Жоспары: Дін ұғымы, мазмұны



бет6/15
Дата07.02.2022
өлшемі34,25 Kb.
#97298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
дін философиясы

Панентеизм. Пантеиз және теизм арасындағы идея панентеизма (грек. pan en theos барлығы құдайда). Осы ілімге байланысты жаратылған дүние толығымен Құдайда болады, бірақ құдай дүниеде толығымен араласпайды, Құдай сонымен бірге дүниенің шегінен шығатын және дүниеге трансцендентті. Графикалық түрде оны былай сипаттауға болады: үлкен шеңберде (Құдай) кіші шеңбер (дүние) табылады, кіші шеңбер өзінің әрбір нүктесінде үлкен шеңберден шықпайды. Панентеизмге байланысты, Құдайдың тұлғалылық болмысы бар.
Теизм. Теизмда Құдай өзінің тудырған дүниесінен бөлек шексіз Болмыс және Абсолютті Тұлға ретінде түсіндіріледі. Дүние Құдайдан шықпайды және оның ішінде болмайды, бірақта ол ештеңеден пайда болады, ex nihilo, ешқандай алғы шартсыз болады. Құдайдың тудырған табиғатына трансцентенттігіне байланысты Оның туындылары әрқашанда жаңа, яғни ешқашан болмағанды тудырады. Құдай дүниені Сөзімен (Логоспен), Абсолютті Тілегімен немесе Абсолютті Еркімен тудырады. Теизм көбіне иудаизмге, христиандыққа және исламға тән.
Деизм. Теизмнен деизмді ажырата білу керек ( лат. deus құдай), ол Қайта өрлеу дәуірінде көп тараған. Деизмнің негізін қалаушы лорд Чербериге (ХVII в.)байланысты Құдай дүниені тудырып, оның әрі қарай дамуында және физикалық заңдылықтарына араласпайды.Көрнекті деистер Толанд, Вольтер, Лейбниц болған. Деизм жаратуды бір актімен шектесе, теизм Құдайдың дүниені өзінің жоспары бойынша тудырады.
Атеизм (atheism құдайсыз) Құдайға тұлға ретінде сенімді терістеу және сыни анализ, сонымен бірге басқа да құдайларға, жоғарғы күштерге сенімді терістеу. Бұл сын философиялық, ғылыми немесе тарихи-ғылыми сипатта болуы мүмкін. Атеистік концепция өзінің сынаған діни ілімдеріне мағыналық құрылымына және ойлау образына ұқсас. Сондықтан абстрактілі атеим мүлдем жоқ, бірақ әрбір атеизм нақты бір дінге(өзі терістейтін) байланысты болады. Осы тұрғыда оны сол сынаған дініне байланысты атау дұрысырақ: христиандық атеизм, мұсылмандық атеизм, иудейлік атеизм және т.б. Қазір атеизмді еркін ойлаумен, діни индифферентизммен, антиклерикализммен дұрыс емес араластырады. Атеизм Құдай өмір сүреді және Оның болмысын дәлелдеуге болады дейтін монотеизмге қарсы.
Агностицизм (грек. agnostos танымға жатпайтын), адамның дүниені шынайы тану мүмкіндігіне күмән келтіретін философиялық ілім. Осы пззицияны белгілеу үшін ағылшын ойшылы Т.Гексли 1869 ж. агностицизм терминін енгізді.
Иерархия. Шіркеу иерархия бойынша өзінің мүшелерінің мінез-құлқын бақылап отырады және конфессионалды жағдайлар мен дәстүрлерді сақтайды, өндейді және жеткізеді. Шіркеулік иерархия (грек. hieros қасиетті және arche билік, яғни қасиетті билік) төменнен жоғары қарай бағыныштылық тәртібіне байланысты шіркеулік шендердің жиынтығы; христиан шіркеуіндегі қасиетті үш сатының жалпы атауы: епископ, пресвитер және диакон. Согласно М. Веберге байланысты христиан шіркеуі Христостың харизматикалық тобынан және оның шәкірттерінен тарихи пайда болған. Ұстаздың өлімінен кейін харизма біртіндеп көпшіленеді, сенім дәстүрге айналады, қаумдастық үлкейеді, көпшілікке ауысады және рахаттың тәжірибесін жоғалтады. Догматизация, конфессионализацияның және ұйымдардың қажеттігі шіркеуді тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет