтамалықпен, оқу әдебиетімен, Интернет мәліметтерімен жұмыс жасау);
Конспект немесе көрнекі материалдармен реферат құру;
Берілген тесттер және ситуациялық тапсырмаларды шешу;
Өз бетінше тақырып бойынша тесттік сұрақтарды немесе ситуациялық тапсырмаларды құру.
4. Орындау түрі (реферат, презентация, тапсырмаларды құру, тесттер, алгоритмдер, ауру тарихын жазу, рөльдік ойындар үшін сценарийлер, рецензиялар және басқалар).
реферат
презентация
кезекшілік
есеп беру
тақырып бойынша өз бетінше тесттерді және ситуациялық есептерді құру
СӨЖ қиылыстық рецензиялауды жүргізу
6. Тапсыру мерзімдері: Тақырыптың жоспар бойынша 15 – ші практикалық сабақтан кешіктірмеуі қажет.
7. Бағалау критерилері: Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы – ҚР МЖМБС (Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) 5.03.006 – 2006 негізге ала отырып «Мейірбикелік іс» - 051101 мамандық үшін «Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсында» дайындалған балды – рейтингті әріпті жүйемен бағаланады:
«өте жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын толық меңгергенін көрсетеді, ешқандай қателік жібермегенін, тапсырманы өз уақытында орындағанын және тапсырманы тапсыру барысында ой - өрісін жоғары деңгейде көрсеткенін, қосымша әдебиеттерді мерзімінде және өз бетінше қолдана алған, бағдарламадағы материалды өз бетінше жүйелендіре алғанын білдіреді.
«жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын 75 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, жауап беру кезінде дөрекі қателіктерді жібермегенін, берілген тапсырманы өз уақытында орындағанын және принципиальді емес ескертулерсіз тапсырғанын білдіреді. Оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді қолданғанын, принципиальді емес дәлсіздіктерді немесе принципиальді қателіктерді жібергенін және ол қателіктерді өзі дұрыстағанын білдіреді. Бағдарламадағы материалды оқытушының көмегімен жүйелендіре алғанын білдіреді.
«қанағаттанарлық» баға студенттің сабақ тақырыбын 50 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, тапсырманы орындау барысында оқытушының көмегін мұқтажданғанын, тапсырманы орындап өз мерзімінде тапсырғанын білдіреді. Жауап беру кезінде принципиальді емес қателіктерді және дәлсіздіктерді жібергенін, белсенділік танытпағанын, оқытушы көрсеткен оқу әдебиеті мен ғана шектелгенін және материалды жүйелендіруде қиындықтарды сезінгенін білдіреді.
«қанағаттанарлықсыз» баға студенттің сабақ тақырыбын 50 % төмен деңгейде меңгергенін көрсетеді, тақырыпты меңгеру барысында өз білімі бойынша туындаған мәселелерді анықтағанын, қойылған сұрақтарға жауап беру мерзімінде принципиальді қателіктерді жібергенін, өз бетінше орындауға берілген тапсырманы орындамағанын, өз уақытында тапсырмағандығын және әдістемелік нұсқауда көрсетілген негізгі әдебиеттердің барлығыменен таныспағандығын білдіреді.
8. Әдебиеттер:
Негізгі:
А.И. Левшанков, А.Г.Климов Сестринское дело в анестезиологии и реаниматологии. Санкт-Петербург. СпецЛит. 2003
А.А. Бунятян Руководство по анестезиологии. М.: Медицина, 1994.
Актуальные вопросы сестринской практики в анестезиологии и реаниматологии/ Под ред. А.И. Левшанкова. Вып.2.СПб.: «Агентство «РДК-принт», 2000.
Левитэ Е.М., Введение в анестезиологию-реаниматологию, уч. Пособие под ред. И.Г. Бобринской – М., 2007г.
Е.Д. Лобанова, Реаниматология и интенсивная терапия. М., Медицина, 2000.
Справочник главной (старшей) медицинской сестры. (Изд-е 3-е, дополненное, переработанное).М.:Издательство Грантъ,2001.880 с.
Қосымша:
Иванова В.И., Матвейчик Т.В., Организация сестринского дела, Миннск, 2006г.
Манипуляции в сестринском деле: учеб.пособие/под ред.А.Г.Чижа.-Ростов н/Д: 2008г.
Островская И.В. Основы сестринского дела: учебник для мед. училищ и колледжей.- М., 2008г.
Ремизов И.В. Основы реаниматологии для медицинских сестер: учеб.пособие. – Ростов н/Д: 2005г.
Справочник медицинской сестры: справ.изд./под ред. Ю.Ю.Елисеева.- М.,2004г.
Ю.Ю. Елисеева. Справочник медицинской сестры. Изд-во Эксмо, 2003г.
Тоблер Рита. Основные медсестринские процедуры: пер.с англ.- М., 2004г
А.К. Белоусова, Л.А. Сербина. Практические навыки и умения медсестры инфекционного профиля. Ростов –на –Дону, 2003г.
СанПиН № 8-01-013-03 «Стерилизация и дезинфекция изделий медицинского назначения. Методы, средства, режимы»;
Рекомендация УМЦ Казахстанской республиканской СЭС от 3.06.2001 «Профилактика внутрибольничных инфекций в лечебно-профилактических учреждениях» (приложение к приказу № 476);
СанПиН № 8-01-011-2001 от 6.03.2001 «Организация и проведение мероприятий по профилактике гнойных послеоперационных осложнений»;
Инструкция ВОЗ, серия СПИД, №2, 1989 г. «Рекомендации по методикам стерилизации и дезинфекции, эффективным в борьбе с вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ)».
Зильбер А.П. Этика и закон в медицине критических состояний. Петрозаводск, 1998.
9. Бақылау (тесттер, есептер және т.б.)
Тесттер:
1. Туылғандардың анатомия – физиологиялық ерекшеліктеріне жатпайтыны:
Оттегідегі жоғарғы қажеттілік;
Қабырғалардың көлденең орналасуы;
Тыныстың кеуделік түрі;
Тыныс жолдарының тарлығы;
Борпылдақты сілемейлі қабаты.
2. ӨЖЖ кезінде туылған сәби үшін тыныс алу көлемі өзінінкінен қанша есе асуы тиіс?
1,5 есе
2 есе;
2,5 есе;
3 есе;
5 есе.
3. Кіші жастағы балалардағы жанама массаж кезінде кеуде клеткасын басу жиілігі қаншаны құрайды:
минутына 50 – 60;
минутына 70 – 80;
минутына 80 – 100;
минутына 110 – 120;
минутына 120 – 130.
4. Жаңа туылған сәбилердегі жүрек лақтырмасының көлемі ...... дене массасының мл/кг.
50;
60;
100;
150;
200.
5. Жаңа туылған нәрестелердегі жүректің жабық массажын неден бастайды?
тек қана жүрек жұмысының толық тоқтауы кезінде;
пульс жиілігінде минутына кемінде 60;
пульс жиілігінде минутына кемінде 80;
пульс жиілігінде минутына кемінде 90;
пульс жиілігінде минутына кемінде 100;
6. Жаңа туған нәрестелерге жүрекке жанама массаж жасау кезінде кеуде клеткасын қалай істейді?
бір саусақпен;
бір қолдың алақанымен;
екі қолмен;
екі саусақпен;
төрт саусақпен.
7. Жаңа туған нәрестелерге жүрекке жанама массаж жасау кезінде кеудені басуды жоғарыдан төмен қарай кемінде қандай тереңдікте жүргізеді?
0,5 см;
1 см;
1,5 см;
2 см;
3 см.
8. Жүрекке жанама массаж кезінде жаңа туған нәрестелерде кеуде клеткасының компрессия жиілігі қаншаны құрайды:
минутына 80 – 100;
минутына 100 – 110;
минутына 110 – 120;
минутына 120 – 150;
минутына 150 – 180.
9. Кеуде клеткасына тыныс алу мен басудың қатынасы қандай қатынасты құрайды:
1:2-3;
2:3-5;
1:3-5;
1:5-7
2:5-7.
10. Реанимациядан кейінгі жас нәрестедегі құрусу синдромы нені куәландырады?
брадипноэ
брадикардия
жүрек тоқтауы
бас миының гипоксиясы
иммунитетінің төмендеуі
СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР
Нәрестенің пульс жиілігі минутына 54. Жабық массаж көрсеткіштері бар ма? Жауабын түсіндіріңіздер.
Нәрестеге жүрек - өкпе реанимациясын жүргізу кезінде мейірбике бір тынысқа 4 басуды жүргізді. Кеуде компрессиясы екі саусақпен 1,5 см тереңдікке минутына 80-90 жиілікпен жүргізілді. Мейірбике әрекетінің дұрыстығын бағалаңыз.
3 сабақ
1. Тақырыбы: Күрделі байлап – таңуларда, диагностикалық зерттеулерде, босану кезінде анестезиялогиялық – реаниматологиялық бригада құрамындағы мейірбикенің қызметі..
2. Мақсаты: Студенттерді анестезиологиялық реанимациялық бригаданың құрамында күрделі диагностикалық зерттеулердің, босанудың, таңып байлаудың медбикелік анестезиологиялық қамтамасыз етілуімен таныстыру.
3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиіс:
Анестезиологиялық бригаданың жұмысын ұйымдастыруды;
Ингаляциялық наркоз беретін және өкпені жасанды желдендіретін аппараттардың жұмыс істеу принципін;
Өкпені желдендірудің мониторингін: капнографияны, волюмоспирометрияны;
Тыныс қоспасындағы Fi O2 оттегі концентрациясын бақылауды;
ӨЖЖ кезінде тыныс контурың герметикалығын;
Электрокардиографиялық бақылауды;
Гемодинамиканы бақылау ережелерін (АҚҚ, ТСЖ,пульсті), температураны, диурезді бақылауды;
Анестезиологиялық картаны толтыру ережесін;
Анестезияны есепке алу кітапшасын толтыру ережесін;
Анестезия кезіндегі минималды мониторингті;
Студент істей білуі тиіс:
Жұмысқа бақылау - диагностикалық аппаратураларын дайындап, олардың жұмысқа жарамдылығын қадағалауды;
Науқастың функциональды жағдайын дәлелдейтін мәліметтерді анестезиологиялық картаға енгізуді;
Анестезия барысында науқастың жағдайын қадағалауды;
АҚҚ және тамыр соғу жиілігін өлшеуді;
ӨЖЖ кезінде өздігінен тыныс алудың қалыптылығын анықтауды;
Анестезиологиялық картаға дозиметрдің, ингаляциялық наркоз және өкпені желдендіру аппаратының, кардиомонитордағы көрсеткіштерді тіркеуді;
Қан кетудің және несептің көлемін өлшеуді;
Анестезия кезіндегі монитордың минимальды стандартын сақтануды;
4. Өткізу түрі: Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стади және т.б.):
- тақырыптың негізгі сұрақтарын қолданып, ми шабуылы, PBL әдістері бойынша жүргізу;
- ситуациялық есептерді шешу
- кіші топтарда жұмыс істеу (2-3 адамнан құралған топ операциялық араласушылық кезіндегі анестезиологиялық қамтамасыз етуді талқылап және презентация түрінде басқа топтарға таныстырады).
- тақырыптың негізгі тесттерін шешу
- ОТҚ (ПК, мультимедиялық проектор) қолдану тақырып презентациясымен
5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
1. Күрделі диагностикалық зерттеулердің, босанудың, таңып байлаудың медбикелік анестезиологиялық қамтамасыз етілуінің минимальді мониторинг стандартының ерекшеліктері;
2. Анестезия кезіндегі мониторинг үшін капнографияның, пульсоксиметрдің, плетизмографияның және акцелерометрияның маңыздылығы;
3. Анестезия барысында мониторинг үшін анестезиологиялық бригаданың жұмыс орнын және техникалық жабдықтарын дайындау;
4. Күрделі диагностикалық зерттеулердің, босанудың, таңып байлаудың анестезиологиялық картасын жүргізу;
5. Анестезиологиялық картаға тіркелінетін минималды мониторинг стандартына сәйкес науқастың жағдайының көрсеткіштері;
6. Ингаляциялық наркоз аппараттарының метрологиялық тексеру кезінде іс - әрекеттердің кезектілігі.
6. Таратылатын материал:
1. анестезиологиялық карталар
2. таблицалар
3. схемалар
4. ситуациялық есептер
7. Әдебиеттер:
Негізгі:
1.А.И. Левшанков, А.Г.Климов Сестринское дело в анестезиологии и реаниматологии.Санкт-Петербург. СпецЛит. 2003
2.А.А. Бунятян Руководство по анестезиологии. М.: Медицина, 1994.
3.Актуальные вопросы сестринской практики в анестезиологии и реаниматологии / Под ред. А.И. Левшанкова. Вып.2.СПб.: «Агентство «РДК-принт»,2000.
4.Левитэ Е.М., Введение в анестезиологию-реаниматологию, уч. Пособие под ред. И.Г. Бобринской – М., 2007г.
5. Справочник главной (старшей) медицинской сестры. (Изд-е 3-е, дополненное, переработанное).М.:Издательство Грантъ,2001.880 с.
Қосымша:
Иванова В.И., Матвейчик Т.В., Организация сестринского дела, Миннск, 2006г.
Манипуляции в сестринском деле: учеб.пособие/под ред.А.Г.Чижа.-Ростов н/Д: 2008г.
Островская И.В. Основы сестринского дела: учебник для мед. училищ и колледжей.- М., 2008г.
Ремизов И.В. Основы реаниматологии для медицинских сестер: учеб.пособие. – Ростов н/Д: 2005г.
А.К. Белоусова, Л.А. Сербина. Практические навыки и умения медсестры инфекционного профиля. Ростов –на –Дону, 2003г.
СанПиН № 8-01-013-03 «Стерилизация и дезинфекция изделий медицинского назначения. Методы, средства, режимы»;
Зильбер А.П. Этика и закон в медицине критических состояний. Петрозаводск, 1998.
8. Бақылау (тесттер, ситуациялық сауалдар)
Тесттер:
Интенсивті терапия жүргізген кезде медбике артериалды қан қысымын, жүрек соғуының жиілігін, тыныс алу жиілігін қалай жиі бақылап отырады:
5 минут ішінде 1 рет
10 минуттан кейін
1 сағаттың ішінде 1 рет
12 сағаттан кейін
24 сағаттан кейін
Өкпені желдендіруді бағалау үшін мониторингтің минимальды стандартына сәйкес қандай әдіс қолданады:
Пульсоксиметрия
ЭКГ
Капнография
акцелерометрия
3. Медбике интенсивті терапия жүргізген кезде бақылауды іске асырады:
1. электрокардиоскопиялық бақылау: 1а- үздіксіз немесе 1б-анда-санда
2. ӨЖЖ-де тыныс контурларының бүтіндігін бақылайды: 2а- үздіксіз немесе 2б-анда-санда
3. қан айналымы мен тыныс алудың мониторингі: 3а- үздіксіз немесе 3б-әр сағат сайын
4. Интенсивті терапия кезінде минималді мониторинг мақсатында қолданылатын әдістерді атаңыз:
1. Пульсоксиметрия
2. Капнография
3. Волюмоспирометрия
4. электрокардиография
5. акцелерография
6. энцефалография
5. ӨЖЖ-де тыныс алу контурындағы қысымды қалай жиі бақылап тұрады:
1. тұрақты
2. әр сағат сайын
3. тәулігіне 1-рет
4. қажеттілігіне байланысты
6. Интенсивті терапия барысында ӨЖЖ-де оттегінің концентрациясын қалай жиі бақылап тұрады:
1. тұрақты
2. әр сағат сайын
3. тәулігіне 1-рет
4. қажеттілігіне байланысты
7. Интенсивті терапия барысында медбике дене қызуын өлшейді:
1. әр сағат сайын
2. тәулігіне 4 рет
3. тәулігіне 1 рет
4. қажеттілігіне байланысты
8. Интенсивті терапия барысында медбике несептің бөлінуін бақылайды:
1. әр сағат сайын
2. тәулігіне 4 рет
3. тәулігіне 1 рет
4. қажеттілігіне байланысты
9. Өкпенің желденуін қандай әдіспен бағалайды?
1. капнографиямен
2. пульсоксиметриямен
3. плетизмографиямен
4. электрокардиографиямен
5. акцелерографиямен
6. дененің интегральді реографиясымен
10. Өкпенің оттегімен қамтамасыз етілуін қай әдіспен бағалайды?
1. капнографиямен
2. пульсоксиметриямен
3. плетизмографиямен
4. электрокардиографиямен
5. акцелерографиямен
6. дененің интегральді реографиясымен
4 сабақ
1. Тақырыбы: Жасанды емдік тамақтандыруды жүргізу. Стомаларға күтім жасау (трахеостома, ішек стомалары, эпицистостома, гастростома).
2. Мақсаты: Мұрын арқылы асқазанға және гастростомалық зонд қою, тік ішек арқылы ауыр науқастарды тамақтандыру техникасы және парентеральды тамақтандыру бойынша дағдыларын бекіту.
3. Тапсырмалар:
Асқорыту жүйесінің құрылымын талдау;
Жасанды тамақтандыру түрлерімен танысу;
Реанимациялық науқасты жасанды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша мейірбике – анестезистканың функцияларын талдау;
Гастростомалық және мұрын арқылы асқазанға зонд қою арқылы ауыр науқасқа нәрлі қоспа беру бойынша дағдыларын бекіту;
Жасанды тамақтандыру үшін қажетті құрал –саймандардың тазалануын және дайындығын меңгеру;
СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиеттердің таңдауын жүргізу (каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, анықтамалықпен, оқу әдебиетімен, Интернет мәліметтерімен жұмыс жасау);
Конспект немесе көрнекі материалдармен реферат құру;
Берілген тесттер және ситуациялық тапсырмаларды шешу;
Өз бетінше тақырып бойынша тесттік сұрақтарды немесе ситуациялық тапсырмаларды құру.
4. Орындау түрі (реферат, презентация, тапсырмаларды құру, тесттер, алгоритмдер, ауру тарихын жазу, рөльдік ойындар үшін сценарийлер, рецензиялар және басқалар).
реферат
презентация
кезекшілік
есеп беру
тақырып бойынша өз бетінше тесттерді және ситуациялық есептерді құру
СӨЖ қиылыстық рецензиялауды жүргізу
6. Тапсыру мерзімдері: Тақырыптың жоспар бойынша 15 – ші практикалық сабақтан кешіктірмеуі қажет.
7. Бағалау критерилері: Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы – ҚР МЖМБС (Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) 5.03.006 – 2006 негізге ала отырып «Мейірбикелік іс» - 051101 мамандық үшін «Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсында» дайындалған балды – рейтингті әріпті жүйемен бағаланады:
Достарыңызбен бөлісу: |