44
Respýblıkalyq
ǵylymı-pedagogıkalyq,
ádistemelik
jýrnaly
№40 (
säuır
) 2022
jyl
Сабақта
тілдік қарым - қатынас
жағдайын
ұйымдастырмай
тұрып,
мемлекеттік
тілде
сөйлеуге
үйрету
мүмкін емес.
Педагогикалық технология бойынша
студенттің тіл мәдениетін білім, білік,
дағды
арқылы
дамыту
қажет.
Әр
студенттің
деңгейіне қарай бағдарлама
жасау керек. Әрбір жеке жұмыс қабілетін
ескере отырып сынып тапсырмаларын,
үй жұмысын баланың ерекшелігіне қарай
беру керек. Осы міндетті атқару үшін біз
өз
тәжірибемізде
деңгейлеп
оқыту
технологиясын пайдаланамыз. Топтағы
студенттер өз деңгейіне сәйкес тапсырма
таңдап
алады.
Бұл
тапсырмалар
студенттердің
білім деңгейін бағалауға,
мүмкіншіліктерін байқауға, мұғалімнің
әрі қарай қандай жұмыс атқару керектігін
көрсетіп береді.
Жоғарғы
курстарда белгілі бір мәтін
бойынша жұмыс түрлеріне тоқталамын.
Мәтін бойынша сай келмейтін ақпаратты
табу, сәйкес ақпаратты табу, сұраққа
мәтін
бойынша дұрыс жауапты табу,
қандай тірек сөздер бар, асты сызылған
сөздердің
мағынасын ашыңыз тәрізді
тапсырмалар
беремін.
Сол
сияқты
суреттер
сөйлетеміз
сияқты
да
тапсырмалар болады. Бұл жоғары топ
студенттерінің қызығушылығын оятып,
логикалық ойлануына, мәтінді түсінуге
жетелейді.
Қазіргі
заманғы
әдіс-
тәсілдердің ішінде ең қолайлысы –
компьютерлік
технология.
Сабақ
барысында
мен оқытудың тиімді әдіс-
тәсілдерін,
стратегияларын
пайдаланамын. Яғни сын тұрғысынан
ойлау стратегиялары: «Алты қалпақ»,
«Венн диаграммасы», «Фишбоун», т.б.
Білімді
тексеру және
бағалау
сабағындағы мақсат – студент білімінің
деңгейі мен тиянақтылығын зерттеу. Бұл
сабақты
топтық,
ұжымдық
етіп
интерактивті
әдістермен
жүргізген
тиімдірек. Өйткені,
білімді тексеруге
командалық әдіспен өту (жалпы сынып
бойынша) қолайлы болады. Сабақтың
барысында
өткенді
қайталап,
студенттердің
әрқайсысының
қаншалықты сабақты меңгергендігін білу
басты мақсат болып табылады.
Студентті
қажеттілігіне қарай даралап
аламыз, олардың оқуын қолдау үшін
бірінші кезекте қандай стратегияларды
пайдаланатынымызды
және
тапсырмаларды жоспарлап алу қажет.
Дарынды
және
талантты
студенттермен жұмыс істеу барысында
олардың оқуын кеңейту үшін,
бірінші
кезекте
қандай
стратегияларды
пайдаланатынымызды
және
тапсырмаларды жоспарлап аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: