Жоба: «Ұлттық құндылықтар»



бет25/32
Дата21.09.2024
өлшемі6,85 Mb.
#204832
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32
Байланысты:
жоба ұлттық (2)

Мазмұны
Кіріспе
I.Теориялық бөлім
«Қазақтың ұлттық тағамы-құрт» жайлы ұғым
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
II. Практикалық бөлім
Құрттың дайындалу тәсілдері:
а) бұрынғы заманғы жасалу жолы
б)қазіргі кездегі дайындалу тәсілі
1.Құртты кептірудегі пішін түрлері:
а) күлше
ә) сықпа
б)шүйірмек
в)жарма
2. Құрттың түрлері:
а)ақ құрт
ә)қара құрт
3.Құрттан жасалатын ұлттық тағам түрлері
а)малта және құрткөже
4.Құрт тағамының адам ағзасына құндылығы
III.Қосымша
а) Тәрбиешімен кеңес
ә) Ата-анамен кеңес
б) конспект
IV.Қорытынды.
Кіріспе
Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және көк (жеміс тағамдары). Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлт тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Осы ақтан бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Және олардың көптеген қызықты атаулары мен орны және алуан түрлі ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығарған. Олардың көпшілігі қазіргі кезде қазақ дастарқанынан сирек көрінетін жеңсік ас қатарына жатады. Қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағам ретінде кеңінен қолданатын тағамының өте көне түрінің бірі – құрт. Құрт ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күнге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған ұлттық тағам ретінде пайдаланылады.Құрт - малдың сүтінен дайындалатын, ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Құрт жыл бойына, кейде 2-3 жылға дейін сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады.Әр елдің өзіне ғана тиесілі ұлттық тағамдары болады. Әдетте ол тағамдар халықтың тұрмыс-тіршілігіне, географиялық орналасуына сәйкес пайда болып, жасалады. Дәл сондай тағамдардың бірі - құрт пен ірімшік.Құрт пен ірімшік - саяхатшыларға, аңшыларға, балықшыларға, геологтар мен әскер адамдарына таптырмас өнім. Олар қант пен шоколадтан әлдеқайда жақсы. Көп адам сүттен жасалған тағамдарды жақсы көреді. Олар тойымды, дәмді, әрі ағзаға жылдам сіңеді. Бір өкініштісі, тоңазытқышсыз көпке дейін сақталмайды. Ал ірімшік пен құрттың жайы басқа. Ол жаугершілік заманда өмір сүрген, төрт түлік мал баққан, әр мезгіл сайын жайлауға, күзеуге, қыстауға, көктеуге көшіп отырған көшпенділерге тиесілі. Бұл тағамдарды Жібек Жолы бойымен сауда-саттық жасау кезінде алып жүретін болған. Олар - әр түрлі технологияның көмегімен бір ғана сүттен жасалған өнімдер. Алуан түрлі дәмі бар құрт пен ірімшіктің ең басты қасиеті - жоғары температурада ашымауы. Жасалу тәсіліне орай бірнеше айға дейін сақталады. Қазақ қалқы- қонақжай.Қазақ халқының қонақжайлық дәстүрі шетелде ерте заманнан –ақ аңыз болып тараған.Атам қазақ кімді болса да «Астан үлкен емессің» деп дастарханға шақырған.Жалпы дастарханымыздың мәдениетінде дастархан тәлім – тәрбиелік қызмет атқарған .Ендеше, ұлтымыздың мақтанышына лайық,дастарханымызға қойылатын тағам атауларын ,әрі осы тағамдарды жасайтын өнімдерді неден алатынымызды және сол тағамдарды сақтауға қолданған ыдыс атауларын келер ұрпақ білуіміз шарт.Қазақтың ұлттық тағамдары өте қуатты және құнды. Ата- бабаларымыз мал шаруашылығымен айналысқандықтан тағамдарымыз да мал өнімдерінен алынады. Бірақ оны қалай жасауын және оған сай ыдыстарды мал терісінен алу , оны қалай сақтаудың сырларын ашқан.Қазіргі кезде қарап отырсаң осының барлығын ойлап, оны іске асыра білген шебер апа-әжелеріміз бен ата- бабаларымызға таң қаламыз.Неткен тапқырлық! Ұлттық тағамдарымыздың көбі сүттен жасалынған. Апаларымыз бір тамшы сүтті жерге төкпей «ырыздық кетеді.малдың желіні кетеді» деп қастерлеген.Сүт өнімінен жасалынған әр тағамның өзінің құндылық орны бар. Соның ішіндегі бүгінгі зерттеу жұмысым сиыр сүтінен алынатын қазақтың ұлттық тағамы –құрт жайлы.
Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар адам қажеттіліктерінің ішінде тағамды жоғары қойған. «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар» деген секілді ескертпе сөздер, мақал- мәтелдер осының дәлелі. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыруды, жақсылар мен жайсандарды құрметтеуді, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын, ел дәулетін қазақ кең дастарқаны арқылы яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен.
Мал шаруашылығымен айналысқан ата -бабамыздың негізгі асы- ет пен сүт болған. Етті қуырып, асып жеген. Ал сүттен көптеген астар дайындаған. Сиыр, қой сүттерінен құрт, кілегей, қаймақ, ірімшік, сары май тағы да басқа тағамдар әзірлеген. Осы астардың барлығын даярлауды қазақ әйелдерге жүктеген. Қазақ әйелдері тағамдарды жазда да, қыста да бұзбай сақтаудың әдіс-тәсілдерін білген. Олар сүттен жасалатын қаймақ, ірімшік, сары май, шұбат, қымыз, құрт секілді тағамдарды шебер дайындаған. Басқа тағамдарға қарағанда, сүттің алатын орны ерекше.Себебі, сүт және сүттен жасалатын тағамдар денсаулыққа өте пайдалы. Ол ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті де бар екен. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылады. Ал, жылқының сүтінен әзірленетін қымыздыңемдік қасиеті ертеден белгілі. Онда жүректің жұмыс істеуін жақсартатын дәрумендербар. Сонымен бірге, шұбат та денсаулыққа өте пайдалы екен. Осы астардың пайдасын медицина пайда болмай тұрып- ақ білген ата-бабамыз нағыз данышпан болған десек, артық айтқандық емес. Бұрын қымыз, шұбатын ішіп, құрт-ірімшігін жеп-ақ халқымыз дерттің алдын алған. Ата-бабамыздың алып тұлғалы, батыр да дана болуының бір сыры осы болуы да әбден мүмкін. 
Сүттен жасалатын қазақта құрт, қатық ,қымыз шұбат, сүт көже, сүзбе, көбік, ежігей тағы да басқа тағамдар баршылық. Және ол тағамдардың басым бөлігінің қалай әзірленетіні халыққа белгілі. Алайда таныс емес қазақ тағамдар да қаншама. Мысалы, өзім жақында ғана ежігей деген тағамды білдім. Осы тағамның қалай және неден әзірленетіні маған осы уақытқа дейін беймәлім еді. Ұлттық тағамдар туралы жазылған үш кітапты оқығанмын. Бірақ, ол кітаптарда ежігей туралы кезіктірмеппін. Кітаптарда жазылмаған ас түрін мен ғаламтордан бірден таптым. Ежігей - қой сүтінен дайындалған тағам. Ол қайнатылған қатық пен сары ірімшіктің қоспасынан әзірленетін дәмі тәтті, өзі жұмсақ болатын ас екен. Бұдан да басқа біз білмейтін ұлттық тағам түрлері көп деп ойлаймын. Негізінен бізде ұлттық тағамдардың ұмыт болып бара жатқаны шындық. Ал, бұған себеп, түрлі тағамдардың, соның ішінде, басқа елден келген астардың көбеюі. Бірақ, бұл тағамдардың пайдасынан зияны басым екенін зерттеушілердің өзі дәлелдеп отыр. Мен өзімнің тобымдағы 5-6 жасар балалармен осы құрттың жасалу жолдарын зерттеп,адам денсаулығына пайдасы бар екенін жәнеде құрттың түрлерімен таныстырамыз.Жобамда теориялық бөлімнен
Зерттеу бөлімдерінен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет