ЖҰмыстың жалпы сипаттамасы


«Шәкәрім поэзиясындағы рухани құндылықтардың бейнеленуі»



бет3/4
Дата05.11.2016
өлшемі0,72 Mb.
#715
1   2   3   4

«Шәкәрім поэзиясындағы рухани құндылықтардың бейнеленуі» деп аталатын үшінші бөлімде ақын туралы тың деректер ғылыми айналысқа енгізіліп, Шәкәрімнің балаларының тағдыры жайлы соңғы жылдарда табылған мағлұматтар сарапталады.

Сондай-ақ баласы Ахаттың Шәкәрім ақынның мол мұрасын ұрпаққа қалдырудағы сіңірген еңбегі сөз болды. Оның кеңестік жүйе кезінде-ақ Шәкәрім еңбектерін Ұлттық кітапхана және Ұлттық академияның кітапханаларына өз қолымен тапсырғаны анық.

Ақын «Мұтылғанның өмірі» деген шығармасы – қазақ поэзиясының арғы-бергі тарихындағы адамның жас ерекшелігі туралы жырлардың дәстүрлі жалғасы. Мұнда бала жасынан қартайғанға дейінгі өмір белестерін көркем бейнелей білген ол қазақ қоғамының баладан білім емес, билік күткен мінезін де ашық көрсетеді. Болыстықты өз еркімен қаламағанын, оның елдің қалауымен жасалғандығын ашып айтқан ақын сол болыстықтың салған залалын да жасырмайды. Ел ішіндегі берекесіздіктер ақынды бей-жай қалдыра алмайды. Оны ақынның «Жүрекке төгіп қанды ірің», «Ағызды ірің жарадан», «Жарылды жүрек көргенде», «Қан ағызса мұртымнан», т.б. сынды бейнелі тіркестерінен көреміз.

Ақынның «Екінші түні қалғанда» өлеңінің көркемдік ерекшелігі – дәстүрлі эпикалық дәстүрді жалғастыруында. Жеке тағдыры арқау болған толғауда кейіпкер мен қоңыр аттың диалогы арқылы кейіпкердің жай-күйі сипатталады. Бұрын соңды ақын өлеңдерінде кездеспеген бұл сарын дәстүрлі төл әдебиетіміздің ақындық талантпен, жаңа өрнекпен қайта жаңғырған түрі.

Шәкәрімнің ел бірлігін сақтау, халқының білімді, ғылымды болуын аңсаудан туған өлеңдерінде ел бірлігін сақтау жауапкершілігін алға тартады. Билік мақсаты елдің игілігі емес, керісінше оны жаныштау, қорқыту мен тонау екендігін сездіреді. Ақын өлеңдері арқылы осы құбылыстарға қарсылық білдірді. Адам бақыты білімде, еңбекте, арда және отбасы ынтымағында деген идеяны уағыздады.

Екіншіден, ақын қазақ жұртына тән бойкүйездік пен еріншектіктік, қорқақтықтың халық болмысына тигізетін зиянын баса айтты. Сол себепті өзгеріп жатқан дүниеге жаңаша қарауға және дұрыстыққа ілесе алмай, артта қалып қою проблемасы туындауы мүмкін екенін көре білді және одан сақтандырды. Үшіншіден, қазақ халқының діншілдігінің осалдығынан. Жаратушыны тану, ақиқатты және жаңашылдықты білуде, оларды өмірлік принципке айналдыруда қабілетсіздік көрсететін тұстары көп деп көрсетеді. Төртіншіден, кемшіліктердің бірі – руға бөліну, татулықтың аздығы. Бұлар отаншылдыққа, ел сүйгіштікке кері әсерін тигізуде, – деп білді. Бесіншіден, халықты басқарып отырған төбе топтың, халық еңбегін жеп, алдап, сатып отыратындығына қатты қынжылып, мұндай кертартпа құбылыстар қазақ болмысына кері әсерін тигізеді, – деп қорытынды жасайды.

Кезінде Шәкәрімнің қазақ баспасөз беттерінде оның ішінде «Айқап», «Қазақ» газет-журналдарында көптеген мақалалары жарияланып тұрған. «Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын» мақалалары жарияланған.

«Би һәм билік туралы», «Қазақта ай аты жоқ», «Ашық хат», «Семей обылысына қараған барша қазақ ағайындарына ашық хат», «Сын әм сынауды сынау», «Сөз таласы», т.б. еңбектерінде қазақ қоғамының дамуының әлеуметтік-саяси мәселелерін қозғайды. Ақын елді жөндеудің басты  жолы билікті жөндеу деп біледі. Әділетті билік қана ел мүддесін көздейтін бір шараларды жүзеге асырады. Сондықтан билікке шын таза жандардың, білімділердің отырғаны абзал деген ұранды уағыздайды.

Би мен билік жөнінде билеуші мен биліктің ара қатынасын ашып, қазаққа тиімді жолдарын көрсетеді. Қазақ халқының мақсат-мүдделеріне сай келетін биліктің маңыздылығына мән береді. Халықтың көкейкесті мәселелерін шешуге қабілетті, биліктің тиімді жағына назар аударады.

Сондай-ақ сын мәселесі, сын мәдениеті, сынның сауаттылығы жөніндегі ойлары да бүгінгі күні де мағынасын жоймақ емес.

Шәкәрімнің шығармашылығында ерекше ден қоятын тақырыбы – ғылым. Өмірінің соңына дейін оқу мен ізденіске, дүниенің терең тылсымына мән беріп, ой жүгірткен ақын ғылымның маңыздылығына айрықша мән берген.

Сондықтан Шәкәрім ғылым жөнінде адамға ең керегі жан тазалығы, ар тазалығы деп есептейді.

Сондай-ақ осы бөлімде ақынның «Жар», «Жаратушы» ұғымдары талданады. Ен далада Саятқораны тұрақ еткен кезеңіндегі Шәкәрім шығармаларының табиғаты бөлек. Оқшаулану, айнала дүниеден безіп тек Жаратушыдан ғана медет табу – биік рухани дамудың өз ортасымен қайшылығынан, сәйкестік таппай дағдарысқа ұшыруынан туатыны белгілі.

         Шәкәрімнің өзіне  дейінгі бүкіл рухани дәстүрді сіңіре отырып, өзінше бөлек көркемдік әлем жасағандығының куәсі – Жаратушы, Жар ұғымдарын көркем бейнелеу.

Ғаламның небір тылсымдық күштерін, жан мен тән, әлем жайлы ғаламат ойларын адамзат баласына сыр етіп, айтып, жазып кеткен Шәкәрім мұрасының дені Саятқорада жазылғаны белгілі.

Көп үшін тілек тілеу Алладан ізгілік пен махаббат аңсап, ел санасын жақсартатын руахани нұрды, сәулені сұрау Шәкәрім өлеңдерінің  мағыналы да, мазмұнды бөлек бітімін құрайды.  Халқының құрсаулы қамыттан көтеріле алмай жатқан езілген еңсесіне демеу боларлық күшті жаратушыдан тілеу оның толысқан, рухани кемелденген шағындағы тұжырымдарын танытады. Бұл кезеңдегі Шәкәрімнің  өлең өрнегінің бөлектігі мен ой сұлулығы философиялық ұғымдарды суретті де, бейнелі іші мен  сырты жымдасқан туындыларға айналдыра білгендігімен құнды.

Ақынның  «Жарға жетсем болғаны» дейтін ой түйініне үңілсек, жаратушы образын бейнелеудегі асқақ та биік те ізігілікті зор махаббатты сезінесіз. Жаратушыны өз танымы арқылы оқырман жүрегіне жеткізу – Шәкәрім поэзиясының лейтмотиві.  Сонымен қоса, адамның жаратушысына деген ғашықтығы арқылы ізгілікке құштарлық сезімі мен дүние тазалығының шыңы махаббат  екеніне көз жеткізіледі.

Мұндай өлеңдерде қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлері, шығыс әдебиетінің желісі, Құран Кәрімдегі адам сүю, алла сүю сарындары қатарласа үйлесімділік тауып жатыр.

Барлық діндердегі адамгершілік, мораль тақырыбына терең мән бере отырып, барлық  діндердің ортақ құдіреті – «Жаратушы – Құдай» мәселесін биік қояды. Бұл тұрғыда ақын дүниежүзілік жалпы адамзаттың даму тарихын білгенін  көруге болады. Адамның жан-дүниесі, көңіл-күйі, ниет-мақсаты жаратушыны cүюге бағытталса, сонда ғана адам шын ләззаттың, шын махаббаттың шуағына шомылады.

 Шәкәрiм танымындағы «жаратушы», «жар», «хақиқат», «шын» деген сөздер – «Құдай» ұғымын бередi. Оның шығармашылығында осы сөздер жиi қоданылады.

Көрем десең жарымды,

Мас бол, жүрек тазала.

Өртеп жiбер барыңды

Қарсы ұмтыл қазаға [52, 238 б.].

Немесе:

Жарға ғашық болғаныма



Таңданатын түк те жоқ,

Жер жаралмай тұрғанында

Менде асықтың нұры бар, [52, 253 б.].

– деген өлеңнің алғашқы шумағындағы «мас бол, жүрек тазала» деген тiркестегi «мас» сөзi «ойға шому» ұғымын бередi. Шәкәрiмнiң жаратушы жайындағы сырлы ойлары поэзия тiлiмен әдемi сурет болып көркемделген.

Ақын өлеңдерiнде «шын» сөзi жиi қолданылады. Адам бойындағы қасиеттердiң «шынын», «шын таза жан», «шын сүю», «шын сыр» сөздерi арқылы өрнектеп, оны қоғамның жылдамдығымен астастырып, «шын дiн», «шын асық», «шын нұр», «шын хақиқат» деген ұғымдарға ұластырады.

Өзiнiң ерекше жаратылысымен, iшкi көңiл көздерiмен ақын – құдайды танып бiлуге ұмтылған «шын асық», жоғары сезiм иесi. Оның танымындағы «нұр» сөзінің мәнісі тереңде. Өлең сөздеріне әдемілік пен ізгіліктің, жаратушы мен адам арасындағы нәзік байланысты сездіретін «нұр» сөзінің қолданысы ақын шығармашылығының рухани көркем деңгейін ашуда ерекше өң береді. «Нұр» – сөзі Алладан келер мейірімділік, шындық, сұлулық, ізгілік ұғымдарының мәнін жинақтап, көркемдік жүк көтеріп тұр.

Сонымен Шәкәрім шығармашылығындағы адам болмысының Жаратушымен жарасымдылық табуын уағыздаудың мәні: Адам аллаға, ынсап пен еңбекке ұмтылса ғана жөнделмек. Жаратушыны, алланы, тәңiрдi сүю арқылы рухани тазаруға жетуді уағыздау – Шәкәрiм поэзиясының негізгі өзегі. Осыны жеткізудегі ақын қаламынан туған тың сөз суреттері мен ой образдары оның поэтикалық ерекшелігін айқындайды.

Қорытындыда зерттеу жұмысының барысында алынған ғылыми нәтижелер мен тұжырымдар жинақталып түйінделді. Ең басты тұжырым өз дәуірінен озып ой айтқан ақын шығармашылығының поэтикасы сан түрлі көркемдік амал-тәсілдермен бай екендігі сипатталды. Қаламгерлік мақсатының негізгі арқауы – түзу адам тәрбиелеу жолын іздеу. Сыртқы орта болып жатқан түрлі оқиғалар ықпалында емес, адамның ішкі дүниесінде өтетін сапалық өзгерістердің мәнін айқындау арқылы көркемдік әлем жасау – Шәкәрім шығармашылығының негізгі ерекшелігі. Сол арқылы ұлтын, жерін сүйген, жалпы адамзатты сүйген адам тұлғасының дамуына әсер ету үшін өлең сөзді көркемдік қару ету міндетін көздеген. Сондықтан да ақын өлеңнің мәні мен мағынасына, бүкіл көркемдік сапасына аса үлкен талап қойған, өзі де солталап деңгейінен табыла білген.

Шәкәрім мұрасының құндылығы – оның рухани бастау көздерінің күрделілігінде. Ең алдымен ол өзі өсіп өнген қазақ жұртының халықтық мұрасын терең меңгеріп, асылын бойына жинақтаған. Сондықтан да рухани жетілу жолындағы алған өзге әсер ықпалдарының ізгі үрдісін халқының қажетіне жарата алған. Шәкәрім адамның ізгі қасиеттерін дамыту жолдарын айқындап, бұл тұрғыда адамзаттық игі дәстүрлерге сүйенеді. Мысалы, барлық діндердің мәнін дұрыс бағалай отырып, қазақ жұртшылығы үшін мұсылмандық жол құран ілімі дейтін тұжырымды ұстанған. Сол арқылы «Жар», «Жаратушы» ұғымдарын жаңғыртып, оны бүкіл дүние тіршліктің түп негізі етіп көрсетуге дейін көркемдеген. Ақын поэтикасына әсер еткен орыс әдебиетінің игі әсері Пушкин шығармашылығын аударып жалпы адами құндылықтарды бағалаудағы ортақ ойларының үйлесім тапқандығынан көрінеді. Ақынның көлемді эпикалық туындыларындағы тың ізденістер мен өзгеше өрнектер көркемдік амал-тәсілдер ақынның әртүрлі поэзиялық жанрлардағы көркемдік ізденістерін айғақтайды.  Жинақтай келгенде, зерттеу нәтижелері көрсеткендей Шәкәрім поэтикасы – сан-алуан суретке толы, өмір құбылыстарын көркем айшықтаған күрделі сала. Оның сырларына үңіліп, философиялық, психологиялық, тарихи себептерін ашу әлі талайіргелі зерттеулерге негіз болары анық. Біз өз мақстамыз тұрғысынан ғана ой тұжырымдар түйіндедік.




ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бөкейханов Ә. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі (1911 жылы
басылып шыққан кітап жайлы) // Қазақ, 1913. 28 сәуір №12 («Қыр баласы» деп қол қойған).

Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тезистер, публистициалық мақалалар мақалалар және әдеби зерттеулер (Құрастырушылар  Нұрғалиев Р.). – Алматы: Жалын, 1991.– 464 б.

Мұхаметханов Қ. Шәкәрім (өмірі мен творчествосы жайында) // Қазақ әдебиеті, 1988. 15 сәуір.

Әуезов М., Аймауытов Ж. Абайдан соңғы ақындар // Абай, 1993. №5. Б. 45-52.

Базарбаев М. Көрікті ойдан – көркем сөз. Алматы: Рауан, 1994. – 367 б.

Орда Г. М.Базарбаев мұрағатындағы Шәкәрім туралы құжаттар // «Орталық Азия аймағы: өткені мен бүгіні» Халықаралық ғылыми симпозиумның материалдары» Ақ Орда», М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ. – Алматы: Нұр, 2006. – Б. 366-371.

Орда Г. Шәкәрімтанудың негізін салушы // Шәкәрім әлемі, 2006.  №3. Б. 49-53.

Күмісбаев Ө. Шәкәрім, Мағжан және Мүсілім Базарбаев // Президент және халық. – 2007. 18-мамыр.

Дуисенбаев Ы. Худайбердиев Шакарим. В кн.: Краткая литературная энциклопедия. – Москва, 1975.

 Магауин М. Кудайбердиев Шакарим. В кн.: Поэты Казахстана. Серия Библиотека поэта. – Москва: Советский писатель. Отд. Ленинград. – 1978.

Мұхаметханов Қ. Ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы // Семей таңы. – 1988. 15-16 сәуір.

Шәкәрім шығармалары // Семей таңы. – 1989. 21 ақпан.

Құдай деген сөзден сақтасын // Қазақ әдебиеті. – 1989. 17 наурыз Б. 10-11.

Шәкәрім (Өмірі мен творчествосы жайында) // Қазақ әдебиеті. – 1988. 15 сәуір.

Шәкәрім шежіресі // Қазақ әдебиеті. – 1989. 14 шілде Б. 10-11.

Елеукенов Ш. Қайтып оралған қазына. Шәкәрім ақынның өмірі мен творчествосы жайында» // Социалистік Қазақстан. – 1988. 14 сәуір.

Базарбаев М. Новая встреча с поэтом // Казахстанская правда. – 1988 27 июля.

Сәтбаева Ш. Бұрын зерттелмеген еңбек // Қазақ ССР ҒА. Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. – 1988. –  №3. – Б. 3-20.

Сәтбаева Ш. Достық жаршысы (Шәкәрім Құдаайбердиевтің туғанына 130 жыл) // Социалистік Қазақстан. – 1988. 29 шілде.

Мағауин М. Шәкәрімнің ақындық желі // Лениншіл жас. – 1988. 15 сәуір.

Мағауин М. Шәкәрім Құдайбердиев поэзиясының Семей облысында өтетін күніне орай // Қазақ әдебиеті. – 1988. 15 шілде.

Мағауин М. Ғаділетті жүрегі бір қозғалған (Ш Құдайбердиевтің туғанына 130 жыл) // Білім мен еңбек. – 1988. №7.

Мағауин М. Абайдың ақын інісі // Жұлдыз. – 1988 №8. 178 б.

Мағауин М. Шәкәрімнің шеберлігі // Жұлдыз. – 1988. №10. – Б. 178-185.

Тәжібаев Ә.,  Сәтбаева Ш. Шәкәрім Құдайбердиев // Кітапта Құдайбердиев Шәкәрім.  Шығармалары Өлеңдер, дастандар, қара сөздер. Алматы: Жазушы. –  1988. – Б. 5-24.

Мырзахметов М. Ақын тойы (Ш Құдайбердиевтің Семей облысындағы күндері) // Қазақ әдебиеті. – 1988. 5 тамыз 13 б.

Нұрғалиев Р. Шәкәрім Құдайбердиев Ақын, тарихшы, философ, композитор // Арай. – 1989. №6. – Б. 16-18.

Нұрғалиев Р. Возвращение поэта // Заря. – 1988. №8.



Базарбаев М. Шәкәрім ақын // Жұлдыз. – 1989. №12. –Б. 192-197.

Елеукенов Ш. Жаңа жолдан. – Алматы: жазушы. – 1989. – 319 б.

Бердібаев Р. Шежірелі Шыңғыстау (Шәкәрімнің тойынан соң) // Лениншіл жас. –  1988. 23 тамыз.

Бердібаев Р. Елеулі рухани олжа // Қазақстан мұғалімі. – 1988. 12 тамыз.

Сүйіншалиев Х. Ақынның оралуы // Орал өңірі. – 1988. 23 тамыз.

Жұртбаев Т. Ақ бостандық туғызған азаматтар (Шәкәрімнің «Әділ мен Марияның бір жылдық өмірі» атты прозалық шығармасы жайында) // Жұлдыз. – 1988. №11, Б.110-111.

Жұртбаев Т. Шырмалған шындық немесе бір тергеудің тарихы. Кітапта Бес арыс (Естеліктер, эсселер және зерттеу мақалалары). Кұрастырғандар Әшімханов Д. Алматы: Жалын, 1992. – Б. 128-176.

Кумисбаев У. О дастане «Лейла-Меджнун» Шакарима Кұдайбердиева. В книге Казахская и персидско-арабские литературные связи Алма –Ата: Наука 1989, 136 с.

Қыраубаева А. Мен сорлы жоққа ғашық болып өттім (Шәкәрімнің Ләйлі – Мәжнүн дастаны) // Кітапта Қазақ әдебиеті тарихының өзекті мәселелері (Ғылыми мақалалар жинағы). Алматы. – 1993. – Б. 33-39.

Есім Ғ. Хакім Абай (Даналық дүниетанымы). – Алматы: Қазақстан. – 1994 жыл 198 б.

Есім Ғ. Мұтылған философиясы // Кітапта Сана болмысы (Саясат пен мәдениет туралы ойлар). – Алматы: Ғалым. – 1996. – Б. 114-120.

Есім Ғ. Заман өткен сайын адамның адамшылығы түзеліп бара ма, бұзылып бара жатыр ма? Шәкәрімнің сауалына жауап // Абай. –  1994. №4.

Есім Ғ. Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын // Абай. – 1998 №2. – Б. 9-14

Әбдіғазиев Б. Шәкәрім Құдайбердиев. Творчестволық өмірбаяны (методикалық нұсқау). – Алматы: Қазақ университеті 1989.

Әбдіғазиев Б. Шәкәрім дастандарының дәстүрлі арналары (ақын поэзиясы туралы) // Қазақ ССР ҒА. Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. – 1990, №3. – Б. 41-47.

Әбдіғазиев Б. Асыл арна. – Алматы: Қазақ университеті. – 1992.

Әбдіғазиев Б. Шәкәрім ақын // Түркі дүниесі. – 1995, №106. – Б. 38-39.

Әбдіғазиев Б. Шәкәрім шығармаларының дәстүрлік және көркемдік негіздері. – Алматы: Кенже пресс, 2000. –  216 б.

Әбдіғазиев Б. Шәкәрім шығармаларының дәстүрлік және көркемдік негіздері. Филология ғылымының доктор ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы, 2001.

Тілеуханова А. Шәкәрім шығармаларындағы шеберлік таным бірлігі. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. – Алматы, 1995. – 28 б.

 Айтпаева А. Шәкәрім Құдайбердіұлының діни-этикалық көзқарасы. Философия ғылымының кандидат ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. – Алматы, 1996.

 Әбдірасылова Г. Шәкәрім Құдайбердіұлы адам мәселесі. Философия ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. – Алматы, 1997.

 Аюпова Г. Этические наследия Ш. Кудайбердиева в свете казахских литературных связей и традиций. Дисс. на соиск. учен. степ. кандидата филологических наук. – Алматы. – 1997. – С. 25.

 Құдайбердіұлы Ш. Иманым. – Алматы: Арыс. – 2000. – 92 б.

 Шәкәрім Құдайбердиев. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, қара сөздер. Құраст. М.Жармұхамедов, С. Дәуітов, [А.Құдайбердиев]. – Алматы: Жазушы, 1988. – 559 б.

 Сыдықов Е. Мәдени-тарихи мұра – ұлттық игілігіміз // Абай, 2003. №4. – Б. 11-20.

 Құнанбаев А. Шығармаларының екі томдық жинағы. 1 том. – Алматы: Жазушы, 1995. – 278 б.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі
Монографиялар

Шәкәрімнің сырлы сөзі. – Алматы: Арыс. – 2004. – 144. б.

2. Шәкәрімнің сөз әлемі. – Алматы: Інжу маржан. – 2007. – 238 б.

Оқу құралы

Шәкәрімтану. Арнаулы курс. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік унивситеті. – Семей, 2007. – 80 б.



Мақалалар

Шәкәрім ғылым туралы // «Оқыту технологияларының трансфері: қоғамдық ғылымдарға арналған өзара шартты байланыс». Халықаралық ғылыми-практикалық семинардың материалдары. – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті. – Семей, 2001 – Б. 166-170.

Абай мен Шәкәрім поэзиясындағы таным сабақтастығы // «Қазақстан мемлекеттік тәуілсіздік жолында: тарих және заман» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Шәкәрім атындағы Семей мем. уневирситеті. 1 бөлім. – Семей, 2001 – Б. 399-403.

Түзетпек едім адамды // Жұлдыз. – 2003, №7. – Б.190-192.

Шәкәрім және Абай: дүниетаным ортақтастығы // Қазіргі әдебиеттану мен фольклористиканың теориялық және методологиялық мәселелері. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. – Алматы, 2003. –  Б. 210.

Мағжан үні // Ақиқат. 2003, №9. – Б. 44-47.

Шәкәрімнің адамгершілік үлгісі // Ақиқат. – 2004, №1. – Б. 75-77.

Шәкәрім шығармашылығындағы поэма жанры // «Қазіргі әдебиеттану мен фольклористиканың теориялық және методологиядық мәселері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Әл -Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. – Алматы, 2004. – Б. 194-200.

«Шын залымға берме ғылым...» // Ақиқат. 2004, №6. – Б. 65-67.

 «Қазақтың мінін қазғанмын...» // Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті хабаршысы. Филология сериясы. 2004. №9. – Б. 140-142.

 Шәкәрім поэзиясының рухани тіректері // Ұлт тағылымы. – 2004. №3. – Б. 173-177.

 «Арыңның болсын өлең айнасындай...» // Абай. – 2004. №3. – Б. 54-56.

 Шәкәрімнің поэма жазу үлгісі // Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. – Алматы, 2004.

 Алаштың ардагері батыр Баян… //  Қазақ әдебиеті, 2004. 2 сәуір.

 Шәкәрімнің поэтикасының ерекшеліктері // Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. – Алматы, 2004. – Б. 24-30.

 Шәкәрімнің поэтикалық бастаулары // Әдебиет және өнер мәселелері. 7-ші шығарылым. Әдебиет және өнер институты - Алматы, 2004. – Б. 24-30.

 Ғашықтық әулиесі // Б.Кенжебаев және қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы, 2004. – Б. 198-203.

«Мұтылғанның өмірі» туралы // Әдебиет және өнер мәселелері. 7-ші шығарылымы. – Алматы, 2005. – Б. 97-101.

 Хақиқат жар нұрына қанса біреу // Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Хабаршысы. – Алматы, 2004.

 Шәкәрім аудармалары // Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Хабаршысы. 2005. №1. – Б. 62-65.

 Батыр Баян // Жалын. – 2005, №11. – Б. 44-47.

 Жалыналық, Абайға жүр баралық! Шәкәрім поэзиясындағы Абай бейнесі // Жалын. 2005. №3. – Б. 42-44.

 Адамзат – бүгін адам, ертең топырақ // Жалын. – 2006. №3. – Б.35-37.

 «Айнымайтын ақ жүрек» // Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің хабаршысы. – Семей, 2005. №4 – Б. 110-115. 

 «Мен боламын демеңдер...» // Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын зерттеудің өзекті мәселелері атты республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті. – Семей, 2006. – Б. 88-92.

 Рухани өрлеу жолында // Шәкәрім әлемі. – 2006, №1. – Б. 136-139.

 Шәкәрім және Пушкин шығармашылығындағы үндестік // Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы. – Шәкәрім атындағы Семей мемлекетік университеті. – Семей, 2006. – Б. 56-61.

 Шәкәрім поэзиясындағы Қорқыт сарыны // Абай. 2006. №1. – Б. – 66-70. ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

 Шәкәрім әлемі // Шәкәрім оқулары. – 2006, №4. – Б.72-78.

 Көңіл көзін ашыңыз // «Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын зертеудің өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті. – Семей, 2006. – Б. 166-169.

 Шәкәрім поэзиясындағы рухани құндылықтардың көркемдік бейнелеуі // «XXI ғасыр және Шәкәрімнің рухани мұрасы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті. – Семей, 2006. – Б. 166-169.

 Шәкәрім поэтикасы // «XXI ғасыр және Шәкәрімнің рухани мұрасы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті. – Семей, 2007. – Б. 346-353.

 Шәкәрім және Пушкин: рухани үндестік // Жалын. – 2007, №2. – Б. 26-28.

 Шәкәрімнің шеберлігі // Абай. – 2007, №3. – Б. 85-90.

 Зият Шәкәрімұлы туралы // Академик Серік Қирабаев және ХХ ғасырдағы әдебиеттану ғылымы. Алматыдағы «Академик Серік Қирабаев және ХХ ғасырдағы әдебиеттану ғылымы» атты халықаралық ғылыми-теориялық және Астанада өткен «Академик С.С.Қирабаев және отандық әдебиеттану мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференциялардың материалдары, зерттеулер, мақалалар. – Алматы: Unique Service. – 2007. – Б. 286-292.

 Абай тағылымы Шәкәрім поэзиясында // «Абай дәстүрі және қазіргі қазақ әдебиеті» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы: М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының компьютерлік баспа орталығы. – 2007. – Б. 138-149.



РЕЗЮМЕ

 на автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора       филологических наук по специальности 10.01.02 – Казахская литература  



Изтулеуова Салтанат Далбаевна
Поэтика Шакарима
    Диссертационное исследование посвящается поэтике творчества Шакарима Кударбейдиева. Являясь выдающимся представителем поэтической школы Абая Кунанбаева он сумел поднять казахское поэтическое творчество на более высокий уровень.   

    Актуальность темы заключается в том, что в ней раскрываются особенности, неповторимые черты и собственное лицо поэтики Шакарима. В его стихах и поэмах синтезированы красота слов, глубина душевного волнения и философское мировосприятие. Современный читатель находит в его духовном и творческом наследии ответы на многие наболевшие вопросы социальной реальности. Устремленность поэта к  «исправлении

 на передний план философские категории нравственности, идеи человеколюбия, справедливости и честности. Проблемы религии и Бога занимают особое место в творчестве поэта. Решения многих нравственных проблем Шакарим связывает с любовью к Богу, Жаратушы, Создателю. Идея Бога, сближение к высоким идеалом боголюбие явлеются лейтмотивом в поэтике Шакарима.

    Диссертация состоит из введения, трех глав, заключения и списка литературы.  

    В первой главе «Новаторство поэзий Шакарима» анализируется  новаторство и новизна поэзии Шакарима. Раскрываются особенностей поэтики Шакарима, вклад поэта в развитие казахской поэзии, поэтические особенности его стихов, поэм и прозаических произведений. Красота его слов и стихов связаны с глубокими размышлениями о сути бога, человека и бытия. Шакарим вносит огромную лепту в создание философствующей поэзии. Смысловую сердцевину диссертации составляют проблемы анализа творчества Шакарима.

    Вторая глава «Поэтический мир Шакарима» посвящена творческому миру поэта. Стихи, поэмы, назидания поэта создали собственное направление и своеобразный стиль в казахской поэзии. В исследовании показывается поэтическое мастерство, литературная красота, глубина творческого философского мышления поэта. Во многих произведениях поэта эти качества составляют единое целое. Поэтическая особенность Шакарима в гармоничном сочетании образцов и школ Востока и Запада с традиционной школой казахской поэзии.      

    Идейное содержание и поэтические узоры поэзии Шакарима стремятся отвечать высоким требованиям поэтической школы Абая. Мировоззрения и цели Шакарима является логическим продолжением поэзии Абая. При этом казахское поэтическое искусство обогащается новыми решениями, словосочетаниями и песенными узорами. Многогранность и красота казахской поэзии раскрываются в творчестве Шакарима во всей ее полноте.

    В третьей главе «Духовные ценности в поэзий Шакарима» диссертант раскрывает роль духовных ценностей в поэзии Шакарима. Поэт мыслитель по своему решает проблему взаимоотношений человека-общества - Бога, Создателя. Они изображаются, поэтически преподносятся путем использования новых понятий, новой системы мышления, терминов, литературных оборотов и приемов. По своему решая проблему жизни и  смерти, души и тела, знания и нравственности Шакарим доказывает, что создается новая философско-религиозная и социально- нравственная поэзия. Она глубокая по содержанию. В ней много символов, категорий, и таинства целей и помыслов.

Шакарим очень много пишет о роли «любви»  в жизни личности. Высшим мерилом любви и бескорыстия  для праведного человека, настоящего человека (шын адам) является любовь к Создателю (Жаратушы). Искренняя любовь человека является той нравственно-духовной силой облагораживающая не только личность, но общество и нацию.

    Приоритетной темой в поэтике Шакарима является тема человека, личности. Доброта и сопричастность, устремленность к действиям и благодатному знанию, к творческим поступком создается по мнению поэта на основе привития категорий «ар», «ақыл», «ақ ниет», «ынсап», «рақым», «қанағат», «еңбек», «ақ жүрек». Именно эти черти способствуют формированию «правильного человека», «полноценного человека». Важнейшая общепланетарная проблема социализации личности решается Шакаримом силой красоты казахской поэтики. Поэт добивается глубокого психологизма в изображении взаимоотношений природы и человека.

    Устремляясь к Богу, знанию и труду человек становится носителем нравственности и гуманизма. Глубинные проблемы миропонимания и мировосприятия Шакарим решает путем использования разнообразных поэтических форм и приемов.

    В заключении подведены итоги и сделаны выводы по исследуемой проблеме. С позиции современного литературоведения рассмотрены основные особенности поэтики Шакарима.

    Результаты данного исследования могут быть использованы в вузовских курсах по казахской литературе, в научных исследованиях о поэтике.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет