Ж¦мыстыњ жалпы сипаттамасы


Зерттеудің мақсаты мен міндеттері



бет3/42
Дата06.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#33493
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты қазақ сөз мәдениетін теориялық пән ретінде тілдік қана емес, коммуникативтік-прагматикалық, когнитивтік және лингвомәдениеттік, этикалық, лингвоэкологиялық тұрғыдан қарастырудың концептуалдық негіздерін айқындау, сондай-ақ сөздің коммуникативтік сапаларын объективті түрде анықтаудың және тілдік нормаларды кодификациялаудың теориялық негіздерін іздестіру;
Жоғарыда айтылған мақсаттар мынадай м і н д е т т е р д і орындау арқылы жүзеге асыруға болады:
- сөз мәдениеті пәнінің зерттеу объектісін, қарастыратын мәселелерін дәлдеу, анықтау, нақтылау; “сөз мәдениеті” деген ұғымға анықтама беру; оның негізгі аспектілерін көрсету; сөз мәдениетінің дербес пән ретінде, қазақ тіл білімінің теориялық саласы ретінде қалыптасуының алғышарттарын көрсету;
- әдеби тіл және оның нормалары жөнінде теориялық мәселелерге тоқталу; нормалардың түр-түрін көрсетіп, сипаттама жасау; тілдік норманы кодификациялаудың негіздерін айқындау;
- тілдік норманы тілдік жүйе және дағды (узус) құбылыстарымен байланысты қарау; олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау;
- сөздің функционалдық типтеріне және оларға тән нормаларға тоқталып, әрқайсының айырым белгілерін анықтау; функционалдық стильдердің жанрлары мен оларға тән нормалардың тұрақты тілдік-стильдік амал-тәсілдерін көрсету;
- сөздің коммуникативтік сапасын анықтауда тілдік емес құрылымдарға арнайы тоқтала отырып, тілдік және тілдік емес мәнділіктерді өзара байланыста қарау, оларды коммуникативтік біртұтас құрылым ретінде тексеру; сөздің коммуникативтік сапалары жөнінде ұғымдарға тоқталып, жақсы, бедерлі, дәл, қисынды т.б. деп бағаланатын сөздің ортақ белгілерін айқындау;
- сөздің ауызша формаларына тән ерекшеліктеріне, тілдік және оны жазба сөзден өзгешелендіріп тұратын тілдік емес мәнділіктеріне тоқталу; шаршысөз түрлеріне тоқталып, сөз бедерлеу құралдарына, әсер ету тәсілдеріне талдау жасау; пікірталастың тілдік, тілдік емес құралдарына талдау жасау;
- коммуникацияның аса маңызды құрылымдық компонентерінің бірі ретінде этикеттік таңбалардың қызметі мен өзіне тән нормаларын, қарым-қатынас мәдениетіне тигізетін әсерін көрсету.
- тілдік жүйедегі норма және узустың арақатысын айқындауда ерекше мәні бар, жүйе негізінде қалыптасқан норманы узус негізінде қалыптасқан нормадан саралап ажырату; жүйе негізінде қалыптасқан норманың кодификациялау кезіндегі артықшылығын көрсету;
- тілдің даму үрдісіне сәйкес өзгерістерді айқындау және варианттарды кодификациялау;
- қолданыла келе дәстүрлі нормаға айналған, сөз жұмсауда ешбір қиындық келтірмейтін нормаларды қайта кодификациялауға жол бермеудің мәнін түсіндіру.

Каталог: userdata -> uploads -> u21
u21 -> Абайтанушы Қайым Мұхаметханұлы
u21 -> Әлия Молдағұлова
u21 -> Ән жанрлары мен мектептері
u21 -> Әуенімен әйгілі әбілқайыр әулеті
u21 -> КӨкбай жанатайұлы (1861-1925)
u21 -> Өтен айгүл жақсылықҚызы кенен Әзірбаевтың әдеби шығармашылығы
u21 -> Балалардың сүйікті жыршысы (М.Әлімбаевтың шығармашылығына арналған әдістемелік құрал)
u21 -> Ахмет Жұбанов Ахмет Қуанұлы Жұбанов
u21 -> 1. Eр Төстік жер бетіне шыққан соң күресетін жауыздың иесін белгілеңіз
u21 -> Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы (1845-1904) Абай Құнанбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет