Жұмыскерлердің жеке істерін қалыптастыру, ресімдеу және жүргізу А. Адельгужин


Жұмыскердің жеке іс құжаттарының құрамы



бет2/20
Дата17.06.2020
өлшемі120 Kb.
#73771
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
8.1. Жұмыскерлердің жеке істерін қалыптастыру, ресімдеу және жүргізу

Жұмыскердің жеке іс құжаттарының құрамы


Қазіргі уақытта жұмыскердің жеке іс құжаттарының құрамын регламенттейтін және белгілейтін нормативтік құжат жоқ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығымен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесінің 590-тармағында жеке істердің келесі құрамы айқындалған:

1) өтініштер;


2) өмірбаяндар;
3) жарлықтардан, қаулылардан, бұйрықтардан, өкімдерден көшірмелер және үзінділер;
4) жеке құжаттар көшірмелері;
5) зейнеткерлік қамтамасыз ету туралы келісімшарттар;
6) мінездемелер;
7) түйіндемелер;
8) кадрларды есепке алу жөніндегі қағаздар;
9) сауалнамалар;
10) қызмет тізімдері;
11) аттестациялық парақтар және басқа құжаттар.

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін ресімдеу, сақтау және есепке алу бойынша әдістемелік ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті, Қазақстан Республикасының Президент мұрағаты 2009 жылы әзірледі.

Бұл ұсынымдар мемлекеттік қызметшілердің жеке істерінің келесі құрамын айқындайды:

1) кадрларды есепке алу бойынша жеке параққа қосымша;


2) кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ;
3) өмірбаян;
4) жеке куәлігінің көшірмесі;
5) білімі туралы құжаттың, сертификаттардың көшірмелері;
6) мемлекеттік және басқа марапаттаулар туралы шешімдердің көшірмелері, құрмет және арнайы атақтарды беру;
7) жұмысқа қабылдау, лауазымға тағайындау, ауыстыру, атқарып отырған лауазымынан босату, жұмыстан босату туралы өкімдік құжаттардың көшірмелері немесе осы аталған өкімдік құжаттардың үзінді көшірмелері;
8) жұмысқа қабылдау, ауыстыру, жұмыстан босату туралы өтініш;
9) конкурстық комиссияның қорытынды отырысының хаттамасынан үзінді көшірмелер (жұмысқа қабылдау кезінде әкімшілік мемлекеттік бос лауазымға конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша);
10) біліктілік талаптарына қойылатын сәйкестігі бөлігінде үміткерді келісу туралы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның немесе оның аймақтық бөлімшесінің хатының көшірмесі (ауыстыру тәртібімен жұмысқа қабылдағанда);
11) соның негізінде үміткер кадрлық резервке қосылған (кадрлық резервтен жұмысқа қабылдағанда) құжаттың күні мен нөмірін көрсете отырып, үміткердің мемлекеттік қызметтің кадрлық резервінде болуы туралы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның немесе оның аймақтық бөлімшесінің анықтамасы;
12) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органының арнайы тексеру нәтижелері туралы хатының көшірмесі немесе мемлекеттік органның кадрлық қызметімен куәландырылған арнайы тексеруді өткені туралы анықтама;
13) мемлекеттік қызметшінің антының қол қойылған мәтіні (немесе басқа мемлекеттік органда мемлекеттік қызметін жалғастырған жағдайда оның көшірмесі);
14) аттестаттау парағының көшірмесі;
15) мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді қабылдау туралы міндеттеме (немесе басқа мемлекеттік органда мемлекеттік қызметін жалғастырған жағдайда оның көшірмесі);
16) мүлікті сенімгерлікпен басқаруға арналған шарттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі (бар болғанда);
17) мемлекеттік қызметтің істері жөніндегі өкілетті орган бекіткен нысан бойынша қызмет тізімі.

Осы нормативтік құқықтық актіде, яғни, Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесінде «жеке істер құрамына кірмеген» құжаттар кездеседі. Осылайша, жұмыскердің жеке іс құжаттарының құрамын Қазақстан заңнамасында регламенттемеген, сондықтан қалыптасқан дәстүр бойынша біз іс жүргізудің қабылданған мемлекеттік жүйесіне сүйенеміз.



Жеке істер құжаттарын екі топқа бөлген абзал:
1) сауалнамалық, өмірбаяндық және құжаттарды сипаттайтын;
2) қосымша құжаттар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет