Пәннің негізгі мақсаты-инклюзивті білім берудің қағидаларымен және философиялық,әдіснамалық негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру,инклюзивті білім берудің құқықтық-нормативтік қамтамасыздандыруда кездесіп отырған кедергілерін жою,ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару қабілеттіліктерін қалыптастыру.
Пәннің негізгі міндеттері:
Студенттерге инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базаларымен және философиялық,әдіснамалық негіздерін ұғындыру,
Инклюзивті тәжірибені ұйымдастыру мен жобалау аумағында студенттердің кәсіби құзіреттіліктерінің деңгейі көтеру,
Инклюзивті тәжірибе жағдайында білім беру ұйымдарының әдістемелік,басқару жұмыстарымен таныстыру
Инклюзивті білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету моделдері туралы түсініктер қалыптастыру,
Инклюзивті білім беру ұйымдарындағы білім беру процесіндегі мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу ерекшеліктерін ұғындыру.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беру біріктіру туралы ғылыми-практикалық көзқарастарын қарастыру;
Курс бойынша теориялық және практикалық материалдарды қабылдау және түсінуге қажетті негізгі ұғымдық аппаратын меңгерту
Пәнді меңгерту нәтижесінде қойылатын талаптар:
«Инклюзивті білім беру» пәні оқу үрдісінде пәндік құзіреттіліктерді дамыту мен қалыптастыруға бағытталады:
Пәнді оқу барысында студент білуі керек:
-инклюзивті білім берудің философиясын,әдіснамалық негіздері мен нормативтік-құқықтық базасын;
-инклюзивті тәжірибені ұйымдары мен жобалау аймағындағы басқару құзіреттілігін;
-инклюзивті білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балаларға
-философиялық,әдіснамалық,психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудің заманауи моделдерін;
-білім беру ұйымдарындағы инклюзивті үрдіске мамандардың пәнаралық қызметінің моделі туралы;
-жалпы білім беру үрдісіне мүмкіндігі шектеулі балаларды қосудың әртүрлі мәселелерінің жолдары;