Жұмыстың өзектілігі


Пайызға берілген мәтіндік есептерді шығарып үйретуде көңіл бөлінетін жайттар



бет12/14
Дата19.01.2022
өлшемі251,96 Kb.
#129502
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
mtndk-esepterd-mazmny-zhne-ony-sheshu-zholdary

2.2 Пайызға берілген мәтіндік есептерді шығарып үйретуде көңіл бөлінетін жайттар
Мысалдар қарастырайық.

1-мысал: 14 т капустаны дүкенге әкелді. Барлық капустаның 30%-і сатылды. Дүкенде қанша капуста қалды?

Шешуі: Капустаның қалған бөлігі 100%-30%=70%-ін құрайды.

Әкелгені: 14 т - 100%

Қалғаны: х т - 70%

Пропорция құрамыз:

Демек, дүкенде 9,8 т капуста қалған.

Жауабы: 9,8 т.

2-мысал: Мектепте 360 қыздар оқиды. Егер жігіттер барлық оқушылардың 52%-ін құраса, онда мектепте барлығы қанша оқушы оқиды?

Шешуі: Қыздар барлық оқушылардың 100%-52%=48%-ін құрады.

Қыздар: 360 - 48%

Барлық оқушылар: х адам - 100%

Пропорция құрамыз:

Демек, мектепте 750 оқушы оқиды.

Жауабы: 750 оқушы.

3-мысал: Ұшақ Алматыдан Ганноверге ұшып келгенде өзінің ұшар алдындағы салмағының 8%-ін жоғалтады. Егер ұшақтың Ганновердегі салмағы 11040 кг болса, онда ұшар алдындағы салмағы қандай болған?

Шешуі: Ұшар алдындағы салмағы: х кг - 100%

Ұшып келгендегі салмағы: 11040 кг - 92%

Пропорция құрамыз: (кг)

Демек, ұшақтың ұшар алдындағы салмағы 12 т болған.

Жауабы: 12 т.

4-мысал: Товар 1386 мың теңгеге сатылғанда 10% пайда алынды. Товардың өзіндік құнын анықтаңдар.

Шешуі: Сатылғаны: 1386 мың теңге - 110%

Өзіндік құны: х мың теңге - 100%

Пропорция құрамыз:

Демек, товардың өзіндік құны 1260 мың теңге болған.

Жауабы: 1260 мың теңге.

5-мысал: Жаңа жыл алдында дүкендегі тауарлар 25%-ке арзандады. Арзандағанға дейін 1980 теңге тұратын пүліш матасы қанша теңгеге арзандады?

Шешуі: Алғашқы бағасы: 1980 теңге - 100%

Арзандаған бағасы: х теңге - 25%

Пропорция құрамыз:

Демек, пүліш матасы 495 теңгеге арзандаған.

Жауабы: 495 теңге.

6-мысал: 40 саны өзінің квадратының қанша процентін құрайды?

Шешуі: Сан: 40- х%

Санның квадраты: 1600- 100%

Пропорция құрамыз:

Демек, 40 саны өзінің квадратының 2,5%-ін құрайды.

Жауабы: 2,5%

7-мысал: Жыл ортасында 1 кг май 80 теңге болатын, бір жыл өткенде ол 360 теңге болды. Май қанша процентке қымбаттады?

Шешуі: Алғашқы бағасы: 80 теңге - 100%

Май қымбаттады: 280 теңге - х%

Пропорция құрамыз:

Демек, май 350%-ке қымбаттаған.

Жауабы: 350 %.

8-мысал: Жүзім кептірілген кезде өзінің массасының 65 %-ін жоғалтады. 40 кг таза жүзімнен қанша кг кептірілген жүзім мейіз алуға болады?

Шешуі: Жаңа жүзім: 40 кг - 100%

Жүзім: х кг - 35%

Пропорция құрамыз:

Демек, 40 кг таза жүзімнен 14 кг мейіз алуға болады.

Жауабы: 14 кг.

9-мысал: Массалары 80 г және 120 г болатын екі тұз ерітіндісі бар. Бірінші ерітіндіде 12 г тұз, ал ерітіндісінде – 15 г тұз бар. Осы екі ерітіндіні араластырғанда шығатын қоспаның концентрациясын анықтаңдар.

Шешуі: Ерітінді: 200 г. - 100%

Тұз: 27 г. - х%

Пропорция құрамыз:

Демек, қоспаның құрамында 13,5% тұз бар.

Жауабы: 13,5% тұз

10-мысал: Сыныптағы ұлдар қыздардың 25%-ін құрайды. Сыныптағы ұлдар барлық оқушылардың неше процентін құрайды?

Шешуі:

1,25а - 100%

0,25а - х%

Пропорция құрамыз:

Демек, сыныптағы ұлдар барлық оқушылардың 20%-ін құрайды.

Жауабы: 20%.

11-мысал: Математикадан олимпиада орындаған қыздардың саны ұлдардың санының 80%-ін құрайды. Олимпиада орындаған ұлдардың саны қыздардың санының қанша процентін құрайды?

Шешуі: Ұлдар: а адам

Қыздар: 0,8 а адам

0,8а - 100%

а - х%

Пропорция құрамыз:

Демек, олимпиадаға қатысқан ұлдар қыздардың санының 125%-ін құрайды.

Жауабы: 125 %




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет