11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (35%)
Аудиториялық жұмыс: ЕПҰ – да медициналық құралдарды тазартуды үйрену, стерилизацияда қолданылатын аппараттармен танысу.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 18 мин (20%)
Тесттер:
1. Патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді палаталардың ішкі орта объектілерінде және стационарлы бөлімшелердің функционалды белмелерінде, медициналык аспаптарда және қүрал-жабдықтарда жою ____________аталады.
2. Оттегі қүрамдастарға қандай дезинфекциялаушы қүралдар жатады?
1) хлорамин
2) сутектің асқын тотығы
3) жасыл бриллианттың ерітіндісі
4) сулема ерітіндісі
5) калий перманганатының ерітіндісі 6)йод
Жауаптардың дүрыс комбинациясын таңдаңыз:
А) 3,5,6
Б) 1,4,5
В) 1,2,5
Г) 2,5
Д) 2,4.
3. Хирургтың операция алдында қолын жууға қандай дезинфекциялаушы күралдар қолданылады?
1) калий перманганатының ерітіндісі
2) сулема ерітіндісі
3)диоцид
4) хлоргексидин биглюконаттың 0,5%-тік спиртгік ерітіндісі
5) сутектің асқын тотығы
6) қүмырска үсті кышқылының ерітіндісі (первомур)
7) фурацилин
Жауаптардың дүрыс комбинациясын таңдаңыз:
А) 2,4,6
Б) 3,4,6
В) 1,6,7
Г) 2,5,6
Д) 3,6,7
4. Дезинфекция әдістерін атаңыз?
1) термиялык әдіс
2) химиялық әдіс
3) механикалық әдіс
4) биологиялық әдіс
5) консервативті әдіс
6) физикалық әдіс
Жауаптардың дүрыс комбинациясын таңдаңыз:
А) 1,2,6
Б) 2,3,6
В) 2,4,6
Г) 1,3,5
Д) 2,3,5
5. Бөлімшеде инфекцияны табу мақсатымен жүргізілетін дезинфекция ______деп аталады.
6. Ошақты дезинфекцияның түрлерін атаңыз?
1) бастапқы
2) ағымды
3) негізгі
4)генеральді
5) қорытынды
Жауаптардың дүрыс комбинациясын таңдаңыз:
А)2,5
Б)3,4
В)1,5
Г) 1,4
Д) 1,3,5
7. Аурудың төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау калай аталады (матрац, жастық, жамылғыш) ?
1) қайнатумен жуатын үйде жуу
2) камераларда пароформалинді және пароауалы әдістермен
3) 2% хлорамин ерітіндісінде сулау
4) кварцтау
5) кейінгі кептірумен үрып-соғу
8. Аурудың төсектік және денелік киімдерін дезинфекциялау қалай жүзеге асырылады?
1) камераларда пароформалинді және пароауалы әдістермен
2) 2% хлорамин ерітіндісінде сулау
3) жуатын ерітіндіде сулау
4) кварцтау
5) қайнатумен жуатын үйде жуу
9. Аурухана ішілік инфекцияны профилактикалау мақсатымен бөлімшеде күнде жүргізілетін дезинфекция ______аталады.
10. Сәйкестікті табыңыз:
1) дезинфекцияның механикалық әдісі
2) дезинфекцияның физикалық әдісі
а) қайнату
6) едендерді жуу
в) буды қолдану
г) киімдерді жуу
д) палаталарды кварцтау
11. Дезинсекция дегеніміз не?
1)зиянды шыбын - шіркей, күрт – құмырсқаларды жою
2) инфекцияны жою
3) ауруды санитарлық өңдеу
4) гигиеналық шаралар
5) микробтарды жою
Ситуациялық есептер.
1. Инфекциялык аурумен ауырған науқас стационардан шығарылды. Палатада қорытынды дезинфекцияны қалай жүргізу керек? Аурудың төсек-орын жабдықтарын калай дезинфекциялау керек?
2. Медбике палатаны тазалады, шаңды сүртті, аурудың төсек-орнын қағып жинады. Медбике пайдаланған дезинфекция түрін және әдісін атаңыз?
12. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.
13. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)
Н - 1, 2- бөлім , 154 – 173 бет
3 – сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Медициналық құрал - жабдықтарды залалсыздандыруға
дейін тазарту.
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
3. Сабақ түрі: практикалық
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: Оқушыларды медициналық тағайындалған заттарды өңдеу кезеңдерімен, қалдықтар класстарымен таныстыру.
тәрбиелік: Оқушылардың мінезін залалсыз, таза ауруханалық ортасына, емдеу мекемелерінде этикалық – деонотологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.
дамыту: Оқушыларда медициналық тағайындалған заттарды өңдеуді, қалдықтар класстарын ажырата білу қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды модельдеу
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, плакат.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)
дезинфекция түсінігі, оның мәні.
дезинфекцияның түрлері (ошақты, профилактикалық, күнделікті, қорытынды).
дезинфекцияның әдістері, (физикалық, химиялық, механикалық, комбинирленген).
дезинфекцияның заттары (физикалық: жоғары температура, иондаушы сәуле, УКС, күн спектрінің сәулелері; химиялық: сілтілер, қышқылдар, толық қосылыстары және ҚР санитарлық-эпидемиялық бақылауымен қолдануға рұқсат етілген және тіркелген басқада залалсыздандыру заттары).
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 54 мин (60%)
Жоспар:
медициналык аспаптарды өндеудің 3 сатысын (дезинфекция, зарарсыздандыру алдындағы тазалау, аспаптарды зарарсыздандыру);
дезерітінділерді дайындау және медициналық аспаптарды өңдеудің бірінші сатысын жүргізу;
зарарсыздандыру алдындағы тазалау туралы түсінік;
жуғыш комплексті дайындау және екінші этапты жүргізу;
жүмысшы дезерітіндіні және жуғыш комплексті колдану үзақтығы;
аспаптарды зарарсыздандыру алдындағы тазалау сапасын бақылау (фенолфтолейнді, амидопиринді, азопирамды сынаптар);
медициналық аспаптарды өндеудің үшінші сатысы - зарарсыздандыру;
аспаптарды, қолғаптарды, таңу материалдарын, оптикалық аспаптарды зарасыздандыру.
Бірінші саты – аспаптарды дезинфекциялау.
Дезинфекцияны химиялық әдістермен жүргізу аспаптарды, қолғаптарды, лабораториялық ыдыстарды дезинфектантардың келесі ертінділеріне батырып қоямыз.
Медициналық құрал саймандарды дезинфекциялауды химиялық әдіспен
№
|
Дезинфектанттың аталуы
|
Дезинфектанттың концентрациясы
|
Уақыты
|
1
|
Кальций гипохлориді
|
1%
|
60 мин
|
2
|
Сутегі асқын тотығы
|
4%
|
90 мин
|
3
|
Дезэфект
|
2,3%
3,8%
|
60 мин
30 мин
|
4
|
Дезапрев
|
0,5%
1%
|
15 мин
10 мин
|
5
|
Лизоформин 3000
|
2%
1,5%
0,75%
|
15 мин
30 мин
60 мин
|
6
|
Деохлор
|
0,1%
|
30 мин
|
7
|
Гигасепт
|
10 %
|
60 мин
|
Ескерту: дезофект ертіндісі 50 С қыздырылуы керек, барлық қалғандары бөлме температурасында болу керек.
Дезинфекциялаушы ертінділер бір рет қолданылады.
Кесте №2 Құрал-саймандарды химиялық әдіспен дезинфекциялау үшін жұмыс ертінділерін дайындау ( жұмыс ертіндімен 10 л есебімен )
№
|
Дезинфектанттың аталуы және концентрациясы
|
Дезинфектанттың мөлшері
|
Су
|
1
|
Кальций гипохлориді 1%
|
100г
|
10 л
|
2
|
Дезэфект 2,3%
3,8 %
|
230 мл
380 мл
|
9770 мл
9620 мл
|
3
|
Дезапрев 0,5%
1 %
|
50 мл
100 мл
|
9950 мл
9900 мл
|
4
|
Лизоформин 3000 2 %
1,5%
0,75 %
|
200 мл
150 мл
75 мл
|
9800 мл
9850 мл
9925 мл
|
5
|
Деохлор 0,1 %
|
7 таблетка
|
10 л
|
6
|
Гигасепт 10 %
|
1 л
|
9 л
|
Дезинфекцияны манипуляциядан кейін жүргізу қажет.
Дезинфекциялау үшін дезерітіндісі бар 2 сиымдылық жасау қажет: біріншісі аспаптарды қаннан және басқа да биологиялық ерітінділерден жуу үшін, екіншісі - дезинфекция үшін.
Алғашқыда бірінші сиымдылықта көп рет қолданатын шприцтердің, инелердің, аспаптардың ішкі каналдарын толтырып, оларды босатпай насосты әдіспен жуады.
Кейін екінші сиымдылықта аспаптардың, шприцтердің, инелердін бөлшектерін босатып, барлығын ыдыска салып 1 сағатқа қалдырады (уакыт шектелмеген).
Екінші саты – залалсыздандыру алдындағы тазалау.
Залалсыздандырудың кез-келген әдісінің эффективтілігі зарарсыздандыратын объектілердің тазалығына байланысты болады. Микроорганизмдердің айналасында қорғаныш қабілетін атқаратын органикалық және неорганикалық сипаттағы ластану болса, онда термиялык және химиялық зарарсыздандырудың әсер етуі көрсеткіші азаяды. Осы себепке байланысты қазіргі уакытта зарарсыздандыру алдындағы тазалауға көп көңіл бөлінуде.
Зарарсыздандыру алдындағы тазалау бірнеше сатылардан түрады.
А) Аспаптарды дезинфекциялап болғаннан кейін, оларды ағын судың астында 30 с үстау керек, бүл дезинфекциялайтын заттардың иісін кетіру мақсатында жүргізіледі.
Б) Дезинфекцияланған және жуылған медициналық аспаптар қүрамында жуушы зат немесе сутектің асқын тотығы бар ыстык ерітіндіге (40-50 С) 15 минутқа салынады.
Әдетте екі жуушы ерітіндінің біреуі колданады: күрамында «Лотос» жуушы заты бар ерітінді немесе қүрамында «Биолот» жуушы заты бар ерітінді.
Жуушы ерітінділерді жасау:
1) қүрамында «Лотос» жуушы заты бар ерітінді:
- «Лотос» жуушы заты - 5 г
- пергидроль 27,5% - 17 мл
- натрий олеат - 1,4 г
- су - 1 л-ге дейін
Ерітінді 50 С дейін жылытылады.
2) қүрамында «Биолот» жуушы заты бар ерітінді:
- «Биолот» жуушы заты - 5 г
- су - 1 л-ге дейін
Ерітінді 40-45 С дейін жылытылады.
В) Сулаудан кейін әр бөлшек жуушы заты бар ерітіндіде маталы-дәкерлі тампонның көмегімен жуулады.
Жуушы ерітіндіні түсі өзгермесе, тәулік үзақтығында ғана жууға оүқсат етіледі.
Г) Кейін жуылған медициналық аспапты ағын судың астында 3-10 минут.
Д) Кейіннен дистиллденген суда 35-40 с шайылады.
Е) Жуылған медициналық аспап ыстық ауамен қүрғақ шкафта 85 С-да ылғалы кеткенше кептіріледі.
Стерилизация алды құрал-саймандарды тазалау сапасын өткізу
Бөлшектің тазалану сапасы бензидинді, ортотолуидинді, азопирамды, амидопирамды және фенолфтолейнді сыналар арқылы тексеріледі. Өнделген аспаптардың 1% тексеруге жіберіледі.
Практикада ең жиі колданылатыны азопирамды сынама. Бүл гемоглобиннің, тотыктырғыштардың, хлорқүрамдас заттардың, жуғыш үнтақтың, тоттың бар-жоғына тексереді. Тексеру үшін бірдей қатынаста азопирамды және 3% сутектің асқын тотығын араластырып, аспаптың жарамен жанасқан жеріне тигізеді. Ластану индикациясы мен қан іздері 1 минутта көрінеді. Реакция оң болған жағдайда: қанға - көк-фиолет түске; хлорқүрамдас тотықтырғыштарға, тотқа - коңыр түске; жуғыш затқа - қызыл түске боялады.
Бензидинді сынама алған кезде қан іздері кө түске, амидопиринді сына алғанда фиолет түске боялады.
Амидопириннің жүмысшы ерітіндісі тек қана сына алу үшін жасалады. Ол үшін пипеткалармен бірдей қатынаста 3% сутектің асқын тотығы, 30% сірке қышқылы және 5% амидопириннің спирттік ерітіндісі алынады. Реактивті аспапка тигізгеннен кейін аспапты қағазбен немесе мақтамен үстау керек. Бүл жерде реактив түсінің өзгеруі 2 минутта жүреді.
Қанға немесе жуғыш заттарға оң сыналар беретін бөлшектер теріс нәтиже алынғанша кайталанып жасалады.
Бөлшектерде жуғыш заттардың қалдығын тексеру үшін фенолфтолейнді сынама қолданылады. Аспапка 2-3 тамшы 1% фенолфтолейннің спирттік ерітіндісі тамызылады. 30 с қызыл түс пайда болса бүл беттік активті заттардың бар екендігін көрсетеді, бөлшектерді ағын сумен, кейін дистиллденген сумен жуады.
Үшінші саты - аспаптарды зарарсыздандыру.
Бөлімшеде, стационарда орталык зарарсыздандыру жүйесі болмаса, зарарсыздандыруды күрғақ шкафта өткізеді. Зарарсыздандыру келесі тәртіп бойынша жүргізіледі: бірінші тәртіп бойынша камерадағы зарарсыздандыру температурасы - 180 С, уақыт - 60 минут; екінші тәртіп бойынша камерадағы зарарсыздандыру температурасы - 160 С, уақыт - 150 минут. Зарарсыздандырғышты 15-20 минут салқындатқаннан кейін камераны салқындатады.
Аспаптарды, шприцтерді, жүйелерді зарарсыздандыруды жоғарыда көрсетілген тәртіптің бір түрімен автоклавта зарарсыздандырған жақсы. — Бөлшектерді бикстерге салған кезде, решеткалар ашылады. Автоклавтан түсірген кезде бикс жабылады.
Кесетін аспаптарды 2 сағатка 96% этил спиртінің ерітіндісіне салып қояды, өйткені оларды автоклавта немесе күрғақ шкафта зарарсыздандырса олардың өткірлігі төмендейді.
Таңу материалдарын және киімдерді зарарсыздандыру.
I - материалды зарарсыздандыру алдында дайындау. Таңы материалыньщ қасиеттері - жазылу процестеріне кері әсерін тигізбеу керек; -жақсы гигроскопиялык болу керек; - аз төгілетін болу керек; - жүмсақ, жаралы бетке әсерін тигізбеу керек; - өндірісте арзан болу керек. Таңы материалын санау үшін оларды келесі түрде қояды - шариктерді 50-1000 дана, қағаздарды 10 данадан. Халаттарды, жамылғыштарды және т.б. орап кояды.
II - зарарсыздандыруға дайындық. Материал универсалды оралған кезде бикске кішкентай материал салып қояды. Мақсатты орау кезінде бикске накты операция үшін таңы материалын салып қояды. Түрлі орау кезінде - киімнің немесе таңу материалының нақты түрін салып кояды. Материалды тығыз орауға болмайды, онын ішіне зарарсыздандыру индикаторын салып кояды.
III - зарарсыздандыру. Таңы материалдарын және операциялық киімдерді актоклавта 2 атм кысымда 20 минут бойы зарарсыздандырады.
IV - зарарсыз материалды сақтау. Зарарсыздандырудан кейін салкындатып түсіреді. Зарарсыздандыру уакыты - 48 сағат. Хирургиялык қолғаптарды және щеткаларды зарарсыздандыру.
Әдетте қолғаптарды автоклавта зарарсыздандырады. Ол үшін қолғаптарды тексеріп, іші-сыртын талькпен толтырып, дәкерлі кағазбен орайды. Резиналы қолғаптарды, резиналы дренаждарды автоклавта 1,1 атм қысымда 20 минут зарарсыздандырады. Қолғаптарды қайнатып та зарарсыздандыруға болады.
Алдын ала жуылған щеткаларды 2-3 сағатқа дезинфекциялайтын ерітіндіге салып кояды, кейіннен зарарсыздандырады.
Оптикалык жүйесі бар катетрлерді және аспаптарды зарарсыздандыру.
Оптикалық жүйесі бар катетрлер мен аспаптарды формалиннің буында 48 сағат бойы зарарсыздандырады, немесе 25-30 мл таза формалин, үштік ерітінді немесе «Дезоксон-1» ерітіндісі немесе сынаптың оксицианид (1:1000) ерітіндісі күйылған ыдыска салып зарарсыздандырады.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 62 мин (35%)
Аудиториялық жұмыс: орталық залалсыздандыру бөлімінде жұмыс істеу
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)
Тесттер:
1. Дезинфекция сатыларын және аспаптарды зарарсыздандыру алдындағы тазалауды атаңыз:
1) ыстық жуатын ерітіндіде 15 минут бойы сулау
2) ағын судың астында жуу
3) ыстық ауамен қүрғату шкафында кептіру
4) ағын судың астында жуып, дистиллденген суда жуу
5) мата-дәкерлі тампонның көмегімен аспаптарды жуатын ерітіндіде жуу.
6) аспаптарды 3% хлорамин ерітіндісінде дезинфекциялау
2. Аспаптарды зарарсыздандыруда зарарсыздандырудың қандай тәртібін қолданады (температура, уақыт, қысым):
1) құрғақ шкафта
2) автоклавта
Сәйкестікті табыңыз
1) температура 120 С
2) температура 132 С
3) температура 160 С
4) температура 180 С
5) қысым 1,1 АТМ
6) қысым 2 АТМ
7) уақыт 20 мин
8) уақыт 45 мин
9) уақыт 60 мин
10) уақыт 120 мин
3. Кесетін аспаптарды қалай зарарсыздандырады?
1) автовславта
2) қүрғақ шкафта
3) 96% этил спиртіне 2 сағат салып қояды
4)1 сағат бойы кайнатады
5) дезинфекциялы камерада
4.Қолданылған қолғаптарды зарарсыздандыру кезіндегі зарарсыздандыру тізбегін анықтаңыз?
1) талькпен ішін және сыртын толтырады
2) автоклавта зарарсыздандырады
3) дәкерлі қағазбен орайды
4) кептіреді
5) 2% хлорамин ерітіндісінде 2 сағат бойы жарарсыздандырады
6) ағынды судың астында жуады
5. Оптикалық жүйесі бар аспаптарды қалай зарарсыздандырады?
1) автоклавта
2) пароформалинді камерада 48 сағат
3) құрғақ шкафта
4) 2 сағат қайнатады
5) күйдіреді
6) таза формалинде
Жауаптардың дұрыс комбинациясын таңцаңыз:
А) 4,5
Б)1,2,6
В) 2,3,5
Г) 2,6
Д)2,4
6. Аспаптардағы канның ізін анықтайды
1) индикатормен
2) баканализбен
3) бензидинді сынамен
4) фенолфтолейнді сынамен
7. Аспаптарда жуғыш заттардың қалғанын анықтайды
1) индикатормен
2) баканализбен
3) бензидинді сынамен
4) фенолфтолейнді сынамен
8. Манипуляциядан кейінгі аспаптарды ендеудегі бірінші этап?
1) ағын сумен жуу
2) 3% хлорамин ерітіндісінде салып кою
9. Бұйымдарды химиялык әдіспен зарарсыздандыруда мына ерітіндіден басқасының барлығы қолданылады:
1) 3% сутектің асқын тотығы
2) 6% сутектің асқын тотығы
3) дезоксон-1
4) хлоргексидин
5) 96% этил спирті
10. Шприцтерді, аспаптарды зарарсыздандыру алдындағы евдеудің бірінші этапы болып табылады:
1) ағын сумен жуу
2) «Биолот» еретіндісінде сулау
3) 1% хлорамин ерітіндісінде сулау
4) 3% хлорамин ерітіндісінде сулау
Ситуациялык есептер.
1. Аспаптарды зарарсыздандыру алдындағы ендеуде фенолфтолейнді сына алғанда аспаптар кызыл түске боялды. Осы кездегі сіздің тактикаңыз?
2. Оптикалық жүйесі бар аспап пароформалинді камерада 8 сағат бойы зарарсыздандырылды. Бүл аспаппен ауруды тексеруге болады ма?
12. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.
13. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)
Н -1, 2 - бөлім , 154 – 173 бет
4 – cабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Залалсыздандыру. ОЗБ.
2.Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: практикалық
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: оқушыларды қабылдау бөлімшесінің құрылымы мен негізгі қызметтері, пациенттерді қабылдау және тіркеуді үйрету
тәрбиелік: Оқушылардың мінез - құлқын қабылдау бөлімшесінде этика және деонтологиялық нормаларға тәрбиелеу.
дамыту: қабылдау бөлімшесінде жұмыс істеу қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды модельдеу
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%)
медициналык аспаптарды өндеудің 3 сатысын (дезинфекция, зарарсыздандыру алдындағы тазалау, аспаптарды зарарсыздандыру);
дезерітінділерді дайындау және медициналық аспаптарды өңдеудің бірінші сатысын жүргізу;
зарарсыздандыру алдындағы тазалау туралы түсінік;
жуғыш комплексті дайындау және екінші этапты жүргізу;
жүмысшы дезерітіндіні және жуғыш комплексті колдану үзақтығы;
аспаптарды зарарсыздандыру алдындағы тазалау сапасын бақылау (фенолфтолейнді, амидопиринді, азопирамды сынаптар);
медициналық аспаптарды өндеудің үшінші сатысы - зарарсыздандыру;
аспаптарды, қолғаптарды, таңу материалдарын, оптикалық аспаптарды зарасыздандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |