Жоспар: Педагогикалық мамандықтың пайда болып қалыптасуы және оның көпфункционалдық сипаты



бет10/18
Дата09.09.2022
өлшемі115,8 Kb.
#149116
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
Тема № 1.2. Пед. қызмет пен Пед.мамандығ. ерекшелігі. ЛК,ПЗ,СРСП. Берикханова А.Е. от 24.08.22.

Жеткіншек шақтағы оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас педагогика және психология ғылымында ерекше орын алатын мәселелер қатарында. Бұл жастық шақтағы оқушылардың ерекшеліктерін олардың дамуындағы физиологиялық және психологиялық өзгерістермен, сонымен қатар әлеуметтену мәселелерінің күрделенуімен байланыстыра отырып қарастыру қажет. Жеткіншек шақты адам өміріндегі өтпелі кезең деп атайды, себебі балалық шақтан ересек шаққа өту барысында баланың санасында, өсіп жетілуінде, мінез-құлқында, қарым-қатынастық жүйесінде күрделі өзгерістер пайда болады. Осы өзгерістердің барлығы өмірлік тәжірибелері жоқ жеткіншектерге көп қиындықтар туғызатыны анық. Сондықтан кейбір жағдайларда бұл шақты қиын кезең деп те атайды.
Жеткіншектердің негізгі іс-әрекеттері оқу болып табылғанымен, олардың оқуға деген ынтасы бастауыш сыныптағыдай жоғары бола бермейді. Олар өздерінің жеке тұлғасының ерекшеленуіне, әлеуметтік ортада өзіндік мәртебе мәселесіне көбірек көңіл аударады. Осы шақта жеткіншектердің өзіндік санасы қалыптаса бастайды. Өздерін жетілдіруге байланысты кітаптар оқи бастап, өздері ұқсағысы келетін кейіпкерлерге еліктейді, спорт түрлерімен шұғылданады, күнделіктер жазып, онда өз әрекеттеріне талдау жасауға тырысады.
Жеткіншек шақта оқушыларды «Мен қандаймын?» деген сұрақ көбірек мазалайды, соның салдарынан өздерінің жан дүниесін іштей зерттеп-тануға талпынады. Осы шақта оқушылардың «Мен» жүйесінің негізі қалыптаса бастайды. Өздерін есейгендей сезінгенімен олар балалықтан толық арылмаған, өз бетінше шешім қабылдауға жауапкершіліктері жеткіліксіз, ересектерге еліктегіш келеді. Қарым-қатынас барысында ересек адамдарға сыни тұрғыдан қарап, олардың қателерін, кемшіліктерін тез байқайды.
Жеткіншек шақтағы айырықша ерекшелік - ұл балалардың қыздарға, қыз балалардың – ұлдарға деген қызығушылықтарының арта түсуі. Олардың өзара алғашқы достық, сүйіспеншілік, махаббат сезімдері пайда болып, осы бағыттағы сұрақтар көп толғандырады. Бұл тақырыптар оларды соншалықты мазалағандығынан, олар бұл жайлы тек сенімді достарымен ғана әңгімелесіп, ата-аналарына және мұғалімдерге көп ашыла бермейді.
Мұғалім жеткіншектермен қарым-қатынасты ортнату барысында олардың ұжым пікіріне көбірек жүгінетінін ескеруі қажет. Ұжымдық қатынастарға бейімделу үстінде жеткіншектер достарының пікірлерімен санасатынын, сыныптастарының көзқарастарына тәуелді екені байқалады. Осы кезеңде балалар киім кию, шаш үлгісін қою, спорт пен өнер саласындағы бағдарларын анықтау сияқты таңдауларын жасағанда достарының пікірлеріне көп қарайлайды.
Оқушының даму мен қалыптасу үстінде екендігін ескеріп, мұғалімдер жеткіншектердің психикасына қысым жасамай, керісінше олармен сыйластық пен сенімділік негізінде ғана сөйлесу барысында үлкен жетістіктерге қол жеткізе алатыны сөзсіз. Осы жастық кезеңде оқушылар үлкедердің өздерімен үлкен адамдардай сөйлескендерін қажетсінеді. Жеткіншек шақта оқушылардың ішкі жан дүниесіндегі күйзелістерімен бөлісетін сенімді адам іздейді, сондықтан мұғалім педагогикалық қарым-қатынастың жеке сұхбаттасу түрін де жиірек пайдалануы керек. Оқушымен жеке сөйлескенде оған не қызықты, ол неге еліктейді соны анықтап алған жөн. Мұндай қарым-қатынасты өзіңді мазалайтын нәрседен емес, оқушыны қызықтыратын мәселеден бастаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет