Ұйым басшысының жұмысқа қабылдау туралы бұйрығында (өкімінде) мыналар көрсетіледі:
1) жұмыскердің қандай лауазымға қабылданатыны;
2) қандай құрылымдық бөлімшеге;
3) қандай жалақымен;
4) қай күннен бастап;
5) жұмыс түрі (тұрақты; сынақ мерзімімен; тағылымдамамен; уақытша мерзімін көрсете отырып; қоса атқаратын жұмыс және т. с. с.);
6) жұмыстың ерекше жағдайлары (толық материалдық жауаптылықты қабылдау; қысқартылған немесе толық емес жұмыс күні және т. с. с.).
Жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру туралы ұйым басшысының бұйрығында (өкімінде) мыналар жазылады:
1) ауыстырудың түрі мен себебі;
2) жалақының белгіленген мөлшері;
3) ұзақтылығы (уақытша ауыстырған жағдайда).
Достарыңызбен бөлісу: |