Мінездеменің деректемелері:
1) құжат түрінің атауы – МІНЕЗДЕМЕ;
2) жасалған орны;
3) күні;
4) мәтіні;
5) қолы;
6) мөр.
Мінездеменің мәтіні, әдетте, екі бөлімнен тұрады:
1) кіріспе, бұл бөлімінде тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), туған күні, білімі, лауазымы, құрылымдық бөлімшенің атауы, ұйымдағы еңбек өтілі көрсетіледі;
2) негізгі, бұл бөлімде жұмыскердің іскерлік қасиеттері, жұмысқа деген көзқарасы, кәсіби өсуі, марапаттаулары, ұжыммен қарым-қатынасы сипатталады.
Мінездеме: «Мінездеме...ұсыну үшін берілді» деген фразамен аяқталады.
Егер мінездемені қоғамдық ұйым немесе еңбек ұжымы бекітетін болса, онда отырыс немесе жиналыс хаттамасының күні мен нөміріне сілтеме жазылады.
Мінездемеге кәсіпорынның, құрылымдық бөлімшенің басшысы, жетекші маман, қоғамдық ұйымның басшысы қол қояды. Қолы мөрмен куәландырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |