Жұмыскерлердің жеке істерін қалыптастыру, ресімдеу және жүргізу А. Адельгужин



бет13/20
Дата17.06.2020
өлшемі120 Kb.
#73771
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
8.1. Жұмыскерлердің жеке істерін қалыптастыру, ресімдеу және жүргізу

Еңбек демалысын бергенде бұйрықта (өкімде) жұмыс күндерінің жалпы саны, жұмыскердің кеткен және қайтқан күндері, қай кезеңге демалыс берілгені көрсетіледі.

Жұмыскерді жұмыстан босатқанда бұйрықта Қазақстан Республикасы Еңбек заңының нақты бір бабына, еңбек немесе ұжымдық шарттың тармақтарына сүйене отырып, жұмыстан босату себебін және жұмыстан босату күнін көрсетеді.

Ұйым басшысы бұйрығына негіз ретінде жұмыскердің өтінішіне, еңбек шарты мерзімінің өтуіне және өзгеге сүйенеді.

Жеке құрам бойынша ұйым басшысы бұйрықтарын (өкімдерін) типографиялық тәсілмен әзірлеген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының түрлі-түсті бейнесі (мемлекеттік органдар мен ұйымдар үшін) немесе эмблема, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі бар бұйрық бланкілерінде басып шығарады

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» № 151 Заңына сәйкес (2015.24.11 берілген өзгерістермен және толықтырулармен), ұйым басшысының жеке құрам бойынша бұйрығын (өкімін) мемлекеттік және басқа тілдерде басылып шығарылады.



Қазақ тіліндегі ұйым басшысының бұйрығы (өкімі) құжат және орыс тілінде немесе өзге тілде жасалатын тең түпнұсқалы құжаттың әрқайсысы жеке бланкілерде (жеке парақтарда) басылып шығарылады және бірыңғай деректемелермен рәсімделеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет