1) жерге орналастыру жобасын әзірлеуші дайындалған жоспары және оның бұрылыс айналма нүктелері координаттарының ведомосі Мемлекеттік корпорацияға жобаланатын жер учаскесінің орналасқан жерінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келуін салыстырып тексеру үшін береді. Жобаланған жер учаскесінің орналасқан жері мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келген жағдайда (шекаралардың қабаттасуларының жоқтығы, жер учаскесінің орналасқан жерінің, алаңының, сызық шектерінің, конфигурациясы мен координаталарының деректерінің ұсынылған деректер бойынша сәйкес келуі, ауыртпалықтар мен шектеулердің жоқтығы), Мемлекеттік корпорация жер учаскесінің жоспарында және оның бұрылыс айналма нүктелері координаталарының ведомосінде белгі қойып, оны әзірлеушіге материалдарын түскен күннен бастап күнтізбелік 15 күнде береді. Жобаланған жер учаскесінің орналасқан жері мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеген жағдайда (жер учаскелері шекараларының қабаттасуы, жер учаскесінің орналасқан жерінің сәйкес келмеуі, жер учаскесі алаңының, сызық шектерінің, конфигурациясы мен координаталарының ведомостімен ұсынылған деректер бойынша дұрыс еместігі, ауыртпалықтар мен шектеулердің болуы), Мемлекеттік корпорация жер учаскесінің жоспарын және оның бұрылыс айналма нүктелері координаталарының ведомосін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жер учаскесінің шекараларының қабаттасу схемасымен қосып, күнтізбелік 15 күн ішінде әзірлеушіге қайтарады.
2) жерге орналастыру жобасын мемлекеттік органдарда, жер-кадастрлық және жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде құқықтары мен заңды мүдделері қозғалуы мүмкін үшінші тұлғаларда мемлекеттік органдармен көршілес учаскелер меншік иелері (жер пайдаланушылар) хаттар (келісімдер) не жер учаскесінің жоба схемасында мөрмен куәландырылған қол қою түрінде келісім беріледі, бұл ретте тапсырыс беруші немесе оның сенім білдірген адамы өз бетінше барлық мүдделі тұлғалармен келісімді қамтамасыз етеді;
2) жерге орналастыру жобасын мемлекеттік органдарда, жер-кадастрлық және жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде құқықтары мен заңды мүдделері қозғалуы мүмкін үшінші тұлғаларда мемлекеттік органдармен көршілес учаскелер меншік иелері (жер пайдаланушылар) хаттар (келісімдер) не жер учаскесінің жоба схемасында мөрмен куәландырылған қол қою түрінде келісім беріледі, бұл ретте тапсырыс беруші немесе оның сенім білдірген адамы өз бетінше барлық мүдделі тұлғалармен келісімді қамтамасыз етеді;
3) жерге орналастыру жобасын бекіту жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен жүзеге асырылады.
Жерге орналастыру жұмыстары аяқталып, олар өкілетті органмен бекітілгеннен кейін жерге орналастыру жобасының бір данасы тапсырыс берушіге немесе әзірлеушіге және екінші данасы жер учаскесінің жобалық шекараларының бұрылыс нүктелері координаталарының ведомосімен қоса Мемлекеттік корпорацияға жер-кадастрлық істерді қалыптастырып, деректерді мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің базасына енгізу үшін беріледі.
Бекітілген жерге орналастыру жобасынан жер-кадастрлық құжаттамаларға енгізілетін жер учаскелері туралы мәліметтердің дұрыстығын қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес жерге орналастыру жобасын әзірлеуші қамтамасыз етеді.
Жерге орналастыру жобасының құрамы
мәтіндік
техникалық
нысан бойынша жерге орналастыру жобасының тізімі
нысан бойынша жобаның түзету парағы
нысан бойынша тапсырыс берушіден қабылданған құжаттар тізбесі
нысан бойынша жерге орналастыру жобасын әзірлеуге өтініш
комиссияның қарауы және қорытынды дайындауы үшін жер учаскесі шекараларының схемалары мен таңдау актілері
комиссияның оң қорытындысы
азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама
азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама
жер учаскесіне құқық беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілген шығындардың орнын толтыру актісімен қоса ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірістері шығындарының есебі (заңнамада белгіленген жағдайларда) қамтылады.
жерге орналастыру жобасына түсіндірме жазба
жер учаскесінің схемасы (жоспары)
нысан бойынша жер учаскесінің жоспары
нысан бойынша жұмыс сызбасы
нысан бойынша өлшемдер журналы
нысан бойынша абрис
жаһандық позициялау жүйесі (GPS-Global Positioning System) бойынша нобайлар пайдаланылған кезде