Жеке құрам бойынша ұйым басшысының бұйрығын (өкімін)әдетте үш данада басылып шығарылады. Бланкідегі бірінші дана – іске, екіншісі (бланкіні пайдаланбай) – жұмыскерге жалақыны есептеу, қорытынды есепті өткізу, іссапар төлемін жүргізу және т. с. с. үшін – бухгалтерлік қызметке, үшіншісі (бланкіні пайдаланбай) жұмыскердің жеке ісіне жіберіледі
Бұйрықтың (өкімнің) барлық даналарына міндетті түрде ұйым басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды.
2. Жеке құрам бойынша ұйым басшысының бұйрығынан (өкімінен) үзінді көшірме. Қазақстан Республикасының ҚР СТ 1037-2001 «Іс жүргізу және мұрағат ісі. Терминдер мен анықтамалар» мемлекеттік стандартының 4.3.16-тармағына сәйкес, құжаттың үзінді көшірмесі архивтік (түпнұсқалық) құжат мәтінінің бір бөлігінің белгіленген тәртіппен ресімделген көшірмесі болып табылады. Жеке құрам бойынша ұйым басшысының бұйрығынан (өкімінен) үзінді көшірмесін өтініш беруші мен оның өкілетті адамына:
1) өтініш беруші жұмыс істейтін (жұмыс істеген) ұйым;
2) бұрын істеген ұйымның жеке құрам бойынша құжаттарын сақтап отырған ұйым (құқықтық мирасқор);
3) ұйымның және (немесе) оның мирасқорының құжаттарының сақталуын жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік орган бере алады.
Жеке құрам бойынша ұйым басшысының бұйрығынан (өкімінен) үзінді көшірмені поштамен жібереді, өтініш берушіге оның жеке тұлғасын куәландыратын құжатты берген кезде қол қойғызып береді, немесе өтініші берушінің сенімді адамына ол нотариалдық куәландырылған сенімхатты көрсеткенде береді.
Достарыңызбен бөлісу: |