«жоєарєы мектеп педагогикасы» курсын оќыту јдістемесі



бет26/53
Дата24.11.2023
өлшемі2,36 Mb.
#193409
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53
Байланысты:
ПВШ краткий конс-т лек
тұлғаға бағарланған, 9 апта философия

Оқу -әдістемелік кешен

  • Оқу -әдістемелік кешен ҚР білім беру стандартының мазмұнымен сәйкестелініп өңделеді. Оның құрылымының сипаттамасы, мамандықтың типтік және практикалық оқу жоспары мен пәннің негізгі мазмұнына және дайындық бағытына әсер етеді. Ол студенттердің пәндерді таңдауын жеңілдетеді. Оқу-әдістемелік кешен мынандай міндеттерді шешуге бағытталған:
  • - белгілі бір мамандықтың білім беру бағдарламасында оқу пәнінің орны мен ролін анықтау;
  • - оқыту процесінің тақырыбын және өткізу түрін оқу уақытымен бөлу;
  • - студенттердің аудиториядағы және аудиториядан тыс жеке жұмысын ұйымдастыру;
  • - студенттердің танымдық және шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастырыу;
  • - оқыту мен зерттеу процесінің өзара байланысын қамтамассыз ету;

5 МОДУЛЬ. ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 13 Тақырып Білім беруді ұйымдастырудың дәстүрлі әдістері мен түрлері

  • Дәріс – Ежелгі Гректерде пайда болып, орта ғасырларда Ежелгі Римде одан әрі дами бастады. Алғаш латын тілдерінде жүргізілді. Пән мұғалімі кітаптар оқыды, мәтінге өз тарапынан көзқарас білдірді. Ортағасырлық университетттерде таңертең қарапайым түрде дәрістер оқылды, ал кешке – қысқаша түрде қайталанып отырды. Дәрістен шыққаннан кейін студенттер бірлесе отырып дәрістің мазмұнын еске түсіріп талдаулар жасады.
  • Дәріс (латын тілінен «lectіоң - оқу ) жоғары оқу орындарында дәстүрлі және басқаратын оқытудың түрі.
  • Дәріс – монолог ретінде жүзеге асатын жауапты публикалық қойылым болып табылады. Дәріс беруші аудитория (студенттер) алдында түзетусіз “таза” сөйлеуі қажет. Жазу столында жіберген қателікті оңай сызып тастай алсақ, дәрісті оқу барысында қате жіберу мүмкін емес. Бұның бәрі дәріс берушіден лекцияға дайындалу кезінде тіл және баяндау стилімен көп жұмыс істеуді талап етеді.
  • Мазмұндаманың қарапайымдылығы мен жеңілдігі жоғарғы мектептегі дәрістің басты жетістігі болып табылады. Анықемес және бұрмаланған мазмұндаманың екі себебі бар: 1) дәріс берушінің жауап беріп отырған сұрағын терең түсінбеу; 2) өз ойындағын тыңдаушыларға қарапайым түрде жеткізе білмеуі.
  • Дәрістің қарапайымдылығы мен түсініктілігі мазмұндаманың қысқа болуымен тығыз байланысты. Ғылым тілі қысқа. Академиялық дәрісте көп нәрсе айтуға болады, бірақ көп сөйлеуге болмайды. Дәріс берушінің ұзақ мағынасыз сөзі тыңдаушыны жалықтырады және шаршатады. Өкінішке орай жоғарғы оқу орындарында өзімен өзі түсінікті қарапайым нәрсені қайталап түсіндіре беретін, көп сөйлейтін дәріс берушілер кездеседі.
  • Дәрісті оқу шаблонды болмауы қажет. Дәрістің формасы бірқатар жағдайларға және ең бастысы материал мазмұны мен тақырыбының сипатына байланысты болады. Дәрістегі шаблон дәрісшінің оқылатын дәрісті дайын кітаптағы фраза түрінде бергенде пайда болады.
  • Дәріс – арнайы белгілері: ғылыми ортада қабылданған өзінің терминологиясы, фразеологиясы мен этикеті бар ғылыми стильдің ерекше жанры.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет