Жұмыскерлердің жеке істерін қалыптастыру, ресімдеу және жүргізу А. Адельгужин


Жұмыскерлердің кейбір жеке істер құжаттарын ресімдеу үлгісі



бет10/20
Дата17.06.2020
өлшемі120 Kb.
#73771
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
8.1. Жұмыскерлердің жеке істерін қалыптастыру, ресімдеу және жүргізу

Жұмыскерлердің кейбір жеке істер құжаттарын ресімдеу үлгісі


1. Жеке құрам бойынша ұйым басшысының бұйрықтары (өкімдері). Жеке құрам бойынша ұйым басшысының бұйрықтары (өкімдері) (5-қосымша) шығарылуы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген жұмыс беруші актілерінің санатына жатады. Жеке құрам бойынша ұйым басшысының бұйрығы (өкімі) кадрлар туралы келесі мәліметтерді бекітеді:

1) жұмысқа қабылдау;

2) жұмыс бойынша ауыстыру;

3) жұмыстан босату;

4) лауазымдық айлықтарды белгілеу;

5) кезекті (кезектен тыс) еңбек демалысын беру;

6) іссапарға жіберу;

7) тегін өзгерту;

8) ынталандыру;

9) жазаға тарту және т. с. с.

Жеке құрам бойынша ұйым басшысының бұйрықтары (өкімдері) басқа құжаттарға (еңбек кітапшасына, жеке карточкасына, қаржылық құжаттарға) тиісті жазбалар енгізуге негіз болып табылады.

Жеке құрам бойынша ұйым басшысының бұйрығын (өкімін) шығарғанда мыналарды ескеру қажет:

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік стандарттарында, Қазақстан Республикасы Архивтер және құжаттама басқармасының орталық мемлекеттік органының қосымша нормативтік құқықтық актілерінде, Жеке құрам бойынша ұйым басшысының бұйрығын (өкімін) ресімдеудің нақты нұсқаулар жоқ, сондықтан ұйымдағы Іс қағаздарын жүргізу нұсқаулығында айтылатын бұл құжаттың әртүрлі нұсқаулары пайдалануы мүмкін;

2) жеке құрам бойынша ұйым басшысының бұйрықтары (өкімдері) ұйым басшысының негізгі қызмет бойынша бұйрықтарына (өкімдерінен) бөлек қалыптастырылады және жеке тіркеу нөмірлері мен күндері болады;

3) жеке құрам бойынша ұйым басшысының бұйрықтары (өкімдері) күнтізбелік (оқу) жылының шегінде қалыптасады;

4) құжаттың реттік нөміріне сызықша арқылы «ж/қ» немесе «к» литерлері қосылады, олар бұйрық жеке құрам (кадрлар) жөнінде екенін білдіреді;

5) жеке құрам бойынша ұйым басшысы бұйрығының өкімші тармақтары келесі реттілікпен ресімделеді:


  • жұмысқа қабылдау;

  • ауыстыру;

  • разрядтарды белгілеу;

  • жұмыскерлерге санаттарды белгілеу;

  • қызмет міндеттерін уақытша жүктеу;

  • еңбек демалыстарын беру;

  • толық емес жұмыс күнін белгілеу;

  • тегін өзгерту;

  • жұмыстан босату;

  • қайтыс болуына байланысты жұмысты тоқтату;

6) жеке құрам бойынша ұйым басшысы бұйрығының (өкімінің) әр тармағы басқа құжатқа сүйене отырып негізделеді (еңбек шарты, жұмыскердің өтініші, баяндау хаты, акт және т. с. с.);

7) әр тармақта адамдардың тектері, аттары және әкелерінің аттары (бар болғанда) толық жазылады;

8) ұйым басшысының бұйрығына (өкіміне) бұйрықтың (өкімнің) тармақтарында көрсетілген жұмыскерлері көрсетілген тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшылары, кадрлық, бухгалтерлік, заң және өзге мүдделі қызметтер мен бөлімшелердің басшылары бұрыштама қояды;

9) ұйым басшысының бұйрығында (өкімінде) «Бұйрықпен (өкіммен) таныстық» деген белгіден кейін тармақтарда көрсетілген адамдар қолын, қолының толық жазылуын және танысқан күнін қояды;

10) ынталандыру мен жазалауды жеке құрам бойынша ұйым басшысы бұйрығының (өкімінің) бөлек бұйрықтарында ресімдейді;

11) жеке құрам бойынша ұйым басшысы бұйрығының (өкімінің) мәтінінің тұжырымдары нақты, айқын болуға тиіс, өйткені олар жұмыскерлердің еңбек құқықтарын көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет