Ж‰регі ж‰з жыл жырлаѓан



бет2/5
Дата06.02.2022
өлшемі195,44 Kb.
#32259
1   2   3   4   5
Албырт шақ

“Менің өмірім” атты әңгімесінде он жастан өлеңге көңіл бөлгенін, он бес – он алтыда ауыл таныған ақын болғанын, он жеті жасында биікке самғап шыққанын айтады:


Топ десе он жетімде тартынбадым,


Семсердей майдандағы жарқылдадым.
Ақынды ауылға ермек басып озып,
Жұлдыздай көзге түсіп жалқындадым,

– демекші, Жамбыл алдымен айтыста танылады. Айкүміспен, Сарамен, Бұрыммен айтыстарынан соң-ақ түлеп келе жатқан жыр-қыранның есімі ел ішіне аңыз болып тарай бастайды. Әсіресе, Сарамен, Бұрыммен айтыстары жастық дәуренінің қимас сырлы оқиғасына айналады.


Албан Бөлек батырдың қызы Сарамен ақын 1875 жылдың күзінде Қарқара жайлауында кездеседі. Айлы түнде, алтыбақан басында Сара тамылжытып ән айта­ды, Жамбылдың жас жүрегіне шоқ салып, неше алуан күйге түсіреді; шырайлы қыздың әдемі өңі балбырап, танадай көзі оттай жанып, еріксіз тартады. Ынтыққан Жамбыл көкірегінде жалын боп шарпыған арман барын, сол арманның асыл еркесін осы жайлаудан, ай нұрына қосып айналасын да нұрға бөлеп, сырмен тербеген сұлу әннен тапқанын жырға қосады. Сара да алтыбақанда тербетіліп, кісінің жүрегін жандыратын сан алуан әнге салады. Жамбылға тұспалдап жауап қайтарады.


Бұдан кейін де Жамбыл мен Сара осындай сауық кештерде, жиын-тойларда бірнеше рет кездеседі. Сараның “Угай-угай, әй-угай” деп салатын әні ақынның өмірлік сырына айналады. Екі өнерпаз өлеңмен табысып, жүрекпен ұғысады. Өмірлік жар болмаққа уәде де байласады. Бірақ әкесі қызды атастырған жеріне ұзатып жібереді. Жамбыл қыздың ұзатылған жеріне де барады. Ебін тауып кездеседі де. Сара сонда көзінің жасын зарына қоса төгіп отырып, өмір бойы арманда, шерменде болып, мұңлықта өтетінін айтады. Мұны сезген күйеуі бейшараны жәбірлеп, ұрып-соғады. Соншама қасірет пен қайғыны көтере алмай есіл Сара ақыры құсадан қайтыс болады. Осының бәрі есіне түскенде Жәкең:


– Сара десе дегендей еді-ау, шіркін! – деп күрсініп, үнемі терең ойға шомып, ыңылдап Сараның “Угай-айына” салып отырады екен. “Угай-угай, әй-угай” жұрт айтып жүргендей, Жамбылдың әні емес, Сараның әні. Бәлкім, Сарадан да бұрын келе жатқан ән болуы мүмкін. Қайырмасы да әйел шығарған ән екенін байқатады.


Жамбыл жиырма жеті жасында Айқым еліндегі бір тойда Қыдырма қызы Бұрыммен танысады. Бұрым да әнші, көрікті қыз екен, екеуі әуелі қайымдасып жөн сұраса келе бара-бара айтыстың ұзақ сүресіне түседі. Сан рет кездесіп, бірін-бірі жеңе алмайды. “Жамбыл-ау, бұл қызбен ұзақ айтыстың ғой, не жеңбедің, не жеңілмедің” – дегендерге: “Мен Бұрыммен айтысқанда жеңейін деп айтысып жүр деймісіңдер”, – дейді екен.


Айтыстың аяғы жарастыққа ұласады. Ақыры қызды алып қашады. Бірақ, қоршаған орта Бұрымды Жамбылдан айырып тынады. Қызды қайтармаған жағдайда жаңа ғана басы құралған Екей қайта бытырайтын болған соң Сарыбай Жамбылды күшпен көндіріп, Бұрымды төркініне қайтарады. Осы оқиға жас ақынның ойын ойрандап, жанын жаралайды. Махаббат, жастық мұңы Жамбылға терең ой салады. Әділетсіздікке налиды. Осылай жабырқап жүргенде әкесі құда түсіп Орынбек дегеннің қызы Момынды алып береді. Момын дүниеден ерте өтеді. Одан – Қожаш, Қожамберді, Қожақ атты үш ұл қалады. Жасы қырыққа таянғанда Жамбыл Тілеуқабыл қызы Қанымжанды еркімен айттырып алады. Жар қызығын, үй жылуын осы Қанымжаннан көреді. Қанымжаннан – Алғадай, Шымбай, Ізтілеу, Тезекбай туады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет