ВК-2,5 ашытқыш ваннасы
1-кран; 2-жылу алмастырғыш жейде; 3-корпус; 4-түтік; 5-толтырылу түтігі; 6-төгу түтігі
ВС-2,5 престегіш ваннасы дөңгелегі бар арба мен тор көзден құралған. Ваннадағы ашылып жатқан ұйындыны жылу алмастырғыш жейде көмегімен белгілі бір температурада ұзақ уақытқа дейін ұстайды. Ашытылған ұйынды өз қалпына келгеннен кейін түтік арқылы жейдедегі ыстық суды ағызып жіберіп суық сумен жейдені толтыру арқылы ұйынды салқындатылады. Дайын азық қапқа құйылады да тор көздің үстіне жатқызылады. Қаптағы сүзілген қойыртпақтың арқасында сарысы бөлектеніп, ванна түбіндегі түтік арқылы сыртқа шығып кетеді де, ыдыстағы сүзбе өздігінен престелінеді. Кейінгі кезде өнеркәсіпте осындай ванналарда, қосымша қалған сарысуды жоғарғы жағынан сығымдап шығаратын басқыш рамалары бар. Ол рама винт арқылы тұтқаға бекітіліп жасалынады да корпусқа бекітіледі.
Көп секциялы сүзбе дайындағыш жеті секцияға бөлінген сыймдылығы (жалпы секцияның ) 550л.
Сүт түтік арқылы сүт қабылдағышқа (12) беріледі. Сүт қабылдағышта сүт мөлшерін өлшеп отыратын қалқымалы бекіткіш клапан бар. Төртінші секцияда ашытылған сүтті бөліп тұратын бөлгіш қондырғы (7) орналасқан. Бөлгіш қондырғылар дегеніміз-көлденеңінен және тігінен орналасқан струналар. Сөңғы екі секция сүзгіш қызметін атқарады. Бұл секциялардағы цилиндрлі қабырғада винт арқылы бекітілген ажыратып алынған тор (4) және торлы қалқан бар. Сары су түпкі ыдысқа (6)кетеді де, дайын азық астау (9) арқылы басқа ыдысқа жегіледі.
Бастапқы үш секцияда дайын сүттен қоймалжың дайындалады, төртіншісінде ұйындыны кескілеп бөлектейді, бесіншіде сүзу процесі жүреді де соңғы екі секцияда сорғыту процесі жүреді. Осы сүзбе дайындағыш тасқынды тізбекке кіреді. Онда пастерлегіш, салқындатқыш, нормалағыш, консекциялы сүзбе дайындағыш, хлорлы кальций мен мәйекті мөлшерлегіш жасады. Өнімділігі 250кг/сағ.
Жабық түрдегі сүзбе дайындағыш (4 сурет) бірнеше технологиялық операциялар орындайтын қондырғыға жатады. Сыйымдылығы 2000 литрлік ванна сүтті қыздыру үшін және дайын қоймалжыңды салқындату үшін пайдаланады. Жетек механизмі (9) ыдысты қажет бұрышқа қоюға ыңғайландырып жасалады. Ыдыстың төбесі тескілеуіш (перфированная) қақпақпен (1) жабылған. Ол сүзгіш матаны керіп ұстап тұрады. Жылжымалы жинағыш (6) сары су мен сүзбені жинау үшін пайдаланылады.
Сүзгі дайын тұрған ыдысқа (3) құйып, ыстық су арқылы қыздырады. Ұйытылу кезінде температура бірқалыпты сақталып құруы қажет. Дайын қоймалжыңды кесіп, түбіндегі сары суды түп жағынан кран арқылы сыртқа шығарылады да, қақпаққа (1) сүзгіш мата орнатылады. Сары суды ажырату үшін жиі-жиі ыдысты 1300-қа бұрып айналдырып отырады. Қоймалжыңды престеу кезінде салқындату процесі мұзды су көмегімен бірге жүргізіледі. Дайын сүзбені арту үшін қақпақтағы сүзгі мата алынып тасталынады да, дайын сүзбені ыдысты көлбеу бұрып тұрып қақпақ алынғаннан кейін жылжымалы жинағышқа (6) тиейді.
Cүзбені сорғыту үшін сепаратор пайдаланылады. Негізі жұмысшы бөлімі – барабан. Барабан ішінде тарелке ұстағышқа кигізілген топ тарелкелер бар.Тарелке үстінен қақпақ кигізіледі де сақинаға бекітіледі.
Барабан айналу әсерінен ортадан тепкіш күш пайда болып, сол күш сары суды жоғары қарай бағыттап, сары су шығаратын түтікке қарай жібереді де, сүзбе қоймалжың ауыр зат ретінде барабанның қабылдағышқа жіберіледі. Барабандағы соплалар саны сепаратор өнімділігіне әсер етеді. Соплосаны көп жағдайда (Ж5-ОТР сепараторларында алты сопло өнімділік 5500-6000л/сағ, ал төрт соплода өнімділік 3500-4000л/сағ) өнімділік артады. Және соплолардың диаметрлерінің кішіреюі ылғалдылықты төмендетеді, яғни сүзбе ылғалдылығы 85%-тен 78%-ке дейін кемиді.
Дайын сүзбені салқындату үшін өндірісте әртүрлі сүзбе салқындатқыштар пайдаланылады. Олар: ашық түрдегі салқындатқыш; ОДТ-жабық салқындатқышы; 209-ОТД-1-жабық салқындатқышы; түтікті салқындатқыш және т.б.(студенттер өздігінен оқып, дайындалу қажет).
Е8-ОПУ сүзбе жаныштағышы (5-сурет) сол жақ қабырғадан, щанақтан, оң жақ қабырғадан, жұмысшы біліктер мен жетек арасындағы арақашықтықты реттеп отыратын механизмдерден тұрады. Ал жетек ремень арқылы электр қозғалтқышқа бекітілген. Екі цилиндрлі тісті дөңгелек сол жағына бекітіліп, жаныштағыштың айналу жиілігін өзгертіп, керек жағдайда қарама-қарсы бағытта айналдырады. Жаныштағыштар арасы (0,2...0,5мм) маховик арқылы реттеледі. Жанышталған сүзбе жаныштағыштан екі пышақтың сыдыру көмегімен астыңғы жағындағы астауға түседі. Жаныштағышқа сүзбе қабылдағыш шанақтан түсіріледі. Жаныштағыш өнімділігі 1,2...2т№/сағ. Қуаты 5,5кВт жаныштағыштар айналу жиілігі QUOTE .
ЭПМЛПТ-2 механикаландырылған сүзбе жасау тізбегі (6-сурет) сүзбе дайындау үшін қолданылатын қондырғылар жинағы. Майсыздандырылған сүтке түтік арқылы ашытқы (ашытқы, хлорид кальция т.б.) қосылады да, дайын қоймалжың екі фильтрлі насос арқылы сепараторға беріледі, ол жерде сары су мен сүзбе бөлектенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |