Сондықтан қылмыскерге жаза тағайындау арқылы оны түзеу жазадан қорықса да қылмыс істемейтін, заң талаптарын қалт жібермей мүлтіксіз орындайтын адам ретінде қалыптастыру болып табылады. Жазаның басқа бір мақсаты – басқа бір адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру болып табылады. Жаза қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп, қорлау мақсатын көздемейді. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтың адамгершілік қағидасы болып табылады. Осы жерде жазаның мақсаттары туралы заң нормасының өзінде қарама-қайшылық жоқ па екен деген заңды сұрақ туады. Жаза сотталғандардың құқықтары мен бостандықтарына шек қою арқылы, сөз жоқ, оның жанын қинайды, адамгершілік намысына тиеді. Бұл жердегі қарама-қайшылықты жою үшін жазаның мақсаты мен құрамын, мазмұнын дұрыс айыра білген жөн. Жаза қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп, қорлау мақсатын тіпті де көздемейді. Сотталған адамдардың құқықтары мен бостандықтарына заңда көрсетілген шектерді қою жазаның мазмұнын, ал арнайы және жалпы сақтандыруды іске асыру жазаның мақсатына жету құралын құрайды. Сотталған адамның қоғамнан оқшауланып, түзеу мекемесінде жазасын өтеуі, әрине, оның жанын жеуі сөзсіз, бұл жазаның жазалау элементтері болып табылады. Жаза жүйесінің түсінігі және түрлері Жаза жүйесі деп қолданыстағы қылмыстық заңда белгіленген соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауырлығына қарай белгілі бір тәртіпте орналасқан жаза түрлерін айтамыз. Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолдану шарттары, шектері мен тәртіптері анықталған. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталған адамға келтірілетін айырудың мәніне қарай жаза түрлері мынады түрлерге бөлінеді: 1.Сотталғандарға моральдық әсер ететін жазалар. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан, мемлекеттік наградаларынан айыру.
Достарыңызбен бөлісу: |