Жумабаева Фарида Ахатовна №15 мектеп – лицейінің биология пәнінінң мұғалімі Оқушылардың қызығушылықтарын ояту, олардың сыни



Дата25.12.2016
өлшемі61,04 Kb.
#5006
Жумабаева Фарида Ахатовна

15 мектеп – лицейінің



биология пәнінінң мұғалімі
Оқушылардың қызығушылықтарын ояту, олардың сыни

тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту.
Елбасымыздың жолдауында «ХХІ ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі мазмұны жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады» - деп сапалы білім беруге ерекше назар аударылып отыр.

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы бері еліміздің рухани өмірінде көптеген өзгерістер болды. Бұл оң өзгерістер болашақ жастарды тәрбиелеуде жаңа мақсат–міндеттер жүктеп отыр. Қазақстан жастарының рухани кеңістігін қалыптастырудың алғы шарты бастауыш мектепте жасалынады.

Шығармашылық деген сөздің мәніне үңілсек, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзіліп, ақыл-ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінеді.

Шығармашылық дегеніміз – адамның ойлауының және өз бетінше әрекетінің жоғары формасы.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз, педагогтың бағыттауымен оқушының өз бетінше білімді игеруі. Нәтижесінде неғұрлым дамытылған оқушының жеке тұлғасы қалыптасады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты сынауға емес, шыңдалған ойлауға үйрету. Бұл технология сабақ жүйесінде іштей үш кезеңге бөлінеді:

І. Қызығушылықтарын ояту.

Бұл кезеңде оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын арттырудың әртүрлі әдіс–амалдары қарастырылады. Мысалы: ассоциация құру, қызықты сұрақтар қою, сөзжұмбақ, ребус, жұмбақ шешу арқылы оқушыларды өтілетін сабаққа тартамын.



ІІ. Мағынаны ажырату.

Белсенді түрде оқу. Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше әдіс – тәсілдер бар. Олар болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, білемін, білгім келеді, үйренгенім, сұрақ қоя білуді үйрету, өзара оқыту, топпен болжау, топпен зерттеу, т.б. Осы әдіс – тәсілдерді қолдану бұл кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін - өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің дамуы, шығармашылық іс - әрекеттерінің оянуы, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырамын.



ІІІ. Ой толғаныс. Оқуды қорытындылауы.

Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жолды өлең» тәсілдерін пайдаланады. Қазіргі оқыту үрдісінде оң әсерін көрсетіп жүрген әдістердің бірі – «топқа бөліп шығармашылық тапсырмалар беру».



Бастауыш сыныпта негізгі міндет – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Бұл мәселені алудағы басты мақсатым – оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу. Осы орайда шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс - әрекетін ұйымдастыру сыннан өткен мынадай түрлерін аламын:

  • Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау;

  • арнаулы бір тақырыпта пікір – талас тудыру;

  • сөз жұмбақ құрау, шешу;

  • шығарма, шағын әңгіме мәтінін құрау;

  • өлеңдер құрау, өтірік өлеңдер құрау;

  • әңгімелердің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қою;

  • елестетіп, қиялдау арқылы суретін салғызу, рөлге бөліп оқыту;

  • мазмұндама түрлерін жазу;

  • адасқан сөзді орнына қой. т.б.

Ал, сыныптан тыс жұмыс кезінде оқушылардың қызығушылықтарын ояту үшін келесі жұмыс түрлерін қолданамын:

  • Мектеп шеберханасына, мұражайға апару;

  • әртүрлі кездесулер ұйымдастырып, одан алған әсерлері бойынша шығарма, өлең жазу;

  • суретті кітапша жасату, жазбаша баяндату;

  • мектептегі үйірмелерге, сыныптан тыс жұмыстарға қатысуына жағдай жасау;

  • газет – журналдарға жаздырып, оны оқу үрдісінде үнемі пайдалану;

  • ауыз әдебиетінің түрлерін сабақтарда кеңінен пайдалану.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу арқылы оқушылардың қызығушылықтарын оятып, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту, қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Жаңа буын оқулықтарын оқытудағы қазіргі технологиясын қолдану дегеніміз – келешек ұрпақты еркін дамуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау. Осыған байланысты оқыту мазмұнын, түрін, әдісін дұрыс таңдай білу қажеттілігі туады. Баланың бойындағы қабілетін ашу – одан әрі жетілдіру дамыта оқытудың негізінде зерттеушілік білігін және оңтайлы шешімін қабылдауға ынталандыру арқылы баланың бойына еркіндік, мақсаткерлік, еңбексүйгіштік, белсенділік, өз пікірін саналы, шебер ортаға сала білу сияқты оқыта отырып жалпы дамытуды үнемі сабақта жүйелі жүзеге асырғанда жан – жақты гармониялық даму үшін негіз жасалады.

Сын тұрғыдан ойлауға үйрету модулін өз тәжірибемде қолдану барысында,

жалпы сабақ беріп отырғанда білім мазмұнында біліктілікті, ақпараттты болжау қабілеттерін және қойылған міндетті шығармашылықпен дамытуға көңіл бөліп отырамын.

Жетекшілік еткен сыныбымның оқушылары бірінші сыныпқа келгенде көптеген оқушылардың сөз қорлары аз,орыс тілінде сөйлейтін, ойларын жеткізе алмайтын, өз бетімен үйренуге талпынысы жоқ, білім қажеттілігін ұғынбайтын, шығармашыл қабілеттері төмен, танымдық білімдері төмен болатын.Әрине, барлық оқушылардың білім деңгейлері жоғары болу мүмкін емес. Сондықтан сабақ үстінде өтіліп отырған тақырыпқа, тапсырмаларға байланысты шығармашылық тапсырмаларды орта деңгейде беріп отырдым.Бұл деңгейдегі оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артты.

Сабаққа талпыныстары өте жақсы деуге де болады. Берілген шығармашылық тапсырмаларды өз деңгейлерінде орындап отырады. Өлең шығаруға, шығарма жазуға, сурет салуға белсенділіктері жоғары



Сын тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің дамыту стратегияларын сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже;

  • Іскерлік дағдысы;

  • Ойлау белсенділігі;

  • Тапқырлығы;

  • Өзіне деген сенімі қалыптасады;

  • Оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі;

  • Басқаларды тыңдап кез- келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарайды;

  • Өз ойын топ алдында ашық айтып қорғай біледі;

  • Өз бетінше ізденуге үйретеді;

  • Ең бастысы сабаққа қызығуы артып, балалардың белсенділікте жоғары болады.

Қорыта келгенде оқушының сөйлеу дағдысы қалыптасады, танымдық көзқарасы жетіледі. Оқушы талдаудың барысында өзіне берілген мәліметті жүйелеп, жинақтап жеткізуге үйренеді, тірек сызбалар арқылы ойын тұжырымдап айтуға, әрі шығармашылық ізденісіне жол ашады. Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп,жаңарып отырса,жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы ерекше болады.Олардың эмоциялық сезім –түйсіктеріне әсер ете білген ізденістердің пайдасы өте көп .Ақыл-парасаттан көрі сезім түйсігі ұшқыр балаларға көп жағдайда

бағдарламалық тақырыптарды тосын тәсілдер арқылы түсіндіру пайдалы.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет