Жоспар: Педагогикалық мамандықтың пайда болып қалыптасуы және оның көпфункционалдық сипаты


Педагогтың танымдык (гностикалық) іскерлігі



бет6/18
Дата09.09.2022
өлшемі115,8 Kb.
#149116
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Тема № 1.2. Пед. қызмет пен Пед.мамандығ. ерекшелігі. ЛК,ПЗ,СРСП. Берикханова А.Е. от 24.08.22.

Педагогтың танымдык (гностикалық) іскерлігі. Бұл компонент мұғалімнің танымдық қабілеттерін, интеллектуалдық мүмкіндігін, өз пәнін терең білуін, дүниетаным шеңберінің кеңдігін, өзін-өзі танып білуін қамтиды және маман еңбегінің негізі болып саналады. Танымдық іскерлікті қалыптастыру үшін адамның қабылдау, зейін, ойлау, елес, ес, т.б. психикалық қасиеттердің бірлікте дамуы қажет.
Мысалы, адамның байқағыштығы, өзін-өзі бақылауы, кез келген жағдайда жол таба білуі, ойлау үрдісінің дамуы үшін талдау жасау, салыстыру, сәйкестігін ажырату, нақтылай білу, жинақтау, қорытынды жасау сияқты дағдылардың болуы қажет. Бұл сапалар адамның үнемі жаттығу, өзін-өзі тәрбиелеу, оқу, білім алу, еңбек ету процестері барысында тұтас қалыптасады.
Педагогтың конструктивтік (кұрастыра білу) іскерлігі. Бұл іскерлік оқу-тәрбие жұмысын модельдеу, жоспарлау, композициялық материалдарды іріктей алумен, оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай оқу-тәрбие процесінің материалдық базасына сәйкес жұмысты ретімен ұйымдастыра білуімен сипатталады. Бұл іскерлікті меңгеру үшін интеллектуалдық іскерлік қажет. Алдағы жұмысты жоспарлау, жобалау, алдын-ала ойластыру, салыстыру, болжау қабілеттерімен тікелей байланысты. Сондықтан конструктивтік іскерлік танымдық іскерлікпен тығыз ұштасып жатады.
Педагогтың коммуникативтік (қарым-қатынас) іскерлігі. Бұл іскерлік мұғалімнің түрлі категориядағы адамдармен тез тіл табысып, тиімді қарым-қатынас жасай алуын көрсетеді. Қарым-қатынас тәсілдері сөз сөйлеу техникасы, қимылдар, мимиканы игере білуден басталады. Бұл іскерлікті қалыптастыру үшін алдымен адам басқа адамды тусіне білуі, тани білуі және өзін де таныта білуі керек. Екіншіден, өзінің ой-пікірін, көңіл-күйін көзқарасын, мақсатын сөйлескен адамға, тыңдаушылар ұжымына түсіндіре білуге және оларды да түсіне білуге ұмтылуы қажет. Үшіншіден, адамдармен қарым-қатынас барысында толеранттылыққа негізделіп, оң шешім таба білуі маңызды. Осылардың нәтижесінде мұғалімде қарым-қатынас жасауға бейімділігі және ептілігі бар, адамдармен оңай тіл табыса алатын, басқалармен тез араласа алатын жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет