39
Пиридоксин пиридоксаль-5-фосфат
В
6
витаминінің
жеткіліксіздігі
сирек
кездеседі
және
әдетте,ол
аминқышқылдарының, атап айтқанда триптофанның алмасуының бұзылуында пайда бола
отырып, В тобындағы басқа витаминдердің жеткіліксіздігімен байланысты болады. Бұл
витаминдегі жеткіліксіздік туберкулезді емдеу үшін қолданылатын изониазид пен
пенициллинаминді (ревматоидты артритті емдеу үшін қолданылады) қолданғанда пайда
болуы мүмкін.
Н немесе В
7
витамині, немесе биотин
адам ағзасында карбоксилденудің көптеген
реакцияларында кофермент ретінде жұмыс істейтін
органикалық қышқыл болып
табылады, яғни, көміртегі диоксидін органикалық молекулаларға енгізуде, мысалы А
ацетилкоферментінің А малонилкоферментіне айналуында,
көмірсу-май алмасуында
қатысады және В
2
, В
6
, А, РР витаминдерінің синергисі болып табылады. Жоғары
жануарлар ағзаларында ол аминқышқылдарын дезаминдеу
кезінде пайда болатын
аммиакты жоюға қатысады. Биотинмен тасымалданатын көміртек диоксиді (17-сурет)
аммиакпен қосылады және бірнеше сатыда ағзадан бөлінетін несепнәрге айналады.
17-сурет-Көміртегі диоксидінің биотинге қайтымды қосылуы
Достарыңызбен бөлісу: