Жоспар: жазалар жүйесінің ТҮсінігі және маңызы. ҚЫлмыстық теріс қылықтар үшін тағайындалатын негізгі жазалар. ҚЫЛМЫСтар үшін тағайындалатын негізгі жазалар. 4 ҚЫлмыстық ҚҰҚЫҚ БҰЗУШылықтар үшін тағайындалатын қосымша жазалар. Мақсаты



бет4/6
Дата11.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#196282
түріОқулық
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
14 дәріс
16 а0пан

Қылмыстық шараның әкімшілік құқықбұзушылық үшін қолданатын жазадан айырмашылығы мынадай: біріншіден, қылмыстық жаза бұл істелген қылмыстың зардабы, ал әкімшілік шара болса, ол қылмыс болып табылмайтын қоғамға теріс әрекеттер үшін ғана тағайындалады.

Екіншіден, қылмыстық жаза сот арқылы мемлекет атынан тағайындалады. Әкімшілік шараларды әкімшілік органдары, лауазымды адамдар немесе соттар тағайындайды. Үшіншіден, сот үкімі бойынша тағайындалған қылмыстық жаза кінәліге сотталғандық атағын береді, ал әкімшілік жазалауға ұшырағандарда ондай атақ болмайды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 38-бабының екінші бөлімінде жазаның мақсаттары - әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі аталған.

Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза тағайындау және оны орындау арқылы түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс істеуден оны сақтандыру жазаның арнайы ескертуі болып табылады.

Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру дегеніміз қылмыс істеген адамға әділ жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі, келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысына сай келетін әділ жаза тағайындау болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру үшін заңдылық қағидасын қатаң басшылыққа алып жасалған қылмысқа әділ құқықтық баға және лайықты жаза тағайындау қажет.

Жаза мақсаттары

Жазаның мақсаттары қылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы белгіленеді. Қылмыстық кодекстің 2-бабындағы осы заңның міндеттері заң қорғайтын мүдделерді қорғау, алдын алу делінсе, ол міндеттерді іске асыру үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленіп, қылмыс ұғымы анықталады, қылмыс істеген адамдарға қолдануға тиіс жазалар мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді.

Арнайы сақтандырудың иелері болып қылмыс істеп сотталғандар табылады. Жазаның мақсаты бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеуі фактісінің орын алмауы болып табылады. Жазаның осы көздеген мақсатына жетуінің құралы – сотталғандарды түзеу арқылы, еңбекке адал, заң талаптарын мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл жерде түзеу дегеніміз қылмыс істеп сотталған тұлғаның әлеуметтік, психологиялық көзқарасын өзгертіп, қылмыстық құбылысқа, қоғам ережелерін бұзуға, еңбексіз күнкөріс деген пиғылдарын жазадан қорықса да өзгертіп, дұрыс жолға салу болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет