Жоспар: Педагогикалық мамандықтың пайда болып қалыптасуы және оның көпфункционалдық сипаты



бет5/18
Дата09.09.2022
өлшемі115,8 Kb.
#149116
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Тема № 1.2. Пед. қызмет пен Пед.мамандығ. ерекшелігі. ЛК,ПЗ,СРСП. Берикханова А.Е. от 24.08.22.

50-бап. Педагог қызметкердің мәртебесі.
1. Білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері азаматтық қызметшілер болып табылады.
2. Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердің ерекше мәртебесін таниды және кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасайды.
51-бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі.
1. Тиісті бейіні (профиль) бойынша арнайы педагогтық немесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогтық қызметпен айналысуға жіберіледі.
2. Педагог қызметкердің:
1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;
2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;
3) жеке педагогтік қызметке;
4) тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;
5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір рет біліктілігін арттыруға;
7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;
8) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түріндегі моральдық және материалдық көтермеленуге;
9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;
10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;
11) ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік стажы сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;
12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға құқығы бар.
3. Педагог қызметкер:
1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;
2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;
3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығарма­шылық қабілеттерін дамытуға;
5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
6) бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге;
7) педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;
8) оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Міндеттері мен педагогтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында және еңбек шартында көзделген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Қазіргі ғылыми психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде білім берудегі құзыреттілік мәселелері жан-жақты талқылануда. Бұл мәселелер Н.Хомский, Р.Уайт, Дж. Равен, Н.В. Кузьмина, Б.С. Гершунский, Т.В. Маркова Л.М. Митина, Ю.Н. Кулюткин, Г.С. Сухобская, М.В. Прохорова, Е.В. Бондаревская, В.А. Сластенин, И.А. Зимняя, Н.Д. Хмель, Ш.Т. Таубаева, Г.Ж. Менлибекова, У.Б. Жексенбаева, Қ.Қ. Жампеисова тағы басқа көптеген ғалымдардың еңбектерінде зерттелуде.
Қазақстанның Ұлттық энциклопедиясында құзырет ұғымы (лат. сompetentia – жетемін, лайықпын) екі мағынада түсіндіріледі:

    1. заңмен, жарғымен немесе өзге құжатпен берілген өкілеттіліктер шеңбері.

    2. белгілі бір саладағы білім, тәжірибе, біліктілік.

Жаңа педагогикалық парадигма бойынша қазіргі стандарттардың өзінде «білім, білік, дағды» ретінде қарастырылған білім беру нәтижелерінің орнына құзыреттілікті қалыптастыру өмір талабына сай тұлғаның әлеуметтенуін, өзін-өзі іске асыруын қамтамасыз ететін білім беру жүйесінен күтілетін нәтиже ретінде қарастырылуда.
В.А.Сластениннің, М.И.Мищенконың пікірлерінше педагогтың кәсіби құзыреттілігііс-әрекетті атқарудағы теориялық және практикалық даярлықтарының бірлігі.
Н.Д.Хмель педагогтың кәсіби құзыреттілігін оқушылардың іс-әрекеттеріне бағытталған, олардың тұлғаларын ынталандыратын, шығармашылық қабілеттерін және олардың өзін-өздері іске асыруға даярлықтарын қалыптастыратын мұғалімнің басқарушылық іс-әрекеті деп түсіндіре отырып, оның мынандай элементтерін ажыратып қарастырады:

  • оқытатын пән материалын еркін меңгеру және оның мазмұнын аудитория ерекшеліктеріне бейімделе отырып толық жеткізе алу;

  • оқушыларда білім, білік, дағдыларды меңгеру жолдарын қалыптастыру үшін оқыту әдістерін пайдаланудағы әдістемелік құзыреттілік;

  • оқыту процесін және оқушылардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру саласындағы психологиялық-педагогикалық құзыреттілік;

  • оқушыларды танымдық іс-әрекетке ынталандыру, қабілеттері мен тұлғалық бағыттылықтарын қалыптастыру барысында іске асатын дифференциалдық-психологиялық құзыреттілік;

  • педагогикалық іс-әрекеттегі рефлексия немесе аутопсихологиялық құзыреттілік.

Кәсіби құзыреттілік маманның тұлғалық және іскерлік қасиеттерінің итегралдық сипаттамасы. Бұл қасиеттер маманның кәсіби іс-әрекеттің мақсаттарына қол жеткізуге қажетті білім, іскерлік, тәжірибелерінің деңгейімен қатар оның әлеуметтік-адамгершілік ұстанымының көрсеткіштері. Кәсіби құзыреттілігіне байланысты маман кәсіби іс-әрекет мақсаттарына, талаптарына сай өзіндік шешім қабылдай алуын, күрделі мәселелер жағдайында тиімді жол таба алу іскерлігін, және іс-әрекет нәтижесін бағалауға даярлығын көрсете алады.
Салыстырмалы түрде талданған тағы басқа анықтамалар негізінде кәсіби құзыреттіліктің екі тұрғыдан қарастырылуын аңғарамыз:
- біріншіден, көптеген зерттеушілер кәсіби құзыреттілікті мамандардың даярлық деңгейлерімен байланыстырады;
- екіншіден, ғалымдар кәсіби құзыреттілікті маманның тұлғалық қасиеттерімен байланыстырып зерттейді.
Құзыреттілік тұрғыдан оқыту барысында басты назар білім беру нәтижесіне, оның тұрақтылығына, оның өлшемдеріне аударылады. Бұл бағытта студенттердің дербестігі, өз беттерінше жұмыс істей алулары ескеріледі. Егер дәстүрлі оқытуда тек студенттер үлгерімінің пайыздық көрсеткіштері маңызды болса, құзыреттілік тұрғысынан оқытуда олардың жетістіктері, мүмкіншіліктер деңгейі, маман тұлғасының қалыптасуы, олардың әлеуметтенуі, іскерліктері жоғары мәнге ие болады.
Мұғалім жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу ісінде кәсіптік денгейі жоғары болуы үшін педагог мамаңдығына тән іскерлік пен дағдыларды толық меңгеруі негізінде ғана кәсіби құзыретті маман бола алады. Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің құрылымы оның негізгі іскеліктер жүйесі арқылы қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет