Тағаты таусылды - саябырсыздық, дегбірсіздік туралы айтады [ҚТФС, 268 бет].
Қоспан екі рет қана саябырда көз шырымын алды (“Боран”, 110 бет).
Көз шырымын алды – Аздап мызғып алды[ҚТФС, 142 бет].
Т. Ахтанов ‟Боран” шығармасы тіліндегі қолданыс тапқан фразеологизмдер бір жағынан тіл көркемдігінің құралы болса, екіншіден, ой көркемдігінің сипаты. Т. Ахтанов “Боран” шығармасының тілін талдау барысында 55 фразеологизм сөз терілді. Ғалым І.Кеңесбаевтың ‟Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігін” пайдалана отырып әрбір фразеологизм сөздердің мағынасы ашылып, стильдік қабаттарға бөлінді.
1.4 Экспрессивті – эмоционалды сөздердің қолданысы
Зерттеуші ғалым Ә.Болғанбаев бейнелі сөздерге мынадай анықтама береді: «Тіліміздегі сөздер табиғатына қарай алуан түрлі болады.Белгілі бір сөздің тобы нені болса да жай атаса,екінші біреулерінің сондай қызметінің үстіне сан алуан стильдік мәні мен бейнелі мағынасы болады.Сөйтіп адамның сезіміне әсер етіп,еркін билейді.Осындай сезімге түрлі-түрлі әсер ететін сөздердің тобын бейнелі сөздер немесе эмоционалды-экспрессивті сөздер деп атайды [10,84-85 бет].
Ә.Болғанбаев бейнелі сөздерді екі топқа бөледі.Олар:экспрессивті және эмоционалды сөздер.
Достарыңызбен бөлісу: |