Loom платформасы арқылы онлайн сабақ жүргізу
13-сурет
Кеңейтімге кіруіңіз керек - мұны Google есептік жазбаңыз арқылы жасауға болады. Электрондық поштаны тіркеу де қол жетімді.
Оң жақта жазу құралдары бар панель пайда болады. Жазғыңыз келетін нәрсені таңдай аласыз - экран + веб-камера, тек экран, тек веб-камера.
14 - сурет
Веб-камерасы бар экранды таңдасаңыз, ол төменгі сол жақта көрсетіледі, тінтуірдің көмегімен кескіннің үстіне апарған кезде белгішелерді пайдаланып камерадан кескіннің өлшемін өзгертуге болады.
15-сурет. Жоба құрылымы.
Түрлендіруді аяқтаған соң сайт осындай күйде болады, және сайтқа ссылка арқылы кіруге болады.
Дайын жоба сілтемесі: htttps://mssg.me/l96sw
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, ақпараттық технологияның тиімділігі – оқушылардыңбілім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізугепайдасы бар екендігі анықталды. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдершығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді.Демек, компьютер оқушылар мен мұғалім жұмысын ұйымдастыруда кеңмүмкіндіктерге ие, оқытудың әдістерін кеңінен әрі сапалы қолдануға мүмкіндік береді. Ендеше, ақпараттық технологияны сабақта қолдану оқушының іс-әрекетін, жұмысын түрлендіруге көмектеседі, зейінін белсендіреді, жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін жоғарылатады деуге болады. Ақпараттық технология арқылы жасалатын тест тапсырмалары уақытты, шығынды үнемдеуге көмектесе отырып оқушылардың өз білімін бағалауға үйретеді. Ең бастысы, оқушылардың өзіндік білім алуын қамтамасыз етіп, әр түрлі білім көздерінен негізгісін бөліп алу, тауып алу дағдыларын дамытады. Әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін озық әдістемелік технологиялар қажет. Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.
Сабақтың ұйымдастырушылық, қайталау, жаңа тақырыпты игеру, практикум, бекіту, қорытындылау, талдау кезеңдерінде, білім бақылауда кеңінен оқушының қызығушылығын, оқуға танымдық қасиетін оятуға, Объективті бағалауға, оқушының еркін сезінуге ақпараттық-коммуникациялық мәдениетінің деңгейі өсуіне жағдай жасалып, келешекте терең білім алуға көмегі зор.
Мектеп емтихандарына даярлау кезіндегі мұғалім үшін де, оқушы үшін де таптырмас құрал. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық -психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені. Және те еліміздегі көптеген мектептердің материалдық-техникалық базасының әлі де сын көтермейтіндігі. Қазіргі таңда көптеген ауыл мектептерінде компьютерлендіру жүргізілгенімен интернет желіс қосылмаған немесе электрондық құралдармен, бағдарламалармен толықтай жабдықталмаған. Егер осы мәселелер оң шешімін тауып жатса химия пәні сабақтарында АКТ қолданылған сабақтардың саны көбейіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, бұл өз кезегінде білім сапасының көтерілуіне әкелер еді деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |