ЖОҒары мектеп психологиясы



бет11/12
Дата22.08.2017
өлшемі2,9 Mb.
#24385
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

11 тапсырма

Коммуникативті және ұйымдастырушы бейімділіктерін зерттеу.

Зерттеу мақсаты: коммуникативті және ұйымдастырушы бейімділіктерінің деңгейілерін анықтау.

Құрал-саймандар: КОС тест-сұрақнамасы, жауап парағы, қалам.

Зерттеу процедурасы.

КОС тест-сұрақнамасы көмегімен коммуникативті және ұйымдастырушы бейімділіктерінің деңгейілерін бір адаммен де, топпен де анықтауға болады. Зерттелушілерге сұрақнама мәтіндері, жауап парақтары беріледі де, нұсқаулықпен таныстырады.



Нұсқаулық: «Сіздерге берілген тест 40 сұрақтан тұрады. Оларды оқып, жауап парағы арқылы барлық сұрақтарға жауап беріңіздер. Парақта сұрақ нөмірлері басылған. Егер сіз берілген сұрақпен келіссеңіз, жауабыңыз оң болса, яғни «иә», онда сол сұрақтың сәйкес нөмірін дөңгелектеңіз. Егер де сіз сол сұрақпен келіспесеңіз, яғни «жоқ», онда сол нөмірді сызып тастаңыз. Сұрақ нөмірі мен парақтағы нөмір сәйкес болғанын қадағалаңыз. Сұрақтар, қажетті нақтылықтарды ескермей, жалпы сипатта болады. Сондықтан егжей-тегжейіне қарамай, типтік ситуацияны елестетуіңіз жөн. Сұраққа тез жауап беру керек. Егер кейбір сұраққа жауап беру қиыншылық туғызса, онда сіздің ойыңызша ең дұрыс жауапты белгілеңіз. Жағымды әсер қалдыру мақсатымен жауап беру дұрыс болмайды. Адалдыпен жауап беріңіз».

Сұрақнама

1) Сізде әрдайым хабарласып тұратын достар көп пе?;

2) сіздің жолдастарыңыз пікіңізге жиі қосыла ма?;

3) егер сізді жолдастыңыздың біреуі ренжітсе, ренжу сезімі көпке созыла ма?;

4) сіз басқа адамдармен танысуға ұмтыласыз ба?;

5) сіз қоғамдық жұмыспен айналысуды ұнатасыз ба?;

6) сіздің бос уақытыңызды адамдармен қарым-қатынасқа түсуге қарағанда кітап оқумен немесе басқа іспен айналысумен өтетіні рас па?;

7) сіздің қандай да бір мақсатқа жету жолында кедергілер туылса, сіз одан тез қайтасыз ба?;

8) жасы сізден үлкен адамдармен тез тіл табыса алсыз ба?;

9) сіз өз жолдастарымен әр түрлі ойындар мен ойын-сауықтарды ұйымдастырып, өткізуге ұнатасыз ба?;

10) сізге жаңа компаниямен қарым-қатынас табуға қиналасыз ба?;

11) сіз бүгін істелінетін жұмыстарды ертеңге жиі қалдырасыз ба?;

12) сіз танымайтын адамдармен тез тіл табыса аласыз ба?;

13) жолдастарыңыз сіздің пікіріңіз бойынша әрекет жасайтындайға ұмтыласыз ба?;

14) жаңа ұжымға бейімделу сізге қиыншылық туғыза ма?;

15) жолдастыңызбен жасауға тиісті міндеттері орындалмаса, сіз олармен конфликтіге түспейтіні рас па?;

16) сіз ыңғыйлы жағдай болып тұрса, жаңа танымайтын адаммен танысып, сөйлесуге тырысасыз ба?;

17) сіз жауапты істерді шешкенде инициативаны өзіне жиі аласыз ба?;

18) сізді қоршаған адамдар тітіркендіре ме және сіз жалғыздықты ұнатасыз ба?;

19) сіздің болып көрмеген жағдайда ориентирді қиын табуы рас па?;

20) сізге ылғи да адамдар арасында болуы ұнай ма?;

21) егер де сіз бастаған істі аяқтай алмай жатсаңыз, тітіркенесіз бе?;

22) жаңа адаммен танысуға инициатива сізден шығу керек болса, сізде қиынсыну, ыңғайсыздық немесе ұялушылық сезімі туа ма?;

23) сіз жолдастармен жиі сөйлесуден қажисыз ба?;

24) ұжымдық ойындарға қатысуды ұнатасыз ба?;

25) жолдастырңызға қатысты мәселелерді шешуде сіз инициативаны өз қолына жиі аласыз ба?;

26) аса танымайтын адамдардың арасында сіз өзіңізді сенімсіз сезінетіні рас па?;

27) сіз өз пікіріңіздің дұрыстығын дәлелдеуге сирек тырысатыны рас па?;

28) аса танымайтын компанияны ширақтандыру сізге көп қиыншылық туғыбайды деп ойлайсыз ба?;

29) мектептің қоғамдық жұмысына қатыстыңыз ба?;

30) сіз өзіңіздің танитын адамдардың санын азайтуға тырысасыз ба?;

31) сіз өзіңіздің пікіріңізді жақтауға тырыспайтыны дұрыс па, егер әуел де бұл пікірді сіздің жолдастыңыз ұнатпаса?;

32) сіз өзіңізді аса танымайтын компанияда еркін сезінесіз бе?;

33) жолдастарға арналған әр түрлі шараларды ұйымдастыруға қызығушылықпен кірісесіз бе?;

34) егер сізге үлкен топ адамдар алдында сөйлеуге керек болса, сіз өзіңізді сенімді және сабырлы сезінбейтіні рас па?;

35) сіз жұмыс бойынша кездесулерге жиі қалып келесіз бе?;

36) сізде достар көп екені рас па?;

37) жолдастыңыздың барлық назарды сізге аударуы жиі болып отыра ма?;

38) аса танымайтын адамдармен сөйлесуде сіз өзіңізді ыңғайсыз болып жиі сезінесіз бе?;

39) үлкен топ жолдастар арасында өзіңізді аса сенімді сезбейтіні рас па?.

Үлгідегі сияқты 1-ден 40-қа дейін нөмірленген сұрақтар нөмірлерін көрсететін жауап парағы цифрға толы төрт колонадан тұрады.

Егер зерттелушілер бірнеше болса, онда қажетті жағдайда парақтар артқы жағынан толтырылады.



Нәтижелерді өңдеу

Нәтижелерді өңдеу мақсаты – коммуникативті және ұйымдастырушы бейімділіктер индекстерін алу. Бұл үшін зерттелуші жауаптары дешифратормен салыстырылады және коммуникативті және ұйымдастырушы бейімділіктері бойынша бөлек сәйкес келу санын есептейді. Дешифраторда парақтағы сұрақ нөмірлерінің жол бойынша орналасуы ескеріледі.



1

5

9

13

17

21

25

29

33

37

2

6

10

14

18

22

26

30

34

38

3

7

11

15

19

23

27

31

35

39

4

8

12

16

20

24

28

32

36

40


Дешифратор

Бейімлідіктер

Жауаптар

Оң

Теріс

Коммуникативті

1-ші жолдың сұрақтар нөмірлері

3-ші жолдың сұрақтар нөмірлері

ұйымдастырушы

2-ші жолдың сұрақтар нөмірлері

4-ші жолдың сұрақтар нөмірлері

Коммуникативті және ұйымдастырушы бейімділіктердің деңгейлерін анықтау үшін олардың коэффициенттерін есептеу қажет. Коэффициент – сәйкес келетін жауаптардың саны мен дәл келетін мүмкін санының қатынасын көрсетеді, бұл жағдайда – 20-ға. Коэффициенттерді есептеуге арналған формулалар келесідей:

Кх              Ох
Кк = —— ; Ко = —— , мұндағы
20               20

Кк — коммуникативті бейімділіктердің коэффициенті;

Ко — ұйымдастырушы бейімділіктердің коэффициенті.

Кх және Ox — Коммуникативті және ұйымдастырушы бейімділіктеріне сәйкесінше жауаптар дешифраторымен сәйкес келетін саны.



Нәтижелерді талдау

Нәтижелерді талдау жолында әуелі зерттелушінің коммуникативті және ұйымдастырушы бейімділіктерінің деңгейіне баға береді. Ол үшін баға шкаласын қолданады.

Коммуникативті және ұйымдастырушы бейімділіктердің бағалар шкаласы.


Кк

КО

Бағалар шкаласы

0,10-0,45

0,2-0,55

1

0,46-0,55

0,56-0,65

2

0,56-0,65

0,66-0,70

3

0,66-0,75

0,71-0,80

4

0,75-1,00

0,81-1,00

5

Коммуникативті және ұйымдастырушы бейімділіктерінің даму деңгейі шкаламен бағалау көмегімен келесідей сипатталады. «1» бағаны алған зерттелушілер – бұл коммуникативті және ұйымдастырушы бейімділіктері деңгейі төмен көрсеткіштері бар.

«2» бағаны алған зерттелушілерінің коммуникативті және ұйымдастырушы бейімділіктеріорта деңгейінен төмен. Олар қарым-қатынасқа ұмтылмайды, жаңа компанияда, ұжымда өздерін ыңғайсыз сезінеді, жалғыздықты ұнатады, танысуды шектейді, адамдармен контакт орнатқанда және аудитория алдына шыққанда қиыншылық сезінеді, таныс емес ситуацияға нашар бейімделеді, өз пікірін дәлелдеуге тырыспайды, ренішті ауыр көтереді.

«3» бағаны алған зерттелушілер коммуникативті және ұйымдастырушы бейімділіктерінің орта деңгейіне жетеді. Олар адамдармен қарым-қатынасқа түсуге ұмтылады, танысуды шектемейді, өз пікірін дәлелдейді, өз жұмысын жоспарлайды. Бірақ та олардың бейімділіктер потенциалы аса тұрақтылықпен ерекшеленбейді. Бұл зерттелушілер тобы кейін жоспарлы және ұзақ тәрбиелік жұмысты және коммуникативті және ұйымдастырушы бейімділіктердің дамуын қажет етіп отыр.

«4» бағасын алған зерттелушілер коммуникативті және ұйымдастырушы бейімділіктердің жоғары деңгейіне жатады. Олар жаңа ситуацияда қобалжып кетпейді, жаңа достарын тез табады, әрдайым өзінің таныстар тізімін кеңейтуге тырысады, қоғамдық жұмыспен айналысады, жақындарына және достарына көмектеседі, қарым-қатынас кезінде инициатива көрсете алады, қоғамдық шараларды ұйымдастыруына қызығушылықпен қатысады, қиын жағдайда дербес шешім қабылдай алады. Осының бәрін олар «біреу айтты» деп істемей, өзінің қалауы бойынша жасап жүреді.

Ең жоғары «5» бағасын алған зерттелушілер коммуникативті және ұйымдастырушы бейімділіктердің өте жоғары деңгейіне ие. Олар коммуникативті және ұйымдастырушы іс-әрекетін қажет етеді және оған белсенді ұмтылады, қиын жағдайда тез шешім таба біледі, жаңа ұжымда өзін еркін ұстайды, бұл инициативті адамдар, олар әдетте жауапты істе немесе күрделі ситуацияда өз дербес шешімін қабылдайды, өзіндік пікірін ұстанады және оны басқа адамдар ұстануға тырысады. Олар таныс емес компанияны қуандыра алады, әр түрлі ойындар мен шараларды ұйымдастыруды ұнатады, қызықтыратын істе табандылық көрсетеді, және де олар коммуникацияда және ұйымдастыру іс-әрекетінде қажеттілігін қанағаттандыратын жұмыстарды іздейді.

Коммуникативті және ұйымдастырушы бейімділіктері адамдардың қарым-қатынаспен және ұжымдық жұмысты ұйымдастырумен байланысты іс-әрекет түрлерінің маңызды компоненті және даму алғышарттары болып табылады. Олар педагогикалық қабілеттерінің дамуында да маңызды звено.

Ұйымдастыру жұмысымен айналысу және адамдармен қарым-қатынаста болу талпынысы белсенділіктің тиісті формалардың мазмұны мен тұлғаның типологиялық ерекшеліктерінен тәуелді болады. Көбінде олар адамның оның белсенділіктің болашақ нәтижелері мен ол қарым-қатынасқа түсетін адамдарға қатынасы субъективті құндылықпен және маңыздылылықпен анықталады. Мұны зерттелінетін бейімділіктерінің төмен даму деңгейі анықталған зерттелушілерге ұсыныс хат жасағанда ескерген жөн. Жиі кездесетін жағдай – басында зерттелушіге қызықты емес болып көріген іс-әрекет пен қарым-қатынас түрлері уақыт өте келе маңызды болып бейімділік қалыптастырады. Мұнда коммуникативті кедергілерді жеңе білу қажет, ал бұл адам өз алдына өзін-өзі даму түрінде саналы мақсат қойса мүмкін болады.



Тапсырма 12

Тұлғаның өзін-өзі бағалауын зерттеу

Зерттеу мақсаты: өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау.

Құрал-саймандар: сөздер тізімі немесе жеке тұлғалық қасиеттерді сипаттайтын сөздері бар арнайы парақ, қалам.

Бұл зерттеудің өткізілуі бойынша бір-бірінен ерекшеленетін екі нұсқасы бар. Екі жағдайда да бір зерттелушімен және топпен де жұмыс істеуге болады.



Зерттеудің бірінші нұсқасы

Өзін-өзі бағалаудың бұл нұсқалы зерттеу негізінде «маңыздыны таңдау» әдісі жатыр. Зерттеу өтілі екі сериядан тұрады. Зерттелушілер жеке тұлғалық қасиеттерді сипаттайтын сөздері бар арнайы парақпен жұмыс жасайды. әрбір зерттеуші зерттеу басында осындай парақ алады. Топпен жұмыс істегенде «маңыздыны таңдаудың» қатал дербестігін қамтамасыз ету керек.



Бірінші серия

Бірінші серияның мәселесі: адамның өз мұратының сапалары туралы түсініктерін анықтау, яғни мұратты «Мен». Ол үшін зерттелуші парақтағы жазылған сөздерді қалауы бойынша ретімен орналастыру керек.

Зерттелушіге нұсқаулық: «тұлғаның сапаларын сипаттайтын барлық сөздерді мұқият оқып шығыңыз. Олардың мұратты тұлғаға қатысы бойынша қарастырып көріңіз, яғни пайдалылығы, әлеуметтік маңыздылығы және ұнатушылығы бойынша. Ол үшін оларды таңдап, әрқайсысын 20-дан 1-ге дейін баллдармен бағалаңыз. 20 бағасын бланктегі Сіздің ойыңызша адамдарға ең пайдалы және тартымды болып табылатын сапаның сол жағынан №1 колонаға қойыңыз.

1 бағасын сол колонаның сол жағынан сіздің ойыңызша ең пайдасыз, маңзыдылығы жоқ сапаның жанынан қойыңыз.қалған 19-дан 2-ге дейінгі бағаларды Сіздің қалған сапалаға қатынасымен тұрғызыңыз. Еш баға қайталамауын қадағалаңыз».



Екінші серия

Екінші серияның мәселесі:адамның өзіндік қасиеттері жөніндегі түсінігін анықтау, яғни оның шындықтағы «Мен». Бірінші сериядағы сияқты зерттеуші парақтағы сөздерді таңдауға тиіс, бірақ өзіне шындығында сәйкес келетін қасиеттерді.

Зерттелушіге нұсқаулық. «Тұлғаның қасиеттерін сипаттайтын барлық сөздерді қайта қарап шығыңыз. Бұл қасиеттерді сізге қатысты еместігін қарастырып шығыңыз. Содан №2 колонада оларды таңдап шығыңыз, әрқайсысын 20-дан 1-ге дейін бағалап шығыңыз. «20» бағасын сізге ең жоғары дәрежеде жақын сапа деп санаған оң жағынан қойыңыз, «19» бағасын біріншіге қарағанда кемдеу жақын сапаға қойыңыз және т.с.с. Сонда «1» бағасы сізге ең алыс сапаның көрсеткіші болады. Бағалардың екі рет қайталанбайтындығын қадағалаңыз».

Тұлға қасиеттерін сипаттайтын сөздері бар парақ келесідей болады.



Жауап парағы

№1

Тұлға қасиеттері

№2

d

d2




Көнгіштік













Батылдық













Ашуланшақтық













Нервоздық













Шыдамдылық













Қызықтырғыштық













Пассивтілік













Салқындылық













Энтузиазм













Сақтық













Еркеліктік













Баяулылық













Батылсыздық













Жігерлілік













Өмірсүйгіштік













Күмәнданғыштық













Қырсықтық













Салақтық













Ұялшақтық













Жауапкершілік










Нәтижені өңдеу

Нәтижені өңдеудің мақсаты – «Мен» мұратты және шындықтағы «Менге» кіретін тұлға сапаларының бағалар арасындағы байланысты анықтау. Байланыс шамасы Ч.Спирменнің рангтық корреляция коэффициенті көмегімен қойылады. 1-ден 20-ға дейінгі бағалар олардың рангілері ретінде қабылданады. Рангтердің әртүрлілігі коэффициентті формула бойынша есептеуге мүмкіншілік береді:

п – берілген тұлға қасиеттерінің саны (п=20);

d – рангі нөмірлерінің әртүрлілігі.

Коэффициентті есептеу үшін әуелі парақтың арнайы колонада берілген сапа бойынша рангтер(d) айырмасын есептеу керек. Содан кейін айырманың (d) әрқайсысын квадраттайды, шыққан нәтижені парақтағы колонаға жазады(d ), қосады да қосындыны (Sd2) формулаға енгізеді.

Егер сапалар саны 20-ға тең болса, онда формула қарапайымдалған түрінде болады.

Рангтік корреляцияның коэффициенті (г) -1-ден +1-ге дейін интервалында бола алады. Егер алынған коэффициент -0,37-ден кем емес және +0,37-ден жоғары болмаса (р = 0,05), онда бұл адамның өзінің мұрат сапалары мен шындықтағы қасиеттердің түсініктері арасындағы әлсіз, көрінбейтін байланысын (немесе оның жоқтығын) көрсетеді. Мұндай көрсеткіш зерттелушінің нұсқаулықты дұрыс қолданбағандықтан болуы мүмкін. Ал егер нұсқаулық толығымен орындалса, онда байланыстың әлсіздігі адамның өзінің мұратты «Мен» және шындықтағы «Мен» түсініктерінің нақты еместігін және дифференциацияланбағандығын көрсетеді.

Корреляция коэффициентінің мәні +0,38-ден +1-ге дейін болса – мұратты «Мен» және шындықтағы «Мен» арасында мәнді оң байланыстың бар болғаны. Мұны адекватты өзін-өзі бағалаудың көрсеткіші ретінде қарауға болады, егер R +0,39-ден –И-ге дейін, 89 – онда өзін-өзі бағалау жоғарыланған. Бірақ +0,9-ден +1-ге дейін мәндер көбінесе адекватты емес жоғары өзін-өзі бағалауын көрсетеді. Корреляция коэффициентінің мәні -0,38-ден -1-ге дейін болса, бұл мұратты «Мен» және шындықтағы «Мен» арасында мәнді теріс байланыстың бар екенін көрсетеді. Бұл көрсеткіш адамның қандай болу керек екендігі мен оның шындықта болғандығының арасында сәйкес келмеушілікті көрсетеді. Бұл келіспеушілікті төмендетілген өзін-өзі бағалау деп есептеу керек. Неғұрлым коэффициент 1-ге жақын, соғұрлым келіспеушілік дәрежесі артады.
Зерттеудің екінші нұсқасы

Өзін-өзі бағалауды зерттеудің екінші нұсқасы таңдау тәсіліне негізделген. Құрал-сайман ретінде тұлғаның жеке қасиеттерін сипаттайтын сөздер тізімі. Бұл зерттеу нұсқасы екі сериядан тұрады.



Бірінші серия

Бірінші серияның мәселесі: қалаған және қаламаған «Мен» образының қасиеттерінің саны мен тізімін анықтау. Зерттелушіні тізімнен сөздерді қарап шығып, таңдап, екі қатар құрастыруды сұрайды. Бір қатарға субъективті мұратқа жақын тұлғалық сапаларды, яғни «оң», жазылады, ал басқа қатарға қаламаған, яғни «теріс» тұлағыл қасиеттерді кіргізеді.

Зарттелушіге нұсқаулық: «Тұлғаны сипаттайтын берілген сөздерді мұқият оқып шығыңыз. Парақ қағаздың сол жағына сіз өзіңізде болғанын қалаған сапаларды, ал оң жағына өзіңізде болмауын қалайтын сапаларды жазып шығыңыз. Мағынасы түсініксіз немесе екі жақтың екеуіне де жатқыза алмайтын сөздерді ешқайда жазбаңыз. Берілген сапа сізде бар ма, жоқ па екенін ойламаңыз, маңызы: қалайсыз ба оны, жоқ па».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет