№
|
Қадамдар
|
Іс-әрекет алгоритмі
|
1
|
Жағдайды бағалау.
|
Реаниматолог пен пациентке қауіп-қатердің бар-жоғын тексеру. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету. (Қажет болған жағдайда арнайы қызметтерді шақыру).
|
2
|
Сананы бағалау.
Науқасты дайындау.
|
Санасын бағалау (сөйлеу және иығынан түрту). Көмекке шақыру, жедел жәрдем шақыруды және дефибриллятор әкелуді өтініңіз. (Егер ешкім болмаса – телефондағы динамикті қосып, жедел жәрдемді өзіңіз шақырыңыз.)
Науқасты тегіс бетке жатқызу, кеудені киімнен босату, аяқтың ұшын 30-40 градусқа көтеру.
|
3
|
Тыныс алуды тексеру. Қажет болған жағдайда пульсін тексеру.
|
Сафардың үштік әдісін жасау. Жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету. Тыныс алуын бағалау ( көремін, естимін, сезінемін).
Қанайналым жүйесін бағалау (екі жағынан ұйқы артериясындағы пульсация).
|
4
|
Кеуде қуысының компрессиясына дайындық.
|
Бірінші қолдың алақанын (тенар және гипотенар) кеуденің семсер тәрізді өсіндісінен 2 саусақ жоғары, екінші қолдың негізін бірінші қолдың үстіне орнату. Қолдар (білек пен иық) кеуде қуысына перпендикуляр болуы керек.
|
5
|
Кеуде қуысының
компрессиясын
жасау.
|
Тереңдігі 5 см-ден кем емес және 6 см-ден аспайтын 30 компрессияны орындау, компрессия жиілігі минутына 100-120 рет. Компрессия арасындағы интервалдар минималды болуы керек. Әрбір компрессиядан кейін кеуде толығымен түзетілуі керек;
(техника бұзылған жағдайда бұл қадам орындалмаған болып саналады)
|
6
|
Өкпені жасанды желдетуге дайындық.
|
Ауыз қуысын тексеру, қажет болған жағдайда тазалау.
|
7
|
Өкпені жасанды желдетуді жүргізу.
|
2 жасанды дем беру. Әрбір дем беру 1 секундтан. Дем беру арасында кідіру (пауза) болуы керек.
|
8
|
ЖӨР бір кезеңін орындау.
|
ЖӨР бір кезеңін орындау (5 цикл 30 рет компрессия; 2 рет ӨЖЖ)
|
9
|
Тоқтау анализі.
|
Тыныс алуын және пульсін тексеру.
|
| | |
10
|
Келесі жүргізілетін тактиканы анықтау.
|
Егер тыныс алуы мен жүрек соғысы қалпына келсе реанимация шараларын тоқтату. Егер тыныс алуы мен жүрек соғысы қалпына келмесе көмекшілер, керекті препараттар мен дефибриллятор болса, дефибрилляторды қосу, веноздық кіруді (венозный доступ) қамтамасыз ету және монитордың көрсеткіштері бойынша шоксыз немесе шокты ырғақ кезінде кеңейтілген ЖӨР шараларын орындау.
|