«Л дыбысын ұстау» Дыбыстар әлемінен
Ұстадым бір дыбысты мен,
Екі таяққа сүйенген
«Л» дыбысы екен.
Сипаттама:күлімсіреу, «а» дыбысын дыбыстау барысында тілдің ұшын тістермен тістеп, қозғалысты үдету. Сол уақытта «Л» дыбысы естіледі.
«Күркетауық» Ұқсайды ол тауыққа,
Қызыл бірақ сақалы
Еті оның бағалы
Әжем күнде бағады
Сипаттама: еріндер күлімсірейді, жалпық тілдің ұшымен жоғырғы ерінге қимылдар жасау, тілді еріннен ажыратпауға тырысу және тілдің ұшын бүгу қажет. Бірінші рет ақырын, кейін жылдамдықты үдете қимылдыр жасаймыз. Жасау барысында дауыс қосып, «бл-бл» деген дыбыстар шығару керек.
«Жоғарғы тістерді санау» Тістерін санап,
Орындақта отыр Самат,
Санға жетпей қалды кейін,
Санайтын еді, оңға дейін.
Сипаттама: күлімсіреу, ауызды ашу. Тілдің ұшын жоғарғы тістердің әр біреуіне тіреу. Жаттығуды орындау барысында жақтардың қозғалмауы керек.