Іскерлікке ие болуы: -балалар мен мүгедектердің құқықтары туралы отандық және халықаралық негізгі тәжірибелерді қолдануы;
-жеке психикалық және психофизиологиялық даму ерекшеліктері мен жалпы,арнайы (бұзылыстардың түрлі типтері бойынша)заңдылықтарын ескеру;
-мүмкіндігі шектеулі балалардың түзету-педагогикалық іс-әрекетінің технологиясы мен теориялық білімдері негіздерін қолдануы;
-білім беру,денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдары жағдайында әртүрлі бұзылыстары бар балаларды тәрбиенің түрлі стратегиялық мүмкіндіктеріне сай және саналы бағалай алуы;
Меңгеруі -балалардың түрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру қабілетін;
-сыни тұрғыда ойлау әдістерін;
-мүмкіндігі шектеулі балалардың жүйке-психикалы және дене даму ерекшеліктерін бағалау мен бақылау,
дамудағы ауытқуларды анықтау технологиялары мен теориялық негіздерін;
-мемлекеттік әлеуметтік саясат қағидаларын түсіндіруде қалыптасқан медициналық-психологиялық-әлеуметтік жұмыстарды болжау мен моделдеу технологияларын және теориялық негіздерін;
-мүмкіндігі шектеулі балаларды отбасымен және басқа мамандармен педагогикалық ынтымақтастықты ұйымдастыру іскерлігін;
-күнделікті өмірде қолданылатын дағдылар мен оларды жетілдіретін танымдық іс-әрекеттерді,әлеуметтік маңызы бар іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруды,мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту әдістерін.