Юк-203: Айтқұлова А., Алтай А., Бейсенбаев Б., Болатбаев А., Ешім Е., Жамалхан Ә., Жұман Б., Ибаділдаев Н., Қазтұрған Ұ., Қасымбеков Д., Әбіл А., Әлімхан А., Жарқынбай А.
1. Тауар жеткізілімі шартының сатып алу – сату шарты түрлерінің арасындағы орны және салыстырмалы сипаттамасы: субъектілері, объектілері, тараптары, мерзімдері, нысаны, елеулі жағдайлары, т.б. Халықаралық сауда-саттықтағы осы шарттың орны
2. Тауар жеткізілімі шарты бойынша Вагон жасау бiрлестiгi Темiр жол Басқармасына жолаушы тасымалдайтын 10 вагонды сатады. Пайдаланудың кепiлдi мерзiмiнде үш вагоннан Электрмашина жасау зауыты шығарған генераторлардың кемiстiктерi байқалады. Сатып алушы бiрлестiктен нашар сапалы тауар сатқаны үшiн айып төлеуiн жəне де генераторларды 2 күн iшiнде ауыстырып беруiн талап етедi. Темiр жол талабын бiрлестiк 5 ақпанда алады, ал 28 ақпанда оны Электрмашина жасау зауытына жiбередi. Талапты алған күннiң ертеңгiсiнде Зауыт сатып алушыға өз өкiлдерiн жiбередi де генераторларды сапалысына ауыстырады. Айып төлеуден Зауыт бас тартады, өйткенi, оның ойынша, кемiс-тiктердi жоюдың 20 күндiк мерзiмiн бұзғаны үшiн Вагон жасау бірлестігі жауапты жəне шарт бойынша тарап ретiнде тауардың сапасы үшiн де бiрлестiк жауап бередi. Егер де бiрлестiк сатып алушының талабын дер кезiнде жiберген болса, онда зауыт та генераторларды ертерек ауыстырып берер едi. Темiржол Басқармасы бiрлестiк пен зауытқа сапасыз өнiм сатқаны үшiн айып төлемi, сонымен бiрге вагондардың 1 ай құр тұрғаны үшiн шығындардың орнын толықтыру туралы талап арызын сотқа бередi.
Сот қандай шешiм қабылдауы тиiс?