Жұрт жүрген баламын мақтап, Тақпақты аламын мен жаттап


«Р» дыбысын қоюға арналған артикуляциялық жаттығулар кешенің үлгісі



бет19/20
Дата07.02.2022
өлшемі5,44 Mb.
#82271
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
жумыс!!!!!

«Р» дыбысын қоюға арналған артикуляциялық жаттығулар кешенің үлгісі.


«Мұрынға дейін жет»
Жаттығу жасап тілім,
Шықты үйден жаңа ғана,
Жоғары көтеріліп сәл ғана,
Мұрынға жетті тілім.
Сипаттама: ауызды ашып, қүлімсіреу. Тілдің ұшын мұрынға қарай көтеріп, жоғарғы ерінге түсіру. Тілдің тарылмауын және еріндер мен төменгі жақтың қимылдауын қадағалау.
«Жылан»
Айналды тілім жыланға,
Оңай жаттығу, сен де жаса,
Тілді бұр алға, артқа,
Жаттығуды орында.
Сипаттама: ауызды кең ашу, жіңішке тілді алға шығарып, артқа ауыз қуысына кіргізу.
Футбол.
Ойнаймын мен футбол
Доппен соғамын гол,
Алға ұшты доп
Қуанышты боп.
Сипаттама: түтікше тәрізді еріндерді алға шығарып, мақталы шарға ұзағынан үрлеу.Алдында екі кубиктерден жасалған «қақпа» тұрады. Бір рет дем алып қана үрлеу керек, себебі ауа ағысы үзік шықпау керек. Үрлеу барысында бет үрленбеуі тиіс, ол үшін бетті ақырындап алақандармен басу қажет.
«Өкпелі ат»
Мініп едім атқа,
Өкпелеп қапты қасқа,
Ешкімге жүрмейді
Атамнан басқа.
Сипаттама: дем шығарып ауа ағысын еріндерге жіберіп, еріндерді дірілдету.
Барабан
Көрдім дүкенде барабан,
Әкілдім оны қаладан.
Тарсылдатып ойнадым,
Көршілерді ояттым.
Сипаттама: ауыз ашық, ерін күлімсіреген.Тілдің ұшымен тістің ар жағынан таңдайға тарсылдатып [д], [д], [д] деген дыбыстар шығару қажет. Басында баяу айтып,соңында жылдым айту керек. Төменгі жақтың қимылдамуын, ауа ағысының сезіліуін қадағалау қажет.
«Маса»
Ұшып еді маса,
Іздеп жерлерді таса,
Алдынан шығып еді қарға,
Тығылды ол жарға.
Сипаттама:ауызды ашып, күлімсіреу.Тілді жоғарғы тістердің артына көтеру, ұзағынан З дыбысын айту. Егер бала «з» дыбысын дыбыстағанда аузын жабатын болса, механикалық жолмен көмектесуге болады.
«Мотор»
Машинаға әкем отырды,
Қосып алды моторды,
Көшелер бойымен
Бірінші боп зулады.
Сипаттама: «д-д-д» деп немесе «з-з-з» деп атқан кезде, тілге қасықтың ұшымен немесе ағаш шапательмен, сонымен қатар саусақпен бір тараптан келсі тарапқа тербелмелі қозғалыстар жасау.

Қорытынды
Уақытылы дұрыс, таза сөйлеуді меңгеру – толыққанды тұлға ретінде қалыптасуда маңызды мәңге ие. Тілдегі мүкістік баланың әлеуметтік ортаға бейімделуіне теріс әсерін тигізеді. Сондықтан тілдегі мүкістігі бар балаға міндетті түрде логопедиялық көмек көрсету қажет.
Түзету жұмысында дыбысты қою кезені ең маңызды кезеңдердің бірі. Ал дыбысты қою кезеніңде, артикуляциялық аппаратты дайындау уақытында артикуляциялық жаттығулардың рөлі зор. Себебі бұл жаттығуларды орындағанда, артикуляциялық аппаратының бұлшық еттері қозғалып, икемділігі артады. Дыбыстарды дұрыс дыбыстау үшін артикуляциялық аппарат дайын болуы қажет. Артикуляциялық аппарат дайын болған кезде, бала барлық фонемаларды дыбыстай бастайды. Артикуляциялық жаттығуларды айнаның алдында, 5-6 рет әр жаттығуды қайталап орындайды. Басында орындау барысында ақырын, кейін жылдамырақ орындауға болады. Жаттығуларды орындау уақыты 7-10 минуттан аспауы қажет. Ересек адам балаға өзі көрсете отыра, түсіндіруі қажет. Осы орайда жоғарыда көрсетілген артикуляциялық жаттығуларды орындау ережелерін сақтау керек.
Ал баланы артикуляциялық жаттығуды орындауға қалай қызықтыруға болады? Әрине, жаттығулардың аттарына байланысты қысқа да қызықты тақпақтармен қызықтыруға болады. Тақпақтар арқылы баланың сөздіқ қоры молайып, есте сақтау қабілеті дамиды. Яғни, тақпақтармен бірге орындалатын артикуляциялық жаттығулар арқылы баланың тілдегі мүкістігін кешенді түрде түзейміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет