Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы және полимерлер туралы ілімнің дамуы



бет15/16
Дата22.01.2022
өлшемі481,75 Kb.
#129611
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
формаль

ҚОРЫТЫНДЫ

Жоғарыда айтылған нәтижелер қорытындылайтын болсақ, осы полимер өндірісін дамыту өте перспективалы болып саналады. Мочевино-формальдегид шайырын пайдалану бұл шикізаттың құны төмен және қол жетімді болып табылады. Мочевино-формальдегид шайырын технологиялық дайындау салыстырмалы түрде қарапайым шикізат пен өндірістік шикізат базалары бар.

Мочевино-формальдегид шайырының маңызды техникалық қасиеттері олардың қолжетімділігіне негізделген. Олар қыздырған кезде және бөлме температурасында қатаяды, түссіз және әртүрлі бояуға боялады.

Мочевино-формальдегид шайырының сулы ерітіндісін ағаш өңдейтін және жиhаз жасайтын желімдер дайындайды. Желім бөлме температурасы 8 – 15% ылғалдылықта ағашты жапсырады, олар микроағзаларға, суға, бензинге және жанбайтын майға тұрақты болып келеді. Жеке маркалы желімнің қызмет ету мерзімі 3 – 6 сағат аралығында (желімдеген кезде сарғаймайды) болады. Олардың кемшіліктері жағылған бөлмеде формальдегид қоспасының шамамен 2% бөлінеді.

Таза мочевино-формальдегид полимерлері мен модифицирленген бутил және көп атомды спирттен модифицирленген полимерлер шығарылады. Бұл полимерлер маңызды техникалық өнімдердің бірі болып табылады және ыстық кептіру арқылы бояу дайындалады, кабельдер, тоңазытқыштарды бояу, медициналық және коммерциялық жабдықтарды өндіру үшін, мата мен қағазды сіңдіріп бояу үшін пайдаланады.

Осы мочевино-формальдегид шайырын синтездеу үшін реакция жағдайларын қатаң сақтай отырып жасау қажет. Өйткені осы шарттар сақталмаған жағдайда суда және басқа еріткіштерде ерімейтін– метиленмочевина тұнбасы алынады. Мочевино-формальдегид шайырын алу кезінде метиленмочевинаның түзілуін болдырмау қажет, өйткені ол шайырдың сапасын төмендетеді. Сондықтан шайыр алу кезінде бұл процесті конденсация арқылы моно- және диметилолмочевина қоспасынан алу қажет.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет