Жоспар: жазалар жүйесінің ТҮсінігі және маңызы. ҚЫлмыстық теріс қылықтар үшін тағайындалатын негізгі жазалар. ҚЫЛМЫСтар үшін тағайындалатын негізгі жазалар. 4 ҚЫлмыстық ҚҰҚЫҚ БҰЗУШылықтар үшін тағайындалатын қосымша жазалар. Мақсаты



бет2/6
Дата11.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#196282
түріОқулық
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
14 дәріс
16 а0пан

Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарт, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді . Сотталған адамға келтірілген айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топқа бөлінеді:

1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сынабынан және мемлекеттік наградадан айыру.

2. Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері : белгілі бір лауазым атықарыу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығыннан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.

3. Соттталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзету жұмыстары, айыппұл мүлікті тәркілеу;

4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топқа бөлінеді: бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң жеке – дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз.

Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар:

Айыппұл салу;

Белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір – қызметпен айналасу құқығынан айыру;

Қоғамдық жұмыстарға тарту;

Түзеу жұмыстары;

Әскери қызмет бойынша шектеу;

Бас бостандығына шектеу;

Қамау;

Тәртіптілік әскери бөлімде ұстау;

Бас бостандығынан айыру;

Өлім жазасы қолданылуы мүмкін;

Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға қолдануы мүмкін. Яғни бұл жерде жаза адамның кінәлі түрде істеген іс-әрекетінің қылмыстық құқықтық салдары болып табылады. Сондықтан қылмыстық заңда «адам өз кінәлігі анықталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік және пайда болған қоғамға қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуыға тиіс», - делінген. Сондай-ақ әрбір істелген қылмыс үшін жаза тағайындау міндетті емес. Мұның мәні мынада: егер тергеу жүргізген немесе істі сотта қараған кезде жағдайдың өзгеруіне байланысты кінәлінің істеген әрекеттерінің қоғамға қауіпті мәні жойылса немесе оның өзі қоғамға қауіпті емес деп танылса, қылмыс нысандары бар іс-әреекттер жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босату керек (68-бап).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет