ЖҰмыс бағдарламасы пән: Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі. Пән коды



бет9/24
Дата29.01.2018
өлшемі3,58 Mb.
#35664
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24

3.Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

  • жедел тыныс жетіспеушілігінің даму механизмін (ЖТЖ);

  • ЖТЖ классификациясын;

  • ЖТЖ стадияларын;

  • ЖТЖтүрлерін;

  • ЖТЖ кезіндегі интенсивті терапия схемаларын;

  • ЖТЖкезінде қолданылатын медикаментоздық препараттарды;

  • кеңірдектің және бронхтардың өткізгіштігінің радикалды әдістерін қамтамасыз етуді;

  • оксигенотерапия және гипербарикалық оксигенация көрсеткіштерін (ГБО);

  • оксигенотерапияны жүргізудің жабдықтары және әдістерін (барокамера, оттектік палатка, жастық, оттегі баллоны, орталықтық берілім);

  • бет – перде арқылы оттегіні беру техникасын, мұрын катетерін;

  • оксигенотерапияны жүргізу барысындағы техника қауіпсіздігін;

  • оксигенотерапияның асқынулары.

Студент істей алуы тиіс:

  • пайда болған себептеріне байланысты ЖТЖ кезіндегі жедел медициналық көмек көрсетуді жәнге ұйымдастыруды;

  • ГБО – ға және оттегітерапиясы көрсеткіштерін анықтауды;

  • оттектік жастық арқылы оттегін беруді;

  • бет – перде арқылы оттегін беруді;

  • мұрын катетері арқылы оттегін беруді;

  • Бобров аппараты арқылы оттегін ылғалдандыруды;

  • оттегін жібері жылдамдығын басқаруды;

  • оттегімен жұмыс кезінде техника қауіпсіздігін сақтауды;

  • процедурадан кейін аспаптарды тазалауды.

4. Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

  • Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының анатомия – физиологиялық ерекшеліктері қандай?

  • ЖТЖ көрінуінің негізі не болып табылады?

  • ЖТЖ дамуының қандай механизмдері бар?

  • ЖТЖ кезінде қандай үш стадияларын анықтайды?

  • ЖТЖ кезіндегі интенсивті терапия схемасы қандай?

  • Гипоксия, гипоксемия, гиперкапния дегеніміз не?

  • Оксигенотерапиядегеніміз не?

  • Оксигенотерапиякөрсеткіштері қандай?

  • Оксигенотерапияны жүргізудің жабдықтарын және әдістерін атаңыз (барокамера, оттектік палатка, жастық, оттегі баллоны, орталықтық берілім).

  • Оксигенотерапияның асқынулары қандай?


5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стади және т.б.):

  • Тур әдісі;

  • Рольдік ойындар түріндегі кіші топтарда(5-6 адам) жұмыс істеу;

  • АРИТБ бөлімшелерінде жұмыс істеу;

  • Сабақты презентациямен ҚЕТҚ (ТСО) (ДК, мультимедиялық проектор) өткізу;

  • Жағдайлық сұрақтарды шешу;

  • Тесттік сұрақтарды шешу;


6. Әдебиет:

Негізгі:

  1. А.И. Левшанков, А.Г.Климов Сестринское дело в анестезиологии и реаниматологии.Санкт-Петербург. СпецЛит. 2003

  2. А.А. Бунятян Руководство по анестезиологии. М.: Медицина, 1994.

  3. Актуальные вопросы сестринской практики в анестезиологии и реаниматологии/ Под ред. А.И. Левшанкова. Вып.2.СПб.: «Агентство «РДК-принт»,2000.

  4. Левитэ Е.М., Введение в анестезиологию-реаниматологию, уч. Пособие под ред. И.Г. Бобринской – М., 2007г.

  5. Е.Д. Лобанова, Реаниматология и интенсивная терапия. М., Медицина, 2000.

  6. Справочник главной (старшей) медицинской сестры. (Изд-е 3-е, дополненное, переработанное).М.:Издательство Грантъ,2001.880 с.

Қосымша:

  1. Иванова В.И., Матвейчик Т.В., Организация сестринского дела, Миннск, 2006г.

  2. Манипуляции в сестринском деле: учеб.пособие/под ред.А.Г.Чижа.-Ростов н/Д: 2008г.

  3. Островская И.В. Основы сестринского дела: учебник для мед. училищ и колледжей.- М., 2008г.

  4. Ремизов И.В. Основы реаниматологии для медицинских сестер: учеб.пособие. – Ростов н/Д: 2005г.

  5. Справочник медицинской сестры: справ.изд./под ред. Ю.Ю.Елисеева.- М.,2004г.

  6. Ю.Ю. Елисеева. Справочник медицинской сестры. Изд-во Эксмо, 2003г.

  7. Тоблер Рита. Основные медсестринские процедуры: пер.с англ.- М., 2004г

  8. А.К. Белоусова, Л.А. Сербина. Практические навыки и умения медсестры инфекционного профиля. Ростов –на –Дону, 2003г.

  9. СанПиН № 8-01-013-03 «Стерилизация и дезинфекция изделий медицинского назначения. Методы, средства, режимы»;

  10. Рекомендация УМЦ Казахстанской республиканской СЭС от 3.06.2001 «Профилактика внутрибольничных инфекций в лечебно-профилактических учреждениях» (приложение к приказу № 476);

  11. СанПиН № 8-01-011-2001 от 6.03.2001 «Организация и проведение мероприятий по профилактике гнойных послеоперационных осложнений»;

  12. Инструкция ВОЗ, серия СПИД, №2, 1989 г. «Рекомендации по методикам стерилизации и дезинфекции, эффективным в борьбе с вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ)».

  13. Зильбер А.П. Этика и закон в медицине критических состояний.Петрозаводск, 1998.

7. Бақылау (тесттер, есептер және т.б.)

Тесттер:

1. Оксигенотерапияға сай емес асқыну:



  1. тыныстың тоқтауы;

  2. жүрек жұмысының тоқтауы;

  3. гипертермия;

  4. сілемейлі қабаттың тітіркенуі;

  5. жөтел.

2. Ұзақ оксигенотерапиякезінде қоспадағы оттегі концентрация болуы қажет:

  1. 80 - 90%

  2. 20 - 40%

  3. 10 - 30%

  4. 40 - 50%

  5. 90 - 100%

3. Оксигенотерапия бұл…

  1. оттегін буындарға жіберу.

  2. асқазан сөлін алу.

  3. оттегімен емдеу.

  4. жүрек – қантамырлық жетіспецшілік кезіндегі алғашқы көмек.

  5. плевралы сұйықтықты алу.

4. Оксигенотерапиякезінде оттегін келесідей мақсатта ылғалдандырады:

  1. жөтелді тудыратын сілемейлі қабаттың құрғақтығы мен тітіркенуін болдырмау;

  2. оттегінің артық шығынының алдын алу;

  3. техника қауіпсіздігін сақтау;

  4. ағзаға токсикалық әсердің алдын алу;

  5. дезинфекция.

5. Тыныс кезінде ағзада болады:

  1. энергетикалық айырбас;

  2. көмірсітекті айырбас;

  3. ақуыздық айырбас;

  4. оттекті айырбас;

  5. су-электролитті айырбас.

6. Оттекті баллондар сақталады:

  1. күнде;

  2. операция бөлімінде немесе бөлімшеде;

  3. науқас жатқан палатады;

  4. көлденең жағдайда интенсивті терапия палатасында;

  5. тік жағдайда арнайы дайындалған орында.

7. Оттегі жастығы қалай толтырылады?

  1. Вентиль тез ашылып, жастық тез толтырылады

  2. Баллонның вентилі жай ашылып, толтырылып, баллонның редукторын бақылайды

  3. Оттегі бет – пердесі арқылы

  4. Редуктор арқылы

  5. Резеңке түтік арқылы

8. Жедел оксигенотерапия көрсеткіштері

  1. пульстің жиілеуі;

  2. жөтел;

  3. оттегінің жедел жетіспеушілігі;

  4. температураның көтерілуі;

  5. қан кету.

9. Өкпенің ісінуі кезінде оттегін қалай береді?

  1. оттегі жастығы көмегімен

  2. 50% оттегі, 50% этилспирті Бобров аппарты арқылы

  3. ылғалдандырылған оттегі

  4. 50% оттегі, 50% көмірқышқыл газы

  5. 70% этилспирті, 30% оттегі

10. Жеке ингалятор арқылы оттегіні келесідей жылдамдықпен беру керек:

  1. 2-3 лминутына

  2. 4-5 лминутына

  3. 6-7 лминутына

  4. 8-9 лминутына

  5. 9-10 лминутына

11. Ингаляция кезінде оған көмірқышқыл газ келесідей мақсатта қосылады:

  1. Тыныс орталығын қоздыру үшін;

  2. Оттегінің жақсы сіңірілуі үшін;

  3. Тотығу реакцияларындағы оттегі айырбасын жылдамдату үшін;

  4. Ауыздағы құрғақтық сезімін төмендету үшін;

  5. Оттегінің жарылыс қауіптілігін төмендету.

12. Өкпесурфактанты:

    1. Вентиляция – перфузиялық қатынасты жақсартады;

    2. Альвеолярлы – капилярлы мембрана арқылы газдардың диффузиясын жоғарлатады;

    3. Ателектаздардың түзілуіне кедергі келтіреді;

    4. Барлық жауаптар дұрыс;

    5. Дұрыс жауабы жоқ.

13. Тыныс жолдарының өткізгіштігінің қайта қалпына келтіру әдісі болып табылмайды:

  1. басын шалқайту;

  2. аузын ашу және төменгі жақты қозғату;

  3. тыныс жолдаының құрамын постуральды дренаж әдісімен механикалық жою және кеуде қуысын қолмен соғу;

  4. тілін тарту;

  5. басын төмен қарату.

14. Тыныстың тиімділігінің ең сенімді критерийі .... болып табылады.

    1. РаCO2 және РCO2

    2. минуттық тыныс көлемі

    3. тыныс жиілігі

    4. өлі кеңістікті анықтау

    5. тыныстық көлем

15. Пневмоторакс ............. кезінде байқалмайды

  1. альвеола және медиастиналды плевраның жыртылуы;

  2. мойынның фасциалды қабаттарының зақымдануы;

  3. бас бронхтың тығындалуы;

  4. диафрагманың үзілуі;

  5. париеталды плевраның жыртылуы.

16. Өкпенің ісінуі кезіндегі жедел интенсивті терапияға жатпайтыны:

  1. тыныс аналептиктерін тамыр ішіне салу

  2. жұтқыншақтан көпіршікті қақырықты сорын тастау

  3. көбік сөндіргіштерді қолдану

  4. оттегітерапию

  5. кеңірдек интубациюсы

17. Ауыр тыныс жетіспеушілігі бар науқасқа 100% оттегі ингаляциясы болуының ең мүмкін салдарын көрсетіңіз:

  1. гипертензия және брадикардия

  2. гипотензия және брадикардия

  3. гипотензия және апноэ

  4. гипертоникалық криз

  5. гипотензия және гипертензия


СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР:

  1. Пульмонология бөлімшесінде жатқан науқаста кенеттен жөтел кезінде бөлінетін алқызыл көпіршіктенген қан пайда болды. Сіздің мейірбикелік диагнозыңыз қандай? Сіздің тактикаңыз.

  2. Науқастың өкпесі қабынған. Осы науқасқа оттегін қолданудың ерекшелігі қандай? Манипуляция техникасын айтып беріңіз.

  3. Бөлімшеде оттегі берудің орталығы жоқ, ал науқасқа тез арада оксигенотерапия жүргізу қажет. Оттегімен әлі толтырылмаған оттегі жастығы ғана бар. Мейірбике жастықты қалай толтырады және оны науқасқа қалай дұрыс беруі қажет? Жастықтан оттегіні берудің жылдамдығы қандай?

  4. Науқас автомобиль апатынан кейін реанимация бөлімшесіне келіп түсті. Беткейлік тыныс алу кезінде кеуде қуысының пародоксальды қозғалысы, цианоз, гипотония байқалды. Берілген жағдайға ЖТЖ – ның қай түрі сәйкес келеді? Жауабын түсіндіріңіз.

  5. Жедел пневмония диагнозмен науқас стационарлық емге жіберілген. Түскен кезде тыныс алу жиілігі 32 минутына, беткейлік. Тыныс алуда қабырға аралық бұлшықеттер қатысуда. Аускультация кезінде майда, ылғал және құррғақ сырылдар естіледі. Сыртқы Тыныс алудың тиімділігін зерттеген кезде қанның оттегімен толтырылғандылығының төмендеуі – артериалдық қанда оттегінің құрамы 86% болғаны анықталды. Берілген жағдайда қандағы оксигенацияның төмендеуі сәйкесінше сыртқы тыныстың қандай процестеріне негізделген? Жауабын түсіндіріңіз.


3 сабақ

1.Тақырыбы: Шок, кома тағы басқа критикалық жағдайындағы реанимация және интенсивті терапияның негізгі принциптері

2. Мақсаты: Шок және кома критикалық жағдайлар кезіндегі мейірбикелік процесті ұйымдастыру және іске асыру бойынша білімі мен дағдыларын қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

  • Шок түсінігін анықтауды, шоктың түрлері, олардың пайда болу себептерін;

  • Шок фазаларын;

  • Травмалық және геморрагиялық шоктың клиникалық көрінісін және диагностикасын;

  • Госпитальға дейінгі және гоститальдық этаптардағы реанимация және интенсивті терапияның қағидаларын;

  • Күйік және бактериалдық шоктың реанимация және интенсивті терапиясының қағидаларын;

  • Анафилактикалық шоктың формаларын, реанимация және интенсивті терапия қағидаларын;

  • Коматоздық жағдайлар сипаттамасын;

  • Комадағы науқастардың күтімі кезінде мейірбике жұмысының ерекшеліктерін;

  • Бас миының ісігі кезіндегі реанимация және интенсивті терапияны;

  • Диабетикалық комалар ағымының ерекшеліктері, интенсивті терапия қағидаларын;

  • Уремиялық және бауырлық комалардың ағымының ерекшеліктері, интенсивті терапияның қағидаларын;

  • Комадағы науқастардың күтімі кезіндегі мейірбикелік процестің ерекшеліктерін.

Студент істей алуы тиіс:

  • Шоктың әр түрлігігі кезінде мейірбикелік процессті ұйымдастыруды;

  • Комада жатқан науқастардың күтімі кезіндегі мейірбикелік процессті ұйымдастыруды;

  • Реаниматологиялық көмектің бағалануының анализін жүргізуді;

  • АРИТБ мейірбикесінің функционалдық міндеттерін орындауды;

  • Техника қауіпсіздігін сақтай отырып, АРИТБ аппаратурасымен жұмыс істеуді;

  • Жүрек – өкпе реанимациясын жүргізуді;

  • АРИТБ – дағы кез келген емдік – диагностикалық манипуляцияларда дәрігерге көмектесуді;

  • АҚ, тамыр соғысы, ТАЖ, температура мониторингін, қанның оттегімен толықтырылуы, ЭКГ жүргізу және осы көрсеткіштерді бағалауды;

  • Оттегілік және ингаляциялық терапияны жүргізуді;

  • ӨЖЖ – дағы науқастарға күтімді жүзеге асыруды;

  • Тұрақты тамырлық катетерге күтімді іске асыруды;

  • Инъекция және инфузияның барлық түрлерін жүргізуді.

4. Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

  • Геморрагиялық және травмалық шок кезіндегі реанимация және интенсивті терапияның қағидалары қандай?

  • Бактериялық шоктың өту ерекшелігі қандай?

  • Анафилактикалық шоктың қандай формалары кездеседі?

  • Анафилактикалық шок кезіндегі реанимация және интенсивті терапияның ерекшелігі неде?

  • Шок кезіндегі реаниматологиялық көмектің бағалау критерийлері қандай?

  • Коматоздық жағдай немен сипатталады?

  • Уремиялық және бауырлық комалардың өтуінің ерекшеліктері қандай?

  • Диабеталық комалар кезіндегі интенсивті терапия ерекшеліктері қандай?

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стади және т.б.):

  • Тур әдісі;

  • Рольдік ойындар түріндегі кіші топтарда(5-6 адам) жұмыс істеу;

  • АРИТБ бөлімшелерінде жұмыс істеу;

  • Сабақты презентациямен ҚЕТҚ (ТСО) (ДК, мультимедиялық проектор) өткізу;

  • Жағдайлық сұрақтарды шешу;

  • Тесттік сұрақтарды шешу;

6. Әдебиет:

Негізгі:

  1. А.И. Левшанков, А.Г.Климов Сестринское дело в анестезиологии и реаниматологии.Санкт-Петербург. СпецЛит. 2003

  2. А.А. Бунятян Руководство по анестезиологии. М.: Медицина, 1994.

  3. Актуальные вопросы сестринской практики в анестезиологии и реаниматологии/ Под ред. А.И. Левшанкова. Вып.2.СПб.: «Агентство «РДК-принт»,2000.

  4. Левитэ Е.М., Введение в анестезиологию-реаниматологию, уч. Пособие под ред. И.Г. Бобринской – М., 2007г.

  5. Е.Д. Лобанова, Реаниматология и интенсивная терапия. М., Медицина, 2000.

  6. Справочник главной (старшей) медицинской сестры. (Изд-е 3-е, дополненное, переработанное).М.:Издательство Грантъ,2001.880 с.

Қосымша:

  1. Иванова В.И., Матвейчик Т.В., Организация сестринского дела, Миннск, 2006г.

  2. Манипуляции в сестринском деле: учеб.пособие/под ред.А.Г.Чижа.-Ростов н/Д: 2008г.

  3. Островская И.В. Основы сестринского дела: учебник для мед. училищ и колледжей.- М., 2008г.

  4. Ремизов И.В. Основы реаниматологии для медицинских сестер: учеб.пособие. – Ростов н/Д: 2005г.

  5. Справочник медицинской сестры: справ.изд./под ред. Ю.Ю.Елисеева.- М.,2004г.

  6. Ю.Ю. Елисеева. Справочник медицинской сестры. Изд-во Эксмо, 2003г.

  7. Тоблер Рита. Основные медсестринские процедуры: пер.с англ.- М., 2004г

  8. А.К. Белоусова, Л.А. Сербина. Практические навыки и умения медсестры инфекционного профиля. Ростов –на –Дону, 2003г.

  9. СанПиН № 8-01-013-03 «Стерилизация и дезинфекция изделий медицинского назначения. Методы, средства, режимы»;

  10. Рекомендация УМЦ Казахстанской республиканской СЭС от 3.06.2001 «Профилактика внутрибольничных инфекций в лечебно-профилактических учреждениях» (приложение к приказу № 476);

  11. СанПиН № 8-01-011-2001 от 6.03.2001 «Организация и проведение мероприятий по профилактике гнойных послеоперационных осложнений»;

  12. Инструкция ВОЗ, серия СПИД, №2, 1989 г. «Рекомендации по методикам стерилизации и дезинфекции, эффективным в борьбе с вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ)».

  13. Зильбер А.П. Этика и закон в медицине критических состояний.Петрозаводск, 1998.

7. Бақылау (тесттер, есептер және т.б.)

Тесттер:

1. Шок – бұл



    1. өткір жүрек жетіспеушілігі

    2. өткір тамыр жетіспеушілігі

    3. өткір тыныс жетіспеушілігі

    4. өткір бауыр жетіспеушілігі

    5. өткір бүйрек жетіспеушілігі

2. Шок түрлеріне жатпайтыны:

  1. кардиогендік

  2. геморрагиялық

  3. механикалық

  4. инфекциялы-токсикалық

  5. анафилактикалық

3. Шок белгілеріне жатпайтыны:

  1. тынышсыздық, қорқыныш

  2. бас айналу, әлсіздік

  3. тез және жұмсақ, жiп тәрiздi пульс

  4. диурездің жоғарлауы

  5. систоликалық АҚ 90 мм.сын.бағ. кем төмендеуі

4. Травмалық шоктың себептері:

    1. жарақаттар, қысым, күйiктер

    2. ағзаға бөгде заттардың енуі

    3. сыртқы немесе iшкi қан кету

    4. тобы және қанның резус-факторы бойынша сәйкес емес қанның құюлуы

    5. сепсис, өт және несеп жолдарының хирургиялық инфекциясы

5. Геморрагиялық шоктың себептері:

  1. жарақаттар, қысым, күйiктер

  2. ағзаға бөгде заттардың енуі

  3. сыртқы немесе iшкi қан кету

  4. тобы және қанның резус-факторы бойынша сәйкес емес қанның құюлуы

  5. сепсис, өт және несеп жолдарының хирургиялық инфекциясы

6. Гемотрансфузиондық шоктың себептері:

  1. жарақаттар, қысым, күйiктер

  2. ағзаға бөгде заттардың енуі

  3. сыртқы немесе iшкi қан кету

  4. тобы және қанның резус-факторы бойынша сәйкес емес қанның құюлуы

  5. сепсис, өт және несеп жолдарының хирургиялық инфекциясы

7. Анафилактикалық шоктың себептері:

  1. жарақаттар, қысым, күйiктер

  2. ағзаға бөгде заттардың енуі

  3. сыртқы немесе iшкi қан кету

  4. тобы және қанның резус-факторы бойынша сәйкес емес қанның құюлуы

  5. сепсис, өт және несеп жолдарының хирургиялық инфекциясы

8. Инфекциялық – токсикалық шоктың себептері:

  1. жарақаттар, қысым, күйiктер

  2. ағзаға бөгде заттардың енуі

  3. сыртқы немесе iшкi қан кету

  4. тобы және қанның резус-факторы бойынша сәйкес емес қанның құюлуы

  5. сепсис, өт және несеп жолдарының хирургиялық инфекциясы

9. Травмалық шокпен зардап шеккенді тасымалдау

  1. жартылай отырып

  2. басы көтерілген, аяқтары түсірілген

  3. басы көтерілген күйінде арқа жатысында

  4. аяқтары көтерілген күйінде арқа жатысында

  5. бүйіріне жатып

10. Науқаста анафилактикалық шок болуы мүмкін:

    1. егер дәрілердің пайдалану мерзімі өтіп кеткен болса

    2. егер дәрілер күшті әсер ететін болса

    3. егер дәрі қатты ащы болса

    4. егер алдын ала сынақ жасалмаған болса

    5. егер дәрілердің көп мөлшері қабылданса

11. Анафилактикалық шоктың симптомдары:

  1. жалпы терінің қызаруы, тынышсыздық, тыныс ритмінің бұзылысы, АҚ қатты төмендеуі, ырғақсыздық;

  2. жалпы әлсіздіік, қатты бас айналу, құлақтардағы шу, тыныс ритмінің бұзылысы;

  3. АҚ көтерілуі, бастың ауруы, терінің қызаруы, жүрек соғысының бұзылысы;

  4. бүкіл дененің бөртуі, қышу, тынышсыздық, есеңгіреу, құрғақ жөтел;

  5. ентікпе, өзгеріссіз АҚ, қызба.

12. Шок алған науқасқа көмек көрсету кезінде госпитальға дейінгі жағдайда қажет:

  1. қарау, киімді кесе отырып, денені қысатын киімнен босату

  2. отыруға арналған жағдайды беру

  3. науқасқа ыстық шай беру

  4. ыстық тамақ беру

  5. ыстық жылытқыштармен орау

13. Анафилактикалық шок кезіндегі бірінші дәрігерге дейінгі көмек:

    1. дәрілік препаратты енгізуді тоқтату

    2. 100% оттегі ингаляциясын бастау

    3. атропин енгізу

    4. адреналин енгізу

    5. гормондарды енгізу

Жауаптардың дұрыс комбинациясын таңдаңыздар:

  1. 1,3,4,5; 2)1,2,4,5; 3) 1,2; 4) 3,4,5; 5) 1,2,3,4.

14. Терминалды күйге жатады:

  1. талу

  2. жанталс күй

  3. коллапс

  4. жылулық (күн) соққысы

  5. шок

15. Реанимациялық іс – шараларды кідіріссіз жүргізуді қажет ететін зардап шегушінің күйінің сипатты белгілеріне жатпайтыны:

  1. сананың жоқтығы

  2. қарашықтардың реакцияның жоқтығы

  3. күре тамырдағы тамырдың соқпауы

  4. түкшелердi бозарыңқылық, суық жабысқақ тер

  5. тыныстың жоқтығы


Ситуациялық есептер:

  1. ЖТА кезінде жүргізушінің екі жамбасы және кеуде клеткасының жабық жарақатын алды. Жанынан өтіп бара жатқан мейірбике зардап шеккенді қарады. Қарау кезінде: жағдайы орташа ауырлықты, психиканың езушілігі, тежеулік, тері қабатының бозғылттығы, есі сақталған, қарашықтары жарыққа әлсіз әсер етеді, артериялық қысым төмендеген (95/65 мм. сын. бағ.), тамыр соғысы жиілеген, тыныс та жиілеген, дене температурасы төмендеген, рефлекстер азайған. Зардап шеккенде қандай жағдай қалыптасты? Оған бірінші көмекті қалай көрсету керек? Оны стационарға қалай тасымалдаған дұрыс?

  2. Дәрігер науқасқа абактал антибиотик ерітіндісін тамырға тамшылатып егуді ұсынды. Науқас бұл антибиотикті бұрын қабылдамаған.Мейірбике науқасқа антибиотикті еге бастады. 3 минуттан соң науқаста жалпы терісінің қызаруы, тынышсыздық, тыныс ритмінің бұзылысы, АҚ бірдегеннен төмендеуі, ырғақсыздық белгілері көріне бастады. Науқасқа не болды? Мейірбикенің қателігі неде? Науқасқа шұғыл көмекті қалай көрсетеді?

  3. Қабылдау бөліміне ауыр жағдайда науқас түсті. Тері қабаты бозғылт, мұздай тері, тамыр соғысы – 1 минутта 130 соққы әлсіз толтырылған, ЖҚ 80/50 мм. сын. бағ. Науқаста кофе тұнбасы тәрізді құсық және қара нәжіс болды. Науқасқа не болған? Оған дәрігерге дейінгі шұғыл көмекті қалай көрсетеміз?

  4. Мейірбике науқасқа тері астына иықтың үшінші бөлігінің сыртына тырысқақтық анатоксинді енгізді. 5 минуттан соң науқастың демі тарыға бастап, АҚ бірденнен төмендеді. Науқасқа не болды? Оған көрсетілетін шұғыл көмектің алгоритмі қандай?


Каталог: kafedra -> ses delo
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0304000 «Стоматология»
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3220 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Паллиативті медицина» Код: Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет