«Журналистика» мамандығына арналған



Дата12.03.2018
өлшемі370,58 Kb.
#38808
түріЖұмыс бағдарламасы

УМК 042-14-01.20.63/01-2014


№ 1 басылым

24 беттің -шісі





«Журналистика» мамандығына арналған

«Медиодизайн» пәнінің

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

СЕМЕЙ 2014 ж.


1 ҚҰРАСТЫРҒАН

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Қазақ филологиясы

кафедрасының аға оқытушысы Тілеубердиев Дәулетхан Рамазанұлы

2 КЕЛІСІЛДІ:

2.1 Қазақ филологиясы кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.

Хаттама №___ «___» ___________20__жыл.


Кафедра меңгерушісі: _______________ Сейітова Ш. Б.

2.2 Гуманитарлық факультеттің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________20__жыл.
Төрайымы:_________________Колмогорова Г.Б.

3 БЕКІТІЛДІ:

Университеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________20__жыл.


Бірінші проректор:_________________Молдажанова А.А.


4  20__ж. «____» __________ шыққан ПОӘК-нің

№2 БАСЫЛЫМЫ



Мазмұны

1. Қолданыс аясы.....................................................................................................4

2. Нормативтік сілтемелер......................................................................................4

3. Жалпы ережелер..................................................................................................4

4. Оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасының мазмұны..............................6

5. СӨЖ-ның тақырыптары....................................................................................19

6. Пәннің оқу-әдістемелік картасы……………………………………….....….20

7. Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы..........................22

8. Әдебиеттер……………………………………………………………….....…24



1. ҚОЛДАНУ АЯСЫ

«Баспа және WEB дизайны» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған.


2. НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы «Баспа және WEB дизайны» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады:

- 050504 «Журналистика» мамандығының 3.08.275-2006 бекітілген ҚР МЖМБС мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

- СТУ 042-РГКП-СГУ-8-2007 Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар университет стандарты;

- ДП 042-08.10.12-2007 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы.
3. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1. Пәннің қысқаша мазмұны

а) Басты мәселе:

Зерттеуші ғалымдардың еңбектері арқылы журналистика экомикасының теориялық негізін меңгеру.

ә) Білім, машық, дағды және компетенция тізбегі:



  • ақпарат құралдары жұмысындағы өзіндік белгілерін теориялық негізінде игере отырып тәжірибемен ұштастыру;

  • керекті жерінде шетел ақпарат көздерінің іс – тәжірибесіндегі

жетістіктерін дәлелді талдауға пайдалану;

  • қоғамдағы өзекті мәселелерді шетел теоретиктерінің пікірлері негізінде бүгінгі журналистердің қызметіндегі кемшіліктерін орынды сынға алып талдай білу.


3.2. Осы курстың мақсаты: «Баспа және WEB дизайны» пәні бойынша жүргізілетін курстың басты мақсаты- болашақ журналистерге баспа дизайнының қыр-сырын үйрету. БАҚ –ның нарықтық бәсекеге бет бұруына байланысты бүгінде баспа дизайнына ерекше көңіл бөлінуде. Баспа дизайны Аdobe Page Maker, Сorel Draw, Adobe Photoshop сияқты бағдарламалар арқылы жасалады. Курс барысында cтуденттер аталмыш бағдарламалармен жұмыс жасауға машықтандырылады.


3.3. Курстың негізгі міндеттері: Бұл пәнді жүргізу барысында студенттер баспа дизайны жұмысмен жалпы хабардар болумен бірге, баспа ісінде қолданылатын компьютерлік бағдарламалардың озық үлгілерімен танысады. Бұл пәнде баспа ісінде кеңінен қолданылатын Аdobe Page Maker, Сorel Draw, Adobe Photoshop сияқты компьютерлік бағдарламалардың оқытылуы студенттердің қызығушылығын туғызатыны сөзсіз. Курс соңында студенттер баспа және WEB дизайны жөнінде толық мағлұмат ала отырып, газет –журналдарды беттеуді, безендендіру жұмыстарын меңгереді.

3.4. Курстың соңында студент мыналарды білуі керек: - Баспа дизайнының технологиясын білуі керек;

- Алған білімдерін практикада қолдана білу;

- Теориялық талдау жасай алу;

- Өзіндік пікір айта алу;

- Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу.
3.5. Курстың пререквизиттері. «Баспа және WEB дизайны» атты осы типтiк бағдарламасы ,“ Газет-журнал шығару және телерадио хабарларын дайындау”,

3.6. Курстың постреквизиті:

Пәнді меңгеруге төмендегідей қосымша білім көздері көмектеседі:

«Информатика», дербес компьютерді меңгеру.
1 Кесте – Оқу жұмыс жоспарынан көшірме

Курс


Семестр

Кредит

ДС (сағ)

СПС (сағ)

Лаб. (сағ)

ОСӨЖ

(сағ)


СӨЖ (сағ)

Бар

(сағ)


Бақы-лау

түрі


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

2

2

3

15

30










45

емтихан



4. ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
2 Кесте – Пәннің мазмұны. Сағаттарды сабақ түріне шағу


Тақырыптардың атауы мен мазмұны

Сағат саны

Әдебиеттер

1

2

3

Дәріс сабақтары

1. БАСПАХАНА ІСІНЕ ДЕЙІНГІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕССТЕР

Қазіргі кезде баспахана ісіне дейінгі дайындық жөнінде рынокта үлкен бәсекелестік бар. Сондықтан келіссөздің өзі емес, келіссөзді қандай деңгейде жүргізу үлкен рөл атқарады. ОСы келісім сапасына қарай жұмыс барысы,жауапкершіліктің бөлінуі, және төлемақысы сапасы белгілі болады.

Үлкен және көлемді типографияларда осы міндеттерді менеджер атқарады, яғни клиенттермен келіссөзді өзі жүргізеді, бірақ көптеген жағдайларды версталші өзі сұраныс берушілермен келіссөз жүргізеді.

Жақсы көрсеткіш көрсету үшін мұнандай принципті ұстанған жөн.



  • Тапсырыс беруші адамның қаражаты аз болғанымен, оның сапалы газет және журнал шығаруы мүмкін емес деп айтудың қажеті жоқ. Білікті маманның міндеті де сол қолда бар қаражат пен максималды сапалы өнім шығару болып табылады.

  • Еге тапсырыс беруші адам баспаның технологиялық терминдерін тағы басқа жақтарын білмей жатса, оны түсіндіріп, баспахана ісіне дейінгі жұмыстарды айтып қажеті жоқ. Өйткені олш түсінбей оны алдап кетуі мүмкін деген ой туып қалар.

  • Жұмыты жеңілдету мақсатында тапсырыс беруші адамға шығарылатын өнімнің үлгілерін көрсетіп оның пікірін тыңдап алған жөн.

  • Тапсырыс беруші адамға макеттің екі немесе үш нұсқасын ұсыну керек

  • Тапсырысты алу мақсатында қолдан келмейтін жұмысқа кірісудің қажеті жоқ

  • Екі жақтың да атқаратын міндетін қарастырып алған жөн. Атқарылған жұмысқа қанша ақша төленеді, тапсырыс қанша уақыт ішінде аяқталады, осы жөнінде екі жақта келісім шартқа қол қоюды тиісті. Өте маңызды тапсырыс болса, тапсырыс беруші адаммен типографияның ұжымын кездестірген жөн. Тапсырыс берушімен толық сөйлесіп болғаннан кейін макет жасауға кіріседі.




1

1,2,5

2. ҰЖЫМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Кітап басып шығару мен бірнеше адам айналысады. Олар әрине өз жұмысын білумен қатар бүкіл баспаның, өнімнің жұмысын білуі шарт. Бұл ұжым ішіндегі ынтымастақты, бірлікті қамтамасыз етеді.

Басылым деңгейіне байланысты онда екіден ондаған немесе жүздеген адам жұмыс істеуіә мүмкін. Сонымен қатар баспа бір уақыт ішінде бірнеше басылыммен жұмыс істеуі мүмкін. Мұндай жағдайда жетекші осы уақытқа берілген тапсырыстардың бәрін жоғарғы сапады және уақытылы бітіруі қажет. Көп жылдық практика көрсеткенде баспа қазір біренеше талаптарды орындауы қажет. Редакция құүрамына мынандай манмандар енеді.


  • Бас редактор – баспаның жалпы бағыт бағдарын, істелген, атқарылған жұмыс барысын қадағалайды.

  • Редактор - шығарманың мазмұны тақырыпқа қатыстығын тексереді, авторлық текстке түзетулер енгізіледі. Авторлармен жұмыс жүргізед. Жәнеде редактор бұрында осындай басылымдар мен жұмыс жасау тәжірибесі болуы, ұсынылған жұмыс жоспармен таныс болу қажет. Мысалы үшін нақты ғылымдармен жұмыс жасағанда (математика, физика, медицина) осыған қатысы бар ғылым редактырлары қатыстырылады.

  • Корректор – бірнеше тіл білімді адам болу керек. Өйткені ол мәтіндегі грамматикалық, орфографиялық қатейлерді, беттеу қателіктерін сонымен қатар стилистикалық коррекция жасайды (түзетулер, жөндеу – коррекция)

  • Дизайнер – макетке қатысты жұмыс жасайды, жарнамалық блоктарды, графикалық материалдарды жасайды. Беттеу мен жұмыс жасай білуі шарт, сонымен қатар компьютерлік графикамен, принтермен, сканермен жұмыс жасай білу керек.

  • Вестальшик – текстік және графикалық жұмыс материалы макетпен сәйкес келуін қадағалайды. Кішігірім ұйымдарда дизайнер жұмысында атқарады. Компьютерлік беттеу пакетімен, переферейлік құрал – жабдықтармен жұмыс жасай біууі шарт. Білімді болуы керек, өйткені редактор жасаған түзетулерді мәтінге енгізе білу керек.

Жоғарыда көрсетілген мамандықтардан басқа баспаның бағытталған бағытына қарай тілмаш, техникалық консультант, журналитстер аналитиктерді, Web – сайтпен жұмыс істейтін адамдарда болу мүмкін.



1

1,2

3.БАСПАСЫНА ДЕЙІНГІ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛДАР

Әрине қандай жұмыс факторы болса да, баспа ісіне дейінгі жұмыста құрал жабдықтар жұмысты сапалы әрі уақытында аяқтауға өз әсерін тигізбей қоймайды. Қолданылатын құрал қуаттылығы жұмыс уақытына артығымен жетуі тиіс және оның күш қуаты бірнеше жылға жетуі керек. Қазіргі компьютерлерді үш – төрт жыл бұрынғы құралдармен саыстыруға келмейді, әйткенменде егер маман өз ісін жетік білсе ол сапасын әрине ойдағыдай етіп шығарады.

Қазіргі кезде ғылыми техниканың даму кезеңі болғандықтан цифрлық тезхнология шығару кең қанат жайып келе жатыр, сондықтан қандай да бір баспаға дейінгі жұмысқа араналған құралды басып айтуға қиынға түседі. Бірақ соған қарамастан басып шығаруға арналған құралды сатып алуаға өте көп қаражатты қажет етеді,құралдың сапалы болуы жұмысқа әсер етеді. Құралды сатып алмай тұрып оған қаншалықты қаражат кетеді соның суммасын анықтап алу керек.

Жұмыс істеу станциясы: заман талабына сай компьютерді жылда бір лет жаңартып отыру керек. Егер өңдеу жұмыстарынан беттеу жұмыстары көп болса, онда үлкен көлемді қатты диск қажет. Жедел жатқа келер болсақ онда 64 мв шектеле тұрған жөн, артынан оның да көлемін үлкйту қажет болса үлкейтуге болады. Монитор таңдауға қиынға соғады. Бір жағынан модельдер өте көп, бір жағынан монитор бағасы, компьютерге қарағанда қымбат және ондаған жыл жұмыс істей алады. Монитор жайында толығырақ айтып, қандай параметрлеріне байланытсы ажыратылатынын қарасақ.



  • Диагональ ұзындығы – экранның қарама – қарсы жатқан бұрыштар ара қашықтығы дюйм бойынша есептеледі. Стандартты ұзындықтар – 14,15,17,19,20,21.

  • Максималдық кеңейтілуі көлтенең және тік жағдайдағы нүктелер саны. Түрлі үлкейтулер 640х480,800х600,1024х1200,1280х1024,1600х1200.

Сканер. Коптеген проблемалар шешу үшін планшетті сканер болса болды.ең жақсысы Umax,Agla,Microtek фирмаларыныкі орташа баспаханаға планшетті сканер слайд – приставкасымен қажет.

Принтер. Егер пленкаларды өзің шығаратын болсаң лазерлік монохромдық принтер қажет болады. Оған 600 gpi көрсетіледі. Принтерге ұрықсат етіледі. Принтерге ұрықсат етілген gpi жоғары болса ол соғырлым анық шығарады.


1

1,2,5

4. «КОМПЬЮТЕРЛІК ВЕРСТКА»

ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Компьютерлік верстканың мақсаты – материалдарды макетке сәйкес орналастыру. Сондықтан да «верстка тексті теру» деген қате пікір. Версткамен жұмыс істеуші (верстальщик) дайын текст және дизайнерлер жасаған графиканы алады да материалды макетке сәйкес қояды.



Типографтық терминдер

Цифрлық жүйенің дамуына байланысты типографтық терімдердің саны көбейді. Енді бұл жүйені барлық кішігірім типографиялар мен баспа орындары қолданады.



  • Шрифт – белгілі бір өлшемдегі символдардың терімі және сызбасы

  • Кегль – шрифт өлшемі. Қол терімінде металдық литерлер қолданылды. Әсіресе олар жазба машинкаларында қолданатындарға ұқсас келеді. әріп салынған пластинканың өлшемі «кегль» деп аталды.

  • Гарнитура – бір суреттің барлық өлшемдегі символының жиынтығы.

  • Шрифтік сызба – төрт нұсқадан тұрады: қалыпты, жартылай майлы (полужирный), курсивтік (курсивный) және жартылай майлы курсив (полужирный курсив). Кейбір гарнитураларда қосымша түрлері кездеседі.

Өлшеуіш бірліктер.

  • Пунктер (рt) – пункт – 0,353 м-ге тең. Пунктерде көбіне кегль мен интерлиньяж өлшенеді.

  • Пики (Р) – бір пика – 12 пункке тең, немесе 1/6 дюйма (0,168 дюйма)

  • Цицеро (С) – бұл өлшеуіш бірлік еуропада қабылданған және шамамен бір пикаға тең.

  • Дөңгелек шпация – Қарапайым пробелден ұзынырақ және көлемді (Фиксированный пробел)

  • Жартылай дөңгелек шпация – дөңгелек шпациядан жартылай кішкентай болып келеді. Көбінесе бұл цифрлардың көлемімен сәйкес келгендіктен, сандарды түзетуге қолданылады.

  • Жұқа (жіңішке) шпация – төрт дөңгелек шпацияға тең. Бұл пробелдің түрі алдыңғы символдан леп белгісі немесе сұрақ белгісін ажырату үшін қолданылады.

Пробелдер.

  • Интерльяж – абзац жолдарындағы тігінен жасалған қашықтығы

  • Трекинг – символдар мен сөздер аралығындағы қашықтық

  • Кернинг – анықталған символ жұптардың арасындағы интервал

Абзацтар

  • Отступы – абзац алдындағы пробелдер (азат жол)

  • Отбивки – абзацқа дейінгі және абзацтан кейінгі пробелдер

  • Выключка – абзацтарды бетке түзету. Ол сол жақ шетінде, оң жақ шетінде, ортасында, формат бойынша болуы мүмкін.

Макет элементтері:

  • Колонкалар – бетті вертикаль бойынша бөлу типі. Колонкалар арасындағы аралық – «средник» деп аталады.

.

1

1,2,5

5. БАСПАНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ

Баспа версткалары бір-бірінен жасалу жолдарымен ерекшеленеді. Мысалы: Ғылыми кітап версткасының күнделікті газет версткасынан айырмашылығы бар.



А4 форматтағы қымбат емес газет.

Ең белгілі баспалардың бірі. Бұндай газет 16-24 беттен тұрады және бір немесе екі түсте басылады. Міне осындай газеттен версткамен айналасушы жұмысын бастауға болады. Өйткені бұл қарапайым, әрі жеңіл келеді. Бұл газетке арзан газеттің беті қолданылады, ал пленкалар лазерлік принтерде шығарылады. Сондықтан верстка жасауда бейнефотоларды және күрделі блоктарды беруге болмайды. Өйткені, тіпті ең анық деген суреттердің өзі бір түспен газет бетіне басылғандықтан нашар көрінеді. Егер фотаны басу керек болса, онда олар «Photoshop» - та өңделуі тиіс.

Ал макетке келетін болсақ, версткамен айналасушы бұл іске жауапты адам. Макет жасауда шрифт кеглін азайтуға болмайды және аралық интервалды сақтау керек. Егер материалды қысып жіберсек, онда оқырманның оқуына қиынға түседі.

Газета – «таблиод». Таблоид деп А3 форматтағы үлкен газетті айтамыз. Мысалға мұндай газеттерге «Комсомольская правда», «Теленеделя» т.б. жатады. Осындай газеттерді әлбетте үлкен редакциялық ұжым, яғни, оның құрамында: редактор, корректор, дизайнер және версткамен айналасушы болады.

«Үлкен» газетті шығаруда мынадай жағдайларды есте сақтау керек.



  • Верстканың жоғары жылдамдығы – газет уақытында шығуы керек, ал материал ол шыққан сәтке дейін де қабылдана береді.

  • Макеттің қайта өңделуі – макет бір рет жасалады. Бірақ кей-кезде өзгеріп жатады. Сондықтан газеттің өз стилі болуы керек. Макетті қайта жасап уақыт кетірмеу үшін версткамен айналасушы өз ісін толық меңгеруі абзал. Шрифт таңдауда, колонканы таңдап бөлгенде т.б.

  • Верстка қиындығы – версткамен айналасушыға таблоид ең қиын тапсырма болып табылады. Бұнда бір материалды бірнеше бетке орналастыру міндетті түрде тұрады. Мысалы: мақаланың басы бірінші бет, ал жалғасы бесінші бетте. Ал орналасқан материалдарды оқырманға дұрыс жеткізу үшін барлық қағидаларды орындау керек.

  • Ғылыми журнал. Украин ғылыми баспасының соқтығысатын басты мәселесі – шектеулі бюджет. Осы себепті ғылыми журналдар бір түсте басылады да, ал сыртқы бетінің оформлениясына 1-2 «плашечный» краска кетеді.

Макет күрделілігі – түрлі-түсті журналдарда күрделі колонтитулдар, үштік өлшемдегі графика, фотаны айналдырып жасау (бір бетінде фотаның жартысы, келесі бетінде жартысы), текстті ұзарту т.б.

  • Кең көлемді баспа файлдары. Жоғары сапалы фотоларды компьютерде жылдамдатып өңдейді. Публикацияға ондаған, жүздеген мегабайт кетеді, сондықтан, жоғары жылдамдықты – ZIP, CD-R және CD-RW сияқты магниттік дискілерді файл ауыстыру үшін қолданады.

Түрлі-түсті журналдардың версткасын жасауда «түсті» (цветной) баспа технологиясын, компьютерлік графика пакеттерін, дизайн принциптері мен суреткерге тән талғамның болуы абзал.

1

2,5

6. БАСПАҒА ӨНІМДІ ШЫҒАРУДАҒЫ МАКЕТТІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ

Баспаға дейінгі дайындықтың соңғы кезеңі басылымды бастыру болмақ. Пленкаға немесе қағазды басылым макеті беттеушінің шеберлігін танытады. Макетті дайындауда басылымның нұсқасы калька түрінде принтерде дайындалады. Осы жұмыстардың барлығы Page Maker программасы арқылы жасалады.

Page Maker – де басудың басты принциптері Ctrl + P клавиштерін басу арқылы жүзеге асады. Печать – печатать документы (автоматты түрде ашылады) – документ – принтер (керек принтерді таңдау). Документ қоспасында басылымның ретін және кейбір сапасын анықтау.

Бағандардың, текстік блокноттарды, графикалық материалдардың, бөлуші сызықтардың, рамалардың және т.б. безендіру әдістерінің орналасуы басылым макеті деп аталса, қалып, масштаб, прапорционалдық, түстің ескерілуі макеттеу деп аталады. Технологиялық ерекшеліктеріне байланысты басылымдық және электрондық макеттерінің айырмашылықтары болады. Онда қағаздың тығыздығы, сапасы, типі, иісіне дейін рөл атқарады.

Безендірудің стилі баспалардың бағытына байланысты. Макетті құру күрделі шығармашылық процесс. Бұл құбылыс дизайн саласындағы біліктілікті, ауқымды уақытты талап етеді. Макетті жоспарлау оның сәтті шығуына тікелей байланысты. Яғни оқырман қолына сәтті тиюі о бастағы макетке байланысты болмақ.

Макетті жасаудың ең басты мақсаты баспаға тапсырыс берушінің немесе бас редактордың жоспарлы талқылауынан басталады. Оны бөлімді жоспарлау деп атайды. Жоспарлауда келешек газеттің параметрлері, парақ саны, қағаздың сапасы мен тығыздығы, тиражының сандары сияқты мәселелер қолға алынады. Осыдан кейін барып түбіртек макеттің іске қосылуы қолға алынады. Осы бөлімде құрылымын ойластырып, таблица құру керек. Ол қателерді түзеуге мүмкіндік береді. Баспаға берілетін материалдардың келісімімен дайын болуы оның уақытты үнемді пайдалануына көмегін тигізеді. Тапсырыс беруші мен дизайнер дұрыс қарым – қатынаста болуы тиіс.

Дизайнер тапсырыс алмас бұрын тапсырыс беруші ұйым туралы білімі, қаражат мәселесін де алдын – ала шешуі тиіс.

Макеттің компановкасын анықтау үшін бірінші элемент формат болып саналады. Европадағы баспаханаларда белгілі стандарт - А сериясындағы формат. Ондағы размер 1189 х 841 мм. DIN А5, А4, А3 форматтары танымал форматтар.



1


2,5

7. МАКЕТТЕУДІҢ МІНДЕТТЕРІ

Макеттің сәтті шығуы дизайнердің біліктілігіне байланысты. Макеттеудің басты ережелері:



  • жасалған дүниені талдап отыру;

  • болашақтағы макеттерге жоспар құру, безендіруді ойластыру;

  • қарапайым және түсінікті етіп ойластыру;

  • жаңашылдыққа ұмтылу;

  • баспахананың мүмкіндіктерімен санасу.

Кез келген макетте тақырып, азат жол, сурет т.б. материалдар арақашықтық оқырманға түсінікті болуы тиіс.

Электрондық құжаттарда міндетті түрде мәтін шеттерінен орын қалдыру керек.

Беттерде бағандарға бөлу құрылысының өзіндік үлкен рөлі бар. Шрифтер оқырмандар көзін ауыртпауы қажет. Жаңалықтар жариялау үшін 3 – 4 бағанаға бөлеміз. 4 бағанаға бөлгенде А4 форматында 27 – 30 белгі болуы тиіс. Сөздердің арасындағы қашықтық аса ірі болмауы тиіс. Шрифтер, фотосуреттердегі түстерді дұрыс таңдау – басты міндет.


  • Таңдамалы көшірме – бұл басылымда бірнеше көшірме жасауға мүмкіндік береді. Осы жағдайда баспаға алдымен бірінші оқырманның барлық беттері, содан кейінгілердің беттері беріледі.

  • Кері тәртіп – бұл басылымның баспаға шаққандағы дұрыс ретін анықтап, қолмен тәртіптеу мен реттеуді талап етпейді.

  • Беттер – біріншіден, баспаға шығатын парақтардың диапозонын, екіншіден, парақ нөмірлерін дұрыс тәртіпке қоюға мүмкіндік береді.

Ал бөлек парақтардың нөмірлері және диапозондары бір – бірінен үтір арқылы ажыратылады.

  • Басып шығару – баспаға тек тақ не жұп санды парақтарды шығарады. Ал барлығын толық шығару үшін бәрін (подряд) командасын шақырамыз.

  • Кітаптық басылым

  • Бос парақтар – бұл команда бос парақтарды қоса басып шығарады. Егер оны алып тастасақ, онда ешбір элементі жоқ беттер қалтырылып отырады.

  • Формат бірімен тізімде стандарттық формат беттерін немесе стандарттық еместерді белгілеп, Заказной пунктін таңдаймыз.

  • Типографиялық дәлдіктер бұл типографияда түзету және дәлдікті енгізу үшін қосымша кеңістік қажет, оның ені 0,75 дюйм (22,2 мм).

  • Беттің сипатталуы – бұл қызметтік ақпарат таратылуда қолданылады: файльдің аты, беттің нөмері, бүгінгі күнді белгілеп береді. Осы ақпараттың барлығы сол жақ астыңғы бұрышта беріледі.

  • Подача (берілуі) – принтер моделіне қарай қағаздардың, яғни беттердің берілуін таңдаймыз.

  • Только выход за обрез – қыйылған дәлдік басылып жазылады. Бұны енгізу үшін қосымша тік кеңістік 0,5 дюймдік (15 мм) қажет.




1

2


8. ADOBE PAGE MAKER -ГЕ

ҚЫСҚАША ШОЛУ

Қазіргі таңда Adobe Page Maker программасы үлкен қолданысқа ие. Page Maker арқылы текстік және графикалық материалды қолдана отырып кез-келген қиын жұмыстың макетін жасауға болады.

Aldus Page Maker фирмасымен 1984 жылы жасалған. Кейіннен Aldus фирмасымен сатып алынды. Осыдан кейін бағдарлама көптеген өзгерістерге ұшырады. Сондықтан интерфейс және функцияналды Aldus мүмкіндіктері Page Maker -5 жэне Adobe Page Maker 6.52 өте ұқсас келеді. Көптеген фирмалар (әсіресе лицензионды бағдарламаларды қолданатын) әлі күнге дейін Page Maker -дің ескі түрін колданады. Бұл пакетпен жұмыс жасау өте қолайлы және тиімді.

Өкінішке орай Adobe - тің мықты мамандары әлі күнге дейін бағдарламаға өте маңызды функцияларды енгізе алмай келеді (мысалы таблицалармен формулалармен жұмыс жасау т.б )

Page Maker ең тиімдісі ауқымды публикацияда кең функционалды мүмкіндіктерді қолдана отырып, кириллиция шрифтармен жұмыс жасау өте қолайлы және жылдам.

Page Maker енгізу операциясы

Page Maker бағдарламасымен жұмысты бастамас бұрын ең алдымен оны қатты дискке инсталляция жасау керек. Инсталляция процессі автоматты түрде орындалатынына қарамастан, ең алдымен компоненттердің қайсысы керек немесе, қандай компоненттердің керек емес екендігін білу кажет. Пакет күрамына толық утилиттер мен ұсыныстар енеді. Әрқайсысының атқарар міндеті бар.

орналасатын компоненттерді таңдап алу мүмкіндігі туындайды.

Әр компоненттердің жанында дисктің бос орны көрсетіледі. Ал терезенің төменгі жағында дисктің толық орны көрсетіледі.


1


2,5


9. PAGE MAKER ИНТЕРФЕЙСТІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Page Макег-ді орналастырғаннан кейін экран бетіне бос жұмыс тақтасы пайда болады. Соның көмегімен дайын публикацияны пайдалануға немесе жаңадан ашуға болады.

Жұмыс үстінде орналаскан: Page Maker интерфейстің элементтері орналасқан:

• Құрал-жабдықтар палитрасы - сурет салуға немесе редакциялауға арналған барлық керекті құралдары бар палитра

• Стиль палитрасы - бұнда стиль базасы орналасқан. Соның көмегімен өзгерту енгізуге немесе редакциялауға болады.

• Бағытталған палитра - текстті форматтау және объектімен жұмыс жасау үшін арналған (масштабтау, позициялау және айналдырып әкелу)

Саймандардың барлық түpi саймандар тақтасында орналасқан. Саймандар тақтасынан басқа 5 қажетті (стиль, түс, шаблон, қалыңдық және гипербайланыс) 2 қосымша тақта (кітапхана және сценарий) бар.

Палитраларды экран бетіне өз ыңғайына сәйкес шығарып қарауға болады. Әр палитра миниатюрл1 терезеде орналасқан. Оларды айналдырып қарауға немесе жабуға болады. Палитраның көлемін тышқанның көмегімен модифицирлеуге болады. Алайда әр палитраның өзінің минимальды көлемі бар.

Керекті палитраны көрсету немесе жауып тастау үшін төмендегідей пернені пайдаланамыз:

• Бағыт беру палитрасы - Ctrl+

• Стильдер - Ctrl+B

• Түстер


* Шаблондар

Қалыңдық

• Гипербайланыс

- Shift + Ctrl+8

- Ctrl+8

- Ctrl+9


Инструменттер палитрасын көрсету немесе тығу үшін мына командаларды орындауға болады: терезе - саймандарды тығу. Ал қосымша кітапхана мен сценарий палитраларын мәзір - терезе - қосымша палитра – кітапхана сценарий.

Саймандар палитрасы және Page Maker мәзipi

Бағдар – мәтінді және графикалык объектіні бөліп алуға, қысқартуға, масштабтауға арналған.

Мәтін - текстті өңдеу үшін қолданылады.

Қию - кескінді қиюға арналған.

Айналдыру – мәтіндік блок пен кескінді айналдыруға арналған.

Сызықша - сызықтарды салуға арналған.

Перпендикуляр - вертикальды, горизонтальды кескін түcipy үшін арналған.

Тікбұрышты фрейм - тікбұрышты фреймдерді салу үшін қолданады.

Тіктөртбұрыш - текшелер мен тікбұрыштарды салу үшін пайдаланылады.

Сопақша - шеңберлер мен элипстерді салу үшін арналған. Көпбұрыш - көпбұрыштарды салу үшін қолданылады. Қол - кескіндерді, мәтінді кеңейтілген түрді көрсету.

Масштаб- кескіндердің көлемін өзгерту.




1


2

10. МӘТІНДІ ФОРМАТТАУ

PageMaker бағдарламасы мәтінді теру мен түзетуге арналмаса да, көпшілік жағдайда мұндай жұмыстар жасауға тура келеді. Бұл жұмысты жеңіл атқаруға PageMaker бағдарламасындағы форматтау мен редакциялау әдісі көмектеседі.

Шрифт параметрін түзету, я өзгерту. Мәтінді форматтау кәдімгі мәтіндік процессордағыдай жүзеге асады. Пайдаланылатын негізгі командалар басқару тақтасында шоғырланған.

Мәтіндік блоктар мен фреймалардағы мәтінді тек мәтін құралының көмегімен

ғана форматтауға және түзетуге болады. Мәтіннің ішіндегі қатені жөндеу үшін бағдар құралымен белгілеп аламыз. Толық мәтіннің бір бөлігін ғана белгілеп алу үшін құралдар тақтасынан мәтін құралын аламыз-дағы, белгілеген бөлігін жеке қалғанша түймені басу арқылы жеке бетке көшіріп аламыз.Немесе мәтін

құралымен бөлікті белгілеп алып, Shift пернесін басу арқылы да бөліп алуға болады. Сол сияқты Ctrl пернесі арқылы жеке сөзді де бөліп алу мүмкіндігі бар.

Түймені 2 рет бассаңыз бір сөзді, 3 рет бассаңыз бір абзацты бөлуге болады.

Мәтінді бөліп алғаннан кейін түзету командасын ашып бәрін белгілеу командасын шығарамыз. Шрифт параметрін 2 тәсілмен өзгертуге болады; басқару тақтасынан Шрифт режимін ашу арқылы; не түйменің оң жақ пернесін басып Шрифт параметрі терезесін ашу арқылы.




1



1,2



11. АБЗАЦТАРДЫ ФОРМАТТАУ

Абзацты жөндеу қосу, табуляция, абзацқа дейін және кейін енгізілетін өзгертулер деп форматтала береді.

Абзацты форматтауға басқару тақтасындағы абзац режимі немесе абзац параметрі терезесі қолданылады. Ол үшін форматтауға қажетті абзацтың үстінен түймемен басып көрсету қажет.

Параметрлер терезесін Мәтін/абзац командасы арқылы немесе Ctrl+M пернесі арқылы шығаруға болады:

Түсірулер-оңнан не сол жақтан түсіру, алғашқы жолды түсіру я көтеру;

Көтерулер-абзацтан соң не абзацқа дейінгі көтерулер;

Өшіру-мәтінді өзгертуге арналған;

Сөздік-тексеруге арналған. Негізінен ағылшын сөздігімен тексеріледі. Дегенмен PageMaker-ға әр түрлі сөздіктер енгізуге болады.

Барлық жолдар бірге-абзацтың барлық жолдарын мәтінге енгізу;

Жаңа бағана-әр бет басталғанда мәтін абзацпен басталады. Мысалы: кітаптың бөлімдерін, журналдағы материалдың атауын көрсетуге арналған.

Тарауға қосу-PageMaker автоматты түрде тарауларды айшықтап, көрсетіп отырады;

Келесі жол абзацын «ұстап қосу»-келесі абзацты мүмкіндік береді;

Абзац басындағы «ілулі» жолдар – жекелеген жолдардың максималды санын көрсетуді, бұл жолдарды «ілулі» жолдар деп те атайды.

Абзац соңындағы «ілулі» жолдар-абзац соңындағы «ілулі» жолдардың санын көрсетеді.

.


1

1,3,5

12. ҚАРІПТЕРМЕН ЖҰМЫС

Қаріп дегеніміз – белгілі көлемді және пішінді символдар жиыны. Ал гарнитура – бір суреттің барлық көлемдері, қанықтығы аен пішіндерінің символдарының жиынтығы. Көптеген гарнитуралардың 4түрлі жазылу пішіні болады; олар обычный,полужирный,курсив,полужирный курсив. Декоративтік және символдық гарнитуралар бір немесе екі ғана пішінді болып келеді.

Компьютер қаріптерінің типтері

Компьютерлік верстка жүйелерінде қаріптердің 2 түрі пайдаланылады,Type 1 және True Type. Type 1 қаріптерінің негізгі дайындаушысы - Post Script беттерінің суреттеу тілінің де құраушысы боп табылатын- Adobe фирмасы. Бұл қаріптер компьютерлік верстканың алғашқы пакеттерінде қолданылды.

Макетті дайындау кезінде қаріптік гарнитураны бір- бірімен жақсы үйлесім тауып, қанық болуы үшін дұрыс таңдай білуі керек. Әрбір гарнитура оқырманды белгілі әсерге бөлейді. Бұл белгілі бір мақсатқа байланысты плакаттарда мәтінді ірі майлы әріптермен безендіреді, ал өлең жолдарын әдетте курсивпен жазады. Бұған көпшіліктің көзі үйренген.



1

1,2


13. COREL DRAW ЖӘНЕ ИНТЕРФЕЙСТІҢ НЕГІЗГІ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ

Corel Draw – ең қуатты пакеттердің бірі, векторлық графиктер жасауға арналған. Ол көптеген қасиеттерге ие болады, егер келе-келе сіз белгілі бір себепке байланысты басқа жүйені пайдалансаңыз, жұмыстың негізгі принциптері өзгеріссіз қалады.



Интерфейс

Бағдарламаны іске қосқаннан кейін біз терезе-бет басын көреміз, бірнеше амалдардың ішінен бір таңдау жасауға рұқсат етіледі– жаңа суретті жарыққа шығару, соңғы редакцияланатын сурет ашу, сурет ашу, белгіленген үлгілерден жаңа суретті жарыққа шығару, көмекшіні іске қосу және т.б

Ашылған терезенің ортасында біз таза қағаз парағын көреміз – жұмысшы облысы. Ереже бойынша, бұл беттің форматы А4, дәл осылай көпшілік принтерлер нақ мына форматпен жұмыс істейді. Форматтың көмегімен макетті өзгертуге болады. Corel-дің бір қасиеті – жұмысшы жиегінің шексіз көлемі (145x145 м).

Негізгі меню

Негізгі меню жолағы терезенің жоғарғы бөлімінде, тақырыптың астында орналасады. Мынау элемент бағдарлама терезесі, панельдерден айырмашылығы, тіркелген жағдайы бар және өз бетімен орынға ауыстыра алмайды. Негізгі меню бастапқы 11 пункттен тұрады.

Егер де қалаған негізгі менюдің кез келген пунктін шертсе, тап осы пунктке тиісті командалардың тізімі ашылады. Мысалы, егер Effects (күшті әсерлер) менюін шертсе, барлық күшті әсерлерді жасау командаларын таңдауға қолайлы болады. Менюді таңдау тінтуірді шертуімен, не курсорлық пернелерімен және Enter, не басумен пернелерімен, тиісті команданың асты сызылған символына. Мысалы, егер Layers Manager (Диспетчер қабаты) диалог терезесін ашу қажет болса, Layout (Макет) меню атына шертуге болады, содан соң L пернесін басу керек.

Одан басқа, мысалы, Blend (Ағым) докерін көрсету үшін ALT+C клавиштерін басуға болады, ал Effects (Күшті әсерлер) менюін ашу үшін В шақыру Blend командалары (Ағым) перенесін басу керек.



Аспаптар панелі

View Quality (Көрсету сапасы) белсенді құжат терезесінде объектілердің елестету сапасын қойылатын талап арқылы деңгейін күйге келтіруге рұқсат етеді:

  • Simple Wireframe (Қарапайым каркас). Базалық каркас сурет объектілерін көрсетеді.. Түрлі-түсті құюлар, әр түрлі күшті әсерлерді суреттемейді. Сурет сапасы нашарламайды, ал қолданылған күшті әсерлер жоғалып кетпейді;

  • Wireframe (Каркас). Бұл режимде түрлі-түсті құюлар көрінбейді, бірақ экструзия, ореол күшті әсерлерімен көрсетіледі;

  • Draft (Эскиз). Бұл режимде бірыңғай түрлі-түсті құюлар көрсетіледі. Оңайлатылған биік рұқсат құюлары , өрнекті және градиентті құюлар көрінеді , линзалардың күшті әсерлері біркелкі құюлармен ауыстырылады . Ұсталушы фигуралықтардың кесінді көрсетуден жасырынады;

  • Normal (Қалыпты). Бұл режимде құюлардың барлық үлгілері, объектілері суреттеледі;

  • Enhanced (Жақсару). Жоғары сапалы бейнелерді көруге арналған, Supersampling типі. Бұл режимді қолдану үшін, Tools/Options (Сервис/Параметрлер) командасын таңдаңыз, Display (Дисплей) қосымша бетіне шертіңіз және Use Enhanced View (Жақсарған көрсетілімді қолдану) кішкене жалауын орнатыңыз.



1



2,5



14. ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ БАҚ

1987жылдан бастап, Mirim Network Inc фирмасы жедел жұмыс істейтін телефон линиясын ойлап тапты. Содан барып, ақпарат алмасу жылдамдығы 20 есеге өсті. Желі жұмысының қиындау себебі университеттер негізгі компьютерлік серверлермен өте қашықта орналасқан желілерге телефон линиялары байланысқан еді. Бұл мәселенің де шешімі табылды; Суперкомпьютерлік орталықтарды әрбір аймаққа орнатты. Университеттер көршілеріне қосылды, одан әрі негізгі серверге қосылды, осылайша суперкомпьютерлер бір жүйеге біріктірілді. Жеке тұлғалардың интернетке қосылуы үшін әдеттегі қарапайым телефон желілер қолданылды. Бұл желілер әлемдік кеңістікте біршама кең территорияны алып жатты. Ақпарат алмасудың телефон желілері арқылы жүзеге асуына модем пайдаланылды. Интернет тәулігіне 24 сағат бойы бір-бірімен байланыста болатын түрлі желілердің біріккен түрі. Әрбір сервер TCP/LP хаттамасы бойынша кез-келген сервермен ақпарат алмаса алады. Әрбір компьютердің интернетке артынан сандар жүйесіне айналатын адресі болады. Желі мұншалықты қанат жаймай тұрғанда, файл өзара біріккен компьютерлерге(тұтынушыларға) жиі беріліп тұратын. Тұтынушылардың саны өсуіне байланысты жаңа аттар жүйесін құруға тура келді. Белгілі бір аты бар серверге жауапкершілік жүктеледі. Электронды адресті жазғанда домендер бір-бірінен нүкте арқылы ажыратылған. Доменнің соңғы символдары осы сервердің қай елдікі екендігін корсетеді;

Au - Австралия

`fr - Франция

De - Германия

Jp - Япония

Ru н/се su - Ресей

Gb н/се( uk) - Ұлыбритания

Доменді есімнің әрбір бөлігі адресат жайлы ақпарат бере алады. Интернетегі бетті ашу үшін, оның URL (Uniform Resource hocator- ресурсқа әмбебап нұсқаушы) деп аталатын адресін білу қажет. Мәсенлен, егер сіз Мәскеу мемлекеттік университеттінің журналистика факультетінен ақпарат алмақ болсаңыз, сізге келесі адресті теру қажет; http //w.w.w jorn msu ru

http //w.w.w – адрестің web – беттің адрестері екенін көрсетеді, jorn –(jornalizm ) – журналистика факультеті екндігін білдіреді.

MSU - (Moscow state University) - Мәскеу мемлекеттік университеті.

Ru – (Russia) – аталмыш сервердің Ресейдікі екенін көрсетеді.

Немесе, мысалы, қажет болса, басылымның авторына мәлімет жібергіңіз келсе, e-mail сервисіне жіберуге болады;

sitnika @ jorn. msu. ru

Sitnikov дербес почита жәшігінің (тұтынушының) аты


1


1



15. WEB САЙТТАРДЫ ДАЙЫНДАУ

Қазіргі кездегі интернет айтарлықтай кең көлемде қызмет көрсетеді. Редакциялық- баспагерлік процестерді ұйымдастыру да көбінесе e-mail және w.w.w сервистеріне сұраныс көп. Көптеген сервистер ақпарат алудың уақытына қарай жіктеледі; оқылуы шегерілген және интерактивті (яғни ақпаратты жедел қадылдау) сервистер. Интернет құрылымындағы өте кең тараған сервис бұл e-mail электронды почтасы. Мұндағы мәліметтер кейінге қалдырылып оқылады. Мұнда келіп түскен ақпарат пен тұтынушы өзіне қалайлы уақытта таныса алады. Қазіргі уақытта e- mail сервисіеде ақпаратты жөнелтудің құны қарапйым почтаға қарағанда, анағұрлым арзанырақ. Ақпарат жеткізу жылдамдығы бірнеше минуттан –бірнеше сағатқа дейін ғана созылуы мүмкін.

Көптеген тұтынушыларға аталмыш сервиске қосылу үшін модем қажет. E – mail сервисінде ақпаратты бір уақытта бірнеше адресатқа жіберуге болады. Өте тез дамып келе жатқан интернет сервисінің бірі – W.W.W.

(Word wide web) – ғалам тор интернеттегі үлкен көлемдегі ақпаратты жедел қабылдап оқуға мүмкіндік беретін құрал. W.W.W – серверлерінің мөлшері үнемі өсіп отырады. Аталмыш сервис тұтынушы –сервер принцпі бойынша жұмыс істейді,яғни тұтынушы тәулік бойына гипермәтін тілінде ақпарат алады.Бұл дегеніміз ақпараттың кез келген түрін оқиды(мәтін,видео,дыбыс).Ғалам тордың жасалуы ауқымды ақпарат мөлшерін сақтау мәселесін шешуге көмектесті.Алайда қажетті мәліметті іздестіру әлі күнге дейін шешілмеген мәселе болып келеді.



Бұл мақсатта жұмыс істейтін арнайы новигатор программалар бар (браузерлер).Журналистің сұрауы бойынша We6-браузер басқа серверлерде орналасқан ақпаратты іздейді.Мәтіндік ақпарат алынған мәліметтер пакетінде елеусіз ғана орын алады, алайда файлдар ішінде графика немесе видеоақпарат болса,мәліметті беру жылдамдығы үлкен мағынаға ие болады(бұл телефон линиялары мен модемнің сапасына да байланысты).Көптеген редакцялар интернет қызметін пайдалануда арнайы берілген IDSN линияларын пайдаланады.


1

1,5

Семинарлық сабақтардың тақырыптары

1. Баспа тарихы

1

1,2,5

2. Баспа түрлері

1

1,2,5

3. Офсеттік басылым

1

1

4. Басылымдардың форматы

1

2,5

5. Баспа ісінде қолданылатын бағдарламалар

1

3

6. Баспаханаға дейінгі атқарылатын жұмыстар

1


1,3,

7. Беттеушінің міндетті

1

2,5

8. Дизнайнер

1

2

9. Корректорлық жұмыстар


1

3,4,

10. Баспа ісімен танысу


1

1,2

11. Басылымды жоспарлау

1

2

12. Page Maker бағдарламасымен танысу

1

2

13. Page Maker бағдармасымен жұмыс жасауға машықтану

1

2,3

14. Колонкаларға бөлу

1

2

15. Межелік бақылау

1

1,2,3,4,5

16. Фонға алу

1

1,2,5

17. Рамкаларды қолдану

1

1,2

18. Фотосуреттерді орналастыру

1

2,5

19. Шрифтерді қолдану

1

2,5

20. Газет макетін жасауға машықтану

1

2,5

21. Дайын макетті айналдыру (зеркалька)

1

1,2,

22. Газеттің кішірейтілген нұсқасын шығару

1

2,5

23. Басылым макетін калькаға шығару

1

1,2,5

24. Түрлі түсті басылымдарды калькаға шығару тәсілі

1

1,2,5

25. Сканермен жұмыс жасау

1

2

26. Фотосуреттерді өңдеу

1

5

27. WEB сайт түсінік

1

1,2,5

28. WEB дизайнның ерекшелігі

1

1,2,5

29. Газеттерді дайындауға машықтану

1

-

30. Межелік бақылау

1

1,2,5


5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

5.1 Алғашқы газеттердің шығу тарихы

5.2 Баспа ісінде қолданылатын компьютерлік бағдарламалар

5.3 Page Maker мүмкіншіліктері

5.4 Басылым жобасын дайындау

5.5 Макеттеудің қағидалары

5.6 Баспа ісін ұйымдастыру

5.7 Page Maker бағдарламасын орнату

5.8 Page Maker құралдары

5.9 Page Maker бағдарламасындағы импорт және тексті орналастыру

5.10 Текстерді редакциялау және түзеу

5.11 Графикалық материалдарды импорттау

5.12 Page Maker бағдарламасының басқару палитрасы

5.13 Басылымдарды шығару

5.14 COREL DRAW бағдарламасы

5.15 COREL DRAW арқылы тақырыптарды дайындау

5.16 COREL DRAW бағдарламасымен түрлі түсті басылымдар дайындау

5.17 Adobe Photoshop мүмкіншіліктері

5.19 Фото монтаж дайындау тәсілдері

5.20 Фотоларды өңдеу



6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ
3-Кесте Пәннің оқу-әдістемелік картасы

Дәріс сабағының

тақырыбы

Семниар сабағының тақырыбы

Көрнекі құралдар, плакаттар, лаборатория-лық стендтер

Өз бетімен дайындалу сұрақтары

Бақылау түрі

1

2

4

5

6

1. Баспахана ісіне дейінгі технологиялық процесстер

1. Баспа тарихы

2. Баспа түрлері



Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Интернет материалдарымен жұмыс

Ауызша

2. Ұжымдық жұмысты ұйымдастыру

3.Офсеттік басылым

4. Басылымдардың форматы



Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Интернет материалдарымен жұмыс

Жазбаша, ауызша

3.Баспасына дейінгі қажетті құралдар


5. Баспа ісінде қолданылатын бағдарламалар

6. Баспаханаға дейінгі атқарылатын жұмыстар



Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Газет-журнал материалдары-мен жұмыс жұмыс

Ауызша

4.«Компьютерлік верстка»

дегеніміз не?




7. Беттеушінің міндеті

8. Дизайнер



Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Газет-журнал материалдары-мен жұмыс жұмыс

Жазбаша, ауызша

5. Баспаның негізгі түрлері


9. Корректорлық жұмыстар

10. Баспа ісімен танысу



Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Интернет материалдарымен жұмыс

Жазбаша, ауызша

6. Баспаға өнімді шығарудағы макеттің негізгі принциптері

11. Басылымды жоспарлау

12. Page Maker бағдарламасымен танысу



Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Интернет материалдарымен жұмыс

Ауызша

7. Макеттеудің міндеттері


13. Page Maker бағдармасымен жұмыс жасауға машықтану

14. Колонкаларға бөлу



Дәріс тезисі, бақылау тапсырмалары

Тест тапсырмалары-мен жұмыс

Жазбаша

8. Аdobe page maker -ге

қысқаша шолу




15. Межелік бақылау

16. Фонға алу



Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Интернет материалдарымен жұмыс

Ауызша

9. Рage maker интерфейстің элементтері

17. Рамкаларды қолдану

18. Фотосуреттерді орналастыру



Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Интернет материалдарымен жұмыс

Жазбаша, ауызша

10. Мәтінді форматтау


19. Шрифтерді қолдану

20. Газет макетін жасауға машықтану



Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Интернет материалдарымен жұмыс

Ауызша

11.Абзацтарды форматтау


21. Дайын макетті айналдыру (зеркалька)

22. Газеттің кішірейтілген нұсқасын шығару



Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Газет-журнал материалдары-мен жұмыс

Жазбаша, ауызша

12.Қаріптермен жұмыс


23. Басылым макетін калькаға шығару

24. Түрлі түсті басылымдарды калькаға шығару тәсілі



Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Интернет материалдарымен жұмыс

Ауызша

13. Сorel draw және интерфейстің негізгі мүмкіншіліктері

25. Сканермен жұмыс жасау

26. Фотосуреттерді өңдеу



Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Газет-журнал материалдары-мен жұмыс

Ауызша

14. Интернет және бақ


27. WEB сайт түсінік

28. WEB дизайнның ерекшелігі



Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары

Интернет материалдарымен жұмыс

Ауызша

15.WEB сайттарды дайындау


29. Газеттерді дайындауға машықтану

30. Межелік бақылау



Дәріс тезисі, бақылау тапсырмалары

Тест сұрақтарына жауап беру

Жазбаша


7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
4-Кесте Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы


Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы

Саны

Студенттердің саны

Қамтамасыз ету пайызы

1

2

3

4

1. . В.Т Ситникова, «Техника и технология СМИ» Москва, 2005.

6

8

75

2. С.В. Глушаков, Г. А. Кнабе. Компьютерная верстка. М.2004.

2

8

25 %

3 Барманкулов М.К. Телевидение: Деньги или власть? –Алматы, 1995


2

8

25%

5 Âîðîøèëîâ Â. Æóðíàëèñòèêà. –Ñàíêò-Ïåòåðáóðã, 2000

2

8

25%




5

8

62.5%

6. Зарубежная печать: Краткий справочник. М., 1986.



1

8

12,5%

7. Барманкулов М.К Телевидение: деньги или власть? - Алматы, 1998.

4

8

50%

8. Зарубежная печать: Западная Европа, Северная Америка, Азия, Дальний Восток. М., 1973.











8 ӘДЕБИЕТТЕР

8.1 Негізгі әдебиеттер

8.1.1. В.Т Ситникова, «Техника и технология СМИ» Москва, 2005.

8.1.2 С.В. Глушаков, Г. А. Кнабе. Компьютерная верстка. М.2004.

8.1.3. Барманкулов М.К. Телевидение: Деньги или власть? –Алматы, 1995

8.1.4. Никонов В. Эксплуатация и применения электронных средств журналистики. М., 1990.

8.1.5. Г. Тимофеев, Е. Тимофеев. Графический дизайн. Ростов н\Д 2002г. 8.1.6. Кулаков А.Н. Макетирование газеты; учебное пособие. Спб, 1991 г


8.2. Қосымша әдебиеттер
8.2.1. П.П.Омефиренко. Техника и технология РВ. Учеб.пос. «Эра», 2000.

8.2.2. Ворошилов В.В. Техника и технология СМИ. СПб, 2000г.

8.2.3. Ярмола Ю.Н. Компьютерные шрифты. СПб, 1994 г.

8.2.4. Комолова Н. Компьютерная верстка и дизайн СПб, 2003 г.

8.2.5.Коцюбинский В., Грошев С.В.Самоучитель работы с Фото, Аудио, Видео, CD,DVD на домашнем компьютере. М.: Технолоджи-3000, 2003 г.

8.2.6.Вовк Е.Т. Adobe Page Maker 6.5/7.0 самоучитель. М., 2002 г.




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет