7 сабақ
1. Тақырыбы: Анестезиологиялық қамтамасыз ету кезінде науқас және мед.персоналдың инфекциялық қауіпсіздігін бақылау, асептика және антисептиканың ережелерін сақтау.
2. Мақсаты: Студенттерді құрал – саймандармен жұмыс істеу және тазалау дәрежелеріндегі мейірбике – анестезистканың инфекциялық бақылауының негізгі принциптерімен таныстыру. Наркоз қондырғысымен, медициналық құрал –саймандармен жұмыс кезіндегі сақтану шараларын үйрету. Мейірбикені жеке техника қауіпсіздігіне үйретү.
3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиіс:
Инфекциялық бақылауды ұйымдастыру қағидаларын;
Анестезиологиялық қамтамасыз ету кезіндегі асептика және антисептика ережелерін;
Наркозды аппараттарымен, жабдықтармен, құрал – саймандармен жұмыс кезіндегі сақтық шараларын;
Мейірбике –анестезистканың жеке қорғанысының кедергілерін;
Мейірбикенің киіміне және терісіне қанның немесе биологиялық сұйықтықтың түсуіндегі шұғыл көмекті көрсетуді;
Көздің сілемейлігіне қанның немесе биологиялық сұйықтықтың түсуіндегі шұғыл көмекті көрсетуді;
Бет терісіне және ерінге қанның немесе биологиялық сұйықтықтың түсуіндегі шұғыл көмекті көрсетуді;
Мұрынның шырышты қабатына қанның немесе биологиялық сұйықтықтың түсуіндегі шұғыл көмекті көрсетуді;
Құрал – саймандарды тазарту барысында қол саусақтарының жарақаты кезінде көрсетілетін көмекті.
Студент істей алуы тиіс:
Медперсонал және науқастардың инфекциалық қауіпсіздігін сақтауды;
Наркозды аппараттарымен, құрал – саймандармен жұмыс кезіндегі сақтық шараларын ссақтауды;
Мейірбике – анестезистканың жеке қорғанысының кедергілерін іске асыруға;
Мейірбикенің киіміне және терісіне қанның немесе биологиялық сұйықтықтың түсуіндегі шұғыл көмекті көрсетуді;
Көздің сілемейлігіне қанның немесе биологиялық сұйықтықтың түсуіндегі шұғыл көмекті көрсетуді;
Бет терісіне және ерінге қанның немесе биологиялық сұйықтықтың түсуіндегі шұғыл көмекті көрсетуді;
Мұрын сілемейлігіне қанның немесе биологиялық сұйықтықтың түсуіндегі шұғыл көмекті көрсетуді;
Құрал – саймандарды тазарту барысында қолдың жарақаты кезінде көрсетілетін көмекті.
4. Өткізу түрі:
Тур әдісі;
Кіші топтарда (5 – 6 адамнан құралған топ) рольдік ойындар түрінде жұмыс істеу.
ТСО-дан қолдану (ПК, мултимедиалық проектор) сабақ тақырыбын презентациялау.
Ситуациялық тапсырмаларды шешу;
Тақырып бойынша тестерді шешу.
5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиеттердің таңдауын жүргізу (каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, анықтамалықпен, оқу әдебиетімен, Интернет мәліметтерімен жұмыс жасау);
Сабақтың тақырыбы бойынша конспект, реферат немесе презентация құру, көрнекі материалдар;
Берілген тақырып бойынша ситуациялық тапсырмаларды талдау және тесттік сұрақтарды шешу;
Тақырып бойынша өз бетінше 5 тесттік сұрақтарын және 2 ситуациялық тапсырмаларды құру;
септикалық науқасқа күтім жасау кезінде жеке қорғаныс ережелерімен танысу.
6. Таратылатын материал:
1.Схемалар
2.Таблицалар
3.Тесттер
4.Ситуациялық есептер
7. Әдебиет:
Негізгі:
1.А.И. Левшанков, А.Г.Климов Сестринское дело в анестезиологии и реаниматологии.Санкт-Петербург. СпецЛит. 2003
2.А.А. Бунятян Руководство по анестезиологии. М.: Медицина, 1994.
3.Актуальные вопросы сестринской практики в анестезиологии и реаниматологии / Под ред. А.И. Левшанкова. Вып.2.СПб.: «Агентство «РДК-принт»,2000.
4.Левитэ Е.М., Введение в анестезиологию-реаниматологию, уч. Пособие под ред. И.Г. Бобринской – М., 2007г.
5. Справочник главной (старшей) медицинской сестры. (Изд-е 3-е, дополненное, переработанное).М.:Издательство Грантъ,2001.880 с.
Қосымша:
Иванова В.И., Матвейчик Т.В., Организация сестринского дела, Миннск, 2006г.
Манипуляции в сестринском деле: учеб.пособие/под ред.А.Г.Чижа.-Ростов н/Д: 2008г.
Островская И.В. Основы сестринского дела: учебник для мед. училищ и колледжей.- М., 2008г.
Ремизов И.В. Основы реаниматологии для медицинских сестер: учеб.пособие. – Ростов н/Д: 2005г.
Справочник медицинской сестры: справ.изд./под ред. Ю.Ю.Елисеева.- М.,2004г.
Ю.Ю. Елисеева. Справочник медицинской сестры. Изд-во Эксмо, 2003г.
Тоблер Рита. Основные медсестринские процедуры: пер.с англ.- М., 2004г
А.К. Белоусова, Л.А. Сербина. Практические навыки и умения медсестры инфекционного профиля. Ростов –на –Дону, 2003г.
СанПиН № 8-01-013-03 «Стерилизация и дезинфекция изделий медицинского назначения. Методы, средства, режимы»;
Рекомендация УМЦ Казахстанской республиканской СЭС от 3.06.2001 «Профилактика внутрибольничных инфекций в лечебно-профилактических учреждениях» (приложение к приказу № 476);
СанПиН № 8-01-011-2001 от 6.03.2001 «Организация и проведение мероприятий по профилактике гнойных послеоперационных осложнений»;
Инструкция ВОЗ, серия СПИД, №2, 1989 г. «Рекомендации по методикам стерилизации и дезинфекции, эффективным в борьбе с вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ)».
Зильбер А.П. Этика и закон в медицине критических состояний.Петрозаводск, 1998.
8. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер):
Сұрақтар:
Инфекция, түсінігі.
Инфекциялық аурулардың даму көзі, берілу жолдары.
Иммунитет, ағзаның иммундық қорғанысы туралы түсінік.
Техника қауіпсіздігі туралы түсінік.
наркозды аппаратурамен және құрал – саймандармен жұмыс және тазалау кезеңдерде медицина қызметкерінің инфекциялық бақылау принциптерін сақтамауының негізгі себептерін атаңыз.
Медициналық құрал – саймандармен, жабдықтармен жұмыс кезіндегі қандай сақтық шараларын білесіз?
Мейірбикенің жеке қорғанысының кедергілерін қалай іске асырылады?
Апат кезіндегі («Анти-СПИД» жайылуы) дәрілік қобдишасының құрамы қандай?
Мейірбикенің киіміне және терісіне қанның немесе биологиялық сұйықтықтың түсуіндегі қандай шұғыл көмек көрсетіледі?
Көздің шырышты қабатына қанның немесе биологиялық сұйықтықтың түсуіндегі қандай шұғыл көмек көрсетіледі?
Бет терісіне және ерінге қанның немесе биологиялық сұйықтықтың түсуіндегі қандай шұғыл көмек көрсетіледі?
Мұрын шырышты қабатына қанның немесе биологиялық сұйықтықтың түсуіндегі қандай шұғыл көмек көрсетіледі?
Құрал – саймандарды тазарту барысында қол саусақтарының жарақаты кезінде қандай шұғыл көмек көрсетіледі?
Медицина қызметкерінің жарақаттанған кездегі травмативм түркеу журналын қалай дұрыс толтырылады?
Тесттер:
1. Асептика – бұл:
ауру тудыратын микробтарды жою;
барлық тірі ағзаларды жою;
жарақаттағы микробтарды жоюға арналған іс – шаралар кешені;
микробтардың жарақатқа түсуінің алдын алу іс – шараларының кешені;
вирустарды жою.
2. Антисептика – бұл:
ауру тудыратын микробтарды жою;
барлық тірі ағзаларды жою;
жарақаттағы, ағзадағы микробтарды жоюға арналған іс – шаралар кешені;
микробтардың жарақатқа, ағзаға түсуінің алдын алу іс – шараларының кешені;
вирустарды және микробтарды жою.
3. Автоклавқа салу (1,1 атм.) кезіндегі зарарсыздық индикаторы:
аскорбин қышқылы;
бензой қышқылы;
янтар қышқылы;
тас – шарап қышқылы;
несепнәр.
4. Таңғыш материалдың зарарсыздық индикаторы:
тионесепнәр;
несепнәр;
бензой қышқылы;
тас – шарап қышқылы;
янтар қышқылы.
5. Зарарсыздық сапасын бақылаудың ең сенімді әдісі:
физикалық;
химиялық;
биологиялық;
бактериологиялық;
механикалық.
6. Экзогендік инфекцияның даму көзі:
алтын стафилококтың бациллосақтаушысы, ЖРВИ бар медицина қызметкері;
ЖРВИ бар медицина қызметкері;
ЖРВИ бар науқас;
терінің іріңді аурулары бар науқас;
зарарсыздандырмаған құрал - саймандар.
7. Оптика құрал – саймандарын зарарсыздандырудың заманауи әдістері:
сайдекс, 6% сутек тотығы.
қайнату, құрғақ қызу;
автоклавқа салу;
құрғақ қызу, хлорамин Б – 0,25%;
АХД – 2000, мүсәтір спирті.
8. Науқастың киімін және төсегін қалай дезинфекциялайды?
бу – формалинді және ауа – бу әдісі бойынша камераларда
2% хлорамин ерітіндісінде жібіту замачивание в растворе хлорамина
жуу ерітіндісінде жібіту
кварцтеу
кір жуу бөлмесінде қайнатып жуу
9. Қандай күші бар бұйрықтардың негізінде Қазақстанның емдеу мекемелерінде санитарлы – эпидемиологиялық тәртіп сақталады?
№ 702 бұйрығы
№ 330, 241 бұйрықтары
№ 1050, 476 бұйрықтары
№ 218, 150 бұйрықтары
№ 630, 780 бұйрықтары
10. Саусақ жарақаты кезінде инфекцияланған құрал – саймандарға арналған іс - шаралар тізбегін анықтаңыз:
жарақат бетін 70°спиртпен тазалау
жарақат ішінен қанды шығару
қолғаптарды шешу
бактерицидті пластырды салу
5% йод ерітіндісімен тазалау
11. Арнайы киімді қанмен ластанған кезде қалай тазалау қажет:
ағын суға жуу;
3% хлорамин ерітіндісінде жібіту;
3% сутек тотығы ерітіндісінде жібіту;
0,5% хлорамин ерітіндісінде жібіту;
6% сутек тотығы ерітіндісінде жібіту.
12. Қанмен және басқа да биологиялық сұйықтықтармен ластанған жерді зарарсыздандырады:
1% хлорамин ерітіндісімен -1 сағат
3% хлорамин ерітіндісімен -1 сағат
3% сутек тотығы ерітіндісімен
6% сутек тотығы ерітіндісімен
70% этил спирті
13. Мұрынның шырышты қабатына биологиялық сұйықтықтардың түсуі кезінде қажет:
фурациллин ерітіндісімен мұрынды шаю
1% протаргол ерітіндісін мұрынға тамызу
0,05% калий перманганат ерітіндісімен мұрынды шаю
70°этил спиртін мұрынға тамызу
0,5% хлораминнің ерітіндісімен мұрынды шаю.
14. Көздің шырышты қабатына биологиялық сұйықтықтардың түсуі кезінде қажет:
фурациллин ерітіндісімен мұрынды шаю
1% протаргол ерітіндісін мұрынға тамызу
0,05% калий перманганат ерітіндісімен мұрынды шаю
70°этил спиртін мұрынға тамызу
көзге альбуцид тамызу
15. Егу бөлмесінің сақтық ережелеріне жатпайтыны:
бір реттік құралдарды қолдану
қанмен байланысты барлық құралдарды жою
латексті қолғаптарда манипуляция жүргізу
қолдарды тазалау дәрежелерін сақтау
ТЖ кезінде дәрілік қобдишаның болуы
16. Жұмыс орнындағы мейірбикенің жалпы қауіпсіздік шараларына жатпайтыны:
қолдарды тазалау дәрежелерін сақтау
биологиялық сұйықтықпен байланыс кезінде қолғаптарды кию
қолғаптарды шешкеннен кейін қолды жуу
қолданылған құралдарды дезинфекциялау
СПИД-пен ауыратын науқастың қанымен байланыс кезінде респираторды қолдану
17. Наркозды – тыныс аппаратының және қосушы элементтердің микробтық ластануын жою процессі қалай аталады?
Деконтаминация.
Деафферентация.
Декарбоксилиравание.
Дератизация.
Деконфронтация.
СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР:
Мейірбике В вирустық гепатиті бар науқасқа инъекция егу кезінде өзінің саусағын жаралап алады. Осы кезде мейірбике не істеуі қажет?
Мейірбике егу бөлмесінде науқастан биохимиялық зерттеуге қан алады, ал жолдама қағазын шыны түтіктің ішіне салады. Мейірбикенің іс - әрекеті дұрыс па?
Мейірбике биохимиялық зерттеуге зертханаға қан талдауын алып бара жатқан. Жолда аяғы шалынып, қанның тамшылары көзіне тиіп кетеді. Осы жағдайдағы мейірбике тактикасы?
Қабылдау бөліміне артериялық қан кетумен науқас түседі. Көмек көрсетіп жатқан мейірбикенің ерні мен бет терісіне қан тиіп кетеді. Осы жағдайдағы мейірбике тактикасы?
8 Сабақ
1. Тақырыбы: Орнатылған үлгідегі медициналық құжатты жүргізу.
2. Мақсаты: Студенттерді бекітілген үлгідегі медициналық құжатты жүргізу мен таныстыру және үйрету.
3. Тапсырмалар:
- наркозға және наркоздың барлық кезеңдерінде медициналық құжатты дайындау және жүргізуде мейірбике – анестезистканың міндеттерін PBL әдісімен талқылау;
Студенттерді практикада қолданылатын есепке алу құжаттарымен таныстыру және СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиеттердің таңдауын жүргізу (каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, анықтамалықпен, оқу әдебиетімен, Интернет мәліметтерімен жұмыс жасау);
Конспект немесе көрнекі материалдармен реферат құру;
Берілген тесттер және ситуациялық тапсырмаларды шешу;
Өз бетінше тақырып бойынша тесттік сұрақтарды немесе ситуациялық тапсырмаларды құру.
4. Орындау түрі (реферат, презентация, тапсырмаларды құру, тесттер, алгоритмдер, ауру тарихын жазу, рөльдік ойындар үшін сценарийлер, рецензиялар және басқалар).
реферат
презентация
есеп беру
кезекшілік
тақырып бойынша өз бетінше тесттерді және ситуациялық есептерді құру
СӨЖ қиылыстық рецензиялауды жүргізу
5. Орындау критерийлері:
1) Дайын реферат сабақ тақырыбы бойынша жан – жақты қамтылған ақпаратты қамтуы және онда тақырып бойынша өз көзқарасы, пікірі және мәселелері айқындалған болуы қажет.
2) Тақырып бойынша презентация қысқа, көрнекті және мазмұны мәнді болуы керек.
3) тақырыпқа сәйкес науқасты көріп келгеннен кейінгі есеп мейірбикелік үрдістің бұндай науқастарға ұйымдастыру және іске асыру бойынша, науқастаа анықталған проблемалар бойынша студенттің жеке пікірін қамтуы тиіс.
4) Әдістемелік нұсқаудағы тест және ситуациялық есептерді дұрыс шеше білу керек.
5) Өздігінен тест және ситуациялық есептерді сауатты құрастыру.
6) СӨЖ тақырыбына сауатты рецензия беру. Егерде студент 1-3 пунктан және 4-6 пунктан 1 пункт орындаса, онда өзіндік жұмысы орындалды деп есептеледі.
6. Тапсыру мерзімдері: Тақырыптың жоспар бойынша 15 – ші практикалық сабақтан кешіктірмеуі қажет.
7. Бағалау критерилері: Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы – ҚР МЖМБС (Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) 5.03.006 – 2006 негізге ала отырып «Мейірбикелік іс» - 051101 мамандық үшін «Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсында» дайындалған балды – рейтингті әріпті жүйемен бағаланады:
«өте жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын толық меңгергенін көрсетеді, ешқандай қателік жібермегенін, тапсырманы өз уақытында орындағанын және тапсырманы тапсыру барысында ой - өрісін жоғары деңгейде көрсеткенін, қосымша әдебиеттерді мерзімінде және өз бетінше қолдана алған, бағдарламадағы материалды өз бетінше жүйелендіре алғанын білдіреді.
«жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын 75 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, жауап беру кезінде дөрекі қателіктерді жібермегенін, берілген тапсырманы өз уақытында орындағанын және принципиальді емес ескертулерсіз тапсырғанын білдіреді. Оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді қолданғанын, принципиальді емес дәлсіздіктерді немесе принципиальді қателіктерді жібергенін және ол қателіктерді өзі дұрыстағанын білдіреді. Бағдарламадағы материалды оқытушының көмегімен жүйелендіре алғанын білдіреді.
«қанағаттанарлық» баға студенттің сабақ тақырыбын 50 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, тапсырманы орындау барысында оқытушының көмегін мұқтажданғанын, тапсырманы орындап өз мерзімінде тапсырғанын білдіреді. Жауап беру кезінде принципиальді емес қателіктерді және дәлсіздіктерді жібергенін, белсенділік танытпағанын, оқытушы көрсеткен оқу әдебиеті мен ғана шектелгенін және материалды жүйелендіруде қиындықтарды сезінгенін білдіреді.
«қанағаттанарлықсыз» баға студенттің сабақ тақырыбын 50 % төмен деңгейде меңгергенін көрсетеді, тақырыпты меңгеру барысында өз білімі бойынша туындаған мәселелерді анықтағанын, қойылған сұрақтарға жауап беру мерзімінде принципиальді қателіктерді жібергенін, өз бетінше орындауға берілген тапсырманы орындамағанын, өз уақытында тапсырмағандығын және әдістемелік нұсқауда көрсетілген негізгі әдебиеттердің барлығыменен таныспағандығын білдіреді.
8. Әдебиеттер:
Негізгі:
Практическая анестезиология. Учебно-методическое пособие. АГИУВ, Алматы, 2005г.
Дж.Эдвард Морган-мл., Мэгид С.Михаил. Клиническая анестезиология. Кн.1. Бином, Москва, Невский диалект, С-Петербург, 1998г. гл.5-6, 16,17.
Бунятян А. А. Справочник по анестезиологии и реаниматологии. М., Медицина, 1982.
Бунятян А. А., Рябов Г. А.. Маневич А. 3. Анестезиология и реаниматология. М., Медицина, 1984.
Зильбер А. П. Клиническая физиология в анестезиологии и реаниматологии. М., Медицина, 1984.
Анестезиология и реаниматология. Под ред. О.А.Долиной. М., Мед. 1998
Пащук А.Ю. Региональное обезболивание. М.: Медицина, 1987 154с.
Қосымша:
1.А.И. Левшанков, А.Г.Климов Сестринское дело в анестезиологии и реаниматологии.Санкт-Петербург. СпецЛит. 2003
2. А.А. Бунятян Руководство по анестезиологии. М.: Медицина, 1994.
3. Актуальные вопросы сестринской практики в анестезиологии и реаниматологии / Под ред. А.И. Левшанкова. Вып.2.СПб.: «Агентство «РДК-принт»,2000.
4. Левитэ Е.М., Введение в анестезиологию-реаниматологию, уч. Пособие под ред. И.Г. Бобринской – М., 2007г.
5. Справочник главной (старшей) медицинской сестры. (Изд-е 3-е, дополненное, переработанное).М.:Издательство Грантъ,2001.880 с.
9. Бақылау (тесттер, есептер және т.б.)
Тесттер:
1. Анестезия кезінде минималды мониторинг мақсатында қолданылатын әдістерді атаңыз (Стандартқа сәйкес)
1) пульсоксиметрия; 2) капнография; 3) волюмоспирометрия; 4) электрокардиография; 5) акцелерография; 6) энцефалография.
2. Анестезия және ӨЖЖ кезінде тыныс контурының герметикалығын қандай жиілікпен тексеру қажет?
1) үздіксіз; 2) сағат сайын; 3) тәулігіне 1 рет; 4) қажеттілігіне қарай
3. Интенсивнті терапия және ӨЖЖ кезінде тыныс қоспасындағы оттегі концентрациясын қандай жиілікпен тексеру қажет?
1) үздіксіз; 2) сағат сайын; 3) тәулігіне 1 рет; 4) қажеттілігіне қарай
4. Анестезия кезінде мейірбике науқастың дене температурасын қандай жиілікпен тексеру қажет?
1) сағат сайын; 2) тәулігіне 4 реттен аз емес; 3) тәулігіне 1 рет; 4) қажеттілігіне қарай
5. Анестезия кезінде мейірбике науқастың диурезін қандай жиілікпен тексеру қажет?
1) сағат сайын; 2) тәулігіне 4 реттен аз емес; 3) тәулігіне 1 рет; 4) қажеттілігіне қарай
6. Минималды мониторинг стандартына сәйкес мейірбике анестезиологиялық картаға науқастың жағдайын білдіретін көрсеткіштерді қанша уақыт сайын тіркейді?
1) әр 5 мин; 2) әр 10 мин; 3) әр15 мин; 4) сағат сайын.
7. Минималды мониторинг стандартына сәйкес мейірбике анестезист науқастың қасынан кете алады ма?
1) ия; 2) жоқ.
8. Анестезия кезінде минималды мониторинг стандартына сәйкес науқастың жағдайының қайсы көрсеткіштерін мейірбике анестезиологиялық картаға тіркемесе болады?
l)Va; 2) Vhct; 3) f; 4) FETC02; 5) Sa02; 6) плетизмограмма; 7) ЧСС; 8) АД; 9) P,/PF; 10) F,02; 11) С; 12) R?
9. Тыныс шығару контурына қосылғанла волюмоспирометр ... өлшеуге арналаған.
1) газотокты; 2) газды үрлеу жылдамдығын; 3) аппараттың минуттық көлемін; 4) науқастың минуттық вентиляциясын.
10. Жартылай жабық контур бойынша ӨЖЖ кезінде дозиметрдің ротаметрлері бойынша анықталатын суммарлық газоток, тыныстық минуттық көлемімен (ТМК) келесі қатынаста болуы:
1) ТМК – ға тең; 2) ТМК – дан аз; 3) ТМК – дан көп
11. Минуттық вентиляция 10 л/мин тең, ал оттегінің берілуі 5 л/мин болғандағы F,02 анықтаңыз:
1) 40%; 2) 50%; 3)60%; 4) 70%.
12. Нервтік – бұлшықетік өткізгіштікті қандай әдіспен бағалауға болады?
1) капнография; 2) пульсоксиметрия; 3) плетизмография;
4) электрокардиография; 5) акцелерография; 6) дененіңинтегралды рео-графиясы
13. TOF – тың қандай шамасында науқасты экстубация жасауға болады:
1) 40%; 2) 75%; 3) 90% жоғары
СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР
1. Операциядан кейінгі кезеңде науқасты реанимация бөлімшесіне интубациялық түтікшемен және өзіндік тыныспен өткізгенде Жедел тыныс жетіспеушілігі белгілері дамыды: цианоз, беткейлік тыныс, тахипноэ 32 рет мин, гипоксемия. Қан анализінде: рН 7,28 РаО2 68 мм рт.ст. РаСО2 56 мм.рт.ст. ВЕ= -3.5 ммоль/л.
Тыныс жетіспеушілігінің себептерін диагностикалаңыз. Оларды коррекциялау бойынша іс – шараларды атаңыз және негіздеңіз. Көмейді экстубациялау критерийлерін атаңыз.
2. Операциядан кейінгі кезеңде науқасты экстубациядан кейін ларингоспазм белгілері пайда болды. Ларингоспазм себептерін және оны жоюшы іс – шараларды атаңыз. Экстубация жасау бойынша сіздің практикалық білімдеріңізді көрсетіңіз.
3. Науқас жоспарлы операциядан кейін РИТ бөлімшесіне түсті. Интраоперациялық қан жоғалту 500, құйылды 800. Тұрақсыз гемодинамика байқалады: артериалды гипотония, тахикардия, аритмия, ЦВД теріс. Қан айналым жетіспеушілігінің болжау себептерін атаңыз. ИТ по стабилизации гемодинамиканы тұрақтандыратын ИТ іс – шараларын атаңыз. өзіндік тынысқа откізуге және көмейді экстубация жасау көрсеткіштерін анықтаңыз.
4. Операциядан кейін интубациялық түтікшеде жатқан науқаста анық сана сезіммен бірге жеңіл цианоз, ентігу, SaO2 85% болды. Тыныс жетіспеушілігінің себептерін атаңыз және науқасты экстубациялау критерийлерін атаңыз.
5. Ингаляционного наркоз кезінде сыртқы тынысты бағалау бойынша практикалық білімдеріңізді көрсетіңіз.
6. Операциядан кейінгі кезеңде науқаста бронхоспазм дамыды. ТАЖ 32 р мин., SaO2 80%, PaO2=72 мм рт.ст., РаСО2= 55 мм.рт.ст. Осы асқынуды жоятын іс – шараларын атаңыз.
7. Жалпы қан жоғалту 900мл құрады, гемодинамика тұрақты, анализде: Нв – 104 г/л, Эр. 3,4* 1012/л, Тр. – 220*109/л, 40 мин. бойы өздігінен тыныс алуда SaO2- 96%? PaO2- 88 м рт.ст., рСО2 – 45 мм рт.ст. Операциядан кейінгі кезеңде сыртқы тынысты бағалаңыз науқасты өзіндік тынысқа ауыстырудың көрсеткіштерін және анықтаңыз көмейді экстубациялау критерийлерін атаңыз.
8. Интубация кезінде көмейдің және кеңірдектің рефлексогендік аймақтарының тітіркенуінен жүрек тоқтауы дамыды. Реанимации кезеңінде қан айналым жүйесіне бірінші кезекте қандай дәріні енгізу қажет?
Эуфиллин
Промедол
Атропин
Пипольфен
9.Жартылай жабық пішінде жүргізілетін тыныс алуда және наркоз уақытында техникалық қателіктерден науқаста гипертензия және тахикардияның өршімелі өсуі пайда болды. Тері жамылғысының ылғалдануы байқалды. Қандай қателік жіберілген?
1.Оттегі дозиметрі ашылмаған
2. абсорбер қосылмаған
3. гофрирленген шлангтың майысуы
4. аппараттың герметизациясы бұзылған
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН
Мамандығы: 051101 «Мейірбике ісі»
Пәні: Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі
Пәннің коды:
Курс: 4
Кредит: № 4
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА
АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
Құрастырған:
А.Ә. Әлдешев.
Шымкент – 2013ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды.
хаттама № ____«_____»______ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Әлдешев А.Ә.
1. Тақырыбы: Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде жүргізілетін инфузиялық – трансфузиялық терапияның ерекшеліктері мен принциптері.
Достарыңызбен бөлісу: |