11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 62 мин (35%)
Аудиториялық жұмыс: Қабылдау бөлімшесінін құрылымымен, қабылдау бөлімшесінде толтырылатын құжаттармен таныстыру, ҚҚ өлшеу, пульсті анықтау, антропометрияны жүргізу.
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)
Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.
Тесттер:
1. Ауруханаға жататын наукасқа кабылдау бөлімінде толтырылатын күжаттар:
А) науқасты кабылдау журналы
Б) науқастын медициналык картасы
В) ауруханадан шыгарылған статистикалық карта
Г) температура қағазы
Д) бырлық аталғандар
2. Көп профильді аурухананың кабылдау бөлімі күрылысына кіреді:
функциональді диагностика кабинеті
ас дайындау блогы
санузел
егу кабинеті
физиотерапевтикалык кабинет
наукастын жеке загғарын сактау кабинетгері
3. Аурухананың қабылдау бөлімінде өткізу шараларының тәртібі:
квалифкациялык медиииналык көмек көрсету
түскен наукастарға санитарлык - гигиеналык өңдеуді жургізу
наукасты қабылдау және тіркеу
емдеу бөлімшелеріне наукастарды тасымалдау
карау, наукасты алгашқы тексеру жөне диагностика
4. Адам денесін тазалау әдістері мен тәсілдерінін жиынтығы аталады ... .
Сәйкестігін тап:
а) толык санитарлык өндеу
б) жартылай санитарлык өндеу
1. наукасты сүрту
2. гигиеналык душ
наукасты жуындыру
гигиеналық ванна
5. Қабылдау бөлімшесі атқаратын қызмет:
1. наукасты қабылдау
2. емдеу
3. профилактика
емдік дене шынықтыру
физиотерапия
6. Бөлімшелерге тасымалдау түрлерін атаңыз:
А) жаяу
Б) велосипедте
В) носилка
Г) вертолетте
Д) креслода
Дұрыс жауапты таңдаңыз:
1) а,б,г;
2)в,г,д;
3) а,в,д;
4) барлығы дұрыс.
7. Қабылдау бөлімінде әр қызметкердің орындайтын жұмысына сәйкестікті тап:
медбике
дәрігер
А) наукастарға санитарлык өңдеу өткізеді
Б) квалификациялык медициналык көмек көрсетеді
В) ауру тарихынын алғашкы бетін толтыру
Г) «наукастарды кабылдау журналына» тіркеу
Д) наукастарға бірінші тексеру өткізу
Е) тасымалдау түрін тағайындайды
8. Қабылдау бөлімінін медбикесі «наукастарды кабылдауды тіркеу журналын» толтыру тәртібі:
кайдан және кім наукасты әкелді
наукастын аты-жөні, туган жылы, мекен-жайы
наукас кайда жіберілді (кандай бөлімшеге)
кабылдау бөлімінін диагнозы
5.жіберілген мекеме диагнозы
9. Қабылдау бөлімінін медбикесі педикулез табылғандағы әрекетінің реттілігі:
шашты 6% сірке кышқылы ерітіндісімен шаю
бастын шашын қарау
СЭС-ка педикулез табылғанын хабарлау
педикулезге қарсы дәрілермен шашын өндеу
жылы сумен шашын жуу
бит тарақпен тарау
10. Қабылдау бөлімінде едициналык болмайтын кұжат:
«наукастарды кабылдау журналы»
«ауруханадан бас тарту журналы»
«дәрілік заттарды тіркеу А және Б тізімі»
«алфавитті журнал»
«амбулаторлы наукастарды тіркеу журналы».
Ситуациялык есептер:
Қабылдау бөліміне наукас түсті, жедел көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жатудан бас тартгы. Науқаска қандан кұжаттар толтырылады?
Медбике қабылдау бөлімінде науқасты карағанда педикулез табылды. Медбикенің тактикасы қандай?
12. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
13. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)
Н - 1, 3- бөлім , 173 – 183 бет
6 – сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Науқастың жеке басының тазалығы.
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
3. Сабақ түрі: практикалық
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: оқушыларға теріні күту, жауыржара мен сужауырдың алдын алу және оларды емдеу үйрету
үйрету.
тәрбиелік: Оқушылардың мінез - құлқын санитариялық тазалау кезінде, педикулез айқындалған кезде этика деонтология заңдылықтарын ұстануға тәрбиелеу.
дамыту: санитариялық тазалау, педикулез айқындалған кезде өңдеу жасау қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды модельдеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, плакат.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н):
1. Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 28 мин (30%)
қабылдау бөлімінін құрылысы және кұрал - жабдықтары;
қабылдау бөлімінін санитарлық - эпидемиологиялық тәртібі;
қабылдау бөлімі медбикесінің функционалдык міндеттері;
дене биомеханикасына түсінік
пациентті төсекте қозғалысы
пациентті төсекте әртүрлі қалыпта (Фаулер қалпы.Симса, арқамен, ішімен, жанымен жатқызу қалпы)
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 54 мин (60%)
Жоспар:
Науқас төсегіне және киіміне гигиеналық шарттар;
Ауыр науқастарға төсегін және киімін ауыстыру реті, оларды сақтау, зарарсыздандыру;
Науқас терісіне гигиеналық шарттар;
Активті және пассивті науқастарды санитарлық өңдеу;
Күтуге арналған құралдар мен материалдар. Оларды дайындау;
Шаш, аяқ, жыныс мүшелерінің және анальды саңылаудың түкті бөлімдерінің туалетін жасау, күту құралдарын өңдеу;
- Педикулез кезіндегі іс - шаралар;
Қараудан және диагноз койылғаннан кейін науқасқа санитарлық өңдеу өткізіледі. Санитарлық өңдеуде мыналар өткізіледі: науқастың денесін қарау, алдымен бастың шаш бөлімін педикулезге, шашын кию, қырыну, душ астына шомылдыру немесе гигиеналық ванна. Санитарлық өндеуді дәрігер тағайындайды. Ауыр жағдайдағы науқастарды тез арада интенсивтік кадағалау бөлімшесіне санитарлық өңдеусіз жібереді. Орташа жағдайда науқаска душ немесе гигиеналық ванна тағайындалады. Ауыр жағдайларда жаткан науқасқа ванна және душ тағайындалмайды. Ауру тарихының алғашқы бетіне науқастын санитарлық өңдеуінің өткізілгенін белгілейді. Наукастың шешінуіне көмектесіп, шашын, киімін, іш киімін кереді.
Педикулез - баста, көйлекте, немесе шашта болатын паразит тәрізді бит. Шаштан табылған педикулез тазалауға киын емес. Педикулез табылған жағдайда шашты (0,15% карбофостын сулы-эмульсионды ерітіндісін, 20% бензилбензоат немесе нитгифор, 0,5% һетилацетафос ерітіндісі сірке кышкылымен тен мөлшерде 0,25% сулы-эмульсионды дикрезил, шампунь «Педилин») жағып баска орамал киіп 20мин ұстайды, кейін шашын сумен жуып, 6% сірке кышкылымен шаяды. Өлген насекомдарды кұрту ушін шашын бит таракпен тарайды. Педикулезге қарсы заттар жүктілік, жаңа туған әйелдерге, емізетін әйелдерге 5 жасқа дейінгі балаларға, тері ауруларына колданылмайды. Ауру тарихынын алгашкы бетінде педикулез табылған жайы белгіленеді де науқастын мекен жайы туралы СЭС-ке хабарлайды. Науқастын киімін капка салып, дезинфекциялық станцияға жібереді.
Қарау бөлмесінен медбике науқасты ваннаға апарады. Ванна таза, жарық және жылы болу керек. Ваннада арнайы вентиляция болады. Гигиеналық ванна кезінде форточканы ашып, желдетуге тыйым салынады. Судын 35-37°С ұзактығы 25 мин. ваннаға су жартысына дейін толтырылады. Сулы пар болмауы үшін бірінші мұздай су, кейін ыстык су кұяды. Судың температурасын арнайы су термометрімен судан шығармай өлшейді. Медбике науқастың шомылуы кезінде қасында тұрады, оның пульсіне, тері қабатына көңіл бөледі. Егерде науқас бозарып кетсе, басынын айналуына, кеңіл-күйінің нашарлауына шағымданса, медбике дәрігерді шакырады. Наукаска ваннадан шығуына көмектесіп, сұртініп, кушеткаға жаткызып, нашатыр спиртіне малынған мақтаны иіскетеді. Егер науқас жағдайына байланысты гигиеналық ванна тағайындалмаса душқа түседі. Ваннаға орындык қойып, наукас отырады. Әрбір наукастан кейін ваннаны сабынмен жуып, кандайда бір дезинфекциялык ерітіндімен шаяды.
Науқастың тырнақтары қалай қысқартылады?
Тырнақтарды қысқарту үшін кішкентай қайшыны қолданады. Қысқарту кезінде теріні зақымдап алмау керек. Процедурадан соң қайшыны спирт немесе 0,5% хлорамин ерітінідісіне малынған дәкемен сүрту керек.
Науқастарды қалай жуындырады?
Ұзақ төсекте жататын, патасына бір рет гигиеналық ванна қабылдамайтын науқастарды; күніне бірнеше рет жуындырып тұру керек, өйткені шап аралықта жиналған зәр немесе нәжіс қалдықтары теріні зақымдап, жауыр дамуына алып келеді. Жуындыру үшін калий перманганатының әлсіз ерітіндісін немесе кез келген басқа зарарсыздандырушы ерітінді қолданылады. Ерітінді жылы (35-38С) болуы керек. Жуындыруға лоток, құман, Эсмарх кружкасы, корнцанг, стерильді мақта, дәке, клеенка, жөргек, сабын, судно, қолғап қажет. Тұрмыс сабыны кесіндісін майдалап, суға көпіртеді. Жиі әйелдерді жуындырады.
Әйелдерді жуындыру ерекшелігі қандай?
Егер науқас өзі жуына алса, оның бір өзін қалдыру керек. Егер де олай болмаса - науқас арқасында, тізесін бүгіп, аяқтарын шамалы ашып жатуы керек. Мейірбике науқастың оң жағында тұрады. Сол қолына жылы дезинфекциялы ерітіндісі бар ыдысты ұстап, оң қолымен – сабынды суға малынған дәкесі бар корнцанг алып, сыртқы жыныс мүшесінен тік ішекке қарай ерітіндіні бір рет (жоғарыдан төмен қарай) құяды.
Сыртқы жыныс мүшесі мен шап аралықты мынадай ретпен өңдеу керек: қасаға аймағы, сыртқы жыныс мүшелері, шап аралық, тік ішек аймағы. Дәкені де осылай ретімен ауыстырып тұру керек. Былғанған дәкені қайта өңдеуге қолдануға болмайды. Қолданылған дәкелер дезинфекциялы ерітіндісі бар лотокқа тасталады. Бір қолмен жыныс еріндерін ашып, бір жыныс ерінін жуады, сонан соң дәкені алмастырып, тура осылай екінші ерінді жуады; шап аралықты қасағадан бастап тік ішекке қарай жуады, пациенттің шайынуын тура осындай ретпен қайталайды. Сонан соң осындай бағытта құрғақ мақта дәкемен теріні сүртеді. Процедура біткен соң судноны, клеенканы алып, қолғапты шешіп, төсегін салып науқасты орап жатқызады.
Ерлерді жуындыру ерекшелігі қандай?
Ерлерді жуындыру әлдеқайда жеңілірек. Науқас арқасында, тізесін бүгіп жатады, жамбасының астына судно қойып, бір қолына жыныс мүшесін алады, суды шап аралықпен шапқа бағыттап ағызады. Жыныс мүшесінің басын үрпіден бастап айналдыра қасаға аймағына қарай жуады. Дәкені тура әйелдерді жуындырғандай ауыстырып тұрады. Дәке орынына мақта томпондарын қолданған ыңғайлы. Құрғақ мақта томпонымен теріні сүртеді; егер шап аймағында бөрпелер болса, оны вазелин немесе кез келген басқа маймен сүртуге болады. Процедураны аяқтау тура әйелдердегідей.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 62 мин (35%)
Аудиториялық жұмыс: аурухана бөлімшелеріндегі науқастарға яқтың, шаштың, көздің, құлақтың, мұрын мен ауыз құысының күтімін үйрену
12.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22%)
Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.
Тесттер:
Ауыр науқастарда шаштарының сынғыштығы дамып, түсуі орын алады. Оларға шаш тараудың қажеттілігі барма?
Міндетті түрде, және жиі;
Мүмкіндігінше тарамауға тырысу керек;
Екі күнде бір рет тарау керек;
Бес күнде бір рет тарау керек;
Әдеттегідей тарау, бірақ сирек тісті тарақ қолдану керек.
Науқастарды қандай ерітіндімен жуындырады?
Калий перманганаты ерітіндісімен;
Фурациллинмен;
Жылы сумен;
Барлығы дұрыс.
Жыныс мүшелерін өңдеу реттілігін көрсетіңіз:
Анальды саңылау аймағы, шап аралық, сыртқы жыныс мүшелері, қасаға аймағы;
Сыртқы жыныс мүшелері, шап аралық, қасаға аймағы, анальды саңылау аймағы;
Қасаға аймағы, сыртқы жыныс мүшелері, шап аралық, анальды саңылау аймағы;
Шап аралық, сыртқы жыныс мүшелері, қасаға аймағы, анальды саңылау аймағы;
Қайшыны қолданып болған соң дезинфекциялайды:
0,5% новокаин ер-е;
0,5% хлорамин ер-е;
Ағын сумен жуу;
Сутегі асқын тотығы ер-н.
Басты жуу, тырнақты қысқарту жасалады:
Кірлеуіне қарай;
Аптасына бір рет;
Аптасына екі рет;
Он күнде бір рет.
Педикулезбен күресу үшін мынадан басқаның бәрін қолданады:
Сутегі асқын тотығы ер-н;
Карбофостың 0,15% ер-н, ниттифор;
Сабынды-керосин эмульсиясының 10% сулы ер-н;
Сірке қышқылының 10% ер-н.
Сіркені жоюға қолданады:
Жылы асхана сірке қышқылы ер-н;
Сутегі асқын тотығы ер-н;
Сабынды су;
Сынап жақпа майын.
Плошицаларды анықтағанда өңделеді:
Сулема сірке қышқылымен (1:300);
33% күкірт қышқылы мазімен;
5-10% сұр сынап мазімен;
Барлығы дұрыс.
Судноны дұрыс пайдалану тәсілі:
1. Науқас жүрелей отырады, бөлмеде алдымен терезе ашылады;
2. Судноны босатып, оны дезинфекциялайды;
3. Басқа науқастардан пердемен оқшаулайды;
4. Қолданылған судноның көзін жояды;
5. Дәрігер міндетті түрде қатысуы керек;
6. Дезинфекцияланған судноны науқастың жамбасына қояды;
7. Науқас тізесін бүгіп, жамбасын көтереді.
Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:
А) 1,4,5,7; Б) 6,3,5,2; В) 3,7,6,2; Г) 1,5,2,4; Д) 6,1,7,3.
10. Неліктен науқасты жуындырған кезде суды жыныс мүшелерінен тік ішекке бағыттап ағызады?
1. Науқасты осылай жуындыру ыңғайлы;
2. Инфекцияны тік ішектен жыныс мүшелеріне енгізбес үшін;
3. Су судноға ағуы үшін;
4. Шап пен шап аралықты мұқият жуу үшін;
5. Төсекті және киімді былғамас үшін.
Ситуациялық есептер
Реанимация бөлімінде 10-тәулікте науқас ем қабылдауда. Стационар жағдайында әйел адамдардың шашын қалай күтеді?
Науқастың басында бит табылды. Педикулезбен күресу үшін қандай инсекцидтер қолданасыз?
12. Сабақты қорытындылау: 4 мин (4%
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.
13. Үйге тапсырма беру: 4 мин (4%)
Н - 1, 2- бөлім, 154 – 173 бет
7 – сабақ
1 Сабақтың тақырыбы: Пациенттерді тамақтандыру.
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
3.Сабақ түрі: практикалық
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту: оқушыларға науқастарды тамақтандыруды үйрету
тәрбиелік: Оқушыларда науқастарды тамақтандыру кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда науқастарды тамақтандыру қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды модельдеу
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)
Науқас төсегіне және киіміне гигиеналық шарттар;
Ауыр науқастарға төсегін және киімін ауыстыру реті, оларды сақтау, зарарсыздандыру;
Науқас терісіне гигиеналық шарттар;
Активті және пассивті науқастарды санитарлық өңдеу;
Күтуге арналған құралдар мен материалдар. Оларды дайындау;
Шаш, аяқ, жыныс мүшелерінің және анальды саңылаудың түкті бөлімдерінің туалетін жасау, күту құралдарын өңдеу;
- Педикулез кезіндегі іс - шаралар;
10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:
енжар науқастарды тамақтандыру
ауыр науқасты тамақтандыру
келушілердің тамақтарын бақылау
зонд, гастростома аркылы тамақтандыру
тік ішек арқылы қоректік қоспаларды жіберу техникасы
парентеральды тамақтандыру
Науқас медбикенің көмегімен тамақтандырылса( қатаң төсек төртіп).
науқасты тамақтандырмас бұрын палатадағы барлық емдік процедураларды аяқтау керек, физиологиялық бөлінулер, палаталарды тазалау, бөлмені желдету науқастың қолын жуып немесе дымқыл жылы сүлгімен сүртіп, көкірегіне салфетка қоямыз.
Жылы тамақты тумбаға немесе керует маңындағы столға қоямыз.
Науқасты ыңғайлы отырғызамыз{ жартылай отырғызып немесе отырғызып)
Науқастың жанына отырыңыз себебі сізге ыңғайлы болу үшін .
Егерде науқасты отырғызып тамақтандыру қиын болса онда сол қолмен тамақты қасықпен береміз.
Тамақтанғаннан кейін ыдыстарды аламыз. Науқастың аузын шайып және қолдарын жуамыз, төсек орнына тамақ қалдықтарын қағып науқасты жатқызамыз.
Тісі жоқ науқастарды тамақтандыру.
Толық немесе жартылай тісі жоқ науқастарды сұйық және езілген тамақтармен тамақтандырамыз.
Жасанды тамақтандыру
Жасанды тамақтандыру организмге асқазан зондының, клизманың көмегімен немесе парентеральды қоректі заттарды енгізу.
Зонд арқылы тамақтандыру
Көрсетілімдері: ес-түссіз жатқан науқастар, ас қорыту жүйе өтімсіздігі. Дайындаңыз: жіңішке стерильді зонд диаметрі 0,5-0,8 мм, вазелин немесе глицерин, воронка немесе Жане шприці, сұйық тамақ (тәтті шай, морс, гомогенді эмульсиялар) фонендоскоп, лейкопластыр, түйрегіш, зондты жабатын қабық, шприц.
Гастростома аркылы тамақтандыру
1. Көрсетілімдері: жоғарыдағыдай бірақ ұзақ уақытқа
Дайындау : қоректік қоспалар (бульон, кілегей, сок, кілегей коспалар) Воронка, пластырь, 70 % спирт, асептикалық таңғыш, индифферентті мазь, цинк, дерматол пастасы;
Қоректендіру клизма (тік ішек арқылы тамақтандыру).
Көрсетілімдері: қоректендіру клизмасы организмге резорбтивті әсер етуіне
негізделген. Оларды көп мөлшерде (12 л-ге дейін), дәрілік заттар (0,9% натрий
хлорид ерітіндісін, 5 % глюкоза, аминқышқыл ерітінділері) қолданылады.
Қоректік клизма салмастан 1 сағат бұрын ішекті толық босату үшін тазарту
клизмасын жасайды. Шағын мөлшердегі қоректік клизманы (200-500 мл)
резеңке грушаның көмегімен жасайды. Құятын сұйықтын температурасы 37-38 °С.
Парентеральді тамақтандыру.
Көрсетілімдері: асқорыту жолы бітелу белгілері, ісік, өңеш, асқазан, ішек операцияларынан кейін әлсіреген науқастарды операцияға дайындау. Осыған байланысты келесі препараттарды қолданады. Көмірсулар - 10 % глюкоза ерітінділері, белоктар- аминкышқылдар, ыдыраған белок молекулалары күйінде. гидролизин, белокты гидролизат казеин, фибриносол, аниналон, аминопептид, аминокровин, альвизин, левмин, полиамин және т.б. Алғашқыда 30 мин. 10-20 тамшы / мин., майлы эмульсия күйінде: липофундин, интралипид. Парентеральді тамақтандыру тамыр ішіне енгізіледі. Жібермес бүрын ерітіндіні 37-38 ° С булы моншада жылытамыз. Алғашқы 10-15 минутта 15-20 там/ мин, кейіннен 60 там/ мин дейін жібереміз. 500 мл препаратты 3-5 сағатта жібереміз.
Ескерту: белокты препараттарды науқастарға жылдам жібергенде оларда ыстық, беттері қызарып, тыныс алуы киындайды. Парентеральды тамақтандырғанда тәулікті ескеру қажет
Достарыңызбен бөлісу: |