Алақанына салды - Әлпештеп өсірді[ҚТФС, 31 бет].
Қасеке, сіздің ауданыңызда бір күлкілі, қызық факты жоқ па, қол ұшын беріп жіберіңізші көкетай (“Боран”, 91 бет).
Қол ұшын беру – Қолғабыс етті, көмек көрсетті[ҚТФС, 346 бет].
Ел аралағанда малшылармен, диқандармен тез тіл табыса қояды (“Боран”, 91 бет).
Тіл табысты – ұғысты, түсіністі[ҚТФС, 534 бет].
Қасболат әртүрлі жағдайларды басынан өткерсе де, мұндай нағыз қиын талқыға әлі түсіп көрген жоқ еді (“Боран”, 99 бет).
Басынан өткізді – Өз өмірінде болып өтті [ҚТФС, 102 бет].
Қасболат мазасыз ойдан серпілгісі келіп, еңсесін көтеріп сыртқа көз тастады(“Боран”, 99 бет).
Көз тастады – Қарады[ҚТФС, 258 бет].
Жаңыл тіл қатса жаманат хабар еститіндей түршігіп ішке кіріп кетті (“Боран”, 99 бет).
Тіл қатса – Бірдене деді, сөйледі[ҚТФС, 534 бет].
Дастарқанға шай келгенше ешкім тіс жарыптіл қатпады(“Боран”, 99 бет).
Достарыңызбен бөлісу: |