Жұмыскерлердің жеке істеріне тек кадрлық қызметтің жұмыскерлері мен оның басшысының қолжетімділігі болады.
Ұйым басшысы өзінің бұйрығымен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына және ұйымның басқа лауазымды тұлғаларына жеке істерге рұқсат беруі мүмкін. Бірақ, олар жұмыскер туралы нақты кәсіби бір мәселені шешу үшін ғана қажетті ақпаратты алуға құқылы.
|
Жұмыскер туралы жеке деректерді алатын барлық адамдар құпиялылық тәртібін сақтауға тиіс. Мұндай мәліметтерге рұқсат алу және оларды беру қағидаларын ұйым басшысы бекітетін Жұмыскерлердің жеке деректерін қорғау туралы ережеде айқындайды. Бұл деректерге қолжетімділігі бар барлық адамдар осы Ережемен танысып, қол қоюға тиіс.
Жеке іспен танысу, жаңа мәліметтер енгізу немесе жаңа құжаттарды қосу үшін кадрлық қызмет басшысының немесе ұйым басшысының рұқсатын алу керек.
Арнайы өкілетті адамдарға қарағанда өзінің жеке ісіне жұмыскердің еркін және тегін қолжетіміділігі бар.
|
Жеке іспен танысу үшін ол оны алатын қызметкерге жұмыс күнінің соңына дейін қол қойғызып беріледі. Берген кезде бақылау карточкасын толтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |