Жұмыстың өзектілігі



бет13/14
Дата19.01.2022
өлшемі251,96 Kb.
#129502
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
mtndk-esepterd-mazmny-zhne-ony-sheshu-zholdary

Қорытынды
Қорыта келгенде, мектеп пәндерін, соның ішінде математиканы оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағыттап оқыту - адам ақыл-есінің жетілуіне, оның ойлауының дамуына шешуші үлес қосады. Психологиялық, педагогикалық, әдістемелік зерттеулерде оқушылардың ойлауын дамыту проблемаларын шешу жолы, соның ішінде экономикалық ойлау оқытудың негізгі әдісі ретіндегі есептерді шешумен, оқушылардың жаңа білім алу әдісімен байланыстырылады. Есептер ішінде пайызға берілген қолданбалы есептерге ерекше көңіл бөлінеді. Математиканы оқыту үдерісінде пайыздық мазмұнды есептер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту проблемасын теориялық жағынан төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік туды:

Мектепте математиканы оқыту үдерісінде пайыздық мазмұнды есептер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың қажеттілігі негізделді.

Мектепте математиканы оқытудың негізгі оқу әдістемелік құралдарын талдау оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту үшін арнайы әдістемелік ұсыныстар қажет екендігін көрсетті. Сонымен қатар бұл бағытта мұғалімдердің әдістемелік жұмысын жетілдіру қажеттігі айқындалды.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған есептерді іріктеуге қойылатын талаптар айқындалып, сол талаптарға сәйкес есептер жүйесі құрылды. Пайыздық мазмұнды есептер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын тудырды.

Есептер ішінде қолданбалы есептерге ерекше көңіл бөлінеді. Олардың көмегімен оқушыларға нақты өмір мен оның математикалық үлгілерінің арақатынасы таныстырылады, өйткені дерексіз математикалық үлгі заттың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан, біз экономикалық мазмұндағы қолданбалы есептерді оқушылардың экономикалық ойлауын қалыптастыру құралдарының бірі ретінде қарастыра отырып, математиканы оқытуда экономикалық ойлауды қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық- қызметтік моделін ұсынамыз.

Қорыта келгенде оқу үрдісінде пайыздық есептерді шығаруда әр түрлі тәсілдерді пайдалану сабақтың сапасын арттыруға, оқушылардың белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыруға, ең негізгісі – оқушылардың білім сапасының артуына апаратын бірден-бір жолы деп түсінемін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет