Жұмыстың өзектілігі: Жазушы Тахауи Ахановтың «Боран» романының тілдік қолданысын зеріктеу. Жазушы шығармасындағы көркемдік құралдардың қолданылуын айқындау. Жұмыстың нысаны



бет48/76
Дата08.02.2022
өлшемі120,19 Kb.
#130876
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76
Байланысты:
Боран романы

Экспрессивті сөздер бір нәрсені жай атап қоймайды,сонымен бірге сезімге айқын әсер етеді.Экспрессивті сөздер стиль біткеннің бәріне бірдей қолданылмайды.Бұлар негізінен көркем әдебиетте көркем образ жасау үшін жұмсалады.
Эмоционалды сөздер де экспрессивті сөздердің бір түрі.Бұлардың арасына шек қойып ажырату кейде қиынға түседі.Эмоционалды сөздер адамның бір нәрсеге қатысын көрсетеді.Эмоция бар жерде экспрессивтік те болады.Эмоционалды сөздер білдіретін өздеріне тән ұғымның үстіне адамның көңіл-күй,көзқарасын,жақсылы-жаманды қарым-қатынасын білдіреді. Қосымша реңктер жамайды.
Ғ.Қалиев пен Ә.Болғанбаев «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» атты еңбегінде былай дейді: «Сөздер зат,құбылысты,олардың белгі-қасиетін,болмаса іс-әрекетін ғана атап білдіріп қоймайды,сонымен бірге адамның сезіміне әсер ететіндей стильдік мәнге ие болады.Адамның сезіміне әсер ететін сөздер тобы экспрессивті-эмоционалды лексика деп аталады.Сөздің экспрессивті сипаты оның бейнелі,мәнерлі айтылуынан,ал эмоционалдығы оған қоса адамның бір затқа,құбылысқа өзіндік көзқарасын,көңіл-күйін,сезімін білдіруінен көрінеді.Сөздің бейнелі,мәнерлі айтылуы мен сезімге әсер ету қасиеті бір-бірімен тығыз байланысты.Эмоция бар жерде экспрессивтілік болады.Ол эмоционалдық бояуы бар сөздер арқылы білдіріледі. Әсіресе сүйіспеншілік, масаттанушылық, есіркеушілік, еркелік, таңырқаушылық, жағымпаздық, қошаметшілік, өшпенділік,ү рейлену, сес көрсету сияқты адамның жағымды-жағымсыз қасиеттерін білдіруде жиі кездеседі.Экспрессивті-эмоционалды сөздер барлық стильде бірдей қолданыла бермейді,олар негізінен сөйлеу тілі мен көркем әдебиетке тән.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет