Ж¦мыстыњ жалпы сипаттамасы


Сөз субъектісінің мәртебесі



бет12/42
Дата06.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#33493
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
Сөз субъектісінің мәртебесі қарым-қатынас мақсатына, адресаттың кім екендігіне қарай, қарым-қатынас жағдайына қарай өзгеріп отырады [8, 98-100]. Автордың қайсыбір құбылысты (затты, уақиғаны т.б.) өзіндік көзбен көруі, оған баға беруі, оған қатысуы, қысқасы, өзін көрсетуі адресатқа ықпал етудің бір тетігі. Ал автордың “өзіндік беті” болмаса, мәтін “иесіз” қалып, ажары солғындай түседі. Сөздің бұлайша “иесізденуі” адресаттың қызығушылығын бәсеңдетеді. Керісінше, адресанттың өз пікірін көрсетуі, оның жеке тұлға ретіндегі сапасының шынайылығын таныта түседі. Ал мұның өзі сөз актісі теориясындағы кооперация принципі бойынша адресатты өзімен ынтымақтаса түсуіне әсер етеді.
Автор өзінің айтпақ ой-сезімінің адресатқа мүмкіндігінше толық жеткізу мақсатын көздейді. Реципиент мәтінді толық түсінуі үшін, автордың реципиент білімінің деңгейімен санасуына тура келеді. Реципиентте коммуникативтік акті шеңберіне сай білім мөлшері, көлемі жеткілікті болуға тиіс. Оған реципиенттің тезаурус көлемі, вербалді ойлау аппараты, белгілі бір ақиқат туралы қажетті білімнің мазмұны кіреді.
Адресаттың іс-әрекеті белсінділік таныту, ден қою, назар аудару, қабылдау фреймдерін қалыптастыру болып табылады. Адресат “түсіну стратегиясын” басшылыққа алады. Түсіну стратегиясы, бірінен кейін бірі ретімен айтылған таңбалар тізбектерінің қандай мағынада екенін түсінуден басталып, сөйлеушінің нені айтпақ болғанын ұғынумен, ой елегінен өткізумен аяқталады. Сөзді мұқият ұйып тыңдаушының “образын” жасау – сөздің ойдағыдай өрбуіне ықпал ететін негізгі шарттардың бірі.
Мәтінді тек автор туғызбайды, мәтін автормен адресаттың тілдік ойлауының өзара әрекеті. Мәтін – коммуникацияның нәтижесі, әрі коммуникациялық бірлік. Н.Д. Арутюнова адресат факторын есепке алу, сөз актісінің тиімді болуының шарты деп көрсетеді. Мәтін мен оқырман арасындағы диалог, яғни мәтін тасасында тұрған автормен диалог, олардың ақиқат өмір туралы, айнала қоршаған әлеуметтік ақиқат туралы, олардың санасындағы әлеуметтік психологиялық стереотиптердің түйісуі шарт. Ал бұл түйісу стереотиптер жүйесі ортақ болғанда ғана жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет