Жеке істен қандай да бір құжатты алу кадрлық қызмет басшысының немесе ұйым басшысының рұқсатымен ғана болады, бұл ретте ішкі тізімдеменің «Ескертпе» бағанында бұл туралы жазба жасау керек.
Сот, тергеу және бақылау мемлекеттік органдардың жұмыскерлері жеке істің жеке құжаттарын, ал қажет болғанда бүкіл жеке істі алуға құқығы бар.
Жеке істер тиісті ұйғарымды ұсынғанда ұйым басшысының жазбаша рұқсатымен беріледі.
Ұйғарымның күні мен нөмірі, ұйғарымды берген ұйымның ресми атауы, және жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың жұмыскерінің (жұмыскерлерінің) Т. А. Ә. және оның (олардың) қолы жеке істерді есепке алу журналына енгізіледі.
Алынған құжаттың орнына жеке іске істің орнын ауыстыратын карта жүргізіледі. Онда құжат түрінің атауы, оның тақырыбы, тіркеу нөмірі, парақтар саны көрсетіледі. Істің орнын ауыстыратын карта алынған құжатты қайтарғанша жеке істе сақталады.
Кадрлық қызметтің бөлмесінде жұмыс істейтін жұмыскерлердің ғана жеке істері сақталады. Жұмыскер жұмыстан босатылған соң оның жеке ісін жаңа жұмыс орнына ауыстыруы (сұрату бойынша) немесе ұйымның ведомстволық (жеке) мұрағатына сақтауға жіберуі мүмкін.
|
Достарыңызбен бөлісу: |