Халқымыздың асыл қазынасын тиімді пайдалану, салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеу
Болжамы
Сабақ барысында халықтық педагогика элементтерін ұтымды пайдалансақ, оқушының пәнге деген қызығушылығының артатынына, ұлтжанды, елін шексіз сүйетін азаматтар өсіретінімізге көз жеткізе аламыз.
“Бәйге” ойыны үш қатарда отырған оқушыларға бірдей тапсырмалар беріледі, қай топ бұрын және дұрыс орындаса, сол топ жеңімпаз атанады.
«Сақина салу» партада қатар отырған екі оқушының біреуі қолына түскен сақинаны қасындағы оқушыға сездірмей тапсырманың шешууін тез айтуы керек
«Асық ату”ойыны.Екі-екі оқушыдан шығып, асық лақтырып, асықтарының шік не бүк түсуіне орай тапсырмаларды кезек-кезек орындайды. Тапсырмалардың түгел және дұрыс орындалуына қарай жеңімпаз аталады.
«Арқан тарту» ойыны.
Тақтада жіпке ілінеген тапсырмаларды кезек-кезек шығып орындайды. Әр шығарған есепке сәйкес жіпті өз тобына қарай тартып отырады. Қай тоқа жіптің көп бөлігі жетсе, сол топ жеңімпаз атанады.
«Қыз қуу» ойыны. Тақтаға бір ұл, бір қыз шығып тездетіп есеп шығарады. Егер ұл бала бұрын шығарса, қызды қуып жеткені болып
есептеледі. Ал қалып қойса, қыздың сұрағына жауап береді.
Қорытынды
.
Ұлттық ойындар – балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі.
Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл – өмірдің заңдылығы.
Халықтық педагогика элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор.
Халық педагогикасы тағылымдарын
сабақтарда қолдану оның білімдік
және тәрбиелік мақсаттарын жүзеге
асыруға септігін тигізеді
Зерттеу тиімділігі
Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі өмір салт-дәстүрінен, көрініс бере отырып оқытқан тиімді.